Жаңа жыл, жаңа
жыр.
Мақсаты: Балаларға жаңа жыл
мерекесі туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен бірлікпен
достықпен өткізуге баулу.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,
құрметті бүлдіршіндер, ата-аналар , қонақтар, балабақша
ұжымы.
Сіздерді жаңа жыл мерекесімен
құттықтаймын.Сіздерге жаңа жылда табыс, бақыт тілейміз. Жаңа жылдық
ертенгілігімізді бастауға рұқсат
етіңіздер.
Бүгін келді
жарқырап
«Балапан» тобы тағы
да
Би билейді , ән
салады
Жасыл шырша
жанында
Сәлем бізден
баршаға
Құттықтаймыз жар
сала
Бүгін бізде Жаңа
жыл
Қош келіпсіз
шыршаға
Жаңа жылда
көңілді
Шырқалады
әніміз
Ата-аналар
сіздерді
Құттықтаймыз бәріміз –деп
ортаға « Балапан» тобының бүлдіршіндерін
шақырайық.
(Музыка әуенімен залға балалар
кіреді.)
Құттықтау сөз: Балабақша директоры
Абулгартаева Сарбиназ Талапқалиқызына сөз кезегін
береміз.
Жүргізуші: Балалар бүгін бізде
қандай мереке?
Балалар: Жаңа
жыл.
Жүргізуші: Балалар мына биік
жасыл әрі әдемі болып тұрған не нәрсе?
Балалар:
Шырша,
Ән. «Аппақ , аппақ
жапалақтап » әнімен шыршаны айналып
билейді.
Жүргізуші: Балаларымыздың жаңа
жылға арналған тақпақтарымызды айтып
берейік.
Айдана: Көрікті
шыршамыз
Шамдары
самғаған
Көңілді
ортамыз
Айтамыз шырқап
ән
Әли: Аяз ата, аяз
ата
Сені күтіп жүрдік
біз.
Абыл Айару: Тамаша
тамаша
Шыршамыз тұр
жараса
Басында әсем
жұлдызы
Көз тоймайды
қараса
Мейіржан: Той мереке
салтанат
Думандатып шар
тарап
Келді міне жаңа
жыл
Татуларын
арқалап
Сұңғат: Жасыл шырша
жанында
Билеп барлық бала
жүр.
Аяжан: Далада нұр, қалада
нұр
Құтты болсын жаңа
жыл.
Осы кезде залға сайқымазақ
кіреді.
Сайқымазақ : Уа, жараңдар,
жараңдар.! Баршаңызға Жаңа жыл құтты
болсын.
Сайқымазақ
атыммен
Көрерменді
күлдірем
Жиналған қауым
алдында
Өнерімді
көрсетем
Ал қонақтар,
бүлдіршіндер
Менімен ойнағыларың келе
ме?
Ойын: «Шар жару»
ойыны
Шарты: 3 ата-ана ойынға шығып
шарды жарып, сұрақтарға жауап береді
Жүргізуші: Жарайсың,
Сайқымазақ, сенің ойының бізге ұнады. Сенде біздің балаларымыздың
өнерін тамашала.
Би: « Ару қыздар» биін
тамашалайық.
Жүргізуші: Балаларымыздың жаңа
жылға арналған тақпақтарымызды айтып
берейік
Залға қоян
кіреді.
Қоян: Сәлеметсіңдер ме,
балалар! Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!
Мен қоянмын. Қандай әдемі балалар,
араларында менің көжектерім барма?
Сайқымақ: Ендеше шыршамыз неге
көңілсіз тұр. Бізге кім жетіспейді.
Балалар: Аяз ата мен ақша
қар.
Жүргізуші: Аяз ата мен ақша
қарды ортаға шақырамыз.
Балалар: Аяз ата, Ақшақар! Аяз
ата, Ақшақар!
(Аяз атамен Ақшақар залға
кіреді.)
Аяз Ата: Уа, жұртым
жиналған
Көңілдерін бүр
жарған
Айналайын
ұлдардан
Айналайын
қыздардан
Аяз ата,
Ақшақар
Жетті жолдан
қиналған
Ештене емес,
барлығы
Алдымыздан күллі
арман
Мықтылығым мәлім
ғой
Өтіп кеткен
жылдардан
Ақшақар: Амансындар ма
балалар, ата –аналар. Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты
табысты жыл болсын.
Жүргізуші: Аяз ата мен Ақшақар
алыс жолдан шаршап келген боларсыздар. Отырып кішкене деміңізді
алып, балаларымыздың өнерін
тамашалаңыздар.
Ән: «Жаңа жыл»
Дәрібаевтар.
Қоян : Кәне менің көжектерім
қайда екен, балалармен бірге билегім келіп
тұр.
Би: «Қояндар
полькасы»
Жүргізуші: Балалар бәріміз
Жаңа жылымыз –Ит. Бәріміз бірге қарсы
алайық.
Қош келдініз, Жаңа
жыл.
Жүргізуші: Балалар Аяз ата мен
ақшақарға жаңа жылға арналған тақпақтарымызды айтып
берейік
Аян: Мерекеге
келдік
Тақпақ айтып
бердік
Ойыншықтары
тізілген
Шыршаныда
көрдік
Аслан: Жаңа жыл, жаңа
жыл
Қош келдің
тағыда
Бекарыс: Тұрсақ ерте
оянып
Жауған екен ақша
қар
Ақ мамыққа
оранып
Қалыпты қыс
бақшалар
Нартай : Сақалы аппақ
күріштей
Тістері аппақ
күмістей
Қызыл ала
шапаны
Сағындым аяз
атаны
Инабат: Келді тағы жаңа
жыл
Қуантумен
біздерді
Құтты болсын
қуаныш
Құттықтаймыз
сіздерді
Альбина : Әдемілеп біз
ілген
Ойыншықтар көп
қандай
Қандай әсем
шыршамыз
Ән шырқайық
баршамыз
Жүргізуші:
Ән: «Буги-буги»
орындалады.
Аяз ата: Ой, бәрекелді,
балалар! Жарайсыңдар! Аталарыңды бір қуантып тастадыңдар
ғой.
Ойын: “Кім жылдам»
ойыны
Шарты: Ата-аналарға ақ
қағаздан ұлпа қарларды шырша, аққала қиып шеберліктерін
көрсету.
Жүргізуші: Балалар Аяз ата мен
ақшақарға жаңа жылға арналған тақпақтарымызды айтып
берейік
Айару Айбекқызы: Жаңа жылда
жанаша
Тақпақ біздер
айтамыз
Болсын риза
балаша
Әппақ Аяз
атамыз
Шапағат: Жаңа жылда
жаңаша
Тақпақ біздер
айтамыз
Болсын риза
балаша
Аппақ аяз
атамыз
Мансур: Шыршамыз
керемет
Ойыншықтар
тағылған
Алыс жақтан келіп
тұр
Аяз ата
сағынған
Іңкәр: Әдемілеп біз
ілген
Ойыншықтар
тізілген
Қандай әсем
шыршамыз
Ән шырқайық
баршамыз
Аяз ата: Балалар өнерлі
балалар екенсіңдер. Өнерлерін үстем болсын, Қандай әдемі
балаларсыңдар. Осылай әдемі болып жүре
беріңіздер.
Жүргізуші: Ер балаларымыздың
биін тамашалайық
Би: « Көңілді
би»
Жүргізуші: Балалар Аяз ата мен
ақшақарға жаңа жылға арналған тақпақтарымызды айтып
берейік
Алішер: Алақай ,
алақай
Жыл келді
шапқылап
Қәнекей қарсы алайық
жақсылап,
Ернар; Жаңа жыл, жаңа
жыл
Жаңа жылда жаңа
жыр
Жасыл шырша
жанында
Билеп барлық бала
жүр
К. Айару: Мерекеге
келдік
Тақпақ айтып
бердік
Ойыншықтарын
тізген
Шыршаны да
көрдік
Дәурен Төрлет, төрлет, Жаңа
жыл
Бізге құтты жыл
болсын.
Жүргізуші: Аяз ата, біздің
бүлдіршіндеріміздің дайындаған өнері
ұнады.
Аяз ата: Иә, өте өнерлі
балалар екен. Маған өте ұнады.Рахмет балалар, сендердің өнерлеріңді
тамашалап, мен дем алып қалдым. Енді менің қайтатын уақытым болды.
Сендерге сыйлық алып келдім.
Жүргізуші: Әрине, әлі де басар
тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді бөгемейміз. Жолыңыз
болсын.
Ән: «Жасыл шырша
жанында»
Құрметті бүлдіршіндер,
ата-аналар, қонақтар. Осымен біздің жаңа жылдық ертенгілігіміз
аяқталды. Жаңа жылда жаңа табыстарға
жетіңіздер!
(Балалар музыка әуенімен
залдан шығып кетеді.)

