400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа жыл. ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне жас мамандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Құтты болсын, Жаңа жыл!

Мақсаты: Балаларды жасыл шыршамен таныстырып, жаңа ән айтқызу арқылы мерекелік көңіл күй сыйлау. Балаларды жасыл шыршадан шеңбер айналып жүріп еркін би билеп, ән орындауына мүмкіндік жасау.

(Зал әсем безендірілген, балалар музыка әуенімен қаз – қатар паравоз болып, бір бірінен ұстап залға кіреді.)

Жүргізуші:

Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,

Ай жүзіндей айшықтанып арайың

Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,

Жаңа жылың құтты болсын ағайын! «Балапан тобының» «Құтты болсын Жаңа жыл!» ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

Балалардың өнерін тыңдайық, құрметті қонақтар!

Жүргізуші: Ақшақар орманда Аяз атаны іздеп жүреді. Ергежейлілер үйін көріп қалады, ішін қызығушылықпен үйге кірсе, үй ішінің шашылып, шаң-тозаң, астан- кестен болып жатқанын көреді.

Ақшақар: Бұл үй маған ұнайды. О-о-о үйдің іші қараңғы екен. (есікті қағады)

-Ешкім жоқ секілді. Кім бар? Кіруге болама? Орындықтың кішкентайын-ай. Мында осындай жеті орындық бар. Бұл үйде жеті бала тұратын секілді. Ой мына үстелдің үстіне қараңдар. Балаларымыз салақ көрінеді. Мына жерге қараңдар әбден шаң басып кетіпті. (уф-уф). Үйдің жиналмағанына біраз болған ау. Қоян сен ыдыс жу, түлкі сен үстелдің үстін жина мен мына жерді сыпырайын.

Жүргізуші: Осылайша ергежейлілерге жаңа жыл қарсаңында тосын сый жасамақшы болып үйді жинай бастайды. Үйді жинап жүріп қызыл алманы тауып алып, оны қызығып жеп қояды. Сөйтіп қатты ұйқыға кетеді.(әндетіп ергежейлілер келеді) Жаңа жыл!

Қуаныш: Мұнда не болған? Үйге біреу келгенба?

Әмір: Қане іздейік. Қараңдар еденді жуып қойыпты.

Әлішер: Шаңдарды сүртіп қойыпты. Үйдің іші қандай тап таза. Қараңдар мұнда біреу жатыр. (қолынан ұстап, мұрынан ұстап, шашынан ұстап ақшақарды оятады.)

Ақшақар: Жеті ергежейлі сендер мұнда тұрасыңдар ма? Мен аяз атаны іздеп жүріп осы үйге кезігіп қалдым. Кіріп қалсам шаң тозаң екен. Бұл үйде кімдер тұрсада жаңа жылдық сыйлығым болсын деп үйді жинап қойдым.

Әмір: Біз орманнан шырша алып келдік.

Ақшақар: жаңа жыл таяп қалды. Онда шыршаны бәріміз безендірейік. (безендіріп болды.)

Жүргізуші: Ақшақар сізге рахмет. Енді ергежейлілердің сыйы ретінде биді тамашалаңыз.

Би: «Гномдар»

Ақшақар: Маған аяз атаны табуға көмектесіңіздерші.

Жүргізуші:  Ақшақар, сіз мұңаймаңыз, қанекей бәріміз бірге дауыстап Аяз атаны шақырайық.

1,2,3  Аяз ата!!! Ау ау ау (3 рет).

Аяз ата: Амансыңба, ұлдарым?

Амансыңба қыздарым?

Қандай жарқын жүздерің

Қандай әсем жырларың.

Мені көп күткен шығарсыңдар, мен алыс-алыс жолдардан келемін, менің  балғындарым маған не әзірлеп қойды екен. Жаңа жыл қарсы алуға дайынсыңдарма?

Балалар: Сәлеметсізба Аяз ата,

Ақшақар: Иә, атай, барлығы ойдағыдай! Бірақ шыршамыздың шамдарын жақтыру керек!

Шырша:

Аяз Ата:Қандай әдемі шыршаныз. Бірақ шыршаныз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне сиқырлы сөзбен оның шамдарын жарқыратайық! 

Қуант бізді таңырқат 

Шамдарынды жарқырат!

Балалар: Қуант бізді таңырқат

Шамдарынды жарқырат! ( қолдарын шапалақтайды) 

Шырша жанады.

Ән : «Шырша».

Жүргізуші: Аяз  Ата шаршаған шығарсын,  отыра тұр дем ал біздің «Ұлпақарлардың» биін тамашаланыз.

Би: «Ұлпақарлар».

Аяз ата:  Балаларым, рахмет! Жарайсыңдар!

Жүргізуші: Балалардың тақпақтарына кезек береміз.

 Тақпақтар.
Қуаныш:

Көрдің бе Аяз атаны

Аппақ екен сақалы.

Аппақ екен мұрты да

Аппақ екен шапаны
Әлішер:

Жаңа жыл, жаңа жыл
Сені күттім елеңдеп
Өзіңменен ілесіп
Аяз ата келер деп.
Милана:

Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады қатады
Жылтырап жатады.

Әмір:

Жаңа жылда жаңаша

Тақпақ айтамыз

Болсын риза балаша,

Аппақ Аяз атамыз

Аяла:

Қандай әсем шартарап

Шаттық күйге бөлеп тұр

Кәмпиттерін арқалап

Аяз ата келіп тұр.

Нұртуған:

Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Нұр жайнаған ажары

Сағындық аяз атаны

Гаухар:

Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да.

Аяз ата сағынған,

Сәлем бepді жұртына.

Түлкі.- о - о, мыналарды қара! Аяз атадан сыйлық алмақшы. Сендерден бұрын мен аламын. (Аяз атаға келіп) Хи - хи - хи, Аяз ата, мен сіздерге өлең айтып берейін бе?
Аяз ата: Айта ғой, түлкішек
Түлкі:
Ананы да, алдадым
Мынаны да алдадым
Мен түлкімін айлакер
Аяз ата сыйлық бер. (қолын жаяды)
Қасқыр: Ах, түлкішек, сен жұрттың бәрін алдап, енді атаны да алдайсың ба? Кет әрі. Аяз атаға әнді мен айтып беремін. (қолында гитара)
Мен қасқырмын, қасқырмын
Қозы ұрлаймын өрістен.
Ұйқым келмейді егерде
Қозы етін жемесем
Ахо - хо. Охо - хо.
(осы кезде ит шыға келеді)
Ит:
Ей, қасеке, қасеке
Сен де адал есессің.
Мен тұрғанда қозы, лақ
Оңайлықпен жемессің.
Аф - аф - аф
Жеті қазына бірімін
Қасқыр келсе үремін
Аяз ата мен сізге
Тақпақ айтып беремін.
Аяз ата: Адамзаттың серігі, сен ит екенсің ғой.

Би: «Шырша»

Жүргізуші: Біздің ортаға Тауық пен балапандар келіпті, олардың биін тамашалайық.

Тауық : Балаларды жана жылдарымен құттықтайды. Балапандар келіңдер, би билеп Аяз атадан сыйлық алыңдар.

Би: «Балапан».

Жүргізуші:- Балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын ит жылымыз қайда? Ай, олда ұйықтап қалған жоқ па? Балалар, ит қалай дыбыстайды? Дауысы естілмейді ме?
«Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымызды шығарып салайық.

Ит: Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.
Жүргізуші: - Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз!
Бәрі. Қош, қош, Ескі жыл!

Аяз ата:Е, керемет десеңші, қандай көңілді, мынадай шырша тойында қалай сендерге сыйлық таратпасқа. Қызым Ақшақар, қапшықты әкеле ғой.

Ақшақар:  Ой, мынау не? Доңыз ғой!

Доңыз: Мен жаңа жылмын,

Мен жаңа нұрмын,

Мен жаңа жырмын

Бәріңмен бірмін!

Балалар маған өнерлерінді көрсетсеңдер , қапшықты беремін.

А.Жанель:  Аяз сүйіп қарсы алған,

Жылдың аппақ тұлғасы.

Қыстың айы қаңтардан,

Басталад  доңыз – жылбасы.

Ән: «Аққала»

Би: «Қолшатыр» биі

Аяз ата: Кел, доңызым, Ақшақарым. Балалар сыйлықты күтіп қалды, таратайық!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 сәуір
511
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі