Жаңа жыл! Балабақшаға
арналған ертеңгілік сценариі
Мақсаты: Балаларды қонақ жайлылыққа
үйрету, мерекелік көңіл-күй
сыйлау.
Кейіпкерлер: Жүргізуші, Аяз
ата, Ақшақар,
Көрнекіліктер:
Ақ ұлпа қарлар, тәтті
кәмпиттер, корзина,
сыйлақтар.
Музыка әуенімен балалар қолдарына жылтыр
қарлармен би қимылдарын жасап кіреді,билеп болған соң жарты шеңбер
болып, шыршаның қасына
барып тұрады.
Жүргізуші:- Сәлеметсіздер ме,
құрметті қонақтар!
Тамаша.тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Жаңа жылым мол болсын
Баскан қадам он болсын
Төрле Төрле Жаңа жыл
Бізге Құтты жыл болсын
Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен
шын жүректен
құттықтаймыз.
Жүргізуші:- Балалар,
қараңдаршы, біздің бөлмеміз әдемі безендірілген, біз бүгін Жаңа-
жыл мерекесін тойлаймыз. Бізге көптеген қонақтар келіпті, шыршаға
әдемі ойыншықтар ілініпті.
Жүргізуші:-Балақайлар,
қараңдаршы шыршамызда қаншама ойыншықтар, тәтті кәмпиттер ілінген.
Осы әсем шыршамызға әдемі әнімізді тарту
етеміз.
Ән: «Қысқы
ән»
Арғы жақтан есік
қағылады.
Жүргізуші:- Балалар
мерекемізге қонаққа келген
сияқты.
Жылдың
әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп
қалды.
Майысады жас
қайың,
Көтере алмай көп
қарды.
Аяз ата мен Ақшақар кіріп
келеді.
Аяз- Ата: Амансыңдар ма,
балалар?
Сәлеметсіңдер ме,
қонақтар?
Балаларым,
балғыным
Өмір гүлім
шалғыным.
Тілегенім жыл
бойы,
Сендердің
денсаулықтарың!
Ақшақар:- Балалар, мені
таныдыңдар ма? Мен Аяз атаның немересі
Ақшақармын!
Аяз-ата- Ой, балалар шыршаларың
қандай әдемі, керемет!
Ақшақар:қандай керемет менің
ұлпадай әппақ сіңілілерім келіп қалыпты,сендермен би билегім келіп
тұр. Келіңдер ортаға
билейік.
Жүргізуші:аяз ата сіз ұзақ жолдан
шаршаған боларсыз, отырып демалыңыз. Ал, ақшақар біздің аппақ
қыздарымызбен би билеп көңіл
көтерсін.
Би: «Ұлпа
қарлар» /қыздар биден соң
қарларды жерге шашып
тастайды/
Ақшақар:- Балалар қараңдарша
айналамызда қаншама ұлпақарлар шашылып жатыр. Қанекей бәріміз
қарларды жинап, шыршаның айналасын
безендірейік!
Ойын: «Ұлпақарлар
жинау»
Ойынның
шарты: Балалар ұлпа қарларды жинап,
шыршаның түбіне қояды.
Ақшақар:-Жарайсыңдар
балалар,бір сергіп қалдық. Ой, қандай керемет
шырша!!! Қаншама жалтыраған ойыншықтары көп. Бірақ шамдары жанбай
тұрғой.? Келіңдер балақайлар бірге шамдарын
жағайық.
Ойын: «Шыршаның шамдарын
жағу»
Ойынның
шарты: Ақшақар балалармен қол
соққанда шырша шамы жанады. Ал, үрлеген кезде шырша шамы сөнеді.
Ойынды үш рет қайталау. /Ойынның шартын ақшақар
түсіндіреді және
ойнатады/
Жүргізуші: Қане балалар енді
әдемі,әсем шыршамызға әнімізді
арнайық.
Ән хоровод: «кішкентай
шыршамыз»
Жүргізуші: Балалардың тақпақтарына
кезек берейік.
Тақпақтар: тәрбиеші өзі
табады
Осы кезде Аяз ата ұйықтап шыршаның қасында
отырады.
Ақшақар:- Балалар қараңдар Аяз
ата ұйықтап қалды. Ол алыстан келемін деп әбден шаршаған ғой. Ой,
балалар тыныш, тыныш. Қасына барайық, келіңдер жақындайық. Қанекей
балалар Аяз атаны
оятайық.
Ойын: «Аяз атаны
ояту»
Ойынның
шарты: Қане балалар қолымызды қатты
соғып, аяғымызды топылдатайықшы аяз ата ұйықтап қалыпты.
Алақанымызбен қаттырақ соғайық. /Ойын 3 рет
қайталанады/
Аяз ата:-(оянып
кетеді)
Жүргізуші:- Келіңдер
балақайлар! Аяз атаны ортаға алып ән
айтайық.
Ән: «Аяз ата-ақша
қар»
Аяз- ата: Тамаша, керемет.
Жарайсыңдар балалар бүгін сондай қуанышты мереке
болды.
Ақшақар: Аяз-ата
сіз ештеңе ұмытып кеткен жоқсыз
ба?
Аяз-ата- Жоқ мен ештеңе
ұмытқаным жоқ. /ойланып/ Балалар ән айтты,
балалар мен бірге шыршаның шамын жақтым, тақпақтарын тыңдадым,
ойын-ойнадық. Жоқ ештеңе ұмытқаным
жоқ.
Ақшақар- Балалар айтыңдаршы Аяз-ата сендерге
не беруі керек?
Балалар-
Сыйлықтар!!!
Ән айтамыз, би
билейміз,
Біз көңілді
баламыз.
Шаршауды біз
білмейміз,
Тақпақ айтып, би
билеп.
Аяз Атадан сыйлық
аламыз.
Аяз ата:- Ой, ой, ой кәрі
басым-ай, балаларға сыйлықтарын беруді ұмытып кетіппін ғой. Қане
қызым Ақшақар алып кел
сыйлықты.
Ақшақар: Ой Аяз ата мында
біреу бар ғой. /артқа қарай
шегінеді/
Аяз
ата: міне енді дұрыс
болды. Біздің балалар өте зерек,
қонақжай. Олай болса, қане Ақшақар қызым, енді шыршаның түбіндегі
сыйлықты алып келе қойшы.Ақшақар шыршаның түбінде
жатқан үлкен сыйлықты алып келеді.
Ақшақар:- Қараңдаршы
балалар, Аяз ата сендерге қандай керемет сыйлықтар алып келген.
Жаңа жыл деген таңғажайыпқа толы мереке ғой! Барлық адамдар
бұл мерекені жақсы көреді. қапшықтың ішін ашады,
сыйлықтар
шығады.
Аяз ата- Ал,кәне,балалар,
Сендерге сыйлығым
бар,
Аталарыңның
сыйлығын
Қуанып қабыл
алыңдар!
Жүргізуші:- Біз өнерлі
баламыз,
Ертең-ақ өсіп
толамыз.
Атамыздың
сыйлығын,
Рахмет айтып
аламыз.
Бәрі бірге: РАХМЕТ!
Аяз ата- Ал, балаларым тағыда
Жаңа жыл құтты болсын.Енді біздіңде қайтатын уақытымызда болып
қалды.Себебі, өздерің секілді балалар өнерлерін дайындап,
сыйлықтарын алуға асығып отырған болар. Келесі жылы кездескенше қош
сау болыңдар!
Балалар- сау
болыңыздар!
Жүргізуші:- Би-биледік,жыр-жырладық,
Қызығына
тоймадық.
Достарменен
ойнадық,
Жаңа жылды думандатып
тойладық! Ал, құрметті қонақтар осымен мерекелік
ертеңгілігімізді «Шыршаға бардық»- әнімізбен аяқтаймыз.
Келесі мерекеде кездескенше қош-сау
болыңыздар!
Ән: «Шыршаға
бардық»