Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жаңа жыл- жаңа табыс, жаңа бақыт"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал балабақша тәрбиеленушілеріне арналған Жаңа жылдық сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде атай мен әжей өмір сүріпті. Олардың немерелері көп болыпты. Әр мерекеде немерелері ата мен әжейді қуантуға құттықтап кетеді екен. Терезеден қарап тұрған атай ақ көрпеге оранған даланы, қар жамылған ағаштарды көріп немерелерін сағынып кетеді.

Атай: Әй, кемпірім, қылышын сүйретіп қыс та келді. Далаға қарашы айнала аппақ. Жаңа жыл мерекесі де жақындап қалды. Біздің сүйікті немерелеріміздің келетін уақыты да болып қалды. Дастарханыңды, тәттілеріңді дайында. Осы сен бауырсақты қашан пісіресің?

Әжей: Қазір, өазір. Бәрі де дайын. Бауырсақты да пісіремін.

Автор: Әжей қаймақ қосып, бал қосып бауырсаққа қамыр илейді. Одан бауырсақ пісіреді. Бауырсақты суыту үшін терезе алдына қояды. Ақ мамыққа оранған даланы көрген бауырсақ қызығып кетіп домалай жөнеледі. Бір кезде алдынан қоян шығады.

Қоян: Бауырсақ, Бауырсақ, мен сені жеймін!

Бауырсақ: Жоқ, мені жемеші. Біздің үйде көп тәттілер бар. Атам мен әжем жаңа жыл мерекесін тойлауға дайындалып жатыр. Сен менімен бірге жүр. Жаңа жылды бірге тойлайық.

Қоян: Жарайды. Сәбіздер де бар ма екен?! О-о-о-о-о

Бауырсақ пен қоянның алдынан Қасқыр шыға келеді.

Қасқыр: Қандай керемет. Асқазаным шұрылдап тұр еді. Сендерді жеп, бір тояйын.

Бауырсақ: Жоқ, бізді жемеші. Біз ата мен әжеге жаңа жыл мерекесін тойлауға бара жатырмыз.Сен де жүр. Әже дастархан жайып, дайындалып жатыр.

Қасқыр: Жарайды. Ет те бар ма екен?!

Бір уақытта алдарынан үлкен ағаштың түбінде ұйықтап жатқан аюға кездеседі. Олар аюды оятады. Бауырсақ: Аю, аю, тұршы. Неге ұйықтап жатырсың? Жүр, жаңа жыл мерекесін бірге тойлаймыз.

Аю: Жарайды. Ол жақта бал бар ма екен? Балға бір тоятын болдымау.

Олар орманда кездескен аңдардың барлығын жинап жаңа жыл мерекесін тойлауға атай мен әжейдің үйіне алып келеді. Немерелері де дәл сол кезде келіп, ата әжесін қуантып жатқан еді. Сонымен мереке басталып кетті. Барлығы шыршаны айнала ән айтады. Бірақ атай көңілсіз, алаңдап жолға қарап отыр еді. Мұны байқап қалған бауырсақ атайға келеді.

Бауырсақ: Ата, неге көңілсіз отырсыз, неге алаңдайсыз? Маған ренжіген жоқсыз ба?

Ата: Жоқ, бауырсақжан, менің де бір досым бар еді. Оны жылына бір ақ рет көремін. Өзі сондай мейірімді, ақ көңіл адам. Қасында сүп сүйкімді немере қызы болатын. Мен сол досымды күтіп, алаңдап жолға қарап отырмын. Онсыз мерекенің сәні бола ма екен? Ол менің немерелеріме көп көп сыйлықтар ала келуге уәде еткен еді. Әлде қалың қардан жол таба алмай адасып кетті ме екен?

Бауырсақ: Олай болса дауыстап бәріміз бірге шақырайық.

Ата: Жарайды. Досымның аты Аяз ата болатын. Барлаға дауыстап Аяз атаны шақырады.

Аяз ата: Міне, міне мен де келдім. Ау, досым, амансың ба? Мен уәдемде тұрып биыл тағы келдім. Шыршы шамын жағады..

Ата: Иә, сенің уәдеңде тұратыныңды біліп едім. Жыл айналып келетініңе сеніп едім.

Аяз ата: Қане балалар, мерекелік думанды бастаңдар! Шыршаны айналып, шырша жыры айтылады.

Саламатсыздар ма, құрметті қонақтар, әріптестер! Келе жатқан жаңа ит жылы қазыналы, берекелі, мерекелі жыл болсын!

Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,

Бақыт болып бастасын жыл дастанын,

Қуаныш боп, келсін той боп жаңа жыл,

Құтты болсын жаңа бақыт, достарым!

Жаңа жыл тағы да құтты болсын! Қарлығаш тобы бүлдіршіндерінің жаңа жылдық ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

«Ертегілер» әні ойнап тұрады.

Махмуд: Келді міне жаңа жыл,

Қуантуға біздерді,

Құтты болсын жаңа жыл,

Құттықтаймыз сіздерді!

Самал: Бізге жаңа жыл келді,

Жаңа бақыт нұр берді,

Жаңа жыл деп қуандық,

Көңіл шалқып гүлденді.

Барлығы бірге: Жаңа жыл баршаңызға құтты болсын!

Самал: Бірінші құттықтау сөзді кімге береміз?

Алихан: Мен ше?

Гүлімай: Біз үлкенді құрметтеген ұрпақпыз. Алғашқы сөзді үлкендерге берейік.

Махмуд: Дұрыс айтасың, Гүлімай. Олай болса алғашқы құттықтау сөзді балабақша меңгерушісі, екінші анамыз Зағипа Әлімжанқызына береміз.

Орындарына барады. Барлығы тұрып апайдың тілегін тыңдап, рахмет айтады.

Алихан Самал: Достар жаңа жыл мерекесіне қандай өнерлерің бар?

Гүлімай: Біз кешегі он алтыншы желтоқсан мерекесінде аудандық би жарысында ІІ орын алған «Жаса Қазақстан!» биін орындап берейік.

Гүлімай: Кезекті әсем әнге берейік.

Махмуд: Нұрасыл, Нұржігіт, Алихан келіңдер «Аққала» әнін орындап берейік.

Ән: «Аққала»

Самал: Рахмет достар!

Алихан: Айта берсек таусылмас

Жаңа жылда жаңа жыр

Самал: Кел, одан да халайық,

Ойын ойнайық жаңа бір.

Ойын: «Суретті аяқта». Аққала суретін аяқтауға Сезім, Фархат және бір ата-ана шығады. Ата-ана бокс қолғабын киеді.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, суретшілер! Әдемі, сүйкімді аққала пайда болды. Қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталады. Суретшілерге топ бүлдіршіндері атынан тақпақ

Нұржігіт: Здравствуй, дедушка, любимый,

Ты такой неповторимый,

Самый добрый ты на свете,

Тебя очень любят дети!

Айзара: Сновым годом поздравляю!

Вам желаю всем добра!

Что бы в жизни вашей было

Много счастье, волшевства!

Нұрәли: Дарит лучшие подарки,

Зажигает елки ярко,

И смеемся мы до слез,

Когда рядом дед мороз!

Ән: «Шыршы жыры» орындайтындар: Нұрғиса, Мақпал, Анель

Тәрбиеші: Балалар, сағат тілі 12-ге жақындап қалыпты. Олай болса ескі жылды шығарып салып, жаңа жылды қарсы алайық.

Барлығы: Жарайды, апай.

Нұржігіт: Бір жыл бойы сендермен,

Бірге жүрдім, ойнадым,

Енді міне балалар,

Қоштасар кез келгенде

Өздеріңді қимадым.

Барлығы бірге: Рахмет саған, өткен жыл!

Көп қуаныш төккен жыл!

Нұрасыл: Жыл иесі мен Итпін!

Қалмайын деп кешігіп,

Ала таңнан ояндым,

Мен жаңа жылмын,

Мен жаңа нұрмын!

Нұрымды себейін,

Жырымды төгейін!

Бір жыл бойы сендермен

Бірге ойнап күлейін!

Самал: Жаңа Ит жылының құрметіне «Ақшақар» әнін орындап берейік. Орындайтындар: Айзара, Фархад, Саида.

Гүлімай: Рахмет достар. Келесі кезекте мың бұралған бишілеріміздің өнерін тамашалайық.

Жаңа жыл қызығын тойлайық,

Өзара қуаныш сыйлайық!

Махмуд: Бұл залға жиналған барша жұрт

Би билеп, ән салып, ойнайық!

Тәрбиеші: Жарайды, ойнасақ ойнайық. Бұл ойынды электронды «Ақылды қоянның» көмегімен ұйымдастырсақ. «Жаңылтпашты қайтала»

Алихан: Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй

Самал: Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй-деп Абай атамыз айтқандай әсем ән тыңдайық

Ән: «В лесу родилась елочка» Орындайтындар: Самал, Нұржан, Сезім

Махмуд: Ата –аналарымыздың қандай өнері бар екен?

Хор: «Жаңа жыл»

Аяз Ата: Өнерлі балдырғандар екенсіңдер. Мына сыйлықты қабыл алыңдар. Жыл айналып келеміз деп уәде береміз. Сау болыңдар!!!

Алихан: Жаңа жылда көңілдерің,

Самал: Былтырғыдай ақ болсын!

Гүлімай: Мәнді болып өмірлерің,

Махмуд: Бастарыңа бақ қонсын! Уақыт бөліп тамашалағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
11.11.2018
551
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12