400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Жаңа жыл келе жатыр

Материал туралы қысқаша түсінік
музыка жетекшілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңа жыл келе жатыр! (ортаңғы топ)



Көңілді музыканың суйемелдеуімен балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап залға кіреді, шыршаны қоршап, өлең шумақтарын оқиды.

Бүгін бізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайың.

Көргендер де, көрмегенде арманда

Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,

Ай жүзіндей айшықтанып арайың.

Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,

Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

Ақшақар

Жаңа жыл-жаңа әннің тербелуі

Жаңа жыл-ақ арманның өрленуі.

Жаңа жыл-партадағы лүпілдеген,

Кішкентай шәкірттердің....

Балалар: Ержетуі.

Жүргізуші:

Шырша бізді күтіп тұр,

Әнімізді әсем бір.

Шырша туралы ән

Жүргізуші:

Жаңа жыл-бұл жаңа нұр

Нұрдан ләззат ала біл.

Ақын жазар жаңа жыр,

Жырдан тыңда терең сыр.

Музыканың сүйемелдеуімен Қоян шығады.(ересек)

Қыс:

Сәлем, менің достарым!

Бәріңді құттықтаймын,

Жаңа бақыт, Жаңа жылмен,

Қарлы ауа райымен!

Жүргізуші:

Қыс келгеніне қуаныштымыз,

Қазір өзіңе ән шырқаймыз!

Қыс туралы ән.

Қыс:

Ойнағандарың жетер қармен,

Бастайықшы балды енді?

Қонақтарды шақырып қойдық...

Ұмытпадық па ешкімді?

Ақшақар, пошташы қояндарды шақыршы!

Қолдарында сөмкесі бар екі қоян Ақшақарға жүгіріп келеді.

Ақшақар:

Қояндар, орманға секіріңдер,

Бәріне шақырту беріңдер!

Қояндар: Тыңдаңдар! (Сәлем беріп, музыканың әуеніне қарай секіреді).

Қыс(қолына сиқырлы айнаны алып). Қысқы балға дейін бірнеше минут қалды. Ендеше менің сиқырлы айнама қарап, оған орман тұрғындарының қалай дайындалып жатқанын көрейік.

Қояндар жүгіріп шығып, «Түлкі мен қояндар» әнін орындайды. Шыршаның астынан Түлкі шығып, айнаның алдында айналып, киімдерін көреді, әндетеді.

Қыс:

Айнаның алдында майысып,

Әлі тұр-ау түлкіміз!

Көйлегі неткен әдемі,

Қызығамыз оған біз!

Түлкі:

Мен-орман сұлуымын.

Мен нағыз ханшайыммын,

Құйрығымды таранып,

Қасқырға қонаққа асығамын.

Ол, әрине, таң қалар,

Мен сәнді Түлкімін.

Қояндар Түлкіге былай дейді.

Қоядар:

Міне, балға шақырту,

Қандай енді шешімің?

Айтыңдаршы тезірек:

Сонымен қайсың келесің?

Түлкі:

Иә! Кешікпей келемін,

Қояндар, сау болыңдар!

Шыршаның астынан торайлар Хрюша анасымен бірге шығады.

Қыс:

Хрюша тәтеде қонақтамыз,

Сабынмен құлақтарымызды жуамыз,

Пастамен тістерімізді тазалап,

Қалпақ, қостюмдерімізді киеміз

(мәтін бойынша қимылдарды орындайды).

Торайлардың «Зеленые ботинки» әні.

Музыканың сүйемелдеуімен қояндар шығып, торайларға жақындайды.

Қояндар:

Міне, балға шақырту,

Қандай енді шешімің?

Айтыңдаршы тезірек:

Сонымен қайсың келесің?

Торайлар:

Иә! Кешікпей келемін,

Қояндар, сау болыңдар!

Шыршаның астынан қолдарына тәрелке ұстап алған тиіндер шығып, оларды қояды.

Қыс:

Ал, енді тиіндерге барайық,

Тәрелкелерді жуып па, қарайық.

Жан-жақта қандай тазалық,

Ах, бұл неткен сұлулық!

Тиіндер:

Біз жинап жаңғақтар,

Бәліштер пісіреміз.

Келіңдер бізге түскі асқа,

Тәттімізден дәм татыңдар!

Тиіндер биі.

Қояндар жүгіріп келеді.

Қояндар:

Міне, балға шақырту,

Қандай енді шешімің?

Айтыңдаршы тезірек:

Сонымен қасың келесің?

Тиіндер:

Иә! Кешікпей келемін.

Қояндар, сау болыңдар!

Қояндар тиіндермен бірге шыршаның артына жүгіріп кетеді, шыршаның алдына Ақшақар шығады.

Ақшақар:

Бәрін шақырдыңдар ма, қояндар?

Ешкімді де ұмытпаңдар?

Ал Аяз атаның үйіне

Қонаққа барып қайтыңдар?

(қояндар жауап береді).

Қыс:

Аяз ата ойды қырды,

Аралап жүр түгел шолып.

Қарсы алғалы Жаңа жылды,

Ол да көптің бірі болып.

Онда шақырайық оны:

Аяз ата, Аяз ата!

Барлығы Аяз Атаны шақырады. Музыканың сүйемелдеуімен Аяз ата кіреді. Балалармен амандасып, Ақшақармен қар лақтырып ойнайды, шыршаның шамдарын жағып, барлық балаларды хороводқа шақырады.

«На праздник Новогодний» хороводы М.Еремеева

Аяз ата:

Естіп жатырмын,

Естіп жатырмын,

Келе жатырмын, келе жатырмын

Жаңа жылдарыңмен,

Жаңа жылдарыңмен!

Балаларым, балғыным,

Өмір гүлім, шалғыным.

Тілегенім жыл бойы,

Сендердің денсаулығың.

Амансың ба ұлдарым?

Аппақ ару қыздарым?

Мен сендерге әкелген,

Құтты болсын жылдарың!!!

Балалар қозғалмай әртүрлі қалыпта тұрады. Аяз ата мұз мүсіндерге атау ойластырады, олардың сұлулығын тамашалайды. Музыканың сүйемелдеуімен балаларға «жан бітіп», көңілді билейді. Аяз ата сөздерін тағы қайталайды: «Бір, екі, үш....», ойын 2рет қайталанады және балалардың биімен аяқталады.

Қыс: Аяз ата, көрдің бе, біздің балаларымыз батыл!

Аяз ата: Шынымен де, өте батыл екен, жарайсыңдар!

Автокөліктен дыбыстық белгі беріледі.

Аяз ата: Балалар, естідіңдер ме, бізге біреу келді. Есіктің сыртында «Мерседес» тұрған сияқты? Барып маңызды қонақтарды қарсы алайын.

Қыс:

Ертегілер елінен,

Қонақ бізге келді.

«Ехал поросенок на рассвете» әнімен (муз мен сөзі А.Усачев) торайлар мен Хрюша қолдарына меңгерік ұстап шығады, би композициясын орындайды. Соңында оларға қолына «Қозғалысқа тыйым салынған» белгісімен Қасқыр-полиция келеді.

Қасқыр: Торайлар, сендер жол қозғалысы ережесін бұздыңдар. Сендер «кірпіштің» арасынан өтіп кеттіңдер.

Торайлар: Кешіріңдер, біз оны байқамай қалдық.

Қасқыр: Жүргізуші Наф-Наф! Айыппұл төлеңіз!

Торайлар: Ал бізде ештеңе жоқ!

Қасқыр: Сендерді түскі асқа жеймін! (торайлардың артынан жүгіріп, оларды ұстап алғысы келеді).

Аяз ата торайларды құтқарады, оларды артына тығады.

Аяз ата: Қасқыр, торайларды кешірші. Енді олар жол қозғалысы ережелерін бұзбайды. Рас қой, достар? (торайлар жауап береді). Енді орындарыңа барыңдар. Ал сен, Қасқыр өз «кірпішіңді» көшеге апар да, қар ұшқындарына шыршаны айнала ұшуына рұқсат бер. Ақшақар! Барлығын қар вальсіне шақыр.

Қар ұшқындары вальсі. (муз А.Филиппенко)

Балалар ақ айдаршықтармен билейді, соңында жұптасып тоқтап, «бұрылыстар» жасайды.

Аяз ата:

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.

(қар ұшқындары Аяз атадан қашып кетеді).

Ақшақар: Аяз ата, балаларға жұмбақ жасырайық.

Аяз ата: Ал, бірінші болып жасыр.

Ақшақар:

Жауымнан мен қашқанда,

Ағаштарға самғап бағам,

Ал қарным ашқанда,

Отырып ап жаңғақ шағам.

Балалар: Тиін!

Аяз ата: Менің жұмбағым мынадай

Қамыс құлақ, қасқыр сирақ.

Серке құйрық, қашса, жүйрік.

Балалар: Қоян

Аяз ата: Ал сендердің араларыңда батыл қояндар бар ма? Оларды көргім келеді.

Қояндар Аяз атаның алдына сапқа тұрады.

Қыс:

Қояндарымыз қатарға тұрды,

Келеді олардың ән алғысы.

Батыл қояндар әні. Л.Олифирова

Қасқыр жүгіріп шығады да бәрін қуады.

Қасқыр: Ән айтқан кім?

Қоян: Мен

Қасқыр:

Менің үйшігімде шуылдап,

Неге сонша ән айттың

Қане, қоян, айтшы?

Қоян:

Есік ашып нұр гүлге,

Келді Жаңа жыл міне.

Ғасырлардың тоғысы,

Тоғыстырды бізді де.

Қасқыр: Сол үшін сені жеп қоям(қоянды қуып жетеді).

Аяз ата: Қасқыр, неге сонша ашуланасың? Біресе торайларды, біресе қояндарды қуасың. Қазір сені сол қылығың үшін қапқа салып, орманға апарып тастаймын.

Түбі жоқ қапты алып, онда Қасқырды отырғызады. Қаптың аузын түйіп, арқасына салады. Бала қаптан сырғып шығып, қашып кетеді.

Аяз ата: Қабым жеңілдеп кетті. Ештеңе түсінсем бұйырмасын. Ах, міне, гәп қайда! Қасқыр қапты тесіп, қашып кетіпті. Ол жақ қазір суық, қараңғы, менің жұмбағыма сәйкес келеді:

Ақ қонақ, қара қонақ,-

Бірін-бірі қуады,

Кезек келіп тұрады. (күн мен түн)

Күтпеген жерден жарық сөніп, сәуле шашқан айналы шар қосылады.

Аяз ата: Ой, бұл не балалар? (балалардың жауаптары). Тапа-тал түсте нағыз түн. Бізге мұндай тосын сый жасаған кім?

Періште: (шыршаның артынан шығады)

Мен-Періштемін,

Бала бар ма мені білетін,

Мені ұмытпаған шығарсыңдар,

Шақырмасаңдар да келдім.

Қыс: Біздің пошташы қояндар сізді шақырғысы келген, бірақ таба алмады. Сіз ылғи жұмыстасыз; бірде жұлдыздарды тазаласаңыз, бірде аспанды сыпырасыз...

Періште:

Жұмысымды ұнатамын,

Жан-тәніммен кірісемін.

Жұмысымда бәрін ұмытамын,

Балдың болатынын естімедім!

Неге мені шақырмадың,

Сендерге мен ренжідім!

Осы кезде қарша қыздар жұлдыз кимін киеді.

Аяз ата:

Сиқыршымыз ашулы,

Бәрімізге бүгін.

Басайық ашуын,

Аулап оның көңілін.

Таңғы асқа бізге,

Сиқырланған әкелді банан.

Ал оның орнына,

Басталып кетті боран....

Желдің гулі естіледі.

Аяз ата: Ох, қандай боран келе жатыр! Өте де, жүре де алмайсың! Ханым, мына табиғат апатының алдын алып, бізге ашық, сәулелі күнді қайтара алмайсың ба?

Періште: Кедергі келтірмеңдер!

Қыс: Қымбатты сиқыршы, бізге ашуланбаңыз! Жұлдыздарды орнына қайтарыңыз. Олар сондай керемет, таза әрі мейірімді, дәл сіз секілді, қымбатты Періште.

Боранның дыбысы басылады.

Періште:

Қандай жылы сөздерің,

Әдемісіңдер өздерің.

Ал ұшыңдар, самғаңдар,

Жұлдыздарды жіберемін!

Періште мен Жұлдыздар биі орындалады. Соңында олар шыршаның артына тығылады.

Қыс:

Жұлдыздар, рахмет саған,

Періштем, рахмет саған!

Адамдармен өмір сүрген жақсы,

Жан-жағына шуақ шашқан.

Аяз ата: Бізден тығылмаңдар, мұнда келіңдер, сендерді тамашалайық.

Періште мен Жұлдыздар шығады, қолдарына үлкен жұлдызды орамал ұстап алған.

Періште: Аяз ата, біз сізге сиқырлы орамал сыйлаймыз. Ол сіздің кез келген тілегіңізді орындайды. Тек оны үстіңізге жамылсаңыз болды!

Аяз ата: осы сиқырлы орамал осы керемет мерекеге келгендердің бәрінің тілегін орындасын. Балалар, көздеріңді жұмып, дауыстап онға дейін санаңдар. Жұлдызды орамал, барлық балалардың тілегін орында. Бәрің көздеріңді жұмдыңдар ма? Бірге санаймыз!

«Жұлдызды орамал» ойыны

Балалар санайды. Тәрбиеші орамалдың астына үлкен жұмсақ ойыншық-Ешкіні тығады(жыл белгісі). Балалар орамалды көтеріп, ойыншықты көреді. Аяз ата ешкінің орамалдың астына қалай кіргеніне таң қалады. Балалардың бәрі көздерін жұмады және беске дейін ғана санады деген ойын айтады. Ол балалардан көмек және шарттарын орындауды сұрайды. Балалар көздерін жұмып, дауыстап санайды. Тәрбиеші орамалдың астына сыйлықтарды жасырады. Санап болғаннан кейін Періште мен Аяз ата балаларға орамалды көтеруді ұсынады. Балалар оның ұшынан ұстап, көтереді және сыйлықтарды тауып алады.

Сыйлық тарату. Аяз атамен қоштасу.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
429
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі