Жүргізуші:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды
Соқыр
мылқау танымас тірі жанды
Үсті
– басы ақ қырау, түсі суық
Басқан
жері сықырлап, келіп қалды
-Балалар
бүгінгі жаңа жыл мерекесімен сендерді
құттықтаймын. Бүгін сендер қандай әдемі
және қызықты киімдерді киіп келгенсіңдер.
Балалар қараңдаршы біздің шыршамыз
қандай сұлу.
Ән:
«Жаңа жыл».
Жүргізуші:
Ал, енді балалар бізге қонаққа келген
Аққаланы ортамызға шақырайық.
Балалар:
- Аққала –ау,-ау,-ау.
Аққала:
-Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендерді
жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.
Балалар, сендер бүгін қандай сұлусыңдар,
киген киімдерін де қандай әдемі.
Жүргізуші:
-Сәлеметсіз бе Аққала! Бізге қонаққа
келемін деп шаршаған шығарсыз, отырып
дем алыңыз. Балалар сізге тақпақтарын
айтқыларып берсің.
1
бала:
О, алаақай жаңа жыл!
Құтты
болсын балалар.
Құтты
болсын жаңа жыл!
2
бала:
Өлеңде әзір,ән әзір,
Ойын
да әзір, бәрі әзір,
Кел,Жаңа
жыл, біздерге,
Кел,
Жаңа жыл, Жаңа жыл!
3
бала:
Жаңа жыл, Жаңа жыл!
Не
әкелдің сен бізге
Бау
– бақшан толған гүл,
Төлдерін
семіз бе?
4
бала:
Аспан жерге төгеді,
Ақ
күмісін уыстап
Жаңа
жыл да келеді,
Бізге
қарай жылыстап.
Аққала:
-Балалар сендермен бірге би билеп,
ойнағым келеді. Мен сендерге «Әдемі
үйректер» биін дайындап әкелдім. Ал,
қанеки бірге билейікші.
Би:
«Әдемі үйректер».
Жүргізуші:
-Жарайсыңдар балалар, әдемі биледіндер.
Балалар аққала сендермен бірге ойнағысы
келіп тұр. Ол сендер үшін бір ойын
дайындап әкеліпті.
Аққала:
-Иә, балалар мен сендерге өте қызық ойын
әкелдім, ойнаймыз ба?
Балалар:
-Иә, ойнаймыз.
Ойын:
«Қар лақтыру».
Жүргізуші:
-Балалар біздің мерекемізде кімдер жоқ?
Балалар:
Аяз ата мен Ақшақар
Жүргізуші:
-Дұрыс айтасыңдар балалар, бізге Аяз
ата мен ақшақар қыз жетіспейді. Ал ендеше
балалар бәріміз бірге аяз атаны шақырайық.
Балалар:
Аяз ата ау, ау, ау.
Жүргізуші:-
Балалар, естіп тұрсыңдар ма? Біреу келе
жатыр. Аяз ата келеді
Аққала:
-Балалар сендер аяз ата туралы ән
білесіңдер ғой, соны Аяз атаға айтып
беріндерші.
Ән:
«Аяз ата».
Аяз
ата:
-Рахмет, балалар! Мен туралы әдемі ән
біледі екенсіңдер. Сәлеметсіңдер ме
қонақтар мен балалар, Жаңа жылдарын
құтты болсын! Осы жаңа жыл сендерге құт
береке әкелсін.
-Балалар,
менің ақшақарым қайда, әлі келмеген бе?
Балалар:
-Жоқ, келген жоқ.
Аяз
ата:
-Ендеше, балалар менің ақшақарымды
шақырайық.
Балалар:
-Ақшақар ау, ау, ау.
Ақшақар:
-Міне, біздің қонақтарымыз да, балаларымыз
да жиналып қалыпты ғой. Сәлеметсіздер
ме қонақтар мен балалар, жаңа жылдарын
құтты болсын!
Жүргізуші:
-Балалар аяз ата мен ақшақармен бірге
қосылып ән айтайық.
Ән:
«Елка жыры».
Жүргізуші:
-Ал, енді балалар аяз атаға өз өнерлерінді
көрсетіндер (балалар тақпақ айтады).
5
бала:
Ақ таяғын таянып,
Таңмен
бірге оянып,
Аяз
ата келіп тұр
Ақ
көрпеге оранып.
6
бала:
Көрдін бе Аяз атаны,
Аппақ
екен сақалы,
Аппақ
екен мұрты да,
Аппақ
екен шапаны.
7
бала:
Сақалы аппақ күмістей,
Тістері
аппақ күріштей
Қызыл
ала шапаны,
Сағындым
Аяз атаны
8
бала:
Ақ қырауға малынып,
Сақалы
да, мұрты да,
Аяз
ата сағынып
Сәлем
берді жұртына
9
бала:
Далада қар борайды,
Ақ
мамыққа орайды
Мұз
болады қатады,
Жып
– жылтыр боп жатады.
10
бала:
Мұздан моншақ тағынып,
Күміс
қырау жамылып
Ортада
тұр Ақшақар,
Көптен
күтке сағынып.
Аяз
ата: -Жарайсыңдар,
балалар! Мен сендерге ойын әкелдім.
Ойнаймыз ба?
Ойын:
«Сюрприз».
Ойынның
шарты: Шардың ішінде «сюрприз» деген
жазылған қағаз бар, шарларды жару арқылы
жазылған қағазды табамыз.
Жүргізуші:
-Жарайсыңдар,
балалар! Ал, енді біздің балалардың биін
тамашалаңыздар.
Би:
«Көңілді балалар».
Ақшақар:
-Жарайсыңдар, балалар! Мен де сендерге
ойын дайындап әкелдім.
Ойын:
«Ұлпалар».
Ойынның
шарты: шашылған ұлпаларды жинау.
Жүргізуші:
балалар біздің әдемі, сұлу шыршамызға
арнап ән айтайық.
Ән:
«Көрікті шырна».
Аяз
ата мен Ақшақар:-
Жарайсыңдар, балалар, бізге өте ұнады,
әндерін де, тақпақтарын да, билерін де,
рахмет сендерге. Ал, енді қоштасатын
кез де келіп қалды, бізді басқа да балалар
қүтіп отыр. Жаңа жылдарын құтты болсын,
құт береке берсін. Балалар келесі жаңа
жылға дейін сау болыңыздар.
Жүргізуші:
-Аяз ата мен ақшақар сау болыңыздар.
Осымен біздің бүгінгі ертеңгіліміз
аяқталды. Сау болыңыздар.
«
«Балауса»
балалар бақшасы МКҚК
«Орман
ертегісіндегі Жаңа жыл».
Тәрбиешілер:
Мурзагалиева О.К.
«Балапан»
тобы
2013ж