400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жаңа жыл хикаялары" 0-4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жарияланып отырған жаңа жылдық "Жаңа жыл хикаялары" атты сценарий 0-4 сынып аралығындағы оқушыларға арналған. Жаңа жылдық қойылымда ежелден келе жатқан Жалмауыз кемпір, арам ниетті адамдарды оп-оңай алдайтын Алдар көсе, ескі жыл иесі Тауық, жаңа жылымыздың иесі, жеті қазынамыздың бірі Ит және де Жаңа жыл мерекесінің басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақар оқушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлап қана қоймай, танымдық жағынан үйретері көп.
Материалдың қысқаша нұсқасы

№4 Шұбарқұдық орта мектебінде өткізілетін 2018 Ит жылына арналған «Жаңа жыл хикаялары» жаңа жылдық шыршаның сценариі.

Қатысушылар:

Жүргізуші-2 адам Жалмауыз кемпір- Гүлдариға, Даулет

Алдар көсе

Аяз ата-

Ақшақар-

Тауық

Ит

Балалар шыршаның жанына жиналғанша, жаңа жылдық әуен ойнап тұрады.

Фанфармен ортаға 2 жүргізуші шығады.

1-жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар!

2- жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар, оқушылар!

1-жүргізуші: Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Ит жылы да кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.  

2- жүргізуші: Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!

1- жүргізуші: Жаңа күнде ән қылып,

Тек жүреміз сән құрып.

Көңілдердей қартаймай,

Шырша тұрар мәңгілік! (2- жүргізушіге) Білесің бе, осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке екен.

1- жүргізуші: Дұрыс айтасың, бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар  атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен!

2-жүргізуші: Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы – Жаңа жылы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

1-жүргізуші: Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектеп директоры ... береміз.

2-жүргізуші:  Жаңа жыл - қайсарлық пен жүректілік,

Баратын болашаққа білек түріп.

Әдемі тілектерге қол соғамыз,

Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

1-жүргізуші:  Өзінің құттықтау әнімен күміс көмей, жез таңдай әншіміз келіп тұр екен. Олай болса, көп күттірмей кезекті әншімізге берейік.

2-жүргізуші: Сонда ол әншінің есімі кім екен. Мүмкін, танып қалармыз.

1-жүргізуші: (қағазына шұқшиып қарайды да) Қызық, аты-жөні жазылмапты. Ендеше, әншімізді қарсы алайық.

Осы кезде музыка қосылады. Музыка ырғағымен билеп, рэп айтып ортаға Жалмауыз кемпір шығады.

ЖК: Мен – Жалмауыз кемпірмін,

Сұлулығымды байқар кім?

Ұнап қалған жандарды,

Өзіммен алып қайтармын,

Мың бұралып билеймін,

Рэпті де айтармын.

Сұлулыққа тәнті боп,

Гүлдей болып жайқалдым.

1-жүргізуші: - Ой мынау кім? Құдай сақтасын, түрі қандай жаман еді. Аулақ-аулақ,  сәнімізді бұзба!

2-жүргізуші: Жаңағы хабарлаған әншіміз қайда?

ЖК: (қарқылдап күліп): Міне, әншілерің алдарыңда тұрған жоқ па? Кеше жаңа жыл кешіне кім ән салады дегенде, мына мен әдемі көйлегімді киіп, бетіме макияж жасап, ән айтамын деп жаздырып кеткен болатынмын.

1-жүргізуші: Олай алдауға бола ма екен?! Сен балаларға жамандық үйреткелі келгенсің бе? Қане, біздің кешімізді бұзбай, өз жөніңмен кете бер!

ЖК: - Бұзбақ түгілі, бұзамын. Мен жолда келе жатқан Аяз ата мен Ақшақарды басқа мектепке қарай алдап жібердім. Енді олар сендердің мектептеріңе келмейді. Ешқандай жаңа жыл болмайды. Алақай, менің айтқаным ғана болады.
2-жүргізуші: Тоқта,Жалмауыз кемпір. Анықтап қарап көрсем қорқынышты сенің түгінде жоқ  екен, сен сондай әдемісің! Сондай қап-қарасың. Бұл жерден ешкімді әкетпей-ақ қойсаң  қайтеді. Сен біздерді әкетпеу үшін балалар не істеуі керек?
ЖК: Маған бір көңілді ән салып, би билеп берсеңдер, онда ойланып көрермін.
1-Жүргізуші: - Қой, балалар, ондай болса жалмауыз кемпірдің көңілін табуға тырысып көрелік. Бәріміз қосылып көңілді би билеп берейік. Сендер менен кейін қайталасаңдар болды.


осы жерде «Фиксики» биі биленеді


ЖК: Билерің ұнады. Бірақ та бәрібір мерекелеріңді бұзғым келіп тұрғаны-ай. өткіздірмеймін дедім, өткіздімеймін.
2-Жүргізуші: - тоқтай тұр шайтан, келісіп көрсек қайтеді. Біздің балалар саған біраз  жұмбақ жасырсын. Егер сен шешімін таппасаң бізге бөгет болмай өз 
 жолыңмен жүре бер. Ал мерекемізді жалғастыраыз.
ЖК: мен шешпейтін жұмбақ жоқ. Айта беріңдер, жасыра беріңдер, бәрін шешіп аламын.
(әр сыныптан екі баладан жұмбақ жасырады.)
1-Жүргізуші: - қане балалар, бізді шайтан алып кетпесін десеңдер, қиын жұмбақтар жасыруға тырысыңдар.


(жұмбақтар айтып болған соң жалмауыз кемпір аяқ астынан шыңғырып, «ойбай, анау келе жатқан Алдар ғой. Тыға көріңдер балалар, құтқара көріңдер мені», - деп балалардың артына тығылады.)

Алдар көсе: Мен Алдармын, Алдармын!
Балқанға да барғанмын,                              

Орхонға да барғанмын. 
 АҚШ қа да барғанмын,
 Жапонға да барғанмын.
Шаршанқырап қалған соң,
Шайтанға мініп алғанмын.
-    Ассалаумағалейкум, балалар! Менің жалмауыз кемпірімді көрмедіңдер ме? Мені адастырып, өзі қашып кетіпті
Балалар: Көрдік!
Алдар көсе: өй мынау менің жалмауыз кемпірім ғой жарықтық.
(балалардың артында жүгіріп қашып жүрген жалмауыз кемпірді басына шылбыр салып ұстап алады.)
ЖК: мен талайдың басын шармап едім, талайдың асын ұрлап едім, Алдар, маған  жазаң ауыр болды. балалардың алдына ант етейін! Енді өйтпеймін, босатшы мені, Алдар!босата көр, алдареке!
Алдар көсе:жалмауыз кемпірдің сөзіне сенеміз бе, балалар?
Балалар: Жоқ, болмайды.
ЖК: Сене көріңдер балалар, сене көріңдер.
2-Жүргізуші: Жаңа жылды жақсылыққа ырымдайық балалар.
Бұл жалмауыз кемпір де той қонағы саналар,
Көре жатармыз ар жағын, босатсақ болар Алдарым.
Алдар көсе:  ӨЕндеше балалар, Жалмауыз кемпірді бір жолға кешіріп, мерекені бәріміз бірге жалғастырайық!

1-Жүргізуші: Ақ киімді денелі ақ сақалды,
                     Тондырады қасындағы тірі жанды.
                     Үсті-басы  - ақ қырау, демі суық,
                      Жетіп те қалған шығар ертіп алып Ақшақарды.
-    Балалар, бұл кім туралы айтылған деп ойлайсыңдар. Ендеше ортаға Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
 Жалмауыз кемпір : мен оларды тез тауып алып, мектепке өз аяғыммен әкеліп тастайын. Алдар сен маған көмектесесің бе? Өзім де адасып кетермін.

Алдар көсе: Атам қазақ «біреуге ор қазба, өзің түсесің» деген. Енді тәртіпті болсаң, көмектесейін.

Жалмауыз кемпір: Иә, тәртіпті боламын. Рас айтамын.

Алдар көсе: Кештерің көңілді өтсін балалар, сау болыңдар!
2-Жүргізуші: Ал біз балалар бәріміз бірігіп, Аяз атаны шақыруды жалғастырайық.Біздің даусымызды естімесе көрші мектепке кетіп қалып жүрер.
Ортаға Аяз ата мен Ақшақар келеді.

Аяз ата: Армысыңдар ма, балалар,

Қыздарым мен ұлдарым,

Сауық-сайран құрғаның,

Қырлардан қыр асыппын,

Тез жетуге асықтым.

Көп күттіңдер білемін,

Сендер үшін келемін.


Ақшақар: Ертегілерде айтқандай,

Қар менен мұздан жаралғам.

Жаңа жыл көркем шақ қандай?

Сыйқырым да көп сан алуан,

Аяз бен қардың иесімін.

Оларсыз толар басқа мұң.

Атам қойған есімім,

Мен- Ақшақармын,достарым



1-Жүргізуші: Аяз Ата, ортамызға келіп, көңілімізді көтеріп, шаттық сыйладыңыз. Бірақ, біздің шыршамыз көңілсіз болып тұр.

Ақшақар: Енді шыршаны құлпыртатын сәт жеткен сияқты, балалар?

Құлпырсын әсем шыршамыз,

Ал, балалар баршамыз,

Санайық бірге: бір, екі, үш,

Болсын шырша түрлі-түс,

Тиген кезде бармағым,

Жарқырасын шамдарың.

Шырша шамдары жанады.


Ақшақар: Шыршаменен кірді кештің сәні де,

Жаңа жылда тілейміз бақ бәріңе.

Балалар жаңа жылға, Аяз ата мен Ақшақарға қандай өнерлеріңді дайындадыңдар! Қанекей кезек-кезегімен өнерлеріңді ортаға салыңдар!


Жүргізуші: Олай болса, жаңа жылдық нөмірлерімен 1 а класын ортаға шақырамыз

Ә, Б кластары кезекпен- кезек шығып отырады


1Жүргізуші: Балалар, ортаға ескі жылымыз бен жаңа жылымызды шақыратын кез де жетті.

2-жүргізуші: Балалар, біздің қонақтарымызды қарсы алуға дайынсыңдар ма?


Ортаға Тауық пен Ит дауласып шығады

Ит: Тез орнымды босат!

Тауық: Жоқ, мен ешқайда да кетпеймін.

Ит: Кетпесең, мен онда сені қауып алам.

Тауық: ал, мен тұмсығыммен шоқып аламын.

Аяз ата: Ау, жылдарым сендерге не болған? Осындай мерекеде дауласуға бола ма екен?

Ит: Аяз ата, менің жыл болып енуіме санаулы сәттур қалды. Ал, мына Тауық болса, орнымды бермеймін дейді.

Тауық: иә, мен ешқайда кетпеймін. Мені балалар жақсы көреді

Ақшақар: Ау, ақ қанатты Тауық жылы сені бәріміз де жақсы көреміз. Елге берекелі де мерекелі жыл болдың. Дәстүр бойынша ескі жыл бәрімізбен қоштасып, өз орныңды жаңа жыл иесі Ит жылына беруің керексің. Солай емес пе, балалар?


Тауық: Иә, балалар, Ақшақар қыз дұрыс айтады. Мен елге құтты жылдардың бірі болдым. Менің жылымда елімізде айтулы оқиға «ЭКСПО- 2017» халықаралық көрмесі өтті. Мен өте қуаныштымын. Орнымды қазыналы ит жылына берейін!


Ит: Бәрекелді, Тауық жылы!

Меніменен дос болыпты бар адам,

Байлығым деп, жеті қазынаға санаған


Аяз ата: Ақшақар немерем, бүгінгі мерекеде бәріміз қосылып, ән салмаймыз ба?


Ақшақар: Дұрыс айтасыз, Аяз ата! Ал, балалар, жасыл да әсем шыршамызды айналып, жаңа жыл әнін бірге айтайық!


Тауық: Қуаныш, бүгін мереке,

Жиналып ата- аналар.

Әдемі, әсем киінген,

Жайнайды гүлдей балалар!

Ит: Қол ұстасып бәріміз,

Шырша айналып ән салдық.

Мерекенің думаны,

Арта берсін асқақтап!

Ақшақар: Өнерлі екен балалар,

Ертеңгі олар даналар!

Көңілді боп, күлейік,

Тәртіпті боп жүрейік!



Аяз Ата: Тығыз менің уақытым,

Асығыспын достарым.

Шақырады алысқа,

Ақшақар мен атаңды.

Құтты болсын жаңа жыл,

Жаңа бақыт, Жаңа жыр!

Бәрі бірге: Жаңа жыл құтты болсын!

1-жүргізуші: Жаңа жыл жаңа бақыт, құт –береке әкелсін!


2-жүргізуші: Ит жылы игілікті жыл болғай! Келесі кездескенше сау болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
833
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі