Материалдар / Жаңа Жыл ғажайыптары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жаңа Жыл ғажайыптары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖШС «Азамат AS»


Келісілді Бекітемін

әдіскер директор

_________Н. Қабылова _______Ж.Ш. Ерболатова



















«Балапан»

ортаңғы тобы

«Жаңа Жыл ғажайыптары»

ертеңгілігі



























Тәрбиешілер: Капанова Ұ.Ж.

Кожбанова Г.Ш.











2023-2024ж.

Күні: 28.12.2023ж

Ортаңғы: «Балапан» тобы

Тақырыбы: «Жаңа Жыл ғажайыптары»

(Анна музыканың сүйемелдеуімен Эльзаны іздеп шығады)

Анна: Ауууу, сен қайдасың барсың ба?

Эльза: Иә Анна, осындамын біз қайда келдік?

Анна: біз балабақшаға келдік, мұнда Жаңа жыл мерекесін тойлағалы жатыр

Эльза: бірақ балалар қайда?

(әуен естіліп балалар көңілді музыкамен залға кіреді, орындарына отырады)

Эльза: Сәлем достарым мен сендермен Жаңа жылды тойлауға келдім. Сендермен дос болғым келеді

Анна:Естимісің Эльза желдің гуілі күшейіпті. Олофтың досы жоқ болған соң бәріне қаһарын төгіп жүр.

Эльза: қаһарлана берсін, біз одан қорықпаймыз.

(боранның дауысы күшеіп. Ортаға Олоф шығады шыршаны айналып Эльзаны сиқырлап кетеді)

Эльза: ой ой (жүрегін ұстайды) маған не болды?

Анна: Эльза саған не болды?

Эльза: Әрі тұр, мен сендермен дос болмаймын (даусын жуандатып). Мерекеніде қарсы алмаймын

Анна: Балалар Олоф Эльзаны сиқырлап кетті. Эльзаның жүрегін жылыту үшін тақпақтар айтып берейік

Балалардың тақпақтары

Анна: балалар Эльзаның жүрегі әлі жібімеді. Бізге енді тек Аяз ата көмектесе алады. Ол үшін жолға шығайық.

Ән: «Кешкентай шырша»

Эльза: қайда Аяз ата, мен аязды жақсы көремін. Сен мені алдадың ба?

Анна: Эльза біз тура жолмен келеміз. Мен қорқамын, тоңып барамын.

Эльза:- Тоңсаң тоңа бер, қорқақ! (Осы кезде Олоф шыршаны айналып келеді)

Олоф: Қалай екен Анна? Ұнадыма? Эльза екеуің мені ылғи жекелеп ойнамайсыңдар! Сондықтан мен оның жүрегін қатырып тастадым. Егер менімен дос болсаңдар мен қайта сиқырлаймын! Келісесіңбе?

Анна: Жақсы, бірден неге айтпадың бізге Олоф? Сенде қызықсың! Балаларда Жаңа жыл, олар Аяз Ата мен Ақшақарды тосып отыр, ал біз болсақ мына жерде дауласып жүргеніміз жарамас. Сондықтан сен бізді кешір, дос болайық.

Олоф: - Жарайды. Ендеше қайта сиқырлайын (сиқырлы музыка қосылады)

Эльза: Анна, Олоф мен қайда болдым? Балалар неге көңілсіз? Ортаға шығып би билеп, ән салайықшы!

Би:Олофтар

Анна:- Балалар, сендерге көп-көп рахмет. Осы кезде Ақшақар кездеседі 

Эльза(қуанып):- Ақшақар, Ақшақар, салематсыз ба?

Ақшақар: Салематсыңдар ма, достарым?!

Достар, достар! Тағы да бір жыл жаңа

Қадам басты, ұрлана да нұрлана

Жүректерде лүпілдейді жас үміт,

Ашылады-шашылады бүр жаңа.

Кәне, достар, көтерейік иықты

Аңсайықшы қыран самғар биікті,

Жарқыраған әсем көздер айналам

Сәлем саған, өрендерім, сүйікті!

Амансыңдар ма, балалар,

Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар!

Жаңа жылдарың құтты болсын,

Денсаулықтарыңыз мықты болсын.

Аспандарың ашық, жұлдыздарың жарық болсын!

Анна:-  Ақшақар, біз Аяз атаны іздеп жүрміз. Аяз ата мейірімді сиқыршы ғой. Балаларда тағатсыздана тосып қалды.

Ақшақар: - Иә, атам өте мейірімді.  Ол қазір ормандағы жануарлардың Жаңа жылды қарсы алу мерекесінде жүр. Егер бәріміз бірге Аяз атаны шақырсақ мүмкін естіп келіп қалар.

Анна: Ендеше балалар бәріміз аяз атаны дауыстап шақырайық.

(Балалар Аяз ата деп үш рет айқайлайды)

Аяз ата:- Балаларым, балғыным,

Өмір гүлі, шалғыным,

Қанша жүріп жер көрдім

Қанша жүріп ел көрдім

Бірақ мына сендердей,

Сұлу балаларды көрмедім!

Балалар шыршаларың жанбапты ғой. Қане бәріміз шыршаның шамдарын жағайық.

Бір екі үш

Шырша шамдары жарқырай түс (үш рет)

Шыршаның шамы жанады.

Анна: - Ата, балалардың дайындаған тақпақтары бар болар, соны тыңдайықшы.

Тақпақтар

Д. Томирис: Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылда-жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.

Хаким: Тамаша.тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Әлижан: Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған,

Miнe, сұлу шыршамыз.

Көптен күтіт, сағынған,

Кел, балалар, келіндер,

Тамашаны көріңдер.

Т. Томирис: Шыршамыз да керемет

Ойыншықтар тағылған

Алыс жақтан келіп тұр

Аяз ата сағынған.

Елназар: Бақша іші мереке,

Ойын күлкі асқақ ән.

Жақсы әпкелер жаңа кеп,

Мерекені бастаған.

Айбар: Жаңа жылды қарсы алдың,

Мініп алып күймеге.

Мен де бүгін ән салдым,

Араластым биге де.

Нұрислам: Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армысың.

Оранды ақ көрпеге,

Асқартау, қарлы шың.

Елдос: Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да.

Аяз ата сағынған,

Сәлем бepді жұртына.

Алдияр: Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны.

Той-маскарад басталды,

Аяз оны басқарды.

Айсезім: Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Аяла: Қалып едік сағынып,

Kүтіп алдъқ жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп

Олоф: Анна Эльза ойын ойнайықшы.

Эльза: Қыста қандай ойын ойнауға болады Олоф, қардан басқа түк жоқ қой! Сенде қызықсың.

Олоф: Ендеше қар атысып ойнайық, қане балалар көңілдірек.

Ойын “Қармен атысу”

Анна: Енді Аяз ата қыздарымыздың орындауында әдемі биін қабыл алыңыз!

Ақшақар: - Аяз ата, Сіз ештеңе ұмытқан жоқсыз ба?

Аяз ата: Меніңше, ұмытпаған секілдімін.

Ақшақар: - Балаларға арналған сыйлықтар ше?

Аяз ата: - Ах-ах! Сыйлықтар бар екен ғой!

(Сыйлықтар таратылады)

Эльза- Қандай керемет сыйлықтар! Рахмет сіздерге, Аяз ата, Ақшақар!

Аяз ата, Ақшақар: Балалар сендерге көп рахмет. Келесі жылы кездескенше сау болыңыздар.

Анна, Эльза: Бүгінгі ертеңгілігіміз аяқталды.Келесі жылы кездескенше сау болыңыздар.























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!