400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа жыл кеші

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жыл кешін қызықты өткізу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңа жылым, құт- береке әкелсін!

Өтетін күні:24.12.2019.ж

Уақыты: 10:40

Балалар әуенмен ән-күй залына кіреді.

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ата- аналар, балалар жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жыл тек жақсылық, бақыт пен берекесін ала келсін.

Өлең де әзір, ән әзір,

Ойын да әзір, бәрі әзір.

Кел жаңа жыл,біздерге

Кел жаңа жыл, жаңа жыл!-дей отырып

«Жаңа жылым құт-береке әкелсін» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Міне тағы тұр келіп,

Жаңа бір жыл балалар,

Төрімізге ол орныққан,

Бақыттымыз, сәндіміз,

Жаңа жылды сондықтан,

Құттықтаймыз бәріміз- дей келе, «Жаңа жыл!» әнімізді қабыл алыңыздар.

Ән: « Жаңа жыл!»

Жүргізуші: Балалар қазір қандай мезгіл? Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Жүргізуші:

Жарайсыңдар балалар, олай болса осы қыс мезгілінде «Қызылтелпек» жаңа жылды қалай қарсы алды екен? Соны тамашалайық.

Ертегі: «Қызылтелпек»

Ерте, ерте, ертеде «Қызылтелпек» деген бір қыз өзінің әжесімен бірге тұрады.

Бір күні жаңа жылды жақсы көңіл күймен, әдемі де әсерлі қарсы алғысы келген әжесі Қызылтелпекке:

Әже: -Қызым айналайын құндызым, сен орманға барып бір әдемі шырша тауып әкелші, жаңа жылды жақсы көңілмен қарсы алайық.

Қызылтелпек : -Жарайды, әжетай,барайын.

Осылайша Қызылтелпек жолға шығады. Ол орманда ән салып келеді.

Мен орманда келемін,

Әсем шырша іздеймін.

Жаңа жылды әдемі ,

Думандатып қарсы аламын. (Алдынан тиін шығады.)

Тиін: - Әй, Қызылтелпек амансың ба?

Қызылтелпек: -Сәлем тиін.

Тиін: -Сен қайда барасың? Орманда не іздеп жүрсің? Неге жалғыз жүрсің?

Қызылтелпек: -Мен шырша іздеп жүрмін. Маған көмектесші, мен сені қонаққа шақырамын.

Тиін: -Жарайды мен саған көмектесейін, жүр екеуміз бірге іздейік.

(Екеуі бірге іздеп кетеді. Алдарынан қоян шығады.)

Қоян: - Сәлем,сәлем сендер қайда барасыңдар?

Тиін: -Сәлем қоян . Біз шырша іздеп жүрміз.

Қызылтелпек: -Қаласаң бізбен бірге жүр. Бірге жаңа жылды қарсы алайық.

(үшеуі келе жатады. Алдарынан арыстан шығады.)

Арыстан: -Сәлем достар, сендер орманда не іздеп жүрсіңдер?

Қызылтелпек: - сәлем, біз шырша іздеп журміз. Бізге көмектесші. Біз сені үйімізге шақырамыз. Жаңа жылды бірге тойлаймыз.

Арыстан: - Келісемін. Бірақ мына орманнан әдемі шырша табу өте қиын. Менің досым бар. Ол ағаштан ағашқа секіріп жүреді. Сол досымды шақырайын. Арыстан ысқырып Маймыл досын шақырады. Маймыл келеді ағашқа секіріп секеңдеп жүріп.

Маймыл: - Сәлеметсіңдерме достар, Арыстан досым мені неге шақырдың?

Арыстан: - Ау, достым мына менің достарым шырша іздеп жүр екен.

Осы ормандағы ең әдемі шыршаны тауып берші.

Маймыл: - Мен тауып берем-ау, ол әдемі шырша Жолбарыстың апанының жанында. Менің жолбарысты мазалағым келмейді.

Арыстан: - Ой, ол да менің досым ғой.Жүріңдер одан барып сұрап алайық.

Қызылтелпек: - Жолбарысты да жаңа жылға шақырайық.

Тиін: - Иә, иә, шақырайық досымыз көбейсін. Барлығы жолбарысқа келеді

Жолбарыс: - Ооо, менің досым келіпті ғой. Сәлеметсің бе? Жай жүрсің бе? Қасыңдағылар кім? Орманнан не іздедіңдер?

Арыстан: -Сәлем досым ,Бұлар менің достарым. Бізге сенің апаныңнын қасындағы шырша керек еді.Соны бересің бе?

Қоян: - Жаңа жылды Қызылтелпектің үйінде қарсы алмақшымыз. Шырша соған керек.

Жолбарыс: - Қандай керемет, менің де мерекеге қатысқым келеді. Менде қатысайыншы.

Тиін: -Қызылтелпек жолбарысты да шақырамыз ба?

Қызылтелпек: -Иә, тиін. Ол да мереке тойлауға келсін.

Жолбарыс: -ол шыршаны қалай аламыз? Шыршаның тамыры өте қатты және тереңде. Бізге күші көп аю ғана көмектесе алады, аюды шақырайық.

Қоян: - Шақырайық, шақырайық.

Сол маңда жүрген аю мұны естіп өзі келеді.

Аю: -Сәлем достар, сөздеріңді естідім, сендерге не керек?

Маймыл : - Бізге мына шырша керек . Соны алып берші.

Қызылтелпек: - Менің үйімде жаңа жылды тойлаймыз. Қаласаң бізбен жүр, бірге мерекені қарсы алайық.

Аю: -Алақай. Менде мерекеге баратын болдым. Қане онда шыршаны алайық та тез барайық.

Аю шыршаны ала бергенде оларды орманшы ұстап алады.

Орманшы: -Әй, тоқтаңдар. Сендер неге ағаш кесіп жатырсыңдар?

Маймыл: -Бұл шырша ғой.

Орманшы: - Ол да ағаш.Неге кеспекші боласыңдар?

Аю: -Қызылтелпек үйіне қонаққа шақырды. Бірақ үйінде шыршасы жоқ екен. Біз жаңа жылды қарсы алғымыз келеді.

Қызылтелпек: -Ағатай, бір ғана шырша алайықшы. Сізде бізбен жүріңіз, бірге мерекені тойлайық.

Орманшы: - Жарайды алыңдар.

Аю шыршаны алып барлық аңдар мен орманшы Қызылтелпектің үйіне келеді. Оларды әжесі көріп таң қалады.

Әже: - Қызым-ау, мыналар мұнда неге жүр?

Қызылтелпек: -Әжетай, бұлар менің достарым. Маған көп комектесті. Мына әдемі шыршаны тауып берді. Енді бізбен Жаңа жылды қарсы алсыншы.

Әже: - менің немереме көмектескендерің қандай жақсы болды, сендердің көмектеріңнің арқасында жаңа жылды шыршамен қарсы аламыз. Келіңдер, бәріміз бірге тойлайық.

Жүргізуші:

Осылайша Қызылтелпек пен оның әжесі барлық орман тұрғындарымен бірге Жаңа жылды керемет көңіл күймен қарсы алыпты.

(Қызыл телпек –Т.Айзере, Әже –Нұрайым, Тиін – Аділжан, Қоян – И.Айзере, Арыстан –Досымжан, Жолбарыс –Нұрәлі, Орманшы –Нұрмұхамед, Маймыл –Нұрзат, Аю – Ернұр.)

Ойын: «Шырша безендіру»

Ойынның шарты, шыршаны тез сәндеп безендіру керек

Жүргізуші:

Балалар бізге бірдеңе жетіспей тұр. Жаңа жылымыздың сәні, біздің құрметті қонағымыз, Аяз атаны шақырайық.

(Ортаға әуенмен Аяз ата келеді.)

Аяз ата:

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай сұлу сөздерің,

Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан,

Аталарың сендерге

Сағынып келді алыстан.

Жүргізуші:

Қош келдіңіз, аяз ата, Ақшақар.

Жолдан шаршап келген шығарсыздар, отырып демалыныздар. Балалардың сізге арнаған тақпақтарын тыңдаңыз.

Би: «Ақшақарлар»

Досымжан:

Тілеймін мен бар әлемде,

Дос көп болсын жанашыр.

Ата-әже, ата-әже,

Құтты болсын жаңа жыл!

Тілеймін мен бар адамға,

Жаңа бақыт жаңа жыр .

Әке-ана, әке- ана

Құтты болсын, жаңа жыл.

Т.Айзере:

Келді тағы жаңа жыл

Қуантумен біздерді

Құтты болсын қуаныш

Құттықтаймыз сіздерді.

Арнур:

Тауда туып, тауда өскен,

Шырша келді ортаға.


Ақаділ:

Оралды өлкеме


Жаңа жыл армысың.

Оранды ақ көрпеге

Асқартау, қарлы шың.

Жанаділ:

Аяз ата келді

Бақшамызды көрді

Өлең айтқан балаға

Тәтті сыйлық берді.

Аяна:

Бүгінгі күн тамаша.

Нұр шашады шыршамыз.

Жаңа жылды қарсы алып,

Қуанамыз баршамыз.


Жылдың әнін бастайын,

Аяз-Ата кеп қалды.

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз

Алихан:

Жаңа жылды қарсы алдың,

Мініп алып күймеге.

Мен де бүгін ән салдым,

Араластым биге де.

Аяз ата: Балалар, мына шырша неге жарқырамайды?

Ақшақар: Ата, мына бір шырша безендірілмеген сондықтанда жанбай тұрған болар. Мен балалармен бірге ойнап шыршаны безендірейін, мүмкін содан соң шырша жанар. Балалар менімен бірге ойнайсыңдар ма?

Жүргізуші: Балалар қане шырша шамын жағайық.

Бұл шырша, шырша,

Қуаныш жалпыға

Сүйікті шырша

Жарқыра, жарқыра!

Ән: «Орманда шырша туыпты» (Шырша жанады.)

Жүргізуші:

Аяз ата келді,

Бақшамызды көрді

Тақпақ айтқан балаға

Тәтті сыйлық берді дей келе балаларымыздың тақпақтарын тыңдаңыздар.

Адільжан:

Жүзімізде күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жыл да біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.


Георгий:

Тамаша, тамаша

Көз тоймайды қараса

Басында әсем жұлдызы

Жарқырайды жараса.

Ернұр:

Жаңа жыл, жаңа жыл,

Жаңалық ізде сен

Жаңа ән, жаңа жыр

Жазып бер сен бізге.

Нұрәлі:

Аяз ата, аяз ата,

Сені күтіп жүрдік біз,

Томпаң қағып, арқаланып,

Келеріңе сендік біз.

Алиасқар:

Таяғы бар қолында

Қар борайды соңында.

Қандай сыйлық бар екен,

Арқалаған қабында

Жүргізуші:

Ойыншықты мұншама,

Кім ілді екен шыршаға.

Алақай, айнала түрленді.

Балақай би биле тұрма енді

Би: «Аяз-Ата»

Жүргізуші:

Келді жылдар ауытқып,

Тауық жылмен ит жылы ауысып,

Береке бейбітшілік төрінде

Тұрайық әркез татулықпен қауышып.

Аяз ата, балалар, жыл басы есік қағып тұр екен. Кірсін бе?

Аяз ата: Келсін, кірсін.

Альфия: Тышқан.

Армысыңдар халайық,

Назар салып қарайық.

Тышқан жылы әкелсін молшылық,

Табыспен береке тоқшылық.

Жүргізуші:

Жыл басы қош келдің, Биылғы жыл жайдарлы да берекелі жыл болсын.

Балалар, жыл басына әдемі тақпақтар айтып берейік.

Жүргізуші:

Жаңа жылдық тойда біз,

Көрсетейік өнер біз.

Тақпақ айтып ән салайық.

Риза болсын ескі жыл.

Тақпақ

Нұрмұхаммед:

Ақшақарға малынып,

Аппақ тонын жамылып,
Сақалы мен мұртына

Күміс моншақ тағылып,
Аяз ата келеді

Балаларды сағынып.

Нұрайым:

Бар баланың қонағы

Төрлет, ата, жоғары!

Енді дала алақай,

Ақ күміске толады.

Жұрттың бәрі атадай

Қашан жомарт болады?

И.Айзере

Тамаша тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Ерсұлтан:

Жылда осылай келеді,

Көп қуаныш береді.

Шашу етіп біздерге

Ақ күмісін төгеді.

Нұрзат:

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған.

Анель:

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле, төрле жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын.

Жүргізуші:

Үйренеміз өнер біз,

Шетімізден шеберміз.

Аяз ата өзіңе,

Әнде салып береміз.

Темерлан:

Жаңа жылды қарсы алдың,

Мініп алып күймеге.

Менде бүгін ән салдым,

Араластым биге де.

Ойын: Ата аналармен.кім жылдам.

Ән: «Аққала»

Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар,Сіздерге балалардың өнері ұнады ма?

Аяз ата: Өте керемет ұнады. Көңілім көтеріліп қалды.

Ал қане балалар,

Сендерге сыйлығым бар.

Аталарыңның сыйлығын,

Қуана қабыл алыңдар.

Сыйлықты таратып береді.

Аяз ата: Балалар, мені басқа да балалар күтіп отыр. Біз жолға шығайық. Ал қош сау болыңдар. Келесі жылы амандықпен жүздесейік.

Жургізуші:

Әкелсін жыл ырыс-құт,

Әкелсін той, тыныштық.

Жарқын өмір жаңаша,

Жаңа жылым- тамаша - дей отырып, бүгінгі ертеңгілімізді аяқтаймыз. Отбасыларыңызға бақыт пен береке, молшылық, жаңа табыс әкелсін. Қош сау болыңыздар.

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
443
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі