Жаңа жыл - жаңа бақыт, жаңа нұр

Тақырып бойынша 14 материал табылды

Жаңа жыл - жаңа бақыт, жаңа нұр

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылдық шыршаны ұйымдастыруға сынып жетекшілерге көмекші құрал бола алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Жаңа жыл – жаңа бақыт, жаңа нұр»

Өтілу барысы:

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт, Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт. Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт, Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып... Бірге соғып бар әлемнің сағаттары, Он екіні күтер, қалмай, тағаттары, Ғасырдың он алтыншы жылы келді, Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары! Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым, Құтқа орансын кең байтақ дархан елім. Қазақтың пейіліне тарту етсін, Табиғат ашық аспан, таң шапағын!

Көрініс қойылады. Кейіпкерлері: хан –_________________, патшайым – ________________, уәзір-_________________,ханзадалар– ____________________________________________, ханшайымдар – _________________________________________________________.

Сахнаға Қазбек шығады:

Қазбек: Ертеде бір патшалық болыпты...

Хан: Уәзірім, менің ұлдарым қайда? Шақыр маған!

Уәзір: Хан ием, олар аң аулауға кетті. Қазір шақырып келемін.

Патшайым: Хан ием, ханзаларды не себеппен шақырып жатсыз?

Хан: Патшайымым, жаңа жыл жақындап қалды, соған орай мына зәулім сарайымда естен кетпес бал ұйымдастырмақ ойым бар. Ұлдарыма лайық ханшайымдар табылып қалар.

Сырттан уәзір кіріп келіп:

Уәзір: Хан ием, ханзадалар келді.

Хан: Кіргіз!

Ханзадалар келіп сәлем береді.

Үлкен ханзада: Хан әке, аманбысыз, бізді не себеппен шақырдыңыз?

Хан: Я, менің ержүрек ханзадаларым, сендерді шақырған себебім, жаңа жыл келіп қалды алтынмен апталып, күміспен қапталған сарайымда үлкен бал өткізбекпін. Көптеген ханшайымдар келеді. Өздеріңе ұнаған ханшайымды, жаңа жылдық жұптарың етіп аласыңдар, сондықтан дайындалыңдар.

Ханзада: О, әке, бұныңыз жақсы жаңалық болды ғой, көңіліміз көтеріліп қалатын болды. Осы кештің ең сұлу ханшайымы менің жұбым болады.

Ханзада: Жақсы онда біз дайындалайық! Бізге рұқсат беріңіз.

Хан: Рұқсат! Уәзірім, мен жарлық шығарамын. Сен жарлықты жаз.

Жарлық

Тыңдаңыздар, Тыңдаңыздар! Хан жарлық шығарды. Жаңа жылға байланысты хан сарайында үлкен бал өткізілмекші. Балға ақылына көркі сай қыздарды шақырамыз. Ханзадаларға ұнаған ханшайымдар, ханзадалардың жаңа жылдық жұбы болады. Патшалықтағы бірде-бір қыз қалмауы тиіс. Бұл ханның бұйрығы!

Патша мен патшайым әңгімелесіп сахнадан шығып кетеді.

Көптен күткен бал да басталды. Ағылып ханшайымдар келіп жатыр. Уәзір бәрін қарсы алып жатыр...

Уәзір: Ортаға зор мәртебемен патша мен патшайымды және олардың ханзадаларын шақырамыз!!!

Ханшайымдар келіп сәлем береді.

Уәзір: Сұлу ханшайымдар, көптен күткен бал да келіп жетті. Өз өнерлеріңді ортаға салып отырыңыздар! Қане, кімнің қандай өнері бар?

1-ханшайым: Мен сіздерге өз өнерімді көрсетейін, менің өнерім – ән айту.

Ән: «Жаңа жыл»

Әнін айтып болған ханшайымнын қасына ханзада барып:

Ханзада: Ақ көйлек киген ханшайым. Сіздің күміс көмей даусыңыз мені баурап алды. Менің жаңа жылдық жұбым болыңызшы?

Ханшайым: О, не деген бақыт! Ханзада сізбен жұп болу мен үшін үлкен мәртебе. Мен қуана ұсынысты қабылдаймын!

Ханзада мен ханшайым қол ұстасып кетіп қалады. Көрермендер қол шапалақтайды.

Ортаға сұлу да сымбатты бір ханшайым шығады да:

2-ханшайым: Менің де өнерім бар, халықты өзіме қаратып, ойын ойната аламын. Ойынның шарты:__________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________________

ханшайымның қасына ханзада жақындап келіп:

Ханзада: Ақылына көркі сай ханшайым, менің жұбым болуыңызды сұраймын. Сіздің ойнатқан ойыныңыз да, ашық жарқын мінезіңіз де менің көңілімнен шықты .

Ханшайым: Сіздің көңіліңізден шыққаныма қуаныштымын. Сіздің жаңа жылдық жұбыңыз болуға келісемін.

Уәзір: Ханшайымдар, кім шығады ? (ешкім үндемейді) Уәзір қыздарды аралап жүріп 3-ханшайымды тауып алады да, сұрақ қояды:

Уәзір: Сіздің киген киіміңіз ерекше екен, қай елден келдің, сұлу ханшайым?

Ханшайым: Мен көрші патшалықтан келдім.

Уәзір: Әдемі ханшайымның да, әдемі өнері бар шығар, өнеріңізді ортаға салыңыз, мүмкін ханзадамызға ұнап қаларсыз.

Ханшайым: Әрине бар, менің өнерім де – ән айту. Сіздерге әнімді ұсынамын.

Ән: «Келші, келші, жаңа жыл»

Ортаға ханзада шығады:

Ханзада: О, ханшайым, даусыңыз керемет екен, менің жұбым болуға келісесіз бе?

Ханшайым: Я, әрине, бұл – мен үшін үлкен бақыт.

Ортаға ханзада шығып:

Ханзада: Ал жиналған қауым, ханшайымдардың өнерін көрдік, енді менің өнерімді тамашалаңыздар. Менің сіздермен ойын ойнағым келіп тұр. Ойын шарты:_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Уәзір: О, ханзада сіздің жұбыңыз қайда, жаңа жылды ханшайымсыз қарсы алмақсыз ба?

Ханзада: Мен қарап отырмын. Осы жердегі ең сұлу ханшайымды көріп отырмын. Сұлулығы сонша мен оның қасына баруға батылым жетпей отыр.

Ханзада: Ағатай ол қыз кім? Қане көрсетші!

Ол сұлу да ханшайым болатын. Ханзада ханшайымның қасына барып:

Ханзада: Менің жұбым болыңызшы, сіздің сұлулығыңызға тәнтімін!

Ханшайым келіседі.

Осы кезде хан орнынан тұрып:

Ханзадаларым, таңдауларың біздің көңілімізден шықты. Қане ортаға балдық билеріңді билеңдер. Рұқсат!!!

Балдық би.

Би билеп жатқан кезде сағат тілі ХІІ көрсетіп дабыл қағылып, Аяз ата мен Ақшақар кіріп келеді, ханшайымдар жоқ болып кетеді.

Аяз ата: (өзінің тілегі айтылады) Неге мұңайып тұрсыңдар? Жаңа жылды барлығы қуанышпен қарсы алмай ма?

Ханзада: Аяз ата, сізді қалаған тілектерді орындайды деп естіп едім. Менің мұңайып тұрған себебім ханшайымдарымызды жоғалтып алдық, соны қайтаруыңызды сұраймын.

Аяз ата: Әрине, қазір...

Ортаға ханшайымдар келеді.

Қуанышқа толы ханзадалар мен ханшайымдар ортада билерін жалғастырады .

Көрініс аяқталып, ортада флешмоб билейді.

Жаңа жылың жаңа нұр ала келсін!
Қуанышқа құшағың тола берсін!
Ескі жылың есіркеп көкейіңде,
Қимас шақтың бірі боп кала берсін!


































Күміскүл апай

____________________

Ұлмекен апай

____________________

Асанғазы ағай

____________________

Ақерке апай

____________________

Қолтырауын

____________________

ҰБТ-ден жоғары балл ал!

____________________

Мұхамедәли

Сен әдемісің

____________________

Бізде биыл неге отырыспа болмайды?

____________________

Атыңызды айтасыз ба?

____________________

Нешеде келдіңіз?

____________________

Ұлтыңыз кім?

____________________

Жаңа жылыңызбен!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.05.2025
195
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі