400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа Жыл - Жаңа Жыр

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсатым балаларға меркелік көңіл күй тудыру,шыршаның қалай безендірілгеніне балалардың,Аязатаның, Ақшақардың, жалмауыз кемпірдің карнавалдық киімдеріне назар аударту,көңілді ойындар ойнату,достық қарым-қатынасын ояту, бірлескен ойындар ойнату,аудиторияға,залға меркелік көңіл күй орнату.Балаларға Жаңа жыл мерекесін дәстүрлі емес жолмен мерекені өткізуге үйрету. Балалардың есте сақтау қабілеттерін,ой өрісін кеңейту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Жаңа Жыл - Жаңа Жыр
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата - ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар.: Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын.
Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт - береке әкелсін.
1 - жүргізуші: Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де.
Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.
1 - жүргізуші:
Айнала қоршап шыршаны,
Шашылар шашу – жыр әні.
Мынау әсем шыршаға,
Қош келдіңіз балалар.
Жаңа жылдық шырша мерекесіне қош келдіңіздер балалар.
1 - жүргізуші:
Төрлетіңдер, төрлетіңдер.
Шырша сәнің көріңдер.
Әсем әнмен би билеп,
Күй жырларды төгіңдер.
«Қош келдің Жаңа жыл» әні.
1 - жүргізуші:
Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуаныш көп болсын жаңа жылда.
Мектебіміздің бишілерін шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық - дей отырып,
қыздардың орындауында «Ақшақар» биін қабыл алыңыздар.
Келді Аяз атамыз,
Қасында Ақша қары бар.
Қызыққа әбден батамыз,
Қарсы аламыз баршамыз.
1 - жүргізуші: Ал, енді құрметті халайық! Бүгінгі кешіміздің қадірлі қонағы әрі сәні АЯЗ ата мен Ақшақарды шақырайық. Хормен: АЯЗ АТА, АҚШАҚАР. (3 рет): Қош келдіңіз АЯЗ АТА.: Амансың ба АҚШАҚАР.
АЯЗ АТА:
Амансыңдар ма, ұлдарым,
Амансыңдар ма қыздарым.
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем билерің.
Асулармен алыстым,
Асау желмен жарыстым.
Шыршамызға асығып,
Өздеріңмен табыстым.
АҚШАҚАР:
Армысыздар, оқушылар, ата - ана,
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.
Жаңа жыл бірлік пен татулық жылы болсын,
Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын.
Аяз ата, сіз алыс жолдан шаршап келдіңіз, енді отырып дем алыңыз. Біздің сізге арналған жаңа жылдық тартуларымызды қабыл алыңыз.
Ән ШЫРША.
1 - жүргізуші:
Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда бір.
Жарқын - жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр.
ТАҚПАҚТАР.
1 - жүргізуші:
Асыға күткен жаңа жыл,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңа заман, жаңа айлар
Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл
АЯЗ АТА: Ой, бәрекелді, балаларым. Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар. Көп - көп рахмет, өркендерің өссін. Енді Ақшақар екеуміз аттанайық. Баршаңызбен қоштасамыз, сау болыңдар.
АҚШАҚАР: Сау болыңдар, балалар, келесі жаңа жылда кездескенше.
Барлығы: Сау болыңыз Аяз ата, сау болыңыз Ақшақар.

Ұлардың орындауында « Jingle bens» биі
1 - жүргізуші:
Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр.
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып береке бер халқымызға
Мерейін мәртебесін биікке асыр.

Міне, жаңа 2018 жыл да келді. Ал 2018 жылы да елімізге тыныштық болып ырыс - құтымыз арылмасын.
1 - жүргізуші: Жаңа жыл - әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.
Келесі жаңа жылда кездескенше аман - сау болайық.
Бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 маусым
524
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі