Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа жыл кешінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңа жыл кешінде


1 – жүргізуші Аружан Армысыздар , құрметті ата- ана , қымбатты ұстаздар, оқушылар!

2- жүргізуші Бақдәулет Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!

1 – жүргізуші Аружан Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,

Жаңа табыс тілейік ісімізге

Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,

Мына отырған барша жан бәрімізге

2- жүргізуші Бақдәулет Айналаны қоршап шыршаны,

Шашылар шашу жыр- әні

Мынау әсем шыршаға,

Қош келдіңіздер, балалар!-дей

Отырып ортаға Жаңа жылдық шыршаға келіп отырған оқушылар, бүгінгі кешіміздің қадірлі қонағы, әрі сәні Аяз ата мен Қарсы алайық.

Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!

Ақшақар! Ақшақар! Ақшақар!

1 – жүргізуші Аружан Қош келдіңіз Аяз ата!

2- жүргізуші Бақдәулет Амансыз ба Ақшақар!

Аяз ата: Амансыңдарма, қыздарым!

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем билерің

Асулармен алыстым!

Асау желмен жарыстым.

Шыршамызға асығып

Өздерің мен табыстым

Ақшақар: Армысыздар, оқушылар , ата –аналар,

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Жаңа жыл бірлік пен татулық жылы болсын,

Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын!

1 – жүргізуші Аружан Аяз ата сіз алыс жолдан шаршап келдіңіз, енді отырып дем алыңыз. Біздің сізге арналған жаңа жылдық тартуларымызды қабыл алыңыз

2- жүргізуші Бақдәулет Жаңа жыл ауылдарды жарылқасын

Қиналып әр отбасы тарылмасын

Аяз ата бүгінгі келген күндей

Жүздеріңнен қуаныш арылмасын

5 сынып оқушыларынан құралған көркем өнерпаздар өнерін тамашалаңыздар

1 – жүргізуші Аружан Жаңа жылды қарсы алып

Жасаймыз той жылда бір

Жарқын жарқын ән салып

Жалғасады жырға жыр

Ән: орындайтын

2 – жүргізуші Бақдәулет Жаңа жыл мерекесі құтты болсын

Әрқашан мерекелік көңіл болсын

Кеудеміз күбірлеген жырға толып,

Қане, достар, күлкімен орта толсын

1 – жүргізуші Аружан Кел, Жаңа Жыл!

Төрле, төрле жеріме

Құт- береке болып келгейсің еліме

Үміт артып армандарға аяулы

Шаттығыңа бөлегейсің біздіде

Шырша айналып әндетіп

Би билеңіз сәнді етіп

Қандай жақсы жаңа жыл

Өткізейін мәнді етіп

Би:

2 – жүргізуші Бақдәулет Кел, төрлет, жаңа жылым, құтты жылым

Өзіңді бүкіл елім күткен бүгін

Қарсы алдық сені еселі еңбекпенен

Жарқырап әне алдымнан шықты күнім

Ән:

1 – жүргізуші Аружан Қуаныш пен шатыққа кенелейік,

Жадырап ән шырқап, тербелейік

Төрле, төрле, халқымның құтты жылы

Бәріміз дөгелене би билейік

Би:

2 – жүргізуші Бақдәулет Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай әсем шыршымыз

Ән шырқайық баршамыз

Ән:

1 – жүргізуші Аружан Жаңа жылда жаңа белден асамыз

Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз

Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен

Жаңа жылда тағы да алға басамыз.

Би:

2 – жүргізуші Бақдәулет Ей , Жаңа жыл! Жаңа бақыт, ырысым,

Жақсылықтың жаршысы да нұрысың.

Адамдардың асқақтаған арманы,

Ақындардың таусылмайтын жырысың

Ән:

1 – жүргізуші Аружан Жаңа жылға арналады жаңа жыр

Жаңа жылда шақырады бар өмір

Бақыт болып жаңа жылым келді ғой,

Құтты болсын, құтты болсын , Жаңа жыл.

Би:


2 – жүргізуші Бақдәулет Ақ көңілім айналды аппақ қарға

Көңілдене қосыл ән мен жырға

Қыс қызығы басылмай ұласады.

Қуаныш көп болсын жаңа жылда

Ән:

1 – жүргізуші Аружан Мектебіміздің бишілерін шақырайық

Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық

Бишілерімізді ырғалтып би билетіп


Би:

2 – жүргізуші Бақдәулет Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

«Жаңа жылмен құттықтаймын» деген үн

Қанаттана кең алқапқа тарайды

Ән:

1 – жүргізуші Аружан Жаңа жыл- қайсарлық пен жүректілік

Баратын болашаққа білек түріп

Біз жаңа жылдарға қол соғамыз

Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып

Би:

2 – жүргізуші Бақдәулет Келеді жылдар, келеді айлар ауысып,

Ит жылы мен тауық жылын тауысып

Береке бірлік бейбітшілік төрінде

Тұрайық әркез татулықпен қауышып

1 – жүргізуші Аружан Жаңа жыл, жаңа бақыт , жаңа жыр,

Ізгілік , бірлік дәнін ортаға ысыр

Құт болып береке бер халқымызға,

Мерейін , мәртебесін биікке асыр

2 – жүргізуші Бақдәулет Міне, Жаңа 2018 жылда келді. Ал 2017 жыл біздің тарихымыздың бір бөлшегіне айналды. 2018 жылы да елімізде тыныштық болып ырыс – құтымыз азаймасын!

1 – жүргізуші Аружан Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын!

Ескі жылың есіркеп,

Жаңа жылың жарылқап

Еліңде болсын тыныштық,

Бейбіт күннің жарқырап

Қоштасамын бүгін мен

Келер ит жылына

Дән көп болсын қоймада

Тыныштық пен бейбіт күн

Болсын деп тілеп әманда

Қоштасып қол бұлғаймын

Қош, сау болыңдар.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
350
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12