жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жаңа жыл ертеңгілігі "Сәлем, қарлы қыс!"
Сәлем, қарлы қыс!
Ересек тобына арналған сценарий
Балалар музыканың сүйемелдеуімен залға кіріп, шыршаны жағалап тұрады.
Жүргізуші:Құрметті қонақтар! Аяулы балалар! Сіздерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Міне, жаңа жыл да таяп қалды. Ендеше, келе жатқан жаңа жыл жер жүзіне өзінің бақытын ала келсін! Жаңа жылды көтеріңкі қөңіл-күймен қарсы алуға тілектеспін!
(Балалар өлең жолдырын мәнерлеп оқиды)
1.Бақша іші мереке,
Ойын-күлкі, асқақ ән.
Жақсы әпкелер, жаңа кеп,
Мерекені бастаған.
2.Тамаша!Тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
3. Ақ қырауға малынған,
Сақалы да, мұрты да.
Аяз ата сағына,
Сәлем берді жұртына.
Ән: «Кішкентай шыршымыз»
Жүргізші:Безендіріп шыршаны,
Жыл қуанатты баршаны,
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Шыршаны да жағады
Шырша, шырша
Жарқыра!
Балалар:Шырша, шырша, жарқыра! (шыршаның шамдары жанады)
Жүргізуші:Сәнді шырша ортамызда,
Қоршап оны баршамыз
Ән саламыз тамсанып!
Ән: «Шырша» (балалар өз орындарына отырады)
Жүргізуші: Балалар орнымыздан тұрып «Гори-гори ясно» атты өзге ұлт ойынын ойнаймыз.
Жүргізуші: Балалар, естисіздер ме, біреу ән салады? Меніңше біреу қонаққа келе жатқан сияқты?
Залға Ақшақар кіреді.
Ақшақар: Тамаша! Көп балалар жиналып қалыпты ғой! Сәлеметсіздер ме! Өздері қандай әдемі, өздері қандай сүйкімді! Шырша да өте әсем! Ал, Аяз ата қайда? Ол әлі келген жоқ па? Бүгін біз қысқы орманда болдық. Балалар сіздер білесіздер ме, орманда өте тамаша, әрі әдемі.
Басталарда жаңа әлем,
Құйылады жаңа нұр.
Жүрекке арман бөлеген,
Қош келіпсіз, Жаңа жыл!
Жаңа жылым әсемсің,
Гүл өндірер түзге де.
Әр сәті бақ әкелсін.
Достар, достар бізге де.
Ән «Ақшақар»
Ал қанекей балалар,
Босқа қарап тұрмайық.
Мен жасырған жұмбақтың
Шешуін тез табайық:
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан......
Балалар хормен: Аяз ата оранып.
Ақшақар: Тамаша, Аяз атаны жаңа жылды қарсы алуға шақырамыз!
Балалар: Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата! (Аяз ата залға кіреді.)
Аяз ата: Келді тағы жаңа жыл.
Қуантуға біздерді.
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймыз сіздерді!
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Аяз ата!
Аяз ата: Ойды-қырды, сай-саланы,
Аралап жүріп түгел шолдым.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Мен де көптің бірі болдым.
Қайда қызық болса думан,
Мен де сонда тағы болдым.
Күндіз тойда ойнап-күліп,
Балалармен бірге болдым.
Балалар: Алақай!
Аяз ата: Ал, балалар! Балақайлар!
Әнді шырқап біз бүгін
Тойға ажар қосайық
«Келде бізге жаңа жыл»
Аяз ата: Жарайсыңдар балалар! Әнді тамаш айтады екенсіңдер, мені қуанттыңдар. Сендерге арнап Боран әпкемнен сыйлықтар ала келдім. Боран әпкем өзі тоқыған қолқапты кішкентай қоянға берсін деп бұйырды. Сендерде осындай қолқап бар ма?
Жүргізуші: Бар, бар! (Кішкентай қоянды қасына шақырады). Міне, біздің ең кішкентай қоянымыз, өзі сондай сүйікімді әрі мейірімді.
Аяз Ата: Міне тамаша! Келе ғой сүйкімді қоян. Қазір, қазір мен
мына қапшықты шыршаның артына жайғастырайын.
(аяз ата шыршаның артына қапшықты алып кетеді )
Жүргізуші: Балалар Аяз Атаны алдайық! Бізде тағы бір қоян бар, бірақ ол үлкен (үлкен қоянды шақырады). Сен кішкентай қоян менің артыма тұр, ал сен үлкен қоян менің алдыма тұр. Қазір Аяз ата кішкентай қоянға қолғап ала келеді. Алдында үлкен қоянды көріп таңырқап қалады, көресіндер әлі.
(Аяз ата кішкентай қолғапты қолына алып келді. Алдында тұрған үлкен қоянды көріп таң қалады)
Аяз ата: Ой, қоян сен қалай тез өсіп қалдың? Мен шығып кеткенде кішкентай ғана едің, енді үлкен бола қалыпсың. Иә, уақыт зымырап жатыр, мен шыршаның артына барып азғантай мызғып алуға жатып едім, шамасы, арада бір жыл өтіп кеткен ғой. Қой барып, үлкен қолғап тауып алып келейін.
(Шыршаның артына шығып кетеді)
Жүргізуші: Ал, енді, қояндар орындарыңмен ауысыңдар.
Аяз Ата: Алақай, таптып, таптып! Міне, қоян киіп ал! (көзің уқалап, таңырқай қарап) Иә, бұл не? Көзіме қос көрінгені ме?(Қалтасынаң көзілдірігін алып киеді). Түсінбеймін, тағыда кішкентай болып қалғансың ба? Тіпті мен шыршаның артында ұйықтағаным жоқ! Әлде, бір сәт көзімді лектіріп алдым ба? (балалардан сұрайды) Иә, қыс біткен ғой сірә! Ал қоян қыстан арықтап шыққан ғой. Қой, барып кішкентай қолқапты алып келейін. (Шыршаның артына кетеді.)
Жүргізуші: Ал, қояндар қатарласып тұра қалындар.
Аяз Ата: Шыршаның артынан шығып! Ах, міне құпия қайда! Ах, тентектер! Ах, тентектер! Қазір сендерді ұстап алып орманға алып кетемін. (қояндар қашады, Аяз Ата оларды қуады).
Ән « Аяз Ата»
Жүргізуші: Аяз Ата? алыспаңыз! Бүгін өте көңілді мереке, сондықтан да баршаның әзілдесіп, ойын-сауық құрғысы келеді.
Аяз Ата: Ох, шаршадым, ыстықтадым! Ох, еріп кетемін!
Жүргізуші:Аяз Ата ұзақ сапардан шаршап келдіңіз. Отырып, дем алыңыз.
Ақшақар:Ұлпа қарлар, Ақша қарлар, келіңдер ортаға! Көңілді би билейік.
Би «Ақшақарлар биі»
Аяз Ата: Тамаша, қандай керемет! Билерін қатты ұнады. Ән айттық, би биледік, ал тақпақтар айтқан жоқпыз, бұл дұрыс емес!
Балалар (өлең жолдарың мәнерлеп оқиды):
1.Жаңа жылың жаңа нұр ала келесін,
Куанышқа құшағың тола берсін.
Ескі жылың есіркеп көкейінде,
Қимас шаттық бірі боп қала берсін!
2.Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз Ата сағынған,
Сәлем берді жұртына.
3.Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп
4.Шаттық жыр, шаттық жыр
Дидарында шаттық
Аяз ата ортада
Арқасында қапшық жүр.
5.Дала нұр, қала нұр,
Құтты болсын, жаңа жыл!
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр!
Аяз Ата: Жарайсыңдар балалар! Ал енді, мен сендерді биге шақырамын!
Сайқымазақтар биі
Жүргізуші: (шыршаның артынан шығыс құтысын алып шығады) Ой, балалар қарандар! Мен тамаша бір құты тауып алдым? Қандай керемет! Тіпті күмістен құйып қойғандай. Мүмкін сендердің араларында біреулерің жоғалтып алған шығарсыңдар?
Балалар: Жоқ!
Жүргізуші: Ой, бұл кұтыны қайтеміз? Иесін қайдан табымыз?
Ой, тіпті қақпағы мықтап жабылған екен. Ендеше, ішінде бірдене бар болғаны ма? (Құтыны үйкелейді). Сіздер мында мені күтіндер. Мен қазір келемін. (Залдан шығып кетеді. Сыртта күтіп тұрған Хоттабычке құтыны береді).
Жүргізуші: Ой! Балалар, анау жерде бір ғажайып жағдай болды. Құтының қақпағын тартып қалып едім, ішінен түтін будақтағаны. Кенет, ішінен бір шал шыға келді. Жақын келіп байқасам, Хоттабычтің дәл өзі екен. Білмей тұрмын, мерекеге шақырсақ қалай болады екен.
Балалар: Алақай, шақырайық!
Жүргізуші: Жақсы, жақсы Хоттабычті шакырып келейін. (Шал Хоттабыч шығыс музыкасының сүйемелдеуімен ортаға келеді).
Хоттабыч:(Балаларға қарап): О, аса қадірменді балалар! (жүргізушіге қарап) О,сұлу жұлдызым! Сіз мені құрсаудан босаттыңыз. Мына құтының ішінде мен бейбақ 200 жыл отырдым. Зұлым Карлик осы ыдыстың ішіне өмір бойына тығындап тастауға бұйырды. Енді, мен сендердің құлдарыңмын. Барлық бұйым-тайынды орындаймын. Бұйырындар! (Хоттабыч тізерлеп отыра кетеді. Жүргізуші шалды орнынан тұрғызады).
Жүргізуші: Ой, ата тұрыңыз орныңыздан. Бұл жерде бәріміз теңбіз. Бүгін мереке, келіңіз бірге тойлаңыз!
Хоттабыч: Бұл, не деген мереке?
Балалар: Жаңа жыл мерекесі!
Хоттабыч; Міне, ғажайып! Ендеше, ойын-сауық құратын боламыз ба? Билемегеніме 200жыл болды!
Жүргізуші: Құрметті Хоттабыч! Балаларды таң қалдыртсаңыз, жақсы болдар еді.
Хоттабыч: Жақсы. Сіз маған суға толы құмыра мен стакан беріңіз. (Тәрбиеші құмыра мен үш стакан алып келеді) Сиқыр.
Жүргізуші: Рахмет, құрметті джин –Хоттабыч! Балаларды қатты таң қалдырдыңыз! (Жарық өшеді, Хоттабыч жасырынып қалады).
Ойын: «Шыршаны әшекейле»
Аяз Ата: Жарайсындар балалар! Шыршамыз тамаша болды.
Ақшақар: Балалар сендер қар лақтырып ойнағанды жақсы көресіңдер ме. Аяз атамен ойнағыларың келе ме?
Ойын: «Қарперіс»
Жүргізуші: Балалар! Аяз Ата қарперіс ойнады ма?
Балалар: Ойнады!
Жүргізуші: Шырша қасында биледі ме?
Балалар: Биледі!
Жүргізушілер: Ән шырқады ма?
Балалар: Иә!
Жүргізуші: Тағы нені ұмытты?
Балалар: Сыйлықтар!
Аяз Ата: Мен ештеңені ұмытқан жоқпын! Эй, ойыншықтар түсіндер төменге! (Шыршаның төбесіне қарайды. Ойншықтар жүгіріп шығады да, шыршаның қасына шеңбер құрып тұра қалады)
1. Біз көнілді құрбылармыз, түрлі-түсті ойыншықтармыз.
2. Төбеде біз теңселіп, көрдік барлық ойыншықты.
3. Күміс таңдай шешенбіз және ұлы күлгіштерміз.
4. Біз көңілді ойыншықтар, бақаша секендейміз. Пиф-Паф-Паф!
Ойыншықтар биі
(Бидің соңында ойыншықтар шыршаның артынан үлкен ойыншықты сүйреп шығарады да, ішін ақтарып сыйлықтарды алады).
Жүргізуші: Ой, Аяз Ата! сыйлықтарыңыз үшін көп рахмет!
Аяз Ата: Міне достар! Қоштаспас бұрын, сіздерге сыйлақтар таратайық. Ата: Көріскенше күн жақсы болсын!
Ақшақар: Сау болыңдар!
Хормен: Жыл аралап қайтып келеміз! (Кетеді)
Жүргізуші: Жаңа Жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн болмыстағы бояудың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылады. Осы шашылған нұр әрбіріміздің шаңырағымызға шуақ болып тарады. Қай-қайсымыз болсақ та осы мерекелік кештен келесі Жаңа жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген