“Жаңа жыл ғажайыбы”

Тақырып бойынша 13 материал табылды

“Жаңа жыл ғажайыбы”

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшадағы кіші топтарға арналған жаңа жылдық мерекелік іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

? ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕЛІК СЦЕНАРИЙ

ТАҚЫРЫБЫ: «БАЛАЛАРДЫҢ ЖАҢА ЖЫЛ ҒАЖАЙЫБЫ»

Кейіпкерлер: Жүргізуші, Фея, Қоян, Ақшақар, Аяз ата
Ұзақтығы: 20–25 минут
Мақсаты: Балаларды қимылға, ән-биге тарту, ойындар ойнатып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау

Shape1

? 1-БӨЛІМ. ЗАЛҒА КІРУ

Балалар әуе фон музыкамен (жеңіл жаңа жыл әуені) қол ұстасып кіріп, шырша айналып тұрады.

Жүргізуші: — Қош келдіңдер, кішкентай біздің бүлдіршіндер! Бүгін — ертегі күні! Жаңа жыл бізге қонаққа келе жатыр!

Қараңдаршы, бөбектер, ортамызда шыршамыз да сендеор сияқты әдемі киімін киіп келіп тұр екен, иә балалар! Бірақ шыршамыздың шамдары жанбай тұр екен.
— Ендеше шыршамызға қарап, оның әдемі екенін айтайық, және оған арнап ән салып берейікші! Мүмкін сол кезде шыршамыздың шамдары жанатын шығар;

Балалар: — Әдемі шыршааа!

?Ән: «Шырша, шырша, шыршамыз!»

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, қандай керемет айтасыңдар әнді! Бірақ шыршамыз сонда да жанбай тұр.

Shape2

2-БӨЛІМ. ФЕЯНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ

(Жұмсақ сиқырлы музыкамен Фея кіреді.)

Фея: — Сәлем, алтын балдырғандар! Мен Қыс феясымын. Қандай әдемі болып кеткенсіңдер! Бүгін сендерге сиқырлы қонақтар алып келгім келеді. Бірақ алдымен кішкентай қоянды тауып алайықшы. Ол сендерге келе жатып, жолда адасып, далада тоңып қалыпты.
— Кәне, олай болса бәріміз: «Қоян, кел!» деп айқайлайық.

Балалар: — Қоян, қоян кел! 2-3 рет қайталайды

Shape3

? 3-БӨЛІМ. ҚОЯННЫҢ КЕЛУІ

Қоян көңілді әуенмен секіріп шығады.

Қоян: — Қап! Тоңып қалдым! Ой, балалар, бірақ мен сендерді көріп қуанып тұрмын! Сендер бүгін қандай әдемісіңдеер! Жылыну үшін менімен бірге секіресіңдер ме?

Ойын: «Қоян болып секіреміз!»

Музыка: көңілді, секіртпе әуен.
Қимылдар:

  • Ұсақ секіру

  • Құлақтарды ұстап секіру

  • Қоянша тізені бүгіп тұру

  • «Ұйықтаған қоян» позасы

Қоян: -Міне, мен енді жылындым балалар! Біздің шыршаның шамдары неге жанбай тұр екен? Ол көңілсіз бе? Фея, бізге шыршаның шамдарын жағуға көмектесіңізші?

Shape4

? 4-БӨЛІМ. ШАМДАРДЫ ЖАҒУ

Фея: Әрине көмектесемін, бүгін біздің балалар сондай әдемі және олар мерекеге келді ғой!
— Шыршамыздың шамын жағу үшін сиқырлы сөз айтайық:
«Жарық бол! Жанып тұр!»

(Балалар қайталайды. Шамдар жанады.)

Балалар қуанады.

Shape5

❄️ 5-БӨЛІМ. АҚШАҚАРДЫҢ КЕЛУІ

Ақшақар қолында қар себетпен кіреді.

Ақшақар:
Армысыңдар, балақайлар! Мерекеге бүгін қандай әдемі болып келгенсіңдер бәрің! Мен сендерге қар алып келдім. Қармен ойнағыларың келе ме?

Балалар:
— иәә, ойнағымыз келееедііі!

Ойын: «Қар лақтырып ойнайық»

(Жұмсақ шарлар/мақта)
Ойын түрлері:

  • Қарды жоғары лақтыру

  • Бір-біріне ақырын беру

  • Себетке салу

  • «Қар жауды» — Ақшақар қарды төгіп жібереді, балалар жинайды

Shape6

? 6-БӨЛІМ. БИ АЛАҢЫ

Жүргізуші: Ақшақар, біздің ортамызда сіз сияқты әдемі әрі кішкентай Ақшақарларымыз бар, олар сізге өз өнерлерін көрсеткісі келіп тұр, ал сіз біздің кішкентай Ақшақарларымызбен бірге қосылып би билеңіз!

Би: «Кішкентай Ақшақарлар»

Ақшақар: -Қандай керемет би биледіңдер менің кішкене достарым! Рахмет сендерге

Shape7

? 7-БӨЛІМ. АЯЗ АТАНЫ ШАҚЫРУ

Жүргізуші:
— Ал енді
біздің ең үлкен қонақ — Аяз атаны шақырайық!
– Бәріміз: «Аяз ата, кел!»

Балалар 3 рет айқайлайды.

(Музыка. Аяз ата кіреді.)

? 8-БӨЛІМ. АЯЗ АТАМЕН ӘЗІЛ-ОЙЫН

Аяз ата:
— Сәлем, кішкентай достар! Қалай өсіп қалғансыңдар! Өлең білесіңдер ме? Би билейсіңдер ме?

Балалар:
— Иәәә!

Аяз ата:
— Онда шағын ойын ойнайық!

Ойын: «Тоқта!»

Музыка ойнайды — балалар билейді.
Музыка тоқтайды — балалар қимылсыз қалады.

2–3 рет қайталанады.

Аяз ата: — Жарайсыңдар! Енді мен сендерге тағы бір би әкелдім.

Shape8

? 9-БӨЛІМ. ОРТАЛЫҚ БИ — «КӨҢІЛДІ АҢДАР»

Би: «Көңілді аңдар»

Әуені көңілді, жеңіл.
Қимылдар:

Фея, Ақшақар балалармен бірге билейді.

Shape9

? 10-БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ

Жүргізуші:
— Бәрің өте әдемі биледіңдер!
Сиқырлы қонақтарымыз да риза болды.

?Ән: «Топ-топ балақан!»

Қоян:
— Бәріңе мың алғыс!
Фея:
— Жылдарың сиқырға толы болсын!
Ақшақар:
— Қуаныш, шаттық тілеймін!
Аяз ата:
— Енді сыйлықтарымды ала қойыңдар, балақайлар!

Shape10

? Сыйлық тарату

Аяз ата әр балаға сыйлық береді.
Жұмсақ әуен қойылады.
Барлығы бірге билеп, қоштасады.































99 «Бүлдіршін» балабақшасы









Жаңа жылға арналған мерекелік іс-шара

Тақырыбы:

«Балалардың Жаңа жыл ғажайыбы»

Кіші «Арман» тобы







Музыка жетекшісі: Жусипбекова М.

Тәрбиеші:________________







Астана 2025 жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2025
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі