400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа жыл -2019

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алақай , алақай келді міне Жаңа жыл !
Музыка әуінімен балалар залға кіреді .

Балалар әсем әуен ырғағымен залға кіріп,шыршаны бір айналып,шыршаның алдына келіп тұрады.
1-жүргізуші:
Құрметті ата-аналар,балалар және әріптестер!Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!Жаңа жыл сіздерге табыс,молшылық,жақсылық,қуаныш әкелсін.Тәрбиелеп өсіріп отырған ұл-қыздарыңыздың дені сау,үлкен азамат болып өсулеріңе тілектеспіз.

2-жүргізуші:

Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!

Таңырқап кеп тұрмаңыздар.

Сәнді шырша шақырады

Келіңіздер,келіңіздер.

Қызығы мол Жаңа жылдың

Тамашасын көріңіздер.

Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.
Ән«Шырша»
Жүргізуші:Балалар бізге қонақтар келген сияқты.Ендеше қарсы алайық.Ертегі әлемінен Баха келеді.

Автор сөзі : Балалар біз бүгін «Үйшік » ертегісінің желісі бойынша жаңа жылымызды сахналаймыз. Орманда бір үйшік болыпты . Орман ішінде баха кетіп бара жатып , есікті қағады . Ешкім жауап бермейді . Баха үйшіктің ішіне кіріп , өмір сүреді.

Баха :Сәлеметсіңдерме, балалар ! Мына үйде кім тұрады –дейді. Ешкім жауап бермей. Онда мен тұрайын – деп баха тұрады.

2-тәрбиеші : Салеметсіз бе ? Бүгін біздің балалардың жаңа жыл мерекесі болып жатыр. Қонақ болыныз.

Баха: Салеметсіндер ме ? Сендермен бірге тұрсам бола ма?

2-тәрбиеші : Баха бізбен бірге жаңа жыл мерекесін тойлайық.

Би:«Гновник»

1-жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді екен?

Тақпақ :


Жүргізуші:
Жарайсындар, қандай жақсы тақпақтар!

«Үйшік » ертегісінен тағыда бір кейіпкер келеді.

Тышқан : Тук-тук ! мына үйде кім тұрады ?

-Мен бахамын. Сен кімсін ? Мен тышқанмын . Сенімен тұрсам

бола ма ?

Баха : Әрине бірге тұрайық.

2-жүргізуші : Тышқан бізбен бірге жаңа жыл мерекесіне қонақ

болыныз .!

Ойын:«Қар жинау»

Ойын шарты:Балалар шашылып жатқан қарларды жинап,себетке салу керек.

2- Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата - аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетпейді?
Балалар: Аязата, Ақшақар.
Жүргізуші:Қане,бәріміз дауыстап Аязата мен Ақшақарды шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.
Балалар: Аязата, Аязата (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да аяз ата кіріп келеді.
Жүргізуші: Аязата мен Ақшақар келе жатыр ғой деймін, қол соғып қарсы алайық.
Аязата: Амансың ба ұлдарым,

Амансың ба қыздарым.

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем әндерің.

Асулармен алысқан

Асау желмен жарысқан.

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

Ақшақар:Аспан жерге төгеді,

Ақшақармен сүйкімді.

Сол себептен сүйкімді,

Мені жақсы көреді.

Жүргізуші:Қош келдіңіздер !Аяз ата мен Ақшақар,алыс жолдан шаршап келген шығарсыңдар.Мына жерге жайғасып,біздің балалардың сіздерге дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар.

Аяз ата:Жақсы көрсек көрейік.Әндер мен билерді жақсы көремін.
Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратып алайық.

Жүргізуші:Биді қабыл алыңыздар.Қол соғып қошемет көрсетіп отырамыз.

Би: «Ақшақар » Ақшақар сіздің құрметінізге биді қабыл алыныз.

2- Жүргізуші:Құрметті қонақтар!Біздің балалардың өнерлері әлі де көп.


Ендеше тақпақтарын тамашалайық.


Ән: «Ақшақар »

2- жүргізуші : Аяз ата Ақшакар сіздермен бірге ертегі әлемінен кейіпкерлерде келіп жатыр. Қоянды қарсы алайық.

Қоян : Тук-тук мына үйде кім тұрады –дейді .

Тышқан : Мен тышқанмын . Сен кімсін ?

Қоян : Мен қоянмын. Сенімен тұрсам бола ма ?

Тышқан : Әрине тұра ғой-дейді.

2- жүргізуші : Қоян саған арналған әнді қабыл алыныз.

Қоян : Рахмет

Ән : «Ақ қоян»

Балалар ертегі елінен тағыда қасқыр , түлкі , аю келеді.

қасқыр , түлкі , аю сендермен бірге тұрсам бола ма ?

2-Жүргізуші: Олай болса жаңа жыл мерекесін жалғастырайық.

Бәрі бірге сендермен бірге тұрсақ бола ма ?

Автор сөзі : Бүгін жаңа жылы мерекесі болғандықтан бәріміз дос болайық . Олай болса тақпаққа кезек берейік.

Тақпақ :


2-Жүргізуші:Аяз ата біздің балаларымыздың өнерін тамашаладыңыздар,балаларға әкелген сыйлықтарыңыз барма?

Аяз ата:Балалар сендер өте өнерлі екенсіңдер.Менің сендерге әкелген сыйлықтарымды өабыл алыңдар.Топқа барған соң апайларың сендерге табыстайды.

Ақшақар: Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын да кез келді.
Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер.
Аязата:
Жаңа жылда, балалар, тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан, мықты болу өзіңнен.
Біздің басқада балаларға баруымыз керек.Сау болыңдар.

Жүргізуші:Құрметті қонақтар,балалар Жаңа жыл бақыт шаттық әкелсін,зор денсаулық тілейміз.Келесі кездескенше сау болыңыздар.





























№1 «Арман» балабақшасы

















«Қош келдің Жаңа Жыл!»



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
372
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі