Жаңа жыл кешіндегі ғажайып оқиға....

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңа жыл кешіндегі ғажайып оқиға....

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық тобына арналған жаңа жылдық ертеңгілік сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңа жыл кешіндегі ғажайып оқиға....

Музыка залы әсем безендірілген. Сахна сыртында топ балалары әдемі мерекелік ертеңгілікке сай киінген.

«Жаңа жыл » биімен ортаға жүгіріп кіреді.

(Би аяқталған соң, 3 бала ортаға шығып өлең шумақтарымен мерекені бастайды.)

Сулейман:Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Той дабылын қағып тұрған мұнда біз бар!

Естімеген естіңіздер

Көрмегендер, көріңіздер

Қадірменді қонақтар!

Ашық аспан төгіп тұр,

Қар жамылған дала қыр!

Есік ашып келіп тұр

Аңсап күткен жаңа жыл!

Айлин:Ау, жарандар, ал қарандар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Айнала қоршап шыршаны,

Шашылар шашу-жыр әні.

Мынау әсем шыршаға,

Қош келдіңіз баршаңыз.

Малика: Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады, қатады
Жып жылтыр боп жатады.

Аралайды бақшаны,
Үзілмейді жақсы әні.
Гүлденеді бақшалар,
Жауса жаусын ақша қар.

Жаңа жылым мол болсын
Баскан қадам он болсын
Төрле Төрле Жаңа жыл,
Бізге Құтты жыл болсын!

Ән: «Жаңа жыл» (BN тобы)

(Балалар орындарын отырады. Айдарбек Айару залдан жүгіріп шығып кетеді. Ақшақардың киімін киіндіру)

Музыка әуеніне сай залға Жүргізуші кіріп, балалармен амандасады.

Жүргізуші:

Кел, Жаңа жыл,төрле-төрле жеріме,

Жаңа табыс тілейік ісімізге!

Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін

Үміт артып барша жанның бәріне!

Сәлеметсіңдерме менің кішкентай достарым! Сиқырлы әлемдегі Жаңа жылды қарсы алуға дайынсыңдарма?! Осы мерекені бірге қарсы алайық!

Мерекелік кешімізді бастайық.

Жүргізуші:

Құрметті достар, әріптестер, ардақты қонақтар! Уақыт тоқтамайды, жылдар жылжып өтеді! Біз бәріміз 2025 жылдың ең жарқын, ең сиқырлы мерекесін – Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық! Бүгінгі кешіміздің басты ережесі: көтеріңкі көңіл- күй,би ! Кім бұл ережемен келіседі? Қол шапалақтап, дауыстарыңызды көрсетіңіздер!

Аяз ата әнін айтып кіреді.

Жаңа жыл келді араға

Таңқалдырып баршаны

Таңғажайыпты күтеді

Бала да ата ана да. О хо хоу, о хо хоу

Аяз ата:

Амансыңба, батыр ұлдарым

Амансыңба, ерке қыздарым

Құтты болсын балалар,

Келген жаңа жылдарың!

Өткен жылы келіп ем,

Бәріңді де көріп ем.

Жыл өткізіп келем деп,

Уәдемді де беріп ем.

Жүргізуші:

Қош келдің, Аяз ата

Қарсы аламын орын беріп

Ән салыңыз бізбен бірге

Би билеңіз бірге еріп.

Аяз ата сәлеметсізбе, алыс жолдан келген екенсіз, қош келдіңіз, төрлетіңіз!

Ақшақар: ( Айдарбек Айару)

Сәлем, менмін Ақшақар,
Ақ мамыққа оранған.
Қар аралап жеттім мен
Сиқырлы бұл алаңнан.

Сүйсіндірер маңайды,

Ақшақармын арайлы.

Жалт жұлт еткен жүзімнен

Күміс сәуле тарайды.

Ақшақармын, аппақпын.

Қалай тыныш жатпақпын

Менсіз қыстың сәні жоқ,

Әнмін, жырмын, тақпақпын.

1- Жүргізуші:

Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,

Жаңа табыс тілейік ісімізге.

Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін

Мына отырған барша жан бәрімізге.

  • Ортада тұрған қандай жәшік , сіздікі емес пе?

Бұл теңіз қарақшылары пираттардың сандығы болар.Ортаға пираттарды шақырайық.

Би : «Пираттар» (би соңында пираттар Ақшақарды алып кетеді)

(Айару өзінің киімін киеді.)

Жүргізуші:-Ата, Ақшақарды пираттар алып кетті. Ақшақар болмаса, әнін айтпаса шыршамыздың шамдары жанбайды ғой.

Пираттар кіреді. -Біздің көңілімізді көтеріңіздер. Сол кезде Ақшақарды қайтарамыз.

Жүргізуші: Жаңа жыл – жаңа әннің тербелуі

Жаңа жыл – ақ арманның өрленуі

Жаңа жыл – бақшадағы бөпектердің

Кішкентай шәкірттердің ер жетуі

Б. Айару:Кел, Жаңа жыл,төрле-төрле жеріме,

Жаңа табыс тілейік ісімізге!

Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін

Үміт артып барша жанның бәріне!

Ей, Жаңа жыл,! Жаңа бақыт ырысым!

Жақсылықтың жаршысы да нұрысың!

Адамдардың асқақтаған арманы

Армысың ба, амансыңба Жаңа жыл!

С. Әліби

Жамылған ақ мамық ұлпа қар
Нұрлы да кең байтақ Отаным.
Бала жоқ сыйлықтан құр қалар,
Сыйлығы көп Аяз Атаның.
Бəрiмiз бiр жасқа үлкейiп,
Бүгiнгi Жаңа жыл тойында,
Бiр жүрiп,
Қызыққа бiр келiп,
Билеймiз,
Ойнаймыз ойын да!

Муса:Қазақстан еліне

Жаңа жыл міне келіп тұр

Мына отырған қауымға

Иіліп сәлем беріп тұр

Жаңа жылда бәріңе

Жаңа бақыт әкеп тұр.

Аиша: Жасыл желен жамылған,
Асыл моншақ тағылған.

Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сагынған.

Кел, балалар, келіңдер,

Тамашаны көріңдер!

Әліби:Келді міне жаңа жыл,

Аппақ болып

Ән салып, жұмбақ болып,

Тақпақ болып

Ауламыздың тұсына қонып жатыр

Аяз болып, мұз болып, қатқақ болып.

Нұрали:Келді міне жаңа жыл,

Қуантумен біздерді.

Құтты болсын қуаныш,

Құттықтаймын сіздерді.

Даламызға, қаламызға,

Келді міне, Жаңа жыл.

Қартыңызға, балаңызға,

Мын да сәлем береді.

Ай- АруБолсын қызық салтанат

Болсын қызық мереке

Жаңа жылмен жадырап

Келсін бақыт береке

Жаңа жылды қарсы алып,

Жасаймыз біз жылда бір,

Жарқын-жарқын ән салып,

Жалғасады жырға -жыр.

Жылқы жылы келгенде, сый ғып тартып,

Ақтарайық әнменен көңіл сырын,

Қош келдің, Жаңа жылым қазағыма

Қош келдің, жаңа жыр арамызға!

  • Келіңдер балалар, бәріміз бірге ән салайық!


«Ақ ұлпалар» әні


Ойын:

Жүргізуші: -Балалар, Жаңа жыл тек бізде ғана емес, бүкіл әлемде тойланады! Әлемнің түкпір-түкпіріндегі балалар шыршаны айналып, ең танымал бір әнді шырқайды. Ол қандай ән екенін білесіңдер ме? Ол — күміс қоңыраулардың сыңғыры — «Jingle Bells»! Кәне, барлығымыз бірге ағылшын тілінде шырқайық!

Айзере, Айтуар ағылшынша тақпақ

Ән: «Джингл Бэлс»

Жүргізуші:

Жаңа жыл қайсарлықпен жүректілік,

Баратын болашаққа білек түріп

Біз жаңа жылға қол соғамыз,

Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.


Адель:Әлде қарлы боранда
Тау басынан түсті ме?
Аяз ата оралды, 
Ақ тон киіп үстіне.
Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Қызыл ала шапаны
Сағындым Аяз атаны

Аңсар:Аппақ бүгін қыр, далам,

Ақ мақтаны жапқандай!

Бүкіл әлем – бір ғалам,

Қонақ күтіп жатқандай.

Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілде - әр қылық.

Кетер жылға мың алғыс,

Әкелген көп жақсылық.

Ясина:Ақ қырауға малынған,

Сақалы да мұрты да,

Аяз ата сағынған,

Сәлем берді жұртына!

Жаңа жылда алдағы

Көңіл өсіп кеңейсін,

Ортақ ойы арманы,

Жақсы дәстүр көбейсін!

Амели:Тамаша.тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.

Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап

Көзайым:Лебі мұздай ызғарлы,
Алып келді қыс қарды.
Қысқы түндер ұзарды,
Ұзақ күндер қысқарды.
Аяз сүйіп қарсы алған,
Жердің аппақ тұлғасы.
Қыстың айы қаңтардан,
Басталады жыл басы.

Аяла:Шырша, шырша қандайсың,

Жарық берген шамдайсың.

Жалт-жұлт етіп әрқашан,

Қуантудан талмайсың.

Жасыл түске боялған,

Шамын жағып оянған.

Шыршамыз бар көрікті,

Ортаға сән беріпті.

Уалихан:Аппақ қыстың бояуы,
Аппақ қыстың бораны.
Ақ көрпеге орайды,
Ақ қар байтақ қаланы.
Аяз шымшып қояды,
Суық та аздап болады.
Туған жердің ақ қысы,
Ақ құшағын жаяды.

Би: «Қыздар»

Жүргізуші:

Жаңалықтың жаршысындай таң атты,
Жаңа жыл кеші елді өзіне қаратты.
Ерекше бір дайындықпен күтеміз,
Киіп маска, даярлап әр салатты.
Тілек тілеп бәріміз жарысамыз,
Сыйлық сыйлап үйді-үйге барысамыз.
Қандай жақсы жаңа жыл шаттық сыйлар,
Бақыт тілеп, мәз бола қар құшамыз.

  • Батыр пираттар, құлақ құрышын қандыратын «Тәтті-тәтті» әнін қабыл алыңыздар! Ортада — біздің өнерпаз қыздарымыз!»

«Тәтті-тәтті» әнін

(Әннен кейін Айару Ақшақардың киімін киінеді.)

Диляра:Аяз - Ата ойды, қырды,
Аралап жүр түгел шолып.
Қарап алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып,
Қайда қызық болса думан.
Аяз - Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.

Айзере:Жылдың әсем бұл шағы 
Шыр айналдық шыршаны.
Шоқ жұлдыздай көктегі
Шыныны қағып тұр шамы.
Жасыл шырша жанында
Айнала ойнап ән саламыз
Өзіміздің бақшада
Жаңа жылды қарсы аламыз.

Ақниет:Қараңдаршы, далаға,

Дала аппақ ақша қар.

Тал мен үйлер ойнайды,

Жамылыпты ақ шатыр.

Бізбен бірге ойнайды,

Жаңа жылды тойлайды, Барлық бала бақытты,

Болса екен деп ойлайды.

Есения:Жаңа жылдың бейнесі,

Аяз ата барсыз ба?

Жаңа жылды тойлатар,

Бір ерекше жансыз ба?

Сіз деп тақпақ айтамын,

Тұрып алып қасыңа.

Суретке бір түсейік.

Данэлия:Мұздан моншақ тағынып,

Күміс қырау жамылып.

Ортада тұр Ақшақар,

Көптен күткен сағынған.

Кел, билейін сенімен,

Дедім тартып жеңінен,

Еріп кетпе Ақшақар,

Адамдардың демімен.

Айару Абдурахимова:Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,

Қанаттана кең алқапқа тарайды

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайың.

Көргендер де көрмегенде арманда.

Жаңа жылың құтты болсын ағайын


Аттардың шабысы. Ортаға Жылқы киімін киген Айтуар шығады:

Мезгілдері жаңарған,
Ескіргенін елейтін,
Алдағы жыл – ақ арман,
Ассалаума-ғалейкум!
Басталарда жаңа әлем,
Құйылады жаңа нұр.
Жүрекке арман бөлеген,
Қош келіпсіз, жаңа жыл!
Жаңа жылым – әсемсің,
Гүл өндірер түзге де.
Әр сәті Бақ әкелсің,
Достар, достар бізге де!

Жүргізуші:-Балалар, қараңдаршы! Бізге биыл айбынды, жүйрік, қасиетті Жылқы жылы келіп жетті! Жылқы дегеніміз — күштің, еркіндіктің және достықтың белгісі. Келген жыл бізге тек қуаныш пен тәтті сәттер сыйласын!


Айтуар: Мен сіздерге сыйлық ала келдім.

Аттардың шабысымен Айтуар сыртқа шығып Ақшақарды алып келеді.

Ақшақардың әні

(Ақшақар әннің соңғы сөздерін айтқанда, жарық өшеді. Шыршаның шамдары және үлкен пираттар сандығының шамдары жанады.)

Сыйлық тарату.

Уалихан, балам келе ғой,

Сыйлығыңды ала ғой! (балалардың есімдері аталып сыйлық таратылады.)

Аяз ата: Ал балалар, балалар

Біз бармаған қала бар

Асқар тау бар, дала бар

Ата бала апа бар

Соларға тез жетейік

Рұқсат болса кетейік

Сау болыңдар балалар.

Ән: «Жаңа Жыл» (поппури)

Жүргізуші:

Ей, Жаңа жыл,! Жаңа бақыт ырысым!

Жақсылықтың жаршысы да нұрысың!

Адамдардың асқақтаған арманы

Армысың ба, амансыңба Жаңа жыл!

Құрметті қонақтар, балалар, осымен біздің мерекеміз аяқталды! Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жыл тек бақыт, қуаныш әкелсін! Сау болыңыздар!










«Айша» бөбекжайы МКҚК





















«Жаңа жыл кешіндегі ғажайып оқиға....»

16«Күншуақ» мектепалды даярлық тобы





























Көкшетау-2025ж



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
18.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі