Жаңа жыл-бақыт жылы болғайсың Ертеңгілік шара

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңа жыл-бақыт жылы болғайсың Ертеңгілік шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал балабақша тәрбиешілері мен саз жетекшілеріне және мектеп мұғалімдеріне керекті материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

"Гаухар" балабақша әдіскері

______ Г.Құрақова

"___" ________2016ж



Тақырыбы: "Қош келдің,Жаңа жыл !"


Мақсаты: Балалардың жаңа жыл туралы түсініктерін кеңейту, мерекелік ертеңгілікке деген ой-қиялын, көркемділік талғамын дамыту. Шырша тойына қызығушылық арттыру, балалардың өнерлерін ортаға салу. Шырша мерекесін көңілді ұйымдастырып өткізу.


1-жүргізуші:
-Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты әріптестер!
2- жүргізуші:
Бармысыздар, замандас, бауырлар,кішкентай бүлдіршіндер! 
1-жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
2-жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
1-жүргізуші:
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
2- жүргізуші;
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер! 

Фан - фар
1-жүргізуші:
Құрметті жамағат “Жақсы сөз- жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай,

Жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы, «Гаухар» балабақша меңгерушісі Әсел Сержанқызына береміз.

2 Жүргізуші:

Осындай ғажап тілектен кейін, біз енді ертегілер еліне саяхат жасап, жаңа жылымызды әрі қарай мерекелейік.

(«Ертегілер» әнінің музыкасы ойналып ортаға қоян секіріп шығады )

Қоян:( жүгіріп келеді). Ой, бүгін орман тыныш қой, аңдар қайда? Сайраған құстар қайда? Олар шырша тойы болатынын білмей ме?

Қарға: Қарқ-қарқ, не болды орманның тыныштығын бұзып? Не жаңалық алып келдің?

Қоян: Шырша тойы болтынын білмеуші ме едің? Мына орманның көңілсіздігіне таң қалып тұрмын. Шыршаның әдемісін ай, балалар безендірген шығар. Ал өздері болса жоқ.

Қарға: А-а, білдім мен олардың неге келмей жатқанын? Мыстан жылда келіп, балаларды ренжітіп тастайтын, сол үшін олар тығылып отырған шығар.

(көңілсіз музыка ойналып, Мыстан кемпір кіріп келеді )

Мыстан: Сәлем, сәлем, немене бүгін шыршаның жаны көңілсіз болып қалған?

Қарға: Мыстан апа, көңілсіздікті сіз де жек көресіз бе?

Мыстан: Ия.

Қарға: Олай болса аңдарға, балаларға хабар жіберіп шырша тойын көңілді өткізуге шақырайық.

Мыстан: Өткізейік, өткізейік. Мен жылда Аяз атаны жібермеймін деп кетіп қалатынмын, балаларға кедергі жасайтынмын, ал биыл балалармен бірге шырша тойын өткізуге келдім. Мен жалғыз жүруден шаршадым, достарым жоқ, сондықтан бәрімен дос болуға шештім.

Қоян: Мыстана апа, сіз сиқыршы едіңіз ғой, сиқырыңыздың күшін көрсетпейсіз бе? Сиқырмен балаларды шырша тойын тойлауға шақырыңыз.

(Мыстан сиқырлы таяқшаларымен шыршаны айналып шығады, бәрі шыршаны айналады, суф-суф деген кезде музыка ойналып,балалар шырша жанына келеді) (суф суф дегенде сиқырлы музыка дыбысы )

ІІ жүргізуші: Мыстан апа, амансыз ба? Биыл көңілдісіз ғой, бізбен бірге шырша тойын қарсы аламын деп келген сияқтысыз. Балалар, мыстан апаға арнап шырша тойын қарсы алуға бір тақпақ айтайық.

Қардан аппақ әдемісіз, Мыстан апа,

Шашың күміс жылтыраған мұздай апа. Алмат

Келіп қосыл арамызға қарсы аламыз,

Сіз боп, біз боп Жаңа жыл салтын, апа.

Мыстан: Бәрекелді. Мен ұсқынсызбын деп жүрсем, әдемі екенмін ғой. Бәсе-бәсе осы адамдар бәрі менен өтірік қорқады, менің әдемілігімді көре алмайды, бүгін шырша тойына сандықтаға ең әдемі көйлегімді киіп келдім.

Ойбүй, сәнді шыршамызды жақпаған екенбіз ғой. Қане 1,2,3, үрлейді.

( сиқырлы музыка ойналады , балаларда бірге үрлейді).

Мыстан: Шыршамыз жанбады ғой.

Онда бәріміз хормен: 1,2,3 шырша шамы жарқыра, шырша шамы жарқыра.

(шам жанады)

І жүргізуші : Қуант бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат.

Енжарлықты тастайық,

Жаңа жылды бастайық.

Ән: «Шырша жыры »

Ән орындалып бола бергенде аптыға жүгіре түлкі кіреді.

Түлкі: Балалар, балалар.(айқайлап кіреді)

ІІ жүргізуші : Не болды сонша аптығып, асықпай айтшы, түлкі.

Түлкі: Мені Аяз ата жіберді. Сіздерден сүйінші сұрай келдім. Аяз аталарың келе жатыр. Маған ертерек барып балаларды қуанта бер деді. Балалар, Барлығың жаңа жылға дайынсыңдар ма?

Балалар: Ия.

Түлкі: Ой, мен де бар жылтырақтарымды тағып, әдеміленіп, сұлуланып, боянып келдім. Осы кештің ең сұлу қызы мен сияқтымын, солай ма?

-Балалар, көріп тұрсыңдар ма?

Балалар : ия

ІІ жүргізуші: Балалар, Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген түлкіден хабар алып тұрмыз. Түлкі кел, бізге қосыл.

І жүргізуші: Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
/осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді./

Би: «Кішкента санталар»

Аяз ата: Амансың ба, ұлдарым,

Амансың ба, қыздарым,

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың.

Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан,

Аталарың сіздерге

Шаршап келді-ау алыстан.

ІІ жүргізуші: Сәлеметсізбе Аяз ата! Сәлеметсіз бе Ақша қар !

І жүргізуші: Армысыз Ата! Армысың Ақша қар !

Аяз ата : Бар болыңдар, балаларым! Біз қай жерге келдік қарағым

ІІ жүргізуші: Балығы тудай тулаған, Бақасы қойдай шулаған, Мұнайы судай ағылған

Қазақстан мемлекетінің ,Атырау облысының, Ресеймен шекаралас жатқан Құрманғазы ауданындағы «Гаухар» балабақшасына келдіңіз.

Аяз ата: - Бәрекелді, балам! Атырау әнмен жырдың мекені деп естуші едім. Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар шығар?

І жүргізуші: - Әрине, ата! Тойымыздың шырайын кіргізер мың бұралған бишілеріміз дайын тұр. Сіз рұқсат берсеңіз болды.

Аяз ата: -Рұқсат шырақтарым, рұқсат

Ақшақар: Қане тойды бастайық,

Өнері бар достарым,

Ортаға шық қасқайып.

Кімнің қане күйі бар,

Кімнің әні, биі бар?

Аяз ата сыйы бар.

Би: «Шығыс»

Жапалақтап ақша қар Рауан
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.
Бақша іші мереке, Айлин
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.
Жаңа жылды қарсы алдың, Айару
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.

Оралдың өлкеме, Нұрлы
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.

Қалып едік сағынып, Ерқанат
Kүтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп

Жылдың әнін бастайын, Тасқын
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Қарға: Қарқ-қарқ, осы мен әншімін, өзім сондай әдемімін, құстардың бәрі мені қызғанып жүреді және даусым қандай тамаша! -деп, осы күнге дейін мақтанып келдім. Қане Аяз атаға бірінші мен ән айтып беремін, сыйлықты мен аламын.

( Ән айтқысы келіп, айта алмайды)

ІІ жүргізуші: Ой, қарға, сенің көңіл күйің түспесін, кәне қарға балаларымыздың өнеріне тамашаласақ қалай қарайсың ?

Би: «Четыре шага »

Безендіріп шыршаны Қайсар
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Ақ қырауға малынған Дияр
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.

Аппақ тонға оранып, Бекарыс
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

Аяз –ата ақ сақалды, Ернұрхан
Ақ таяқты паң ата,
Асып өтіп асқар тауды
Жеттің бізге таң ата
Аяз келді қаһарлы Жанарым
Айналаны қар жапты.
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.

Аяз ата , Аяз ата  Алмат
Сені күтіп жүрдік біз
Томпаң қағып арқаланып
Келеріне сендік біз

І жүргізуші: Балалар сендерге рахмет. Ал, енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Қалай қарайсыңдар, бірге ойнаймыз ба ?

Ойын: "Кім жылдам ?"

Аяз Ата ; Қадірлі халқым! Еліміз еңсесін көтергелі біраз жылдар өтіпті. Жыл өткен сайын жаңарған жерлерді көріп келем. Соның бір дәлелі: Ел болып егемендік алған Қазақстан Тәуелсіздігінің биыл 25 жылдық мерей тойы. Қарап отырсам,Тәуелсіз елдің ұрпақтары бәрінен өнерлі екен.

ІІ жүргізуші: Ия,Ата, ел болып, Еңсемізді көтергенімізге биыл 25 жыл толды.

Ата, біздің арамызда табаны жерге тимей, шыр айнала билейтін бишілер де бар . Солардың билерін тамашаласақ қайтеді?

Аяз Ата : Әрине, әрине

Би: «Қуыршақтар»

І жүргізуші: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар, “Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл - жарылқасын” демей ме?! Ортамызға тарихтан өтер “Мешін” жылы келе жатқан көрнеді. Ескі жылымызды есімізге түсіріп, еңсемізді көтеріп қарсы алсақ, қалай қарайсыздар?

Ақшақар: Тамаша, тамаша .Шырша тойын жиналған көпшілік, біз ескі жыл мешін жылымен қошталғалы отырмыз. Ортаға мешінді шақырайық.(ортаға мешін жылы шығады)

Музыка ойналып тұрады.Ортаға мешін жылы мен қол ұстасып келер жыл Тауық жылы келеді.

ІІ жүргізуші: Қош, өткен жыл! 
І жүргізуші: Қош келдің Жаңа жыл!

Мирим Жаңа Жыл Сәлеметсіңдерме ,балалар! 
Жаңа жылдарың құтты болсын,
Жаңа бақыт, жаңа жыл,
Жаңа ән бар, жаңа жыр.
Құтты болсын достарым.
Құтты болсын жаңа жыл!
Ескі жыл: Қайсар Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мынау келер жылға тілегім.

Жасампаз заман бұл заман

Бүгіннен ертең ғаламат

Алдыңғы сапта боларсың

Қош сау болыңдар балалар!

Ән: «Шырша»

Жаңа жыл, жаңа жыл. Айдана

Жаңа жылда-жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.

Тамаша.тамаша! Азиза

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Жасыл желек жамылған, Абира

Асыл моншақ тағылған,

Miнe, сұлу шыршамыз.

Көптен күтіт, сағынған,

Жаңадан тақпақ, Айзере

Аламыз жаттап,

Жаңа жыл келді.

Жаңа жыл аппақ.

Алақай, Жаңа Жыл

Бәрі аппақ дала қыр. Мерей.

Шыршада біз ойнаймыз.

Жаңа Жылды тойлаймыз. Азиза.

Мерекеге келдік, Дамир
Тақпақ айтып бердік.
Ойыншықтарын тізген,
Шыршаны көрдік.

Тілеймін мен бар әлемге Алихан
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, ата-әже
Құтты болсын жаңа жыл
Жаңа жылым мол болсын Каусарым
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.

Би: Буги - буги.

Аяз ата: Ақшақар қызым, біз жолға шығайық, тағы баратын балабақшалар көп.

Оларды да қуантайық.

І жүргізуші: Ал, Аяз ата, Ақша қар! Асығып тұрған секілдісіздер. Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік.

І жүргізуші: Ия, ата мына халқымызға бата берер кез де келді ғой деймін.

Аяз ата: Болар, болар...

Уа!!!

Мен батамды берейін,

Үстем болсын мерейің

Әрқашанда бұл елге,

Қуанышқа келейін.

Жақсылық елден кетпесін,

Жамандық, келіп жетпесін.

Қызыр болсын жолдасың.

Әруақтар қолдасын!

Қара ниет дұшпаның,

Бұл жалғанда оңбасын.

Аман болсын мал басың,

Адал болсын жолдасың.

Бейбітшілік заман болсын.

Ел іргесі аман болсын.

Осы айтқаным қабыл болсын.

Батам менің тәмам болсын!

Әумин!

Жаңа жыл құтты болсын!

(Барлығы бірге: Жаңа жыл құтты болсын).

Аяз ата: Балалар, мен біраз дем алдым. Арқа – басым кеңіп, ашу- аязым кеміп барады.  Бүйте берсем мен Аяз емес, тамыз болып кетемін. Сендерге көп рахмет. Алыс- алыс ауылдар, өздеріңдей қауымдар күтіп отыр біздерді. Сендермен қоштасатын сәт  туды. Қош сау болыңыздар, балалар.

Балалар: Қош сау болыңыз Аяз ата! Қош сау болыңыз Ақшақар!

Ән: «Аяз ата »

ІІ жүргізуші: Қандай жақсы біздің Аяз атамыз,
      Ол кеткен соң терең ойға батамыз.
                  Ақша қар болып қалықтаймыз аспанда,
      Құс жолымен ән сап бара жатырмыз. 

І жүргізуші: Біз тілейміз жаңа жылдың шаттығын

Біз тілейміз Ақшақардың пәктігін.

Ардақтаймыз ақ армандай ойларды,

Аялаймыз ару құстың ақ таңын.

Өтсін солай жаңа өмірдің күндері

Шарпылмасын жүректердің мұң лебі,

Жарқылдасын жаңа жылдың оттары

Таусылмасын жаңа жылдың дүрмегі.

Жаңа Жылдық музыка ойналады.

ІІ жүргізуші: Құрметті достар!

І жүргізуші: Қадірлі әріптестер, қонақтар!

ІІ жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларымызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған тоқшылықта болайық.

І жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау – саламатта болыңдар!


Picture 1 Picture 2



Picture 3

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
377
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі