Жаңа жыл бағдарламасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңа жыл бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бағдарлама бастауыш сынып оқушылырына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңа жыл бағдарламасы



Экраннан қысқы орманның көрінісі,жаңа жыл туралы музыка шығып тұрады. (Музыка)

Қатысушылар:

Аяз ата, Ақшақар, Зымыстан,, түлкі,қоян т.б аңдар

1-көрініс. Орман іші , аңдар соңғы жаңалықты талқылауда.

Дауыстар: Естідіңдер ме, қыста ешкім көңіл көтермесін, барлығы қысқы ұзақ ұйқыға жатсын депті. Бұл не деген сұмдық, бізсіз орманның сәні кірер ме? Мүлгіген тыныштық орнайды ғой! Ал, Жаңа жыл болса келіп қалды, шыршамызды айнала әндетіп, тойламаймыз ба сонда?

Түлкі: Ендеше, бұйрыққа бағынбайық, басқа айла-тәсіл ойлап табайық! Бұл шаруаны маған қалдырыңдар! Менен асқан қу бар ма?

Қоян: Мен қорқы-ы-ып тұрмын. Қыстың пірі-Зымыстанның қаһарына ұшырасақ қайтеміз......Ұйықтасақ ұйықтай салайықшы. Жаңа жылды тәтті түсімізде тойлайық. (қолын жастанып жата қалады!)

Түлкі:Таптым,оның сиқырлы таяғын білдірмей ұрлап алып,өзін

ұйықтатып тастайық.Таяқсыз ол бізге ештене де істей алмайды.Сен қар сияқты аппақсың,сені ол байқамай қалады.Сен барсаң ,қайтеді –қоян?

Қоян: Жоо-қ, атай көрме. Сенен асқан айлакер жоқ емеспе, мен сенің жоспарынды жүзеге асыра алмаймын. Маған қарағанда сен ептісің ғой, Түлкіжан. Мен сияқты қарға да жасырынбай Зымыстанның тілін оп-оңай табасың.Мен саған сенемін.(Балалардан сұрау)

Түлкі: Сужүрек, жарайды келістім, кеттік ендеше уақытты созбайық.

Зымыстан айнасына қарап,ыңылдап отырады.

Түлкі: Армысыз,айдай сұлу ханымым.Бұл әлемде сізге тең келер ешкім жоқ. Шіркін, сіздей сұлу,қайсар болсам арман бар ма?

Зымыстан:Сен босқа жүрмейсің,келген шаруаңды айт, басымды қатырма. (Айт, неге келдің? )

Түлкі: Өтіп бара жатып жан-жануарлар,Зымыстан бізге үлгі көрсетіп ,өзі бірінші ұйықтасын соны талап етейік деп осында келе жатыр.Ал мен болсам ол баяғыда ұйықтап қалған- дедім.Содан маған сенбей, жақындап қалды,тездетіп өтірік көзіңізді жұма салыңызшы,осымен жұмыс бітсін.

Зымыстан: Олармен дауласар уақытым жоқ, мені алдасаң не істейтінімді білесің,байқа! Ал жұмайын көзімді. (Жарайды, келістім, бірақ байқа!)

Түлкі сыйқырлы таяқты ұрлап, Зымыстанды сиқырлап, қаша жөнеледі.Зымыстан ұйқыға кетеді.

Барлығы:Алақай,жарайсың! Мереке басталды жүріңдер балаларға асығайық!(сахнадан шығып балаларға барады.)

2-көрініс.

Залда шыршаны айнала шеңбер құрып тұрған балалар.

Шыршаны айнала "жаңа жыл әнің шырқайды.

Балалар, жаңа жыл мерекесінің көркі Аяз ата мен Қарша қызсыз, жаңа жылсыз мереке бола ма?

Ендеше ,балалармен қосылып, Аяз ата мен Қарша қызды,Жаңа жылымызды ортаға шақырайық.

Барлығы: Аяз ата, Ақша қар! (З рет) Залға Аяз ата, ақшақар, Жаңа жыл келеді. Музыка әуенімен залға кіреді.

Аяз ата:Амансың ба, ұлдарым,

Амансың ба, қыздарым?!

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем билерің.

Аталарың сендерге,

Асау желмен алысып,

Шаршап келді алыстан.

Қарша қыз бен Жаңа жыл,

Олар да жүр қасымда,

Өздеріңдей балалармен

Сағынысып табысқан.

Шыршаларың неге көңілсіз?

Қане бәріміз бірге:

1:Қуант шырша,таңырқат

Шамдарыңды жарқырат!

Аяз ата: ал балалар сендердің өнерлерінді тамашалайық деп немерем екеуіміз сонау алыстан келдік.Жыл бойы бізге қандай өнер жинадыңдар, кәне ортаға салайық. Ән ,тақпақ айтамын, би билеймін дегендер барма?(балалар тақпақ айтады)

Ақша қар: Ал, мен сендердің білімдерінді тексеріп көрейін! Менің жұмбақтарымды шешкен балаға сыйлығым бар! Ал, бастайық!

Жұмбақ жасыру.

Қыста ғана болады,

ұстасаң қолың тоңады. (Қар)


Байлаулы екi аяғым,

Қолымда екi таяғым.

Зырлаймын қардың үстiмен

Озамын атты кiсiден. (Шаңғышы)


Қолы жоқ сурет, салады,

Тiсi жоқ, тiстеп алады.

Бұл не? (Аяз)


Отқа жанбас, суға батпас. (Мұз)



Қыста да, жазда да көктейдi,

Ал онсыз жаңа жыл өтпейдi.

Бұл не? (Шырша)


Жаздай тынығады,

Қыстай зымырайды. (Шана)


Бес балаға бiр бешпент,

Бiрге киiп,

Бiр шешпек. (Қолғап)


Қанаты жоқ, ұшады,

Аяғы жоқ, жүредi,

Аузы жоқ, ұлиды. (Боран)


Бiр ақсақал жылына

Бiр - ақ рет келедi.

Көп қызы мен ұлына

Сыйлық әкеп бередi. (Аяз ата)


Аяз ата:

Неткен әсем үндерін,

Неткен нәзік билерін,

Таңдай қағып,таңқалып

Кеттім ғажап күйге еніп.

Жыл айналып келгенше,

Бойларың өсіп,өнгенше

Сағындырмай жетеміз

Хош болыңдар көргенше

Тышқан : Биылғы жыл той-думанға жақсы жаңалыққа толы болсын дейік. Мен сендерді ренжітпеуге тырысамын, бірақ сендер де өнерлерімен , білімдерінмен қуантуға тырысыңдар!


Құрастырушы: Хасенова Гульзат Агзамбековна

Өскемен қаласы « №26 орта мектеп»КММ

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.12.2019
615
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі