"Жаңа жыл " ертеңгілігі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жаңа жыл " ертеңгілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
балалардытЖаңа жылға қызығушылығын арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы



БЕКІТЕМІН:

Мектеп директоры:

------Ж.Ешмуратова

«Мақталы-5» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

жанынан ашылған шағын орталық

Shape1









57MtMbVNgm0.jpg















«Дайындаған»: Шағын орталық ұжымы

Қатысатындар:Шағын орталық ұжымы және балабақша балалары.

2017-2018 оқу жылы



Жаңа жыл мерекесі

Ертенгіліктің мақсаты: Балаларға «Жаңа жыл» мерекесін дәстүрлі емес жолмен мерекені өткізуге үйрету.

Білімділік: Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтқыза отырып, олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық: Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу.



Кейіпкерлер:

Аяз ата- Үмбет ағай

Ақша қар- Айжамал апай

Мысық- Роза апай

Түлкі- Жазира апай

Жүргізуші- Лаура апай

Көмекшілері- Ұлжалғас апай

Жүргізілген топ-«Балапан» тобы «Ақкөгершін» тобы


Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді

Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін

Бәрімізге мына жыл арайлы!

Құтты болсын ағайын!

Жаңа жылың тағы да

Қол соғып қарсы алайық

Шақырайық ортаға

Ертеңгілік басталсын

Сәлеметсіздер ме, Құрметті, ата-аналар! Біз сіздерді Жаңа 2018 ит жылы мен құттықтаймыз.Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз. Қазір біздің балабақшаның балаларның Жаңа жыл мейрамын тамашалауға хош келіпсіздер.

Ертеңгілігімізді ашып беруді сөз кезегін:

Мектеп директоры: Ешмуратова Жанар апайға

Шағын орталық әдіскері:Абуталипова Назира апайға


Мерекелік көрініс:

Мыстан кемпір: Мына жерде не боп жатыр,шыршаны безендіріп қойыпты.

-Көрермендерден сұрайын қандай мереке болып жатқанын?

-Көрмендер жаңа жылы : мен жаңа жылды болдырмаймын деп шырша ойыншықтарын жинап алмақ болған да болғанда .

Аяз ата келіп: Сен не істеп жатсын мыстан?

Мыстан: Мені жаңа жылдық мерекеге шақырған жоқ мен жаңа жылды болдырмаймын.

Аяз ата: Мыстан мереке әле басталған жоқ ашуыңды басмерекені бірге тойлаймыз.

Мыстан:Маған сыйлық бересіңбе?

Аяз ата:Әрине беремін.

Жүргізуші: Сәлеметсізбе Аяз ата.

Аяз ата: Сәлеметсіңбе.

Жүргізуші:Жаңа жылда жол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрлет,төрлет жаңа жыл

Құтты болсын жаңа жыл

Аяз ата «Ақкөгершін » тобының әнін тамашаланыздар

Бұл ән сізге арналады.

Ән: « Аяз» ата әні.

Аяз ата :

Құтты болсын балалар

Келген жаңа жылдарың

Алаңдамай өсіңдер

Еркелеп ұл-қыздарым

Өткен жылы келіп ем

Бәріңді де көріп ем

Жыл өткізіп келем деп

Уәдемді беріп ем

Ойларың мен бойларыңда

Бірдей өсіп қалдыңдар ма?

Ал мен кіммін айтыңдаршы?

Мені тани алдыңдар ма?

Балалар : Аяз ата.

Ақшақар:

Сәлеметсіңдер ме балалар

Жаңа жылдарың құтты болсын

Сүйсіндіріп маңдайды

Ақшақармын арайлы

Жалт-жұлт еткен жүзімнен

Күміс сәуле тарайды

Ақшақармын ақпақпын

Қалай тыныш жатпақпын

Менсіз қыстың сәні жоқ

Әнмен,жырдың тақпақтың



Жүргізуші: 1.  Келді міне, Жаңа жыл!

Қушақ ашып баршаға

Сиқырға  балап әлемді

Күнбірлеген күй шашып

Би: «Шырша биі»

2. Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқаймыз баршамыз

«Кішкентай Аяз аталар биі»


3. «Қар ұлпалар биі»





БАЛАПАН тобы:

Өлеңде әзір,ән де әзір

Ойын да ,әзір бәрі әзір

Кел жаңа жыл біздерге

Кел жаңа жыл, жаңа жыл-Балапан тобының балаларын ортаға шақырамын.

Ал балалар енді бізге сәнімізді келтіретіне не жетпей тұр. Аяз ата мен Ақшақар балалар бәріміз бірге шақырайық.(Бірақ Аяз ата мен Ақшақар келмеді.Олардың орнына Базилио Мысық пен Алиса түлкі келді).

Түлкі: Ақсақ, соқыр Базилио Мысықты жіберінізші, кіргізіңдерші!

Мысық: Аязға тонып қалдық . Бізде «Ақымақтар » елінде сондай суық.

Түлкі : Біздер кесіп, алау етіп жағып,түбінде жылынатын үлкен ағаш іздеп жүрміз.

Мысық: Шыршаға қарап. Ой, түлкі қарашы міне үлкен ағаш,бұтағы да көп. Жақсы отын болады.

Түлкі:Қарасаңшы,бұл ағаш шамдармен,шарлармен сәнделген гой.

Мысық:Саспа,біз ағашты кесіп аламыз, шамдарды шарларды алып, сатып жибереміз.Сонда бізде көп ақша болады. Тез балта әкел кесейік.(Түлкі шырша түбінен кілт тауып алады).

Түлкі: Базилио,қара қандай қызық кілт.(Қолына алып тістеп көреді).

Бұл кілт біз жолда көрген сандықтың кілті емеспа екен? Есіңде ме ,сол сандық әдемі болып тұр еді –ау!

Мысық: Мүмкін сонда көп ақша бар шығар! Түлкі бұл шыршаны қояйық.Анау үйшікке барайықшы. Сонда жылынып тамақтанамыз әрі баймыз.(қашып кетеді).

Жүргізуші: Ой, түлкімен мысық неткен жаман еді. Аяз ата мен Ақшақар неге кешігіп келмей жатыр екен? Кәне балалар бәріміз тағы да Аяз атамен Ақшақарды дауыстап шақырайықшы.

Музыкамен Аяз ата мен Ақшақар келеді.

Аяз ата:

Амансың ба, ұлдарым!

Амаңсың ба,қыздарым!

Қандай жарқын жүздерің.

Қандай әсем жырларың.

Асулармен алысқан

Асау желмен жарысқан.

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан!

Алыс-алыс жерлерден

Ормандардан,белдерден

Биік-биік таулардан

Белес асып баулардан

Сыйымызды сендерге

Ұсынуға келемін

Өнеріңді көрсетсең

Хош алып, сый беремін

Жүргізуші:Жаңа жыл келді. Жаңа жыл!

Жаңа жылды қарсы алып

Жасаймыз той жылда біз

Жарқын,жарқын ән салып

Жалғасады жырға жыр

-Ендеше барлығымыз жаңа жылды қарсы алайық.(залға ит кіреді).

Аяз ата: Балалар шыршаның шамдары түгел жарқырап тұрған жоқ қой? Барлығымыз бірге :

Қуан бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат

Жүргізуші:Ән: «Шырша жыры» орындайтындар: Жанболат,Нұрлыбек,Ұлжалғас, Сұлушаш.

Би керемет шаттықпен

Жарасып ән күйіміз

Тамашалап көрейік

Аяз аталардың биін біз

Би: «Кішкентай Аяз аталар» биі.

Аяз ата: Жарайсыңдар,кіші Аяз аталар бүгін сендер мені қуанттыңдар.

Жүргізуші: Аяз ата сіз балаларға сыйлық әкелдіңізбе?

Аяз ата: Әрине ,балаларға әкелген сыйлығым бар.

Жүргізуші: Аяз ата біздің сыйлығымызды қабыл алыңыздар.

Балалардың Жаңа жылдық тақпақтарын тамашалаңыздар:

1..Жанболат:Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай әсем шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз


2.Мади.Қуантып елді

Жаңа жыл келді

Өсетін болдым

Бір жасқа енді

.

3.Арсен.Ән саламыз, би билеп

Жырда  шашу төгілді

Бүгін біздің  Жаңа жыл.

Қандай ашық көңілді.


    

4.Данияр.Мерекеге келдік.

Тақпақ айтып бердік

Ойыншықтарын тізген

Шыршаныда көрдік.



5.Диас.Аяз ата келді

Тамашаны көрді

Риза болып қуанып

Бізге сыйлық бердік.

    

6.Жанғали.Аязата, Ақшақар

Ортамызға балалар

Қол ұстасып, айналып

Ән шырқасаң жөн болар.



7.Абылай.Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл, ала шапаны

Сағындым Аяз атаны.


8.Ұлжалғас.Бізге Жаңа жыл келді

Аяз ата бірге келді

Алақай, айнала түрленді

Балақай, би биле,тұрма енді.


9.АЙЗЕРЕ.Аяз ата, Аяз ата

Сені күтіп жүрдік біз

Томпаң қағып арқаланып

Келеріңе сендік біз.

Жаңа жылда барлық үйге

10.ЖАНСЕРІК.Аяз ата келеді

Жаңа жылда сәбилерге

Сыйлық әкеп береді.

 

11.ІНЖУ:Жаңа жыл,жаңа жыл

Тамаша тойымыз,

Алақай,алақай

Өседі бойымыз.



13.НҰРЛЫБЕК:Жаңадан тақпақ,

Аламыз жаттап.

Жаңа жыл келді.

Жаңа жыл әппақ.



14.КӘУСАР:Жаңа жылда жаңаша,

Тақпақ айтамыз.

Болсын риза балаша,

Әппақ атамыз.



15.ҮМІТ:Сақалынын ұзын-ай

Саудыраған мұзын-ай

Жарқыраған оттары

Жаңа жылдың қызығы –ай



16.НҰРХАН:Шаттық жыр,шаттық жыр.

Дидарында шаттық нұр.

Аяз ата ортада.

Арқасында қапшық жүр.



17.ШЕРХАН:Таяғы бар қолында

Қар борайды соңында

Қандай сыйлық бар екен, ей!

Арқалаған қабында.





18.БАҒДАУЛЕТ:Қаптың аузы ашылды

Ойыншықтар шашылды

Аяз ата би билеп,ей!

Әнімізге қосылды.





19.ДИАС:Сақалының ұзын-ай

Саудыраған мұзын-ай

Жарқыраған оттары-ай,

Жаңа жылдың қызығы-ай!



20. СҰЛУШАШ:

Мұздан моншақ тағынған

Күміс құрау жамылған

Ортада тұр ақшақар

Көптен күткен сағынған.



21.АЙСӘУЛЕ:Тамаша-тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдыз

Көз тоймайды қараса



22.ҰЛАН:Қала нұр,дала нұр.

Құтты болсын жаңа жыл.

Шырша тойы көңілді

Билеп барлық бала жүр.



23.НУРИСЛАМ:Сақалының ұзын-ай

Саудыраған мұзын-ай

Жарқыраған оттары

Жаңа-жылдың қызығай




24.ЕРСАЙЫН:

Аяз ата келеді

Тамашаны көреді

Риза болып қуанып

Бізге сыйлық береді.



25.МЕЙІРЛАН:Аппақ күміс бар әлем,

Зымыраймыз шанамен.

Тоғайлар тон киеді,

Аяз бетін сүйеді.



26. ДАНИЯЛ:Аппақ қар да жауады,

Ақ мамыққа толады,

Аяз ата келеді,

Сыйлықтарын береді.

27. М.КӘУСАР:Аққала – ақ бала

Аққала мен ақ бала,

Сырғанайды сырғанақта.

Жаздым тақпақ бәріне,

Жүргізуші: Аяз ата сіздің балаларға сыйлығыңыз бар ма?

Аяз ата: Бірақ сыйлық қазір өзімде емес алыстағы сандықта.

Енді оны алып келу керек.

Жүргізуші: Тамаша сонда сандықта сыйлықтар барма?

Аяз ата: Ақшақар кілт қайда?

Жүргізуші: Сіз қандай кілтті айтып тұрсыз? Жанағы шырша түбінде жатқан кілтті ме? Ендеше,ол кілтті мысық пен түлкі алып кеткен,ол тіпті біздің шыршамызды отын қылып жаққысы келді.

Аяз ата: Не деген сұмдық. Мен ендеше іздеп келейін.(Ақшақар мен Аяз ата шығып кетеді).

Би: «Испан биі»

Жүргізуші: Әкелсін жыл ырыс-құт

Әлемде  болсын тыныштық

Ән салайық жаңаша,

Жаңа  жылым тамаша!

Би: қыздарымыздың «Шырша биін» тамашалайық.

(Бір жағынан түлкі бір жағынан мысық келеді)

Мысық: Неткен әдемі сандықсың? Сені табу мүмкін емес қой, кәне маған қарап тұршы.

Түлкі: Неге саған қарайды ? Тағыда сыйлықты сен алғың келіп тұр ғой. Жоқ ,маған алдымен содан соң мысыққа.

(екеуі бір-бірімен ұрыссады)

Түлкі:Тыңда Базило ,сен сандықты қалай ашпақсың,егерде кілт менде болса(екеуі алысады жұлысады,мысық кілтті алып қояды сандық жақындай бергенде).

Аяз ата: А-а баукеспе ұрылар мыңдасындар ма? Тағыда не бүлдіріп жатырсыңдар? Кәнекей кілтті беріңдер. Балалар сыйлық күтіп отыр.

Мысық: Тағы не? Бізде сыйлық алғымыз келеді.

Аяз ата: Онда мен сендерді қатырып тастаймын.Қанекей тезірек қатырайық бұларды.

Мысық пен түлкі: Керек емес.Міне кілтіңіз.Оданда біз балалардың өнерін тамашалайық.


Жүргізуші:

Жаңа жыл келді

Азаймасын ән мен би

Ел көңілін көтерсін

Құтты болсын жаңа жыл!

Құттықтаймыз сіздерді!

Би: «Гномдар» биін тамашалаңыздар.


Жүргізуші: Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны.

Кешімізде аяқталды,

Аяз ата сыйлық таратады балаларға.

Құрметті ата-аналар,әріптестер,балалар сіздерді келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Ит жылы жан ұяларыңызға бақ-береке әкелсін.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
626
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі