400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа жыл, жаңа жыр

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңа жыл мерекесіне арналған сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жаңа Жыл, жаңа жыр»

/сахна сыртында/

1.Тауда туып тау да өскен

Шырша келді ортаға

Бәріміз бір дауыспен

Дейік енді шыршаға

2.Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз

Би билейік баршамыз.

Қуант бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат.

1 жүр:   Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Аппақ мамық орап алды маңайды.

Жаңа жылдық жаңа жылдық шыршаға

Барлық бала таңдана кеп қарайды

2-жүр:Армысыңдар,  халайық,

Бармысыңдар, халайық,

Жаңа жылды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

1-2 жүр: Тілейміз біз бар әлемге,

Дос көп болсын жаңа жыл.

Уа, халайық баршаңызға

Құтты болсын жаңа жыл!

1-жүр:

Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.


2- жүр: Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!

Жаңа жылдық алғашқы құттықтау сөз кезегін мектеп басшысы: Қожахметов Талғат Байғалиұлына беріледі.

1 жүр: Инабат, байқаймысың, бұл кеште біздің достарымыз көрінбейді ғой. Мына шырша жанындағы қаптың ішіндегі не болды екен?

2 жүр: Мүмкін біздің достарымыздың жасаған сыйы болар. Қане ашып көрейік.

Қане сен ашып көр. Мүмкін мыстан болар деп қорқып тұрмын.

1 жүр: Жарайды. Екеуміз 1 2 3 дегенде екі қаптың ауызын бірге ашайық. 1 2 3.

Клоун: Сәлем саған туған ел!

Клоун: Сәлем жас достар!

Ой біздің достарымыз көрінбейді ғой. Жүр ертіп келейік.

/Би биленеді/

Жаңа жылдық кешімізге Күлмес хан қонақта.

1-жүр:Ертегі.Ерте, ерте ертеде Ешкі жүні бөртеде. Күлмес хан деген хан болыпты. Бір күндері Күлмес ханның ауылына жау шауып, елі көп қырғанға ұшырайды. Елінің ауыр халін кқрген хан төсек тартып жатып қалыпты. Қол астындағы барлық уәзірлер ханның халін көтеру үшін көптеген мереке жиындар өткізеді.

Бір күні уәзірлері Хан ием көрші ауылда жаңа жыл кеші өткелі жатыр екен. Сол балалардың өнерін тамашалап келейік. Хан жарайды. Барсақ барып қайтайық дейді.

2- жүр: Хан келеді Халайық! Хан ием келеді.

Қош келдіңіз Хан ием біздің ауыл жаңа жылдық кешін тойлағалы жатыр. Сол балалардың өнерін тамашалаңыз, сонда сіздің көңіліңіз көтеріледі деп ойлаймыз.

Хан: Бұл қандай кеш менің рұхсатымсыз өтіп жатқан. Бұл кештің өтуіне мен қарсымын. Менің қоятын үш шартым бар. Сол шартым орындалса ғана кешті бастауға рұхсатымды беремін. Уәзір!

Уәзір: Дат тақсыр. Менің шартымды оқы.

Уәзір ханның шартын оқиды.

Хан иемнің 1- шарты . «Спорт – денсаулық кепілі» демекші Кеш басталмас бұрын денемізді қыздырып алайық.

ІІ шарты: Мені таң қалдыратын кімнің қандай өнерлері бар екен.


ІІІ шарты: Бүгінгі кештің басты қонағы кімдер. Шақырыңдар соларды.

1-жүр: Қараңыз мынау шыршаға

Неткен әсем көрікті

Жаңа жылдық шыршаға

Барлық бала келіпті.

Иә, Инабат бүгінгі күні барлық жерде шырша тойы тойлануда. Біздің мектебімізде де сол шырша тойы толанып жатыр. Шыршаға келген балалардың да қуанышын да шек жоқ. Олай болса шырша тойын бастайық, балалар!

2- жүр: Бастасақ, бастайық!

Тектен-текке тұрмайық,

Жаңа жылға біз лайық

Барлығымыз қосылып,

Шырша әнін жырлайық.

Ал балалар барлығымыз шыршаны айналып шырша туралы әндер айтайық

2 жүр: Күміс, Аяз атамызбен Ақшақарымыздың да келетін уақыты таяп қалған сияқты.

1-жүр: Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып

Келеді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

Келеді Аяз атамыз

Қасында ақша қары бар.

Өнелеріңді көрсетіп,

Түрлі сыйлық алыңдар.

2- жүр: Ал, балалар барлығымыз Аяз атамен Ақшақарды қарсы алайық.

Қош келдіңіз,Аяз ата, 3 рет

Қош келдіңіз, Ақша қар. 3 рет

/Аяз атаны қарсы алу/

/Өнерлерін көрсетеді./

Хан:Жарайсыңдар балалар мен сендердің өнерлеріңді көріп тамсанып отырмын. Өнерлерің үстем болсын!

1 жүр: Уа халайық, халайық

Ескі жылдай аға бар

Оны ортаға шақырып

Қош айтысып қалайық.

Бұл не тұрыс балалар, ескі жылды ортаға шақырып қош айтысып қалайық. Ескі жыл сіз бізбен 364 күн, 364 түн бірге болдың, біздің сізге өкпеміз жоқ. Өзіңіздің айтар тілегіңіз бар ма? /сөзін айтады/

2- жүр:Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам мол болсын.

Төрлет, төрле, жаңа жыл,

Бізге құтты жол болсын!

Олай болса, Балалар Жаңа жылды қарсы алайық! Қош келдің, Жаңа жыл! /сөзін айтады/

1 жүр: Аяз атамыздың да кететін уақыты таяп қалған сияқты. Атамызбен, Ақшақармен қош айтысып, шығарып салайық.

Сау болыңыз Аяз ата. 3 рет. Сау болыңыз Ақша қар. 3 рет.

Хан: Уәзірлерім тағы қай жерде жаңа жыл кеші болып жатыр. Соны біліп келіңдерУәзір: Аяз ата мен Ақшақар көрші ауылдың жаңа жыл кешіне кетіп бара жатыр екен. Хан: мені де сол жерге апарыңдар. 1 –Жүр:Күлмес хан халықтың көңілді жүздерін көріп, бақытты ғұмыр кешіп, ауруынан айыққан екен дейді.

2 – жүр: Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақыт боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп жаңа жыл.
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.


1.Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

2.Денсаулықтарыңыз мықты болсын

1. Аспандарыңыз ашық, жұлдыздарыңыз жарық болсын!

2. Егеменді еліміз көокейе берсін!

1. Жаңа жылда жаңа табысқа жете беріңдер!

Бірге:Жаңа жыл бәріміз үшін мерекелі де, берекелі жыл болсын!

Келесі кездескенше қош сау болыңыздар.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 қараша
526
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі