400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа жыл. мектепалды даярлық класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылдық сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы







Есет батыр атындағы мектеп-бақша





Shape1































Жаңа жыл мерекесі

Ертенгіліктің мақсаты: Балаларға «Жаңа жыл» мерекесін дәстүрлі емес жолмен мерекені өткізуге үйрету.

Білімділік: Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтқыза отырып, олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық: Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: Музыка, тіл дамыту, айналамен танысу, би өнері.

Көрнекілігі: Сиқырлы таяқшалар, әсемделген шырша, қыс суреті,ойын өткізуге арналған құралдар.

Кейіпкерлер:

Аяз ата- Азат ағай

Ақша қар- Дамеш апай

Қоян- Айнұр апай

Күлше қыз - Гүлсара апай

Жалмауыз әже- Ажар апа

Ескі тауық жылы- Айгүл апа

Жаңа ит жылы - Камшат апай

Аю – Ақерке апа

Маша – Гаухар апай

Түлкі - Амангүл апай

Жүргізуші - Несібелі апай

Жүргізуші - Жансая апай

Ертенгіліктің барысы: музыка залында ата-аналар, қонақтар жиналған зал қыс бейнесімен және де әдемі көрікті шыршамен әсемделген.

Жүргізуші- Саламатсыздарма ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

«Мектепалды даярлық сынып» елінің «Жаңа жыл» мерекесінің құрметті қонақтарын қарсы алыңыздар-

  • Орман әлемінен –қоян батыр

  • Ескі жылымыз- тауық ханым –хош келдіңіздер!

Жалмауыз- Ах, мені мерекелеріне шақырмайын деген екенсіңдер! Мен, мен жалмауыз әже әдемі көйлегімді киіп келсем сендер мені қонақ қылдырмайсыңдар! Мә, саған! – деді де бәрін қатырып тастайды.

Қасқыр қоянды, Машаны іздеп келеді.

Күлше қыз- Даламызға, қаламызға

Жаңа жыл кіріп келеді

Дабыл соғып қағыңыздар

Шашу шаттық себеді-

деп әндетіп келе жатқан кезінде шыршаның артына жалмауыздан қорқып тығылып қалған қоян жылап шығады

Қоян- Күлше қыз, жаңа жыл болмас енді жалмауыз әже бәрін қатырып тастады. Енді не қыламыз?

Күлше қыз- Уайымдамандар біз бұның есебін табамыз біздің балапандарымыз сыйқырланбаған ғой, қазір біз олардың көмегімен сыйқырды жоямыз. Енді менімен бірге – Ақ моншақ болып шашылсын,

Жасыл шырша жағылсын- 3-рет сонда ғана сыйқыр жойылады.

Балалар Күлше қыздың айтқаның жасады жасыл шырша жағылып қонақтар сыйқырдан босатылды. Мәз мейрам болып «Жаңа жыл» мерекесі басталды.

Қоян- Мен ақ қоянмын сендерге менің сыйлығым бар мен «Жасыл шыршаға» арнап әсем ән алып келдім бірге орындайық.

«Жасыл шырша жанында».

Өленің жазған: Ә. Дүйсенбаев

Әнін жазған:Л. Хамиди

Жүргізуші- Әнді тыңдадық, қонақтарды қарсы алдық енді біздің құрметті қонағымыз жетіспейтін сияқты, ол кім екен балалар?

-Аяз ата мен Ақша қар!

-Дұрыс айтасыңдар Аяз ата мен Ақшақар екен. Қане, шақырайықшы Аяз ата, Ақшақар, Аяз ата, Ақшақар! (ортаға аю мен Маша кіреді)

Аю: - Здравствуйте, ребята! С Новым годом!

Мен қысқы ұйқыда болатынмын, қатты айқай – шу, тасыр - тұсыр шошып ояндым, не болып қалды деп сұрап едім, бәрінің айтатындары бір - ақ сөз: «Жаңа жыл келіп қалды, жаңа жыл» - дейді. Машаны да іздеп, осында болар деп келдім.

Жүргізуші: Мәссаған, балалар бұл кім?

Балалар. Аю.

Жүргізуші: - Иә, «Маша мен аю» мультфильмін сендер өте жақсы көресіңдер ғой. Бірақ біз Аяз атаны шақырдық қой, аюды емес...

Балалар: иә. (осы кезде Маша келеді. Шыршаға таңырқап)

Маша. – Керемет....(деп шыршаның астындағы қорапты тауып алады. Аю шауып келіп Машаны көтеріп алады)

Аю. - Әрең таптым - ау, сені қасқыр жеп қойған шығар деп едім. (деп кетіп бара жатады)

Жүргізуші: Тоқтаңыздар, кетпеңіздер, бізбен бірге болыңыздар!

(Екеуі қуанып, балалардың жаныңа келеді)

Күлдіргіш: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды. Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы. Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы. (шыршаға қарап)

Шырша дейміз елканы

Балалар билеп қоршады.

Түрлі - түсті ойыншық

Шыршада көз тартады.

- Ой, балалар, шыршамызға Аяз Ата мен Ақшақар жетіспейді.

Жүргізуші: - Күлдіргіш сен дұрыс айтасын, Аяз ата мен Ақшақар керек екен. Солайма балалар? Қане, шақырайықшы Аяз ата, Ақшақар, Аяз ата, Ақшақар!

(Ортаға Аяз ата мен Ақша қар кіреді)

Аяз ата- Армысыңдар,қарақтарым,

Армысыңдар, құлындарым!?

Жаңа жылды алып келдім,

Ақ шырақты жағып келдім!

Сендерге мына балаларым,

Тәтті сыйлық алып келдім!

Жүргізуші: -Аяз ата ортаға келіп балалармен бірге бір ән салыңыз, би билеңіз.

«Жаңажылдық би» «0 Б» класс қыздары.

Жүргізуші: Рахмет қыздар өте жақсы биледіңіздер.

-Аяз ата біздің балапандардың сіздеге арналған тақпақтары бар екен айтуға рұқсат етіңіз.

Тақпақтар:

Берекет

Далада қар борайды,

Ақ мамаыққа орайды.

Мұз болады, қатады.

Жып жылтыр боп жатады.


Ақтілек

Кірді, міне, есік қағып жаңа жыл,

Ала келді айтылмаған жаңа жыр.

Ескі жылмен қоштасамыз әндетіп.

Шыршамызды түрлі-түсті сәнді етіп.


Мирас

Басталарда жаңа әлем,

Құйылады жаңа нұр.

Жүрекке арман бөлеген,

Қош келіпсіз, жаңа жыл.


Айкөркем

Тауда туып,

Тауда өскен,

Шырша келді ортаға.

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз.


Данияр

Жылдың әнін бастайын,

Аяз ата кеп қалды,

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.


Хаджар

Музыканты, поскорей

Заиграйте веселей!

Станем дружно в хоровод,

Здравствуй, здравствуй, Новый год!


Вероника

Пришла на праздник елочка,

Нарядная стоит,

А на макушке звездочка

Сверкает и блестит


Жазира
Жылдың әнін бастайын,
Аяз - Ата кеп қалды
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.

Сарсен
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.

Ерасыл
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.

Мадина
Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп

Жүргізуші:- Балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын тауық жылымыз қайда? Ай, жалмауыз әже сен сиқырлап тастаған жоқсың ба? Балалар, тауық қалай дыбыстайды? Дауысын салайықшы. «Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымызды қарсы алайық. (Тауық жүгіріп келеді)

Жүргізуші: - Ау, Тауықжан сенімен де қоштасатын кез келді. Мына жұртшылықтың ризашылықтарын тыңда. (Ата - аналармен сұхбат.) әр кластан 1 ата – ана.

Тауық: Балалар мен сендермен қоштасқым келмей тұр. Сіздермен бір жыл бойы маған жақсы, көңілді болды. Мен сіздерді қимаймын. Рұқсат етсеңдер мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.

Жүргізуші: Айта берсек таусылмас

Жаңа жылда жаңа жыр

Кел оданда, халайық

Ойын ойнайық жаңа бір.


Ойын: «Байпақ» (Шарты: 2 ойыншы екі сыңарды бөліп алады. Біреуі оң, біреуі сол аяғынікін киеді де, әуенмен билеп, шыршаны айналып, ортаға бірінші жету қажет. (алдымен ата - аналар, содан соң балалар) Аяз ата: мына ата - аналар да мықты екен. Енді мен дем алсам деймін. Жүргізуші: Иә, ата, дем алыңыз, ортамызда биші қыздарымыз бар. Тамашалайық!

«Үнді биі» 0 «А» класс қыздары.

Жүргізуші: Қыздар өте жақсы биледіңдер! Рахмет!

Жүргізуші: -Аяз ата біздің балапандардың сіздеге арналған тағы әдемі биі бар екен тамашалауға рұқсат етіңіз.

«Флеш моб» 0 «Б» класс оқушылары.

Жүргізуші: -Аяз ата біздің балапандардың сіздеге арналған тақпақтары бар екен айтуға рұқсат етіңіз.

Тақпақтар:

Нұралы

Қалып едік сағынып,

Күтіп алдық жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп.


Ақерке

Жаңа жылым бақытты мол әкелсін,

Бар халыққа қуаныш көп әкелсін.

Бейбітшілік болып тұрсын елімде,

Тыныш болсын ұлан-байтақ жерім де.


Болат

Аяз ата ойды қырды,

Аралап жүр түгел шолып.

Қарсы алады жаңа жылды,

Ол да көптің бірі болып.

Қайда қызық болса думан,

Аяз ата сонда болды.

Күндіз үйде ойнап бізбен,

Балалармен бірге болды.


Қазына

Тілеймін мен бар әлемге,

Дос көп болсын жаңа-жыл.

Ата-әже, әке-шеше.

Құтты болсын жаңа жыл.


Есет

Қыс келді міне өңірге,

Жаңа жылменен бірге.

Жаңа жылдың қызықтары.

Сыйлық әкелді бізге.


Дильназ

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Дулат

Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам мол болсын

Төрле, төрле жаңа – жыл

Бізге құтты жыл болсын.





Даша

Мама елку украшала,

Аня маме помогала;

Подавала ей игрушки:

Звезды, шарики, хлопушки.

А потом гостей позвали

И у елочки сплясали!

 Маргарита

К нам на елку – ой-ой-ой!

Дед Мороз идет живой.

Ну и дедушка Мороз!..

Что за щеки, что за нос!..

Борода-то, борода!..

А на шапке-то звезда!

На носу-то крапины!

А глаза-то... папины!


Жандәулет

Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа - жыл
Ата - әже, ата - әже
Құтты болсын жаңа жыл

Санжар
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.
Аяна
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

Кәусар
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.
Гулназ

Шыршамыз да керемет
Ойыншықтар тағылған
Алыс жақтан келіп тұр
Аяз ата сағынған.

Ибраһим
Жаңа жылға сәніміз
Біздің айтар әніміз
Келдің бе аман алыстан
Сәлем, Аяз атамыз.






Жансая

Аяз ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы Жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан,
Аяз ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.

Сабина

О, алақай, Аяз ата,
Келе жатыр алыстан!
Кел билейік, үйренейік,
Ол келгенше жаңа жыр.
Құтты болсын, құтты болсын,
Құтты болсын жаңа жыл!
Ақшақар:- Өте тамаша, балалар өнерлерін өрге жүзсің. Менің де, сендерге арналған өнерім бар.

Менің әсем ұлпаларым,

Маған ұшып келеді

Таң қалдырып өнеріне

Бәрі билеп береді.

«Джентельмен биі»

Жүргізуші: - Өте тамаша! Биіңіз таңғажайып екен!

Жүргізуші: Балаларымыздың дайындаған әні бар екен бірге тыңдайық.

Жүргізуші: рахмет балалар.

Жүргізуші: - Келе жатқан жаңа жылымыз қандай жыл балалар? Балалар енді біз жаңа жылды ит жылын ортамызға шақырайық. (Көңілді әуен есіктен «Жаңа жыл» ит жылы кіреді.)

ИТ: - Ескі жылға сәлем бердім

Жаңа жыл мына мен келдім

Балаларға базарлық

Жақсы би әкелдім!

Би «Флеш моб» биі.

«Ескі жыл» « Жаңа жылға» өзінің берекелі жылын жылы сөзбен тапсырады.

Аяз ата: - Қарақтарым,шырақтарым.

Мен сендердің өнерлеріңді көрдім,әндеріңді тыңдадым, ал, енді мені басқа елдердің балалары да асыға күтуде.Міне, сендерге деп арнайы дайындаған сыйлығымды берейін. Ақшақар...

Ақшақар:-Ата сыйлықты таратуға мен сізге көмектесейін.

(Аяз ата мен Ақшақарды шығарып саламыз)

Хор: «Шырша жыры».

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар, мерекеміз аяқталып қалды. Ертеңгілігіміздің керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
829
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі