"Жаңа жыл- жаңа нұр"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жаңа жыл- жаңа нұр"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге әдістемелік құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бекітемін: Күні:27.12.2018ж

Тақырыбы: «Жаңа жыл- жаңа нұр »

Мақсаты: Аяз атаның қолынан сыйлық алғандарын көріп, балаларға мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлау . Кейіпкерлердің мерекелік киімдеріне назарларын аударту.Өлең тақпақтарын жатқа айтып ,сөздік қорларын байыту.

Клоуын ойнап ортаға шығады.

Шыршаны көріп, мына жақта мереке әлі басталмағанба деп жан-жағына қарап таңқалады.

(сол кезде залға аққала кіріп келеді)

Бом: Оо мынау менің аққала досым ғой ,сәлем аққала сенде жаңа жыл мерекесін тойлауға келе жатқан боларсың.

Аққала: Сәлем Бом ,әрине менде мерекеге кішкене бүлдіршіндердің өнерлерін тамашалайын деп келе жатқаным ғой.

Бом: Аққала біздің залымыз, шыршамыз жаңа жылды қарсы алуға дайын. Ал бірақ біздің кішкентай достарымыз қайда көрінбейді ғой. Біз кішкентай досымызсыз жаңа жылды қалай қарсы аламыз, жүр оданда оларды іздеп келейік.

(клоуын мен аққала сахнадан шығып кетеді , ОСЫ КЕЗДЕ ӘДЕМІ ӘУЕНМЕН БАЛАЛАР ЗАЛҒА

КІРІП КЕЛЕДІ)

Аққала: Мәссаған біздің достарымыз мында жүр екен ғой, қарашы Бом балалар қандай керемет киініп алған өздері сондай сүйкімді сәлем балалар!

Балалар: Сәлеметсіздерме?

Қош келдіңдер балалар!

Бом: Құрметті көрермендер , ата-аналар ,және біздің кішкентай бүлдіршіндер бүгінгі мерекеге қош келдіңіздер.

Мен Боммын, ал мынау менің досым Аққала.

Боранның дауысы естіледі.

Боран: - Сәлеметсіздерме балалар? Мен боранмын өзіммен бірге қарлы желдер әкелдім. Қарлы боран боп соғып келдім.

Хор: «Жаңа жыл»

Балалар шыршаны айналып жүріп айтады.

Балалар аққаланың сендерге қояр сұрақтары бар екен,сендер жауап беруге дайынсыңдарма?

Аққала: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:қыс мезгілі

Аққала: дұрыс айтасыңдар.

Қыс мезгілі неше айдан тұрады?

Балалар: үш айдан тұрады.

Аққала: өте тамаша,айлардың аттарын атай аласыңдарма?

Балалар: желтоқсан,қаңтар, ақпан.

Аққала: балалар, қыс мезгілінің қанда й ерекшеліктері бар ?

Балалар: қыста қар жауады, қардан аққала жасаймыз , шанамен ойнаймыз.Аяз атадан сыйлықтар аламыз.

Аққала: өте тамаша, сол қардан жасалған аққала мына менмін .Ал аяз ата өте алыстан келеді ,қасына немере қызы ақшақарды ертіп жүреді.Сендер аяз атаны сағынған боларсыңдар.

Балалар: қатты сағынғандарын айтады.

Аққала: Олай болса, барлығымыз экранға назар аударайық.

(экраннан Аяз атамен Ақшақардың балабақшаға кіріп келе жатқанын көріп қуанады)

Балалар қол шапалақтап Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алады.

Аяз ата: Амансыңдарма ұлдарым?

Амансыңдарма қыздарым ?

Қандай жарқын жүздерің

Балдай тәтті кездерің

Асулармен алыстым

Асау желмен жарыстым

Бөбектерді сағынып

Шаршап келдім алыстан

Амансыңдарма ,балаларым

Ақшақар: Сәлеметсіңдерме кішкене бүлдіршіндер ,сендер қандай сүйкімдісіңдер.Сендердің мерекеге дайын екендерің көрініп тұр. Аяз атаның сендерге дайындаған сыйлықтары бар мен сол сыйлықтарды аяз атаға көтерісіп келдім.

Бом: Сәлеметсіздерме Аяз ата ,Ақшақар біздің мерекемізге қош келдіңіздер!

Аяз ата Ақшақар сонау алыстан неше күн ,неше түн жүріп шаршаған шығарсыздар қазір біздің кішкене бүлдіршіндеріміз мерекеге дайындаған әндерін айтып, билерін билеп берген кезде сіздер шаршағандарыңызды ұмытып кетесіздер .

Аяз ата: жарайды олай болса, Ақшақар қызымызбен екеуміз,сендердің өнерлеріңді тамашалайық.

Аққала: балалар, біздің шыршамыздың шамы жағылмай ,мерекені қалай бастаймыз.

Бом: Аққала шыршаның шамдарын, мен сиқырлы таяғымның күшімен, жағып берсем қалай қарайсыңдар?

Аққала: жарайды

Бом: ақалай, мақалай,ақалай, мақалай суффффф

(шырша шамдары жанбайды)

Аққала :Аяз ата шыршаның шамдарын мүмкін сіз жағып бересіз?

Аяз ата: Балалар,барлығымыз шырша, шырша жарқыра деп айқайлайықшы.

Балалар: шырша, шырша жарқыра деп айқайлайды.

(шырша шамдары жарқырап жанады,балалар қуанды)

Ән тыңдайық «Шыршаға бардық» Шаһназдың орындауында қабыл алыңыздар.



Шырша түбінде біреу мұңайып ,көңілсіз отырады.Оны аңғарған бір бала неге көңілсіз отырғанын білгісі келеді. Қасына барып, сен кімсің деп сұрайды.

Иманғали: мен итпін.

Нұрымжан: сен неге мұңайып отырсың?

Иманғали: Менің жылым осымен бітті ,енді маған ешкім көңіл бөлмейді.Жылымның көзді ашып –жұмғанша өтіп кеткеніне ренжіп отырмын.

Нұрымжан: Ит сен қайдағыны айтпа ,әр жыл өзі сүйтіп кезекпен айналып отырады.Сенің жылың қызықты біз үшін керемет жыл болды.

Иманғали: Шын айтасыңба ,менің жылым сендерге шынымен ұнадыма?

Нұрымжан: Шын айтам ,жүр оданда көңіліңді көтер ,бізбен бірге ән салып , би биле. Доңыз жылын бірге қарсы алайық.

(итті достарының арасына әкеп қосады)

Доңыздың келуі.

Балалар сендер аққаланы білесіңдерме?

Балалар: Иә

Бом: Аязата балалар мерекеге арналған тақпақтарын айтқысы келіп тұр,алдымен тақпақтарымызға кезек берейік.

Жанбике: Жаңа Жылды қарсы алып, 
Жасаймыз біз жылда бір. 
Жарқын – жарқын ән салып, 
Жалғасады жырға жыр. 


Шаһназ: Келді тағы жаңа жыл 
Қуантумен біздерді 
Құтты болсын жаңа жыл, 
Құттықтаймыз сіздерді! 

Жансұлу:

Ақ қар жапты даланы, Ақ жамылды айнала.
Жарқыратып шамдарын Шырша келді ортаға.

Аяна:

Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтары тізілген.

Қандай әсем шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.

«Қыс» әнін қабыл алыңыздар. Орындайтындар: Адина, Диас.

Бом: Жаңа жыл мерекесіне арналған балалардың тақпағына кезек берейік.

Адина:

Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Ерлік:

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз Ата оралып.

Инабат:

Ақ таяғын таянып,

Таңмен бірге оянып.

Аяз Ата келіп тұр,

Ақ күпіге оранып.

Сабина:

Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрле, төрле жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын.

Аққала: Бом менің мерекеге дайындаған биім бар еді, сол биді мына кішкентай бүлдіршіндермен бірге билегім келіп тұр,оған қалай қарайсың.

Бом: Ол не дегенің Аққала досым-ау ,қуана қуана келісемін.

Аққала: Олай болса балалар, Аққалалар биін билейік.

Бом: Аққала қандай керемет би болды, саған көп-көп рахмет.

Айназ:

Келіңдер, келіңдер

Қараңдар мынау шыршаға,

Тақпақ айтып беріңдер,

Сыйлық алып көріңдер.

Нұрымжан: Қуантып елді

Жаңа жыл келді

Өсетін болдық

Бір жасқа енді.



Диас: Келді міне жаңа жыл,

Қарсы алайық бәріміз.

Күліп ойнап би билеп,

Ән салайық бәріміз.

Би: «Қуыршақтар» биін қабыл алыңыздар.

Бом: құрметті ата-аналар мен сіздермен ойын ойнағым келіп тұр. Ойынның аты « Кім тапқыр» деп аталады. Ойынның шарты: ортаға кезек –кезек 3 ата-ана шығады. Сізге бір сурет жасырамын. Сол сурет туралы сізге сұрақтар қоямын. Сіз сол сұраққа жауап беруіңіз керек. Сұрақ аяқталғанда жасырылған суретті көрсетемін. Қандай сурет екенін көресіз.

Таңат: тамаша сый алып,

Келді Аяз Атамыз.

Шаттанып қуанып,

Шырқап ән айтамыз.

Алинұр:

Жаңа жыл келгенде,

Қуанып қарсы аламыз.

Аяз Ата келгенде,

Билейміз, ән саламыз.

«Жаңа жыл» әні Ақнәзіктің орындауында қабыл алыңыздар.

Құрметті ата-аналар,қонақтар ,біздің бүгінгі жаңа жыл мерекесіне арналған « Жаңа жыл Жаңа нұр» атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Уақыт бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.01.2019
440
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі