400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңа жыл бала бақшаға ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жыл мерекелік ашық сабақ балабақшаға
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-Жүргізуші: Амансың ба халайық?
Жаңа жылды тойлайық
Ән салайық, билейік
Көңілімізді көтерейік!

Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де.

(Музыка әуенімен балалар залға кіреді)

1________

Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Төрле, төрле жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын!

2________

 Жаңа жылда балалар,
Тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болу өзіңнен.

3________
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса

3__________
  Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылға жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр.

Ән:

(Балалар орындарына отырады)

1-Жүргізуші: Ортада таңдандырып талайды,
Шыршамыз жасанып, жайнайды.
Құбылып, құлпырып айнала
Сиқырлы сәулелер тарайды.

Балалар, қараңдаршы қандай әдемі шырша. Біз шыршамызға тақпақ, ән айтып берейікші.

1_______
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Келіңдер, келіңдер
Тақпақ айтып беріңдер
Жомарт Аяз атадан
Сыйлық алып көріңдер

2_________

Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағынған.
Міне сұлу шыршаның
Көптен күтіп сағынған



3__________

Суреттерді әр үйге
Әйнектерге әрине
Түнде салып береді
Көзі қалай көреді?


4__________

Дала нұр, қала нұр,
Құтты болсын жаңа жыл!
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл.

Жүргізуші: Балалар, естідіңдер ме, біреу келе жатыр.

Көңілді әуенмен. Сиқыршы, Күлше қыз келеді.

1-Жүргізуші: Сәлеметсіздерме Сиқыршы мен Күлше қыз!

Сиқыршы: Балалар қараңдаршы, қандай әдемі шырша, қаншама ойыншықтар.

Күлше қыз: Ал неге, шыршада шамдар сөніп тұр? Балалар шыршамен ойнайықшы, өз шамдарын жақсын, сөндірсін.

Ойын: «Шырша» (Балалар шапалақтайды) шамдар жанады. Ал енді, шамдарды сөндірейік, қатты, қатты үрлейміз. (Балалар үрлейді, шамдар сөнеді) ойын 2-3 рет ойналады.


Сиқыршы: Қандай сиқыршымыз бәріміз. Бірақ шыршада шамдар жанып тұрсын, сонда ғана шырша әдемі.



Музыка әуенімен мыстан кемпір шығады.


Мыстан:
Мына шыршаның әдемісін ай.Үйіме алып кетсем бе екен.

Сиқыршы:Мыстан, Балалардың мерекесіне кедергі келтірме.

Күлше қыз : Одан да біз бен бірге жаңа жылды қарсы, ал, балалардың өнерін тамашала.

Мыстан:Менің бір шартым бар, мен сендерге жұмбақ айтамын жауабын тапсаңдар мен де қаламын, ал егер таба алмасаңдар шырша менікі.

  1. Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады. (қар)

  2. Тісі жоқ тістеп алады, қолы жоқ сурет салады.( аяз)

Жұмбақ шешіледі.Мыстан кемпір қалады.

1-жүргізуші:Балалар, біздің мерекемізге Аяз ата мен Ақшақар неге кешігіп жатыр?.

Сиқыршы: .Мүмкін, адасып кеткен шығар.Біз Аяз атаны іздеп келейік.

Сиқыршы мен Кулше қыз кетеді.

Музыка әуенімен құртақандар кіреді







1 құртақан

Біз сүйкімді құртақанбыз

Орманда біз тұрамыз

Біз сүйкімді құртақанбыз

Ертегіні бастаймыз

2 құртақан

Орманды біз қорғаймыз

Қазынаны жинаймыз

Бізді енді таныйсыңдар

Біз мейірімді құртақанбыз!

Құртақандар Биі

жүргізуші.Мыстан әже, сізбен бірге, балалар ойын ойнағысы келіп отыр.Қалай қарайсыз!.

Ойын: «Байпақ». 2ойыншы 2 сыңарды бөліп алады, біреуі оң, екіншісі сол аяғынікін киеді, әуенмен билеп шыршаны айналып, ортаға бірінші жету қажет (балалар, ата аналармен).

Мыстан: Неткен күшті, ақылды балалар, сендер шаршамадыңдар ма?, мен  шаршадым, мен енді қайтайын, жақсы тілегін айтып кетеді.

-жүргізуші:
Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуаныш көп болсын жаңа жылда.

1-Жүргізуші:Балалар, Аяз атаны шақырайықшы мүмкін естіп қалар.

Балалар: Аяз ата-3 рет

Аяз Ата мен Ақшақар келеді: Сәлеметсіздер ме балалар! Сәлеметсіздер ме қонақтар! (Балалар амандасады).Орманда адасып жүр едік.Мына жұлдыздар мен айдың жарығының көмегімен сендер жіберген Сиқыршы мен Күлше қыздың арқасында сендерге де жеттік ау.
Естіп жатырмын, естіп жатырмын,
Келе жатырмын, келе жатырмын
Жаңа жылдарыңмен,
Жаңа жылдарыңмен!
Балаларым, балғыным,
Өмір гүлім, шағыным.
Тілегенім жыл бойы,
Сендердің денсаулығың.
Амансың ба, ұлдарым,
Аппақ ару қыздарым?
Мен сендерге әкелген,
Құтты болсын жылдарың!

Ақшақар:Амансыздар ма,балалар, ата-аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын. береке, бірлік әкелсін.Тарихи жыл болсын.

Ән__________

1___________

 Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын жаңа жыл,
Ата-әже, әке-ана
Құтты болсын жаңа жыл.

2_________

 Оралдың өлкеме
Жаңа жыл армысың
Оранды ақ көрпеге
Асқартау қарлы шың



3_________

 Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып,
Жолын қойдық жарық қып
Шыршаларға шам іліп.

4________

Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той маскарад басталды
Аяз оны басқарды.

Жүргізуші: Төрлетіңдер, төрлетіңдер.
Шырша сәнін көріңдер.
Әсем әнмен би билеп,
Күй жырларды төгіңдер.

Би:

1-жүргізуші: Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де- деп балалардың тақпақтарына кезек берейік.

1__________

 Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап,
Жаңа жылда келеді,
Бізге қарап жылыстап.

2__________

Жайна шырша жарқылдап
Бейнесіндей сәбидің
Түрлене түс жасыл бақ
Қыс пен жазға бірдейсің.

3_________

Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Қызыл ала шапаны
Сағындым аяз атаны.

4__________

Келді, келді жаңа жыл,
Қуанып қарсы ала біл.
Аяз ата сыйлығын,
Алайық айтып жаңа жыр.

Ақшақар: Қандай керемет, өнерлі балалар екенсіңдер!Енді балалар ата-аналарымызбен ойын ойнап серігіп алайық.

Ойын:   «__________________-»      

Аяз ата: Балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын қоян жылымыз қайда? Сиқыршы сиқырлап тастамадыма екен! Балалар, қоян қалай дыбыстайды? Дауысы естілмейді ме!

жүргізуші: Жаңа жыл жарылқасын ескі жыл есіркесін –деп , өткен жыл мен. Келер жылымызды  қошеметпен қарсы алайық!

Музыка ырғағымен (Жаңа жыл «Айдаһар» , «Кіреді» кіреді)

Қоян: Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.


жүргізуші: Шынымен балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз.

Құрметті достар!  Бізге жақсылықтарымен толы болған Қоян жылын шығарып салайық.  (қоян кетеді). 

Айдаһар :

Мен Жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін
Жырымды да себейін
— Мен сендерге «Бақыт» сыйлаймын

Ән



2-жүргізуші:
Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр.
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып береке бер халқымызға
Мерейін мәртебесін биікке асыр.

Сыйлықтар таратылады

Аяз ата: Ой, бәрекелді, балаларым. Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар.Мен сендерге сыйлықтар әкелдім!  (таратып береді).  Көп-көп рахмет, өркендерің өссін. Енді Ақшақар екеуміз, аттанайық. Баршаңызбен қоштасамыз, сау болыңдар!.


Ақшақар : Сау болыңдар, балалар, келесі жаңа жылда кездескенше.


Барлығы: Сау болыңыз, Аяз ата, сау болыңыз, Ақшақар.

жүргізуші: Міне, құрметті қонақтар. балалар! «Құтты болсын, Жаңа жыл!» атты, ертеңгілігіміз аяқталып қалды.  Осындай, керемет мерекеге атсалысқандарыңызға рахмет айтамыз. Жаңа 2024 жылымыз құтты болсын! Отбасыларыңызға тек бақыт, қуаныш нұры жаусын!.

Келесі жаңа жылда кездескенше, аман-сау болайық!.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.09.2025
73
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі