Жаңа
жыл ертеңгілігі «Он екі ай» ертегісі
Балалар
музыкамен әсем безендірілген залға
кіреді. Шеңберде тұрып, «жаңа жыл» әнін
айтады.
Ән
соңында шырша жанына жақындап келіп,
жылтырларды шашады.
1
эпизод
Ертегіші:
- Сәлеметсіңдер ме балақайлар! Ертегі
тыңдауға дайынсыңдар ма?
Бұл
керемет ертегі бір тамаша патшалықта
жаңа жыл мерекесінде басталған болатын....
Залға
ханшайым мен ұстазы кіреді.
Ханшайым:
Жазу жазғанды жек көрем! Қолым сияға
былғанып қалды.
Жарайды
профессор! Жалғастыра беріңіз!
Ұстаз:
Дала гүлге оранады,
Түрлі
түске боянады,
Сұлу
көктем келген кезде,
Табиғатта
оянады.
Ханшайым:
Менің жазғым келмейді. Қолым шаршады!
Профессор маған жаңа жылдың қызықтарын
айтып бересіз бе? Бүгін жаңа жыл емес
пе?
Ұстаз:
Жаңа жыл жайлы? Жарайды мәртебелі
ханшайым.
Жыл
он екі айдан тұрады.
Ханшайым:
солай ма?
Ұстаз:
дәл солай Мәртебелі ханшайымым!
Желтоқсан,қаңтар, ақпан бұл қыс айлары,
наурыз,сәуір,мамыр бұлар көктем
айлары,маусым, шілде, тамыз жаз айлары
болса, қыркүйек,қазан,қараша күз айлары.
Ханшайым:
Егерде мен сәуір айы болсын деп бұйырсам
орындалама?
Ұстаз:
Олай болу мүмкін емес мәртебелі
ханшайымым! Әр мезгіл өз уақытымен
әдемі, әр айдың сыйы бар емес пе! Желтоқсан,
қаңтар, ақпанда шаңғы, сырғанағымен
қызықты.
Наурызда
қар ерісе, сәуірде жер жұмсарып бәйшешектер
шыға бастайды.
Ханшайым:
Мен бәйшешек гүлін жақсы көремін. Сәуір
айы болғанын қалаймын!
Ұстаз:
сәуірге дейін аз уақыт қалды мәртебелі
ханшайымым, бар жоғы 90 күн!
Ханшайым:
Менің күткім келмейді! Жазыңыз. Менің
сарайыма кімде – кім бәйшешек гүлін
алып келсе, соған алтын беріледі.
Ортаға
уәзірлер шығады.
Бірінші
уәзір:
- Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар патшалықтың
ханшайымы бұйырады.
Екінші
уәзір:
- Кімде - кім ханшайымға бәйшешек гүлін
алып келсе, соған алтын беріледі.
Ертегіші:
- Балалар жарлық бүкіл патшалыққа
тарағанша, көңілді ойын ойнап жіберейік.
Эстафеталық
ойын «Шыршаны безендір»
2
эпизод
Ертегіші:
осы жарлықтан кейін Айзере тұрып жатқан
шаңыраққа ауыссақ. Айзере өзінің өгей
шешесі және өгей шешесінің туған қызымен
тұрып жатады. Олардың немен айналысып
жатқанына назарымызды салайық.
Туған
қызы:
Ханшайымның жарлығын қалай орындасақ
екен анашым?
Өгей
шешесі:
қазір Айзере отыннан келген соң оны
орманға жібереміз!
Туған
қызы:
туф жақсы болды ғой! Мынау қақаған қыстың
суығында шыққым келмеп еді.
(музыкамен
залға Айзере кіреді)
Өгей
шешесі:
Айзере сен орманға бар да, бәйшешек
гүлін теріп алып кел.
Айзере:
сіз қалжыңдап тұрған боларсыз! Қандай
бәйшешек?
Өгей
шешесі:
кәдімгі бәйшешек.
Туған
қызы:
Сен не Ханшайымның жарлығын естімедің
бе?
Айзере:
Жоооқ, естімедім.
Қазір
қыс мезгілі ғой, бәйшешек көктемде ғана
шығады. шығады.
Өгей
шешесі:Сен
көп сөзді қойда орманға аттан!
Туған
қызы:
міне саған себет! Осыны толтырмай келуші
болма!
3
эпизод
Ертегіші:
осылайша Наргиз тағы орманға өгей шешесі
мен сіңілісінің айтқанын орындауға
аттанады. Өгей шешесін тыңдамасқа шара
жоғын біледі. Бірақ бәйшешекті қыста
қайдан іздеп табатынын білмейді. Олай
болуы мүмкін емес қой дейді ішінен
Айзере
Айзере
ұзақ жол жүріп тоңады, омбы қардан өтеді.
Кенет алыстан алаулаған ошақ, ошақты
айнала жылынып отырған 12 адамды көреді.
Қыс
мезгілі:
алау, алау жалында,
Жылу
берсін жаныма.
Барлығы:
Алау, алау жалында,
Жылу
берсін жаныма.
Айзере:
Сәлеметсіздерме , қайырлы кеш!
Жыл
мезгілдері::
саған да қайырлы кеш!
Айзере:
Ошақтарыңызда жылынып алсам болады ма?
Барлығы:
болады.
Айзере:
үлкен рахмет!
Күз:
Бізден басқа бұл жерге адамзат баласы
келген емес.
Көктем
мезгілі: атың кім болады?
-
менің атым - Айзере
Қыс
мезгілі: қолыңдағы не нәрсе? Себет
пе?жаңа жыл мерекесінде Қарағай жаңғағын
жинауға келдің бе?
Айзере:
Жоқ жаңғақ емес. Мен өз еркіммен бұл
жерге келгенім жоқ.
Күз
мезгілі: Саңырауқұлақ теруге келмеген
шығарсың?
Айзере
: мені өгей анам жауқазын гүлін теруге
жіберді.
Жаз
мезгілі: Көктем, бұл қыз саған келген
сияқты!
Айзере
: Иә, айтып тұрғаным ақылға қонымсыз
екенін білемін. Бірақ, өгей анам бәйшешек
гүлінісіз үйге оралма деді. Сіздерді
ренжітсем айып етпеңіздер! Мен кетейін!
Көктем
мезгілі:Айзере , Тоқта! Қадірменді қыс,
мүмкін кезегіңді маған берерсің? Айзереге
көмектесіп жіберейік.
Қыс
мезгілі: Көктем, Бердім саған
кезегімді!(таяғымен жерді ұрады)
Көктем:
Жүгіріңдер жылғалар,
Уа
табиғат оян.
Дала,
орман жер жүзі,
Жауқазын
гүлге боян! (таяғымен жерді ұрады)
«Бйшешектер»
биі.
Айзере:
Мұның бәрі мен үшін бе сонда! Рахмет
саған қыс! Көктемге кезегіңді бергенің
үшін! Рахмет көктем жауқазының үшін!
(гүлді теріп алады)
Қыс
мезгілі: Айзере мынау сақина саған.
Егер саған қауіп төнсе, жерге домалатып
жібер.саған аяз ата көмекке келетін
болады. Сақинаны жоғалтып алма!
Айзере
: барлықтарыңызға рахмет! Жаңа жыл
мерекесі құтты болсын! Сау болыңыздар!
Барлығы:
сау бол!
4
эпизод
Ертегіші:
осылайша Айзере үйіне аман есен оралады.
Айзерені өгей анасы мен сіңілісі қалай
қарсы алды екен, рахметін айтты ма
екен,ханшайым уәде сыйлығын табыстады
ма? назарымызды Патшалыққа соларға
бұрайық!
Өгей
анасы:
Мәртебелі патшайым! Жарлығыңызды орындап
жауқазынды әкелдік!
Ханшайым:
Бәрекелді! Тамаша! Сендер оны қайдан
тауып әкелдіңдер?
Сіңілісі:
Айзере теріп әкелді!
Айзере:
иә
мен!
Ханшайым:
жарайсың! қолыңдағы сақина әдемі екен!
Маған бер!
Айзере:
жоқ, оны бере алмаймын.
Ханшайым:
Әскер! Қолындағы сақинаны тартып алыңдар!
(Айзере
сақинаны жерге лақтырады, аяз ата шығады)
Аяз
атаның құттықтау сөзі
Аяз
ата:
сен ханшайым өзіңнің еркелігіңмен
халыққа орындалмас жарлық, бұйрықтарыңды
бересің! Сені сыйлықсыз қалдырамын!
Ханшайым:
аяз ата кешіріңіз мені! Енді ондай
еркелік жасамаймын!
Аяз
ата:
балалар ханшайымға сыйлық берілсін бе?
Аяз
ата сыйлығы, қоштасу
Ертегіші:
осылайша патшалықта татулық пен береке
орын алыпты!