жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жаңа жыл ертеңгілігі "Ақшақар"
«Ақшақар»
Жаңа жылдық ертеңгілік
1 эпизод
Балалар әдемі әуенмен залға кіреді. Шеңберде тұрады.
Ән «Шырша»
(балалар орындарына жайғасады)
Ортаға Қыс ханшасы шығады(қыс ханшасы тәрбиеші)
Қыс ханшасы:
Қандай тамаша мереке! Бірақ аяз атамыз бізге асығып жатқан жоқ сияқты. Балалар кәне дауыстап Аяз атамызды шақырайықшы!
Балалар: Аяз ата! Аяз ата! Ау!
(осы уақытта аяз атаның орынына ақшақар көңілсіз кіреді)
Қыс ханшасы: Сәлеметсің бе Ақшақар?! Неге көңіл күйің жоқ? Аяз атамыз қайда?
Ақшақар: (көңілсіз кейіпте) сәлем қыс ханшасы. Аяз ата ауырып қалды. Сол себептен көңіл күйім жоқ.
Қыс ханшасы: өкінішті ақ! Ақшақар сен көңіл күйіңді түсірме! Міне, саған ноутбук,скайп арқылы атаңа хабарлас! Балалар күтіп қалды де.
(ақшақар скайпқа шыққанда экранда аяз атаның ауырып жатқаны көрсетіледі)
Ақшақар:
Алло! Ата! Денсаулығыңыз қалай? Тәуір болдыңыз ба?
Аяз ата: Ой жарығым қарттықтың кесірі ғой! Не дейін. Қарлығаш балабақшасының бүлдіршіндері мені күтіп отырған болар! Аяқ қолым сыздап, денем көтертпей тұр!
Қыс ханшасы: Ата сізді емдеудің жолын білемін! Мынау сиқырлы сандықшаға бүлдіршіндеріміздің, ақ тілегі, қуанышы, шаттығын толтырып сізге сыйласақ, тез жазылып кетесіз!
Аяз ата: Бәрекелді! Сол сандықшаны Ақшақар немереме тез жеткіз! Балалар сыйлықсыз қалмасын!
Ақшақар:
Жарайды Ата! Кездескенше сау болыңыз!
Қыс ханшасы:
Ендеше балалар не отырыс! Сиқырлы сандықшамызды қуаныш, шаттыққа толтырайық,
Ойын ойнап, ән шырқайық.Ақ тілекпен тақпақ айтайық.
Ойын: «қатырмақ»
1-бала: Әліби
Жасыл
желек жамылған,
Асыл
моншақ тағынған.
Міне сұлу
шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған
2-бала:Джангирхан
Шыршамызға
шам жағып,
Қараймыз
біз тамсанып.
Би билейміз, ән
салып,
Барлық бала қуанып!
3-бала: Айша
Аппақ, аппақ даламыз
Аппақ, аппақ қаламыз
Шыршамыз тұр жараса
Көз тоймайды қараса
Ән «Көңілді қыс»
Қыс ханшасы:
Балалар сандықшамыз толған сияқты! Ақшақар жеделдетіп Аяз атамызға жеткіз!
(сандықша балалар өлең айтып болған соң жану керек) сандықшаны ақшақарға ұсынады.
Ақшақар:
Балалар! Сендерге рахмет! Аяз атамызды ертіп тез ораламын!
Ақшақар шырша артына кетеді.
Ойын: «Ағылшын тілінде»
2 эпизод
Сахнаға қасқыр шығады. Ән айтылып болған соң ақшақар кіреді.
Қасқыр шыққанда ( қыздар биге жүгіріп шығады , ұлдар биге шығу керек)
Ақшақар:
(Шошып кетеді) сәлем қасқыр!
Қасқыр: сәлем! Сәлем Ақшақар! Қайда жол тарттың?
Ақшақар:
Мен Аяз атама бара жатырмын. Аздап сырқаттанып қалыпты.
Қасқыр:
Жарайды жолың болсын мен сені бөгемейін! Атаң тез сауығып кетсін!
Ақшақар:
Рахмет қасқыр! Сау бол!
(ақшақар шырша артына кетеді)
Қасқыр:
қап бәлем! Хахаха алма пісті, қолыма түсті деген осы ғой! Хахаха! Ақшақардан бұрын жетіп қарынымды тойдырып алайын! Хахаха!
(қасқыр шығып кетеді)
3 эпизод
Музыка әуенімен шырша артынан кыздар кейіпкерлері шығады
Ақшақар кіреді
Кейіпкерлермен диалог:
Замира: сәлем Ақшақар! Неге көңілсізсің?
Ақшақар:Сәлеметсіңдер ме! Аяз атамның үйін іздеп адасып кеттім.
Зере:Аяз атаның үйін біз білеміз! Анау орманға қарай жүрсең табасың!
Ақшақар:
Рахмет сендерге! Сау болыңдар!
Би: «Ұлпа қарлар»
4 эпизод
Аңшылар Ақшақарды кездестіреді.
Диалог
Аңшылар:Сәлем Ақшақар! Мынау ну орманда не істеп жүрсің?
Ақшақар: Сәлем Аңшылар! Мен аяз атама бара жатырмын!
Аңшылар:Орманда жалғыз жүру өте қауіпті! Жүр біз сені шығарып салайық.
Би: «Аңшылар» (ұлдар)
5 эпизод:
Аяз Атаның үйінде қасқыр Аяз атаның киімін киіп Ақшақарды күтеді.
Диалог Қасқыр мен Ақшақар
Ақшақар:Сәлеметсіз бе Ата! Денсаулығыңыз қалай?
Қасқыр:Сәлем жарқыным! (өтірік жөтеледі) сені көріп тәуір болып қалдым!
Ақшақар:Ата! Дауысыңыз неге қырылдайды?
Қасқыр: Ауырғаннан болар!
Ақшақар: Құлағыңыз неге үлкен?
Қасқыр :Сені жақсы есту үшін жарқыным!
Ақшақар:Мұрыныңыз неге үлкен?
Қасқыр: Сенің маңдайыңды иіскеу үшін жарқыным?
Ақшақар:Тісіңіз неге үлкен?
Қасқыр: Сені же......( аяз ата кіріп келеді)
Аяз ата:Қатып қал!(қасқыр қатып қалады)
Ақшақар: Ата кешірші, қасқырды сен екен деп қалдым.
Аяз ата: Жарығым ау! Мен келмесем қасқырдың құйтырқы айласы орындалар еді!
(аяз атаны құшақтайды)
Мереке қай жерде? Мені сол жерге жеткіз! (жөтеледі)
Ақшақар: Ата сізге балалардың сыйлаған сиқырлы сандықшасын берейін!
(сандықшаны аяз ата ашады, сиқырлы дыбыс шығады, аяз ата айналады)
Аяз ата: Ох шіркін! Тамашасынай сиқырының! Ауырғанымнан айығып шыға келдім!
Қап! Мынау қасқырды не істер екенбіз? Қақитып тұрғызып қоямыз ба?
Ақшақар: ата жаңа жыл мерекесі ғой бұл жолы кешіре салайық!
(Аяз ата таяғын жерге ұрғанда қасқыр жібіп кетеді)
Қасқыр: (дірілдеп) мұздап қалдым ғой! Аяз ата мені кешір! Енді ондай қайталанбайды!
Аяз ата: қасқыр сен бізбен жүр! балаларға барайық! Сыйлықтарын күтіп отырған болар!(шыршаның артына кетеді)
Қыс ханшасы: балалар алыстан ат шабысының дауысы естіледіме?
(аяз ата мен ақшақар кіреді.)
Аяз ата:
Балаларым,
балғыным.
Өмір
гүлі шалғыным.
Амансыңдар
ма, балаларым!
Жаңа
жылдарын құтты болсың!
Денсаулықтарын
мықты болсын!
Қыс ханшасы: Сәлеметсіз бе аяз ата! Балалар сізді ұзақ күтті.
Сізге арналған ән жыры, биі бар екен!
Аяз ата: Бәрекелді! Ендеше тыңдайық!
Ән: « Борандатып аққарлатып»
Ақшақар: ата! Мерекеміз тамаша өтіп жатыр, бірақ шыршамыз көңілсіз тұр.
Аяз ата! Балалар шырша шамын сиқырлы сөзбен жағып көрейікші кәне!
Балалар ортаға шығып шыршаны жағу
Хормен: Қуан, бізді, таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат! 3рет
Ойын: « Фонарики,шарики »
(Санта-клаус билейтін балалар шығу керек)
1.Нурали
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл.
Қызыл ала шапаны,
Сағындым Аязатаны.
2.Нурали О
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем берді жұртына.
3.Айтуған
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
4.Әділ
Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп
5.Санжар
Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Олда көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан,
Аяз Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.
Би: «Санта -клаус»
Ән: «Ақ қырау қыс»
Ақшақар: Аяз ата,балаларға сыйлығыңыз қайда ?
Аяз ата:.Мен қапшығымды орманда қалдырып кетіппін,бірақ қазір шақырайын.
Таяғымен ұрып,айтады:Қапшығым,қапшығым,бізге кел!
Қапшық жүгіріп келеді де,шыршанын артына кетеді.
Мен оны ұстап алдым! (Сондай қапшықты шырша астынан алып шығады.Сыйлық тарату)
Аяз ата:Ал,ендеше,жарандар!
Бәрің бері қараңдар.
Қоштасатын кез келді!
Келесі жылы келемін
Сыйлықтарымнан беремін.
Ойнап-күліп жүріңдер,
Ұзақ өмір сүріңдер!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген