400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Жаңа жыл, жаңа нұр» сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Би: 11-сынып оқушыларының орындауында «Seve tez» биі.

1-жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар сіздерді жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

2-жүргізуші: 11-сынып оқушыларының 2017 жыл Тауық жылына арналған «Жаңа жыл, жаңа нұр» атты кешіне қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Жаңа жыл - туындаған жаңа, армандар,

Жаңа жыл - шуылдаған жаңа ормандар

Ол мынау мәңгі - бақи жаңа дүние,

О, салем, жаңа жылда жаңарғандар.

2-жүргізуші: Жаңа жыл желтоқсанның ақ қарында,

Көктемнің балбұл қанат бастарында.

Әрқашан мен жаңа жыл аңсап қалам;

Достарым алыс кеткен шақтарында.

1-жүргізуші: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар, құрметті ата - аналар, қадірменді қонақтар мен оқушылар.

2-жүргізуші: Бүгінгі біздің «Жаңа жыл, жаңа нұр» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.

1-жүргізуші: Жолым даңғыл, шығады даусымда айқын,

Айтарымды келемін таусып айтқым.

Айналайын жаңа жыл тілек сенен,

Бақыт әкел халқыма таусылмайтын - алғашқы сөз кезегін мектеп директоры Сарсенбаева Камила Аманбайқызына сөз беріледі.

2-жүргізуші: Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,

Жаңа табыс тілейік ісімізге

Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,

Мына отырған барша жан бәрімізге - дей келе 11-сынып оқушылардың орындауында «Жаңа жыл» әнін қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды  маңайды.

“Жаңа жылмен құттықтаймын”деген үн,

Қанаттана кең алқапқа тарайды

2-жүргізуші:  Аппақ бүгін қыр, далам,

Ақ  дастарқан жапқандай

Халық біткен қарбалап

Қонақ күтіп жатқандай - дей келе көрініске берсек.

Көрініс: «Үйлену»

1- жүргізуші: Көңілде көп қуаныш

Әр көңілде-жақсылық

Кетер жылға мың алғыс

Әкелген көп жақсылық - дей келе ойынға берсек. Ойын:

1-жүргізуші: Арулар неткен сымбатты,

Ғажайып нұрға бөленген.

Жаңа жылда қыздар үн қатты,

Мың бұралған биімен – деп қыздарымыздың орындауында «Уақытқа сыр» испан биін тамашалаңыздар!

2-жүргізуші: Көптен күткен жаңа жылдық сыйлық билеттерін ойнатайық.

1 – 20-дейін билет ойнату.

Жалпы би.

1-жүргізуші: Жаңа жыл сыйлар бізге көп ғажайып,

Тек ілгері басайық тоқтамайық!

Жасыл өңін бермейтін шыршалардай,

Мәңгілік шат - шадымнан боп қалайық! - келесі тамашалайтындарыңыз көрініс «Тастандылар»

2-жүргізуші: Жүзімізде күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз-дей отырып кезекті ойынға береміз. Ойын:

1-жүргізуші: Кел, төрле, жаңа жылым жаңа бағым!

Қуанышты жұмыр жердің сан адамын.

Сен келсең, үміт отын жандыра кел,

Ойда күдік қалмасын, санада мұң - дей келе Айдар Берік пен Марат Майраның орындауында «Сәлеметсізбе» әнін қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші: Жүзімізде күлгі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз – ендігі кезекте 8-сынып оқушыларының көрінісі.

1-жүргізуші: Төрлетіңдер, төрлетіңдер,

Шырша сәнін көріңдер.

Әсем ән мен би билеп,

Күй жырларды төгіңдер. - дей келе қыздардың орындауында «Заманауи» биі.

2-жүргізуші: Енді, лотерияға берсек 20-40

Жалпы би.

1-жүргізуші: Жаңа жыл сыйлар бізге көп ғажайып,

Тек ілгері басайық тоқтамайық!

Жасыл өңін бермейтін шыршалардай,

Мәңгілік шат – шадыман боп қалайық!

Келесі тамайшалайтындарыңыз көрініс «Қара түйме».

2-жүргізуші: Бізге қарай келеді,

Тауық жылы жылыстап

Келді жылым бақытым

Кемелденді уақытым

Сәлем тауық жылы, жаңа жыл

Жаңа бақыт, жаңа думан, жаңа жыр - дей келе келесі кезек ойынға берсек. Ойын:

1-жүргізуші: Өтсін солай жаңа өмірдің күндері,

Шарпымасын жүректердің мұң лебі

Жарқылдасын жаңа жылдың оттары

Таусылмасын жаңа жылдың дүрмегі - дей келе Айдар Берік пен Марат Майраның орындауында «Болайық бірге» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Енді, лотерияға берсек 40-60

Жалпы би.

1- жүргізуші: Асқақтаған ән дайын,

Күмбірлеген күй дайын.

Ал кәнекей, Қырандар,

Босқа қарап тұрмаңдар.

Бастап жігіт өнерін,

Алыстарға самғаңдар - дей келе көрініске берсек. Көрініс: «Олимпиада».

2-жүргізуші: Жаңа жыл-туындаған жаңа армандар,

Жаңа жыл - шуылдаған жаңа ормандар.

Ал мынау-мәңгі бақи жаңа дүние,

О, сәлем жаңа жылда жаңарғандар - дей отырып кезекті ойынға береміз. Ойын:

1-жүргізуші: Би билейік бұралып,

Қыздар тұр сұранып.

Мен де тұрмын құр қалып,

Шаттанайық қуанып дей келе 9-сынып оқушыларының орындауында “Флешмоб” биі.

2-жүргізуші: Барлық жолдар бір тілекке қосқан үні,

Бақытты боп бастады жыл дастанын,

Қуанышпен келеді той боп жаңа жыл,

Құтты болсын, жаңа бақыт, жаңа нұр! - дей келе Марат Майра мен Тұрлыбек Аяулымның орындауында «Жұлдызым» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Енді, лотерияға берсек 60-80

Жалпы би.

2-жүргізуші: Асқақтаған ән дайын,

Күмбірлеген күй дайын.

Ал, кәнекей, қырандар,

Босқа қарап тұрмаңдар.

Бастап жігіт өнерін,

Алыстарға самғандар – дей келесі кезекте көрініс. Көрініс:

1-жүргізуші: Жаңа жылда биік ұста еңсеңді,

Не тілесең жарылқайды деуші – еді.

Жақсылықтың көк терегі жайқалсан,

Жамандықтың шіріп темір тірегі.

Келесі кезекте ойынға берсек. Ойын:

2-жүргізуші: Қане, жастар, күлкімен толсын,

Әрқашан мерекелік көңіл болсын.

Кеудеміз күмбірлеген күйге толып,

Жаңа жыл мерекесеі құтты болсын! – ендігі кезекте 10-сынып оқушыларының көрінісі.

1-жүргізуші: Барлық жолдар бір тілекке қосқан үн,

Бақытты боп бастады жыл дастаның.

Қуанышпен келді той боп жаңа жыл,

Құтты болсын, жаңа бақыт, жаңа нұр! – дей келе кезекте биге берсек.

2-жүргізуші: Енді, лотерияға берсек 80-100

Жалпы би.

1-жүргізуші: Қане қарап тұрмайық,

Костюмдерді қорғайық.

Ал, бәріміз қолсоғып,

Қошеметтеп тұрайық. /Костюм қорғау/

2-жүргізуші: Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса!

Басында әсем жұлдыз

Көз тоймайды қараса

Жасыл шырша жанында

Ән шырқайық жаңаша - дей келе Айдар Берік пен Марат Майраның орындауында «Бала махаббаты» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:Құрметті достар!

2-жүргізуші: Қадірлі ұстаздар, қонақтар!

1-жүргізуші: Осымен сіздерге арналған «Жаңа жыл, жаңа нұр» атты ойын – сауық кешіміз аяқталды.

2-жүргізуші: Келесі кездескенше қош сау болыңыздар. Амандықта жүздесейік. Әрбір жанұяға береке – бірлік, шаттық – қуаныш, бақыт тілейміз.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
587
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі