400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа жыл 2021 жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
қысқаша материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңа жыл -2021 сиыр жылы


Қазақтың жыл санауы бойынша 2021 жылы сиыр жылы кіреді.Қазақта жыл қайыру 12 жылдан тұрады. Ол он екі жылға аң мен жануардың аты қойылған. Айналымның басын тышқан бастайды, одан кейін сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз деп аяқталады да, қайта жалғасады.

Жыл санау мен жыл қайырудың алғашқы деректері VIII ғасырдағы "Күлтегін"  ескерткіштері мен ХІ ғасыр ғұламасы Махмұт Қашқаридың еңбектерінде кездеседі. 

Ал қазақстандық этнограф Ахмет Тоқтарбайдың айтуынша, жыл қайыру алтыншы-жетінші ғасырда пайда болған, оның ішінде кей жылдың аты шығыс күнтізбесінен енген.

"Жыл санау 6-7 ғасырларда пайда болған. Қазақ маймылды өмірінде көрмеген, сондықтан оған мешін деп ат қойған. Маймыл қазаққа жат. Маймыл жылы Шығыс елдері, Қытай, Үндістанға тән десек болады"Қазақ күнтізбесі бойынша сиыр жақсы, жайлы жылдардың бірі деп саналады. Себебі жаман жылдар тарихта бар, мысалы, қоян жылы қазақ күнтізбесі бойынша ең жаман жыл. Тышқан жылы, жылқы жылында соғыс, ұрыс-керіс болған. Сиыр жуас, момын мал. Екіншіден, ертеректе кедей отбасыда бір сиыр болса, сол барлығын асыраған. Бір сиырды сол үйдің анасы деп атайды екен", - дейді маман.

Айтуынша, бір сиырдың сүті бір үйді асыраған. Сонымен қатар қыста тайынша болған түлікті соғымға сойып алып, қыстан шыққан.

"Бұл жыл тыныш, дау-дамайсыз, халыққа мамыражай жыл деп саналады. Сонымен қатар қой мен барыс жылы жақсы өтеді", - дейді этнограф.

Сондай-ақ, жыл санауындағы төрт түлікті сол жылы туған адамдар бауыздамайды.

Ал сиыр жылы туғандардың табиғи белгісі – су. Соған байланысты бұл жылы дүниеге келгендер тұрақты, сабырлы болып келеді, көшбасшылық қасиетке де ие.

Сонымен қатар сиыр жылы туғандар досқа адал, ақ пейіл, достары мен туған жерінен әсте айырылғысы келмейтін адам болатынын жазып қалдырған.Асылында, жыл санау - халық даналығының бір тарауы. Осы жыл санау арқылы он екі жылдан қайырып отырады да, оны «жыл қайыру» деп атайды. Бұл тəсіл өткен жылдарды есептеуге де, адам жасын анықтауға да өте ыңғайлы əрі тағылымы бар тапқырлық есептік жүйе де. Біріншісін он үш жылдан, одан кейінгілерін он екі жылдан есептеп, адам жасын да оңай шығарып ала береді. Сонда бір мүшел он үш, екі мүшел жиырма бес, үш мүшел отыз жеті, төрт мүшел қырық тоғыз, бес мүшел алпыс бір, алты мүшел жетпіс үш, жеті мүшел сексен бес жаста жəне солай жалғаса береді. Бұрынғы қариялар «алпыс бірдемін» немесе «жетпіс үштемін» демейді, «бес мүшелге толдым», «алты мүшелден астым» дейді екен. Олай болса, бүгінгі 2021 жылы Жаңа жылымызбен барлық қандас байырларымызды шын жүректен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, молшылық, татулық, береке, елімізге тыныштық тілеймін!

Кентау көпсалалы колледжі

информатика пәнінің оқытушысы

Ботабекова Асия Ердебековна




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 қаңтар
897
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі