Жаңа жыл-жаңа ертегі әлемінде

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңа жыл-жаңа ертегі әлемінде

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларға жаңа жылдық көңіл күй сыйлау, Аяз ата мен Ақшақармен көңіл көтеру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Залда Түлкі мен Аю шыршаны безендіріп жүреді.


Әсем әнмен Күлдіргі залға кіреді.


-Мұнда не болып жатыр?

-Мұнда цирк болады ма?

-А-а-а футбол болады ма?


Аю:

-Жоқ, бізде мереке Жаңа жыл!

Досымыз Қоян жылы келеді.


Күлдіргі:

-Алақай, алақай Аяз ата мен Ақшақар келетін болды.


Түлкі:

-Біз балаларды күтіп отырмыз.

-Ендеше неге тұрмыз, балаларды қарсы алайық.


Әсем әуенмен балалар ішке кіреді, жартылай шеңберге тұрады.


Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, әріптестер, кішкентай бүлдіршіндерім!

Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Денсаулықтарыңыз мықты болсын! Жаңа жылымыз елімізге тыныштық, ынтымақ, құт береке алып келсін және де өсіріп отырған ұрпақтарымыз тәрбиелі, саналы Қазақстанымыздың бақытты ұл-қыздары болып өсе берсін!


-Балалар қараңдаршы, біздің шыршамыз қандай әдемі.


-Шыршаны кім безендірген?


Түлкі мен Аю:

- Сәлеметсіңдер ме балалар!

- Бұл әдемі шыршаыны Жаңа жыл мерекесіне арнап біз безендірдік.

Сендерге ұнады ма?


Балалар: Шыршамыз өте әдемі екен! Рахмет сіздерге!


Жүргізуші: -Ендеше балалар, мына әдемі шыршыға арнап ән айтып берейік.


Ән: «Шырша жыры»


Балалар орындарына отырады.


Жүргізуші: Балалар көптен сағына күткен Жаңа жылымызда келді.

Балалар біздің мерекеміз қызықты өтуі үшін бізге кімдер керек?


Балалар: -Аяз ата мен Ақшақар керек.


-Дұрыс айтасыңдар, ендеше қонақтарымызды шақырайық.



Балалар:

Аяз ата, Ақшақар (2 рет)


Осы кезде залға Мыстан кемпір кіріп келеді.


Мыстан:




Жүргізуші: Мыстанның көңіл күйін көтеру үшін өлең шумақтарын айтып берейік.


Абылайхан

Жаңа жыл, жаңа жыл,

Жаңа жылға жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында,

Билеп барлық бала жүр.


Сырым

Тауда туып, тауда өсіп,

Шырша келді ортаға.

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән салайық баршамыз.


Тастемір

Ақ қар жапты даланы,

Ақ жамылды айнала.

Жарқыратып шамдарын,

Шырша келді ортаға.


Аймира

Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген.

Қандай әсем шыршамыз,

Ән саламыз баршамыз.


Мыстан кемпір:


Ортаға Аяз атамен Ақшақар кіреді.


Балалармен сәлемдеседі.

Жүргізуші: Балалар қазір баріміз қөңілдіміз бе?

-Иә, көңілдіміз!

-Ендеше қонақтарға қыздарымыз би билеп берсін.


Би: «Фея»


Сергіту сәті


Ән: «Келді бізге Жаңа жыл»


Қасқыр мен Қоян

(Қасқыр қоянды қуады)



Тақпақтар:


Адель

Ақ қырауға малынған,

Сақалы да мұрты да.

Аяз ата сағынған,

Сәлем берді жұртына.


Томирис

Келіңдер,келіңдер,

Тақпақ айтып беріңдер.

Жомарт Аяз атадан,

Сыйлық алып көріңдер.


Адият

Жаңа жылды қарсы алып,

Жасаймыз тойжылда біз.

Жарқын, жарқын ән салып,

Жалғасады жырға жыр.


Би: «Пираттар»


Ойын: «Қар тасу»


Би: «Корольдер»



«Жетіген»



  1. Аю мен түлкі

  2. Күлдіргі

  3. Балалар залға кіреді

  4. Ән «Шырша жыры»

  5. Мыстан

  6. Тақпақтар (Абылайхан, Сырым,Тастемір, Аймира)

  7. Аяз ата мен Ақшақар

  8. Би «Фея»

  9. Сергіту сәті

  10. Ән «Келді бізге Жаңа жыл»

  11. Қасқыр мен Қоян

  12. Тақпақтар

  13. Би «Пираттар»

  14. Ойын «Қар тасу»

  15. Би: «Корольдер»


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.04.2024
240
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі