400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа жыл жаңа жыр

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы:














2015-2016 оқу жылы







«Қош келдің Жаңа жыл»

Ән ырғағына балалар кіріп келеді

Жүргізуші; Құрметті ата – аналар, қонақтар, балалар. Сіздерді келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен құтықтаймыз.

Құттықтау сөзін балабақшамыздың директоры Б.Ешметұлына береміз.

Келесі құттықтау сөз ата-анаға беріледі.

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ моншакқа бөлеп алды маңайды

Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық

Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.

Назерке: Ауыл маңы қар аппақ

Қызықтар көп не түрлі

Ақ дәптерді парақтап

Оразбек: Ақ қар жапты даланы

Ақ жамылды айнала

Жарқыратып шамдарын

Шырша келді ортаға

Диана: Жаңа жыл,Жаңа жыл

Жаңа жылға,Жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

Ажар: Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле,төрле жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын

Ән; «АППАҚ,АППАҚ ЖАПАЛАҚТАП»

Жүргізуші: Ой балалар, біз Жаңа жыл мерекесін тойлатып жатырмыз, ал Аяз атамен Ақшақар жоқ қой. Қояндарым, ұзын құлақтарым, сендер Аяз Ата мен Ақшақарды шақырып келіндер. Бірақ байқандар, қасқырға тап болмаңдар.

Қояндар шыршаны айналып шығады. Алдарынан қасқыр шығады.

Қасқыр: А-а қояндар, ұсталдыңдар ма? Мен сендерді жеп қоямын.

1 қоян: Жемеші бізді, біздің балалар саған өлең айтып береді.

Ән: «Қошақаным»

Қояндар қасқырдан қашып, шыршаны бір айналып шығады. Алдыларынан аю шығады.

Аю: А-а қояндар, ұсталдыңдар ма? Мен сендерді жеп қоямын.

2 қоян: Жемеші бізді, біз саған тақпақ айтып береміз

Аяна:

Ажар :

Жүргізуші: Ой қояндар, тез қайтіп келдіндер ғой?

1-ші қоян: Біз қасқырдан қашып кеттік.

2-ші қоян: Біз аюдан қашып кеттік.

Жүргізуші: Түсінікті. Енді не істейміз? Кімді шакырамыз?

Жүргізуші: Ендеше балалар Аяз Атаны бар дауыспен шақырайық.

(Балалар Аяз Атаны шақырады. Аяз Ата топқа келеді. )


Аяз ата: Ау амансың ба ұлдарым!

Амансың ба қыздарым!

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың.

Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан.

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан!

Өздеріңе оралдым,

Бар сыйлығым жоралғым.

Керемет бір ән тыңдап

Келіп тұр – ау демалғым.

Қасымда бар ақша қар

Ол да ренжіп қалмасын.

Бүлдіршіндер балалар,

Оған да әнің арналсын.

Ақшақар: Туу, қандай тамаша!

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Сәлеметсіңдер ме, қонақтар!

Шыршаларыңыз қандай әдемі?!

Иә, балалар, Жаңа жылдарың құтты болсын!

Далада қар борайды.

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады, қатады.

Жып-жылтыр боп жатады.

Амансындарма шырақтарым, армысындар балаларым.! Көп жол жүріп, тау-тау аралап, міне сендерге де жеттім.

Жүргізуші: Балалар бізге Аяз атамен ақшақар келді бірақ біздің бүгінгі кешімізге тағы не жетіспей тұр деп ойлайсындар.Шыршамыз жанбапты гой балалар.Қане барлығымыз бірге айтайық Шырша шырша жанады балаларды куантып. (3 рет)

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Аяз Ата, Ақшақар! Аяз Ата, жол жүріп шаршаған шығарсыз, біраз отырып дем алыңыз. Ал біздің қыздар сіздерге би билеп берсін.

Би: «АҚШАҚАРЛАР»

Сезім: Тамаша,тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

Іңкәр: Аспан жерге төгені

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап

Алинур: Жаңа жылда балалар

Тек қуаныш көріңдер

Ауырмандар ешқашан

Мықты болу өзіңнен

Дарын: Әкем таңдап әкелді

Ең үлпілдек шыршаны

Иісі жұпар шыршаны

Жарқыраған шыршаны

Аяз Ата: Жарайсыңдар балаларым, міне демалып қалдым. Енді мен сендердің билеріңді тамашалайын.

Жүргізуші: Әсем кештін ажары

Әсем бисіз кірмейді

Кіп-кішкентай бишілер

Мың бұрала билейді

Би : «КУКАРЕЛЛА»

Жүргізуші: Аяз ата біздің балалар көп тақпақтарды да біледі.

Арслан:Оралды өлкеме

Жаңа жыл армысың

Оранды ақ көрпе

Асқар тау қарлы шың

Айдос: Ақ қырауға малынған

Сақалыда мұрты да

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына

Аяна: Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын, жаңа жыл

Ата-әже, әке-шеше

Құтты болсын жаңа жыл

Сырым: Жаңа жылды қарсы алдым

Мініп алып күймеге

Менде бүгін ән салдым

Араластым биге де

Нұрай: Жасыл желен жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған.


Би: «БУГИ БУГИ»

Аяз Ата: Бәрекелді қояндар, жарайсындар. Ал балалар, енді менің қайтатын уақытым болды. Сау болыңдар балалар!

Жүргізуші: Осымен құрметті қонақтар, балалар, біздің «Қош келдің Жаңа Жыл» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сау болыңыздар



























ЖАҢА ЖЫЛ!


Жүргізуші: Сәлем бер адамдарға,

Аяулы аналарға,

Ардақты ұл-қыздарға,

Бүлдіршін балаларға,

Жарқырап жастар әні

Болсын той маскарады!

Құрметті ата-аналар , балалар мен қонақтар! Сіздерді келе жатқан 2010 жаңа жылдарыңызбен құттықтаймыз!

Саяжан: Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілде жақсылық.

Кетер жылға мың алғыс,

Әкелген көп жақсылық.

Тілеймін мен бәр әлемге

Дос көп болсын жанашыр

Ата - әже, Ата - әже,

Құтты болсын жаңа жыр!

Әке – шеше, Әке – шеше,

Құтты болсын жаңа жыл!

Алдар көсе: (Әндетіп, домбырамен)

Мен Алдармын, Алдармын

Сақалым болса тандардым.

Сақал тұрмақ, мұртта жоқ.

Талдауға кімді жолдармын

Жаңа жыл әзір келмейді.

Келе жатқан «жел» дейді

Шығайбайдың етін жеп

Алдарың бүгін өлмейді.

- Уа халайық! Сәлем бердім еліме! Жаңа жылға кешігіп қалмайын деп жүгіріп келдім. Мына шырша қандай әдемі алтын, күміс ойыншықтар ілінген екен. Балалардың киімдері қандай сәнді! Мен осы жылды балалармен қарсалайын. Балалар, білесіңдерме осы жылы барс екенін. Балалар осы шырша тойына сендер дайындалып келдіңдер ме ? Тақпақ айтасыңдар ма ? Ән саласыңдар ма ? Би билейсіңдер ме?

Жүргізуші: Осы қызықты өткізейік десек ортамызда кім жоқ ? Аяз ата, Ақша қар. Ал бірге шақырайық .

Аяз ата: Ау амансың ба ұлдарым!

Амансың ба қыздарым!

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың.

Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан.

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан!

Өздеріңе оралдым,

Бар сыйлығым жоралғым.

Керемет бір ән тыңдап

Келіп тұр – ау демалғым.

Қасымда бар ақша қар

Ол да ренжіп қалмасын.

Бүлдіршіндер балалар,

Оған да әнің арналсын.


Ақша қар: Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады қатады,

Жып – жылтыр боп жатады.

Аралайды бақшаны,

Үзілмейді жақсы әні.

Жауса , жаусын ақша қар,

Гүлдене бер бақшалар!

Би: «Ақша қарлар»

Ән: «Жаңа жыл келді»

І: Бізге жаңа жыл келді,

Аяз ата бірге енді.

Алақай айнала түрленді,

Балақай, би биле, тұрма енді.

ІІ. Ойыншықты мұншама,

Кім ілді екен шыршаға?!

Алақай, айнала түрленді,

Балақай, би биле тұрма енді!

ІІІ. Ырза бізге ата-ана

Ырза Аяз ата да

Алақай, айнала түрленді,

Балақай, би биле тұрма енді!

Аяз ата: Кәне, балалар енді тақпақ айтатын кез келді деймін!

Ақжол: Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей,

Қызыл, ала шапаны

Сағындым аяз атаны.

Оралама ол енді,

Айтар едік өлеңді.

Жылда шырақ келсе екен,

Бізге ойыншық берсе екен.

Айдос: Ақ қырау малынған,

Сақалы да, мұрты да,

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына.

Әлде қарлы боранды,

Тау басынан түсті ме ?

Аяз ата оралды

Ақ тон киіп үстіне.

Саяжан: Жаңа жылды қарсы алып,

Барлық бала ән салып.

Ақша қар жүр би билеп,

Қол соғады барша жұрт.

Шыршамызда керемет

Ойыншықтар тағылған.

Алыс жақтан келіп тұр

Аяз ата сағынған.

Аяна: Ақ көрпесін жамылып,

Ұйықтап жатқан дала бұл.

Балаларды сағынып,

Келді міне жаңа жыл!

Ал ақша қар –бұл анық

Ұқсайды аппақ мақтаға.

Асыр салып куанып,

Тұрғызайық ақ қала!

Олжас: Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді,

Бізге қарап жымыңдап.

Айнур: Аппақ бүгін, қыр далам,

Ақ дастархан жапқандай.

Халық біткен қарбалаң,

Қонақ күтіп жатқандай.

Аяулым: Ақша қарға малынып,

Аппақ тонын жамылып.

Күміс моншақ тағынып,

Аяз ата келеді

Балаларды сағынып.

Рауан А: Жақсы жаңа жыл келді,

Асқар таумен тұлғалас.

Біз осылай жылды енді,

Қарсы алайық бәріміз.

Алик: Куантып енді

Жаңа жыл келді.

Өсетін болдым

Бір жасқа енді.

Наргиз: Ақ таяғын тайанып

Таң мен бірге оянып

Аяз ата келіп тұр

Ақ күпіге оранып

Жанна: Ел құрметтеп, көп күткен,

Келді аяз – атамыз.

Келіңіздер, кел достар

Қазір ән айтамыз.

Рауан Н: Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген.

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқаймыз баршамыз.

Жансая: Берсін біздей балғынды,

Көңілденсін ол енді.

Шырқатайық, ән-жырды,

Шырқатайық өлеңді.

Ән: «Шырша әні»

І: Аппақ, аппақ жапалақтап,

DrawObject1 Қар жауады тынбастан

Қалың орман, қар жамылған 2 рет

Маужырайды түнгі аспан.

ІІ. Кең пейілді, мол мейірлі

Сағынышпен табысқан.

DrawObject2 О, алақай, аяз атай

Келе жатыр, алыстан 2 рет

ІІІ. Кел, билейік, үйренейік

Ол келгенше жаңа жыл.

DrawObject3 Құтты болсын, құтты болсын

Құтты болсын жаңа жыл. 2 рет

Ойын: «Орындық»

Жүргізуші: Балалар, ақша қарға арнап бір ән айтып берейік

Ән:

І. Уақыт мол бөлеміз,

Қыс қызығын көреміз.

Сары аязда шыңдалып

Шымыр болар денеміз.

Қайырмасы: Аппақ, аппақ, дала,

Аппақ ауыл дала.

Жапалақтап ақша

Жауа берсін, жауа.

Көңіліміз қаласа

Сыртқа шығып таласа

Қар атысып ойнаймыз

Қыстың күні тамаша!

ІІ. Жылда осылай келеді

Көп қуаныш береді.

Шашу етіп біздерге

Ақ күмісін төгеді.

Қайырмасы: Аппақ, аппақ, дала,

Аппақ ауыл дала

Жапалақтап ақша

Жауа берсін, жауа

Көңіліміз қаласа

Сыртқа шығып таласа

Қар атысып ойнаймыз

Қыстың күні тамаша!

Аяз ата: Балаларды шақырып,

Сендер жақсы тақпақ айтып, ән салып, би билеп куанттыңдар. Ал енді жұмбақ шешу білесіңдер ме?

Жұмбақ шешу: Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістей алады. (Аяз)


Қанаты жоқ, ұшады

Аяғы жоқ, желеді

Аузы жоқ ұлиды. (Боран)

Жазда болмайды

Қыста болады.

Терезеге қонады

Әсем ою салады. (Қырау)

Көктен түсіп көбейді

Ұқсайды өзі шекерге

Бірақ ешкім жемейді

Жерде жатыр бекерге

Ол не ? (Қар)

Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тонады. (Қар)

Отқа жанбайды,

Суға батпайды. (Мұз)

Би: «Шөжелер»

Аяз ата, Ақша қар:

Рахмет, балалар! жаңа жылды өздеріңмен қарсалып, көңіліміз қуанышқа бөленді. Келе жатқан барс жылы құтты болсын!

Алдар көсе: «Батасы».


















































Бекітемін:

Мектеп директоры: Е.А.Сатымбаев











Шағын орталық












2011-2012 жыл

Жүргізуші: Сегізінші Наурыз! Табиғаттың өзі де бұл күні біздің аяулы аналарымызды, сүйкімді қыздарымызды даңқа бөлеп турғандай. Наурыз айнының басында біздің елеміздің көптеген жерінде әлі де қар жатады. Бірақ көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. Бұл мереке тек көктем мерекесіне сай секілді. өйткені көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды. Ана бұл өте қассиеті мейрімді, жылы сөз. Ана деген әлемнің жан дүниесі, бастауы мен таусылмаитын жалғасы. Бұл сөз кімді де болса елең еткізбей қоймайды. Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген байтерегі өмірдің

Ана деген алтын қазық , алтын бақ.

Жүргізуші: Адақты аналар, апалар!

Мерекелеріңіз құтты болсын.

Сіздерге осы мереке тек ғана жақсылықтар әкелсін.

Осы мекекелерінізбен құтықтай отырып кішкентай бөлдіршіндеріміз аналарына деген жылы лебіздерін және шаттық күлкілерін сыйлайды. Сіздерге арналған сыйлықтарын қабыл алыныздар. Енді қымбатты аналар, балалардың музықалық сәлемдемелерін қабыл алыңыздар.

Ән: «Анама»

Балапан: Қымбаты да аяулы аналар мерекелерініз Құтты болсын!

Әлемдегі ең сұлу, ең мейрімді, ең қамқор адам

Осы отырған сіздер

Дендеріңіз шат болып, әрқашан аманболайық!


Жүргізуші: Амансыңба Балапан

Ұлан байтақ елімізге қош келіпсің!


Балапан: Шіп –шіп , шөжелерім

Сары Алтындай, балапаным

Тез жетіңдер, жем берейін,

Дәнге толы алақаным.

Ал енді аналар

Ал балалар аналар мен әжелерге, сыйлық ретінде «Шөжелер» биін билеп берейік.


Хор: «Құттықтаймын мама туған күніңмен»


Боран ағайға сөз


Жүргізуші: Ананың әр бір сөзі жылылыққа толы,

Ананың көз нұры тастай мұзды жібітеді.

Сүйкті аналар сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.


Жұлдыз: Анам менің сүйкімді

Қарақаттай көздері

Жаныма жылы тиеді

Ақылмен айтқан сөздері.


Ақерке: Анам, анам, анам ғой.

Балам десе, барам ғой.

Көп қатемді кешірген,

Ақ сүтім өсірген.


Мади: Маған соқпақ, маған жол,

Созам мәңгі саған қол

Айналайын, анашым,

Аман болшы, аман бол.

Алина: Тосып тәтті дәмдерін,

Ол бар жерде бол жедім.

Мен ұйқтарда айтады

Ертегісін, әндерін.

Аделя: Жақсылықтан жаралған

Қушағы оның – таң мекен

Менің айдай анамнан

Асқар сұлу бар ма екен?!

Жанеля: Жердегі бар тағамнан

Ана сүті нәрлі екен.

Бұл жалғанда анамнан

Сүйікті адам бар ма екен?!

Жер бетінің ғұмыры

Күн нұрымен арайлы

Алиша: Апашым мейрамыңмен құттықтаймын

Айтатын ән, беретін гүлім дайын

Апатай сені жақсы көремін деп

Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.

Мейрам: Бірімізге анасың

Біз үшін көп жанасың

Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын анашым.

Данияр: Әжем менің әліде

Ұқсамайды кәріге

Шай қайнатып береді.

Қажет болса бәріне.

Дильназ: Әжеміздің мейрамы

Анамыздың мейрамы

Әлемдегі ақ сары

Қара қыздың мерамы.

Алибек: Құрт пен майын жинаған

Балаларға сыйлаған

Бұл әжемнің өмірі

Таусылмайтын жыр маған.

Би: «Қара жорға»

Хор: «Қошақаным»

Би: «Полька»

Би: «Қамажай»

Жүргізуші: Қымбатты да аяулы аналар мерекелеріңіз құтты болсын!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 ақпан
440
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі