400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа жыл мейрамы

Материал туралы қысқаша түсінік
әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Жаңа жыл мейрамы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: балаларға жаңа жыл мейрамы жайлы түсінік беру.

Түзете-дамытушылық: ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту .

Тәрбиелілік : әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу, адамгершілік қарым-қатынасқа баулу .

Көрнекілігі:

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру кезеңі:

Амансың ба нұрлы күн!

Амансың ба қара жер!

Аман –есен болайық!

Бейбітшілік қалайық!

- Балалар, қазір қыс мезгілі . Жыл мезгілдерінің ішінде ең суық мезгіл ол қыс. Қыста күн суық болып, көп қар жауады, жер ақ түске оранады. Өзен-көлдерге мұз қатады. Адамдар жылы, қалың киімдерін киеді. Мысалы: қалпақ, қолғап, қалың күрте, етік. Балалар қармен ойнап, аққала жасайды, шанамен сырғанайды, шаңғы тебеді. Шыршалар жап-жасыл болады. Қыс мезгілінде адамдар көптен күтетін жаңа –жыл мерекесі болады . Жаңа-жыл мерекесінде біз шыршаны безендіреміз . Жаңа-жыл мерекесінде Аяз ата, ақшақар келеді. Біз оларға ән салып, би-билеп , тақпақ айтып береміз . Олар бізге сыйлықтар береді. Жаңа-жылды біз дастархан жайып , көңілді қарсы аламыз.



  • «Шырша жасайық» ойыны

Ойын шарты: жабысқақ құрастырғыштардан шырша жасау.

Ойын мақсаты: балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту





  • «Түрлі-түсті доптар» ойыны

Ойын шарты: сандықшадағы түрлі-түсті кішкентай доптарды балғамен ұрып түсіріп,түскен доптың түсіне қарай берілген сюжетті суретке әңгіме құрау.

Ойын мақсаты: баланың сөйлеу тілін дамыту. Ұсақ қол мотрикасын белсендіру, түстерді ажыратуға үйрету.




  • Тіл ұстарту жаттығуы

Ар –ар-ар жапалақтап жауды қар,

Ан-ан-ан соқты кеше боран.

Ша-ша-ша жасыл түсті шырша,

Жыл-жыл-жыл келді міне жаңа-жыл.



«Сөйлемді аяқта» ойыны

Балалар сендердің әрқайсыларыңның қыста сүйіп ойнайтын ойындарың бар .Осыған орай біз қазір «Сөйлемді аяқта » ойынын ойнаймыз . Балалар бір-біріне қаршық беріп тұрып, «Мен қысты жақсы көремін, өйткені......» деп сөйлемді аяқтайды . Келесі бала да осылайша жалғастыра береді .

Балалардың жауабы:

  • Қыста мен қар лақтырып ойнаймын .

  • Қыста мен аққала жасаймын .

  • Қыста шанамен сырғанаймын .

  • Қыста қардан мұнара тұрғызамыз .

  • Қыста Аяз ата келеді



Сергіту сәті

Қар жауады оң жақтан,

Қар жауады сол жақтан,

Домалақтап ойнаймыз,

Суық өтіп қолғаптан.





  • Тіс пастасымен жұмыс

Тапсырма шарты: тіс пастасына сұқ саусақты батырып қағаз бетіне қыс мезгілінің суретін салу

Тапсырма мақсаты: балалардың ойлау қабілітін, ұсақ қол маторикасын дамыту





  • «Жаңа-жылды тойлайық» ойыны

Ойын шарты: түрлі-түсті қамырды жайып, түрлі пішінді оймақтармен ойып, жаңа-жыл мерекесіне тәтті тоқаш жасау.

Ойын мақсаты: балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту, түстер, пішіндер жайлы ұғымын қалыптастыру.



  • «Шыршаны безендірейік» ойыны

Ойын шарты: түрлі-түсті қағаздардан шырша жасап, жылтырақтарды желіммен жабыстыру арқылы безендіру.

Ойын мақсаты: балалардың қиялын , ұсақ қол моторикасын дамыту.



Қорытындылау: балаларды мақтап , мадақтау.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
1087
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі