Материалдар / Жаңа жыл 2022жыл
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жаңа жыл 2022жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жыл 2022ж қарсы алу, балаларға келген барыс жылымен таныстыру. Көңілді мерекені есте қаларлықтай қызықты өткізу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қаңтар 2022
218
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жаңа жылдық ертегі»


Зал әдемі безендіріліп, шыршада әдемі ойыншықтар ілінген, музыка әуені ойналып тұрады.


Тәрбиеші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ата-аналар, балабақша бүлдіршіндері! Міне, көптен күткен жаңа жыл мерекесі де келді. Жаңа жыл жаңа бақыт, жаңа қуаныш әкелсін! Еліміздің еңсесі биіктеп, аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын! Бөбекжайымыздың мәртебесі одан әрі арта берсін!


Балалар музыкамен залға кіреді.

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Карнавалдан қалмаңыздар!

Балалар сәлем жолдайды.

Бұл кештеріңді қолдайды.


Сиқыршы: Жаңа жыл келді,

Азаймасын ән мен жыр

Ел көңілін көтерсін

Құтты болсын жаңа жыл!

Құттықтаймыз сіздерді!

Тездетіп мұнда жиналыңдар

Басталды жаңа жылдық карнавал

Маскада бар,биде бар,асығыңдар

Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды.(қар шашады)


Сыйқыршының таяғымен шырша шамын жағады.

Бәрі: Қуант,бізді,таңырқат

Шамдарыңды жарқырат! 3рет


Тәрбиеші: Балалар, Кәне тойды жалғастырайық, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар. Әнімізде шыркап, атамызды шақырайық!

Аяз ата!3рет дауытайды.

Есіктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз-ата мен ақшақар кіреді.


Аяз ата: Уа, жұртым, жиналған.

Көңілдерің дүр маржан

Айналайын ұлдардан

Айналайын қыздардан

Аяз ата, Ақшақар

Жетті жолдан қиналған

Ештеңе емес барлығы,

Алдымыздан күлді арман

Мықтылығым мәлім ғой.

Өтіп кеткен жылдардан

Ақшақар: Амансыздар ма,балалар, ұстаздар, ата-аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын.Тышқан жылы табыс жылы, береке, бірлік әкелсін.Тарихи жыл болсын.

Аяз ата: Бәрі үшін бақытты да қуанышты кезең болсын.

Ақшақар: Мен сендермен жаңа жылды қарсы алғаныма өте қуаныштымын.Сіздер маған бір өнер көрсетіп бересіңдер ме


Тақпақ


Асылан:Тамаша,тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.


Б.Айзере:Қандай әсем шартарап!

Шаттық күйге бөлеп тұр.

Кәмпиттерін арқалап

Аяз ата келіп тұр.


Әлинұр: Жаңа жылда балалар,

Тек қуаныш көріңдер

Ауырмаңдар ешқашан,

Мықты болу өзіңнен


Айжұлдыз: Кетті көңіл шалқып-ақ,

Жұлдыздардай қалтырап.

Аяз ата үстінде

Ақшақар тұр жалтырап.


Айсұлтан:Келіңдер,келіңдер,

Тақпақ айтып беріңдер.

Жомарт Аяз атадан,

Сыйлық алып көріңдер!


Ш.Айзере:Жаңа жылмен,жаңа жылмен

Құттықтаймыз әрине.

Әкемізді, анамызды

Қонақтардың бәрінде!


Мұхаммеджан:Көрдің ба Аяз таны

Аппақ екен сақалы

Аппақ екен мұрты да,

Аппақ екен шапаны.


Көзайым:Ақ таяғын таянып,

Таңмен бірге оянып.

Аяз ата келіп тұр,

Ақ күпіге оранып.

Балдәурен: Ақ қар жапты даланы

Ақ жамылды айнала

Жарқыратып шамдарын,

Шырша келді ортаға.

Мейірім: Оралды өлкеме

Жаңа жыл армысың!

Оранды ақ көрпе

Асқар тау қарлы шың!


.

Жаңа жыл мен Ескі жылдың кездесуі.

Барлығы: Қош бол, Сиыр жылы, Қош бол!

Ескі жыл Сиыр: Балалар, менің жылым аяқталды. Мен сендермен бір жыл бойы бірге болдым. Қызықты күндер көп болды деп ойлаймын. Ал енді менің келер жылға орнымды беруім керек.

Жүргізуші: - Рахмет сиыр жылы ! Сенің жылың тамаша жыл болды, балаларымыз да көптеген жетістіктерге жетті. Олай болса бәріміз Жаңа жылды қарсы алайық?


Жаңа жыл: Барыс:Мен дағы бір қонақпын

Он екі жылда оралар

Үлкендерге ақ ниет

Сіздерге де ақ ниет.

Сіздерге мың рахмет.

Ескі жыл мен жаңа жылдың өнерін тамашалаңыздар

Тәрбиеші: Жарқырайды жан-жағым,

Жаңа жылдық киіммен,

Келіңдер қане,қыздарым

Ёлка биін билейік.(Би: Ёлка биі)


Ән: «Шырша жыры» (оңға қарай адымда)

Балалар орындарына барып отырады

Сайқымазақ: Қане біздің қонақтар!

Басқаға мойын бұрмаңдар!

Бізге қарай жақындап

Қызық күлкі тыңдаңыздар!


Уәзір: - О, менің Ханшайымым сіз не қалайсыз?

Ханшайым: - Ммм..... (басын ұстап ойланып) мен шығыс биін көргім келеді.

Ханзада: - Айтқаныңыз болсын Ханшайым!

Уәзір: - Айтқаныңыз болсын әміршім, тілегіңізді орындаймыз.

Би: «Шығыс биі»

Ханзада: - Қолын соғып 3рет, тамаша өте керемет би болды. Ал Ханшайым сенің көңілің неге түсіп отыр, бұл думанды кеште сен неге мұңайдын?

Ханшайым: - О ханзадам бәрі тамаша керемет, бірақ, осы думанға біреу жетіспей тұрған секілді ме?

Уәзір: - Балалар біздің ортамызға кім жетіспей тұр?

Балалар жауабы: - Аяз ата мен Ақшақар.

Уәзір: - Ендеше балалар бәріміз дауыстап Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық?

Бәрі бірге: - Аяз ата Ақшақар а – уу, а-уу.


(Бір кезде қатты жел тұрып, музыкамен ортаға қарқылдап күліп, зәулім сарайды басына көтеріп мыстан кемпір келеді)


Уәзір: - Бұл Аяз ата емес қой балалар?

Мыстан кемпір: - Бұл зәулім сарайда менсіз өтіп жатырған қандай мереке той думан, мен де бұл мерекеге қатысып көрейін? Қадірменді Ханзадам мен Ханшайым ханым мен де бұл мерекеге құр қол келмедім! Міне, қолымдағы нәрсеге қараңдар, жесең тілді үйіретін, жемесең өмір бойы есіңде жүретін, жеген адамдарды қайтадан жасартып, армандары мен тілектерін бұлжытпай орындайтын алмамды ала келдім. Осы алманы Ханзада мен Ханшайымға сыйлаймын! Мына алманы жеп өмірде жасарып, армандарың орындалып жақсы ғұмыр кешіп жүріңіздер. Ой, ой ұмыттым мені басқа да балалар күтіп отыр еді, мен соларға қарай ұшайын. (музыкамен қарқылдап күліп, жасара-сыңдар, жасарасыңдар!!!)

Ха,ха ха.. - деп алмасын беріп, залдан шығып кетеді.

(осы кезде жарық сөнеді)

Ханзада мен Ханшайым: - Ммм......ым.........қандай тәтті алма, мұндай алманы қалай жемеске ааа........

(залдың светі қайта жанады. Ханзада мен Ханшайым ұйықтап қалады)

Уәзір: - (таңғалып,басын шайқап) - жоқ, жоқ, бұлай болуы мүмкін емес! Сіздерге не болды Ханзада мен Ханшайым? Мыстан кемпір сіздерге алманы сиқырлап алдап берген екен, енді не қыламыз?

Уәзір: - Ендеше балалар біз аяз атаны шақырайық? Бәлкім ата көмектесе алатын шығар?

Балалар бәрі: Аяз ата а-уу, а-уу, деп дауыстап шақырады.

Музыкамен залға Аяз ата сиқырлы таяғын ұстап, Ақшақар немересімен келеді. (Балалалар орындықтарынан тұрып қол шапалақтап қарсы алады)

Аяз ата: Амансыңдар ма ұлдарым!

Амансыңдар ма қыздарым!

Қандай солғын жүздерің,

Неге сонша мұңайдың.

Бізді күтіп алаңдап,

Шаршадыңдар ма балаларым!

Сендерге не болған балаларым? Неге көңілсізсіңдер?

Ақшақар: - Балалар, біз атамыз екеуміз сәл кешігіп қалдық, бірақ біз сендердің көңілдеріңді көтереміз!

Уәзір: - Ой, ата сіз бізге көмектесіңіз, Ханзадамыз бен Ханшайымымызды жаңа сіздің алдыңызда Мыстан кемпір келіп, сиқырлы алмасымен алдап екеуін ұйықтатып тастады.

Аяз ата: - Жарайды ендеше мен мына қолымдағы сиқырлы таяғымның күшін пайдаланып көрейін? Таяқшасын әрлі, берлі айналдырып, Оф,Оф, сим-салябим, абрака-дабра-уф-уф - деп таяғын сілтеп оларды қайтадан өз қалпына келтір, сиқырлы таяғым! деп айтады. (Ханзада мен Ханшайым оянбайды)

Аяз ата: балалар Ханзада мен Ханшайым қоңыраудың үнін жақсы көреді. Қане қоңырауларыңды алып оятайық (Ханзада мен Ханшайым оянады)

Ханзада мен Ханшайым: - Рахмет ата көмектескеніңізге!!

Уәзір: - Балалар, біз Аяз атамызға арнаған жұмбақ әнімізді айтып берейік?

Ән: «Аяз ата» (Аяз ата қараңыз)

Жүргізуші: - Балалар, енді Аяз атамен ойын ойнаймыз ба?

Аяз ата балаларға ойын ойнатады.

Ойын: «Үсіру», «Байпақпен ойын»

Жүргізуші: - Аяз ата, сіз алыс жолдан шаршап келдіңіз, отырып демалып, біздің балалардың өнерін тамашалаңыз!

Би: «Аққала биі»

Ханзада: - Уа уәзірім мына залда жиналған балалармен маған тамаша бір ойын көрсетіңдер!

Жүргізуші: - Айтқаныңызды екі етпей орындаймыз, ханзадам.

Ойын: «Шырша безендіру»

Ит: - Балалар, менің жылым аяқталды. Мен сендермен бір жыл бойы бірге болдым. Қызықты күндер көп болды деп ойлаймын. Ал енді менің келер жылға орнымды беруім керек.

Жүргізуші: - Рахмет ит жылы ! Сенің жылың тамаша жыл болды, балаларымыз да көптеген жетістіктерге жетті. Олай болса бәріміз Жаңа жылды қарсы алайық?

Музыкамен Жаңа жыл кіреді. Шыршаны бір айналады.

Балалар ит жылы мен жаңа жылды ортаға алады.

Ән: «Жаңа жыл» (Дала аппақ)

Жаңа жыл: - Балалар мереке думандарың құтты болсын!

Ит жылы: - Жаңа жыл, мен енді өзімнің мекеніме қайтадан ораламын, Сенің жылың да сәтті жыл болып кірсін, балалар ешқашан мұңаймасын! Мына менің мойнымдағы жыл белгісін саған табыстайын. Мені ұмытпай естеріңе ала жүріңдер. Сау болындар!- деп залдан шығып кетеді.

Жүргізуші: - Балалар, осы келген жылымызға арнап тақпақтарымызды айтып берейік.

Балалардың жаңа жыл туралы тақпақтары.

Би: «Шығыс сұлтандарының биі»


Ханзада мен Ханшайым: - Балалар, біз сендердің тамаша өнерлеріңді көріп, көңіл күйіміз керемет болды, рахмет бәріңе! Енді біз басқада сендер сияқты балаларға барып, олардың да өнерлерін тамашалайық! Сау болыңдар балалар!-деп кетіп қалады.

Ән: « ?»

Жүргізуші: Аяз ата, біздің балалар сізге манадан бері өз өнерлерін көрсетіп, әні мен биін ортаға салып жатыр. Ал енді бізге беретін сыйлығың қайда?

Аяз ата: - Ой балалар, өнерлі екенсіңдер, әнші, биші екенсіңдер. Бірақ мен қартайдым. Көп нәрсені ұмытып қала беретін болдым. Сендерге дайындаған сыйлықтарды қайда қалдырғанымды білмей ұмытып отырмын.

Мыстан келеді: Иә-иә, ұмытшақ шал. Сыйлықтарыңның қайда екенін білмей отырсың ба? Енді балаларға не бересің. Олар болса сенен сыйлық күтіп отыр.

Аяз ата: Қап, мына мыстанды ма, қазір мен оның сазайын берейін. «Қане мыстан, биле» – деп таяқын жерге бір ұрады.

Мыстан билей жөнеледі: «Аяз ата кешір, Аяз ата мен енді қойдым, мен шаршадым, маған көмектесіңдер, айтам-айтам, сыйлықтарыңды мен жасырып қойдым қазір әкелем –(деп билеп жүріп айтады.)

Аяз ата: Тоқта-деп таяқты бір ұрады.

Мыстан тоқтап қалады: Мені кешіріңдер балалар, аяз ата кешір мені, енді мен жамандық жасамаймын. Қазір әкелем сыйлықтарыңды, деп жүгіріп барып бір қап сыйлық алып келеді.

Аяз ата мен ақша қар балаларға сыйлықтар үлестіреді.

Аяз ата: Балақандарым, сендер менің сыйлығыма ризасыңдар ма?

Балалар: Иә.

Уәзір: ендеше балалар, Аяз атаға рахметімізді айтайық.

Балалар: Рахмет!

Аяз ата мен Ақшақар шығып кетеді.

Уәзір:

Келді міне Жаңа жылым елімізге!

Жаңа жылым құт әкелсін жерімізге!

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Шуақ шашып баршамызға тарайды.

Осымен ортаңғы «Тұлпар» тобының Жаңа жылдық ертеңгілігі де аяқталды, келесі жылымызда аман-есен кездескенше! Сау саламатта болыңыздар!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!