Материалдар / "Жаңа жыл" мерекелік кешінің сценарийі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жаңа жыл" мерекелік кешінің сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
"Жаңа жыл" мерекелік кешінің сценарийі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2018
643
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ


«Қарсы алайық Жаңа жылды жаңа әнмен!» жаңа жылдық бал-маскарадтың мақсаты:


Жаңа жыл кешінің әсерлі, мазмұнды өтуіне жауапкершілікпен қарап, оқушылар белсенділіктерін, дүниетанымдық қабілетін арттыру, мерекелік жаңа-жылдық костюмдерінің эстетикалық әдемілігіне көңіл бөліп, өздерін мәдениетті, еркін ұстай білуге үйрету.


Міндеттері:


  1. Өздеріне тапсырылған жұмысты орындауда оқушылардың жауапкершілігі мен белсенділігін арттыру.


  1. Қатысушылар мен көрермендердің көңіл күйлерін көтеріп, жақсы әсер қалдыру үшін қызықты ойын түрлерін және жаңаша әдіс-тәсілдерді (репортаж жүргізу, бейнеролик дайындау, оқушылардың өздері дайындаған әндері мен билері) кеңінен қолдану.



  1. Көрнекіліктерді (видеопроектор, Аяз атаның сәйгүліктері мен шанасы, оқушылар жасаған үлкен көлемдегі орман аңдары, бейнетаспалар, т.б) жаңа жылдық бал-маскарадтың әсерлі, мазмұнды өтуі үшін орынды қолдану.




















«Қарсы алайық Жаңа жылды жаңа әнмен!»

Атты жаңа жылдық кештің сценарийі

Кейіпкерлер:

Аяз ата- Разах Д.Ж

Ақшақар- Каршалова Э.Ғ

Көрнекіліктер: шырша, безендірілген зал, видеопроектор, Аяз атаның сәйгүліктері мен шанасы, оқушылар жасаған үлкен көлемдегі орман аңдары, қабырға газеттері, бейнетаспалар, лотерея билеттері т.б.


Жаңа жылдық бал-маскарадтың басталуы:

1.Жаңа жылдық бал-маскарадқа қатысушыларға кіре берісте лотерея билеттері таратылады.

2.Мерекелік залдың жарығы сөніп тұрады, әуенмен жаңа жылдық құттықтау-слайд көрсетіледі.

3.Алдын-ала дайындалған үстелдің үстінде май-шам жанып тұрады.

4.Барлығы бал-маскарадтық киімде залға кіріп болғаннан кейін жарық қосылады.

Аяз ата:(сиқырлы әуенмен): Ақша қар қызым, қарашы, мен сиқырлы шляпа тауып алдым.
Ақша қар : Қызық, оның сиқырлығы неде екен?

Аяз ата : Бұл шляпаны киген адамның жаңа жылдық мереке қарсаңында не туралы ойлайтынын, армандайтынын біліп алуға болады.

Ақша қар: Сенбеймін, мүмкін емес.

Аяз ата: Тексеріп көрейік. Бірінші сенен бастайық.

Ақша қар: Жо-оқ, мен қорқамын. Бірінші сізден бастайық.

Аяз ата : Шырағым сенен бастайық

Ақша қар: Жарайды онда.

Аяз ата: (шляпаны кигізеді)

(«Мани-мани» әуеніне пародия орындалады)

Ақша қар: Ал,сіз не туралы ойлайсыз.

Аяз ата: (шляпа киеді)

(«Ертегілер» әуеніне пародия орындалады)

Аяз ата: Ештеңе түсінген жоқсың. Қызым, мына отырған қонақтарды көрдің бе, осы шляпа арқылы бүгінгі мерекеде не туралы ойлап, армандайтындарын біліп алмаймыз ба?

Ақша қар: Осы отырған қонақтар бүгінгі Жаңа жылдық бал-маскарадтың басталуын күтіп отырған жоқ па?

Аяз ата: Мен бүгінгі бал-маскарадтың жүргізушісі екенімді ұмыта жаздаппын. Жаңа жылдық кешке қонақтарымыз жиналып болған сияқты, бал-маскарадты бастайтын уақыт келген сияқты.

Ақша қар: Ендеше, іске сәт достар! «Қарсы алайық Жаңа жылды жаңа әнмен!» /9, 10, 11 сынып оқушыларына арналған жаңа жылдық бал-маскарадты бастаймыз!

Аяз ата: Армысыздар, ардақты ағайын!

Ақша қар : Бармысыздар, замандас бауырлар!

Аяз ата: Естімедік!? Қолдарың қайда? Дауыстарың естілмейді ғой!

Ақша қар: Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге атсалысамыз деген үміттеміз!

Аяз ата:(Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелік кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!

/Бал биі: «Жаңа жыл» , 9, 10, 11 сынып оқушылары /

Ақша қар :Арман, үміт ақталатын жыл болсын!

Жақсы тілек ақтаратын жыл болсын!

Жарқын болып болашағы елімнің,

Сәттілікпен басталатын жыл болсын!

Аяз ата : Жетістікке қол жететін жыл болсын!

Қойың егіз төлдететін жыл болсын!

Жаңа жылда нұрға толып маңайың,

Шаттықпенен әндететін жыл болсын!

Ақша қар: Ортаға 9 а сынып оқушыларын бимен шақырамыз.

Аяз ата: Бәрекелді! Бәрекелді! Жарайсыңдар!

Аяз ата: Қымбатты кеш қонақтары! Бүгін барлығың мерекенің Ханзадасы мен Ханшайымы секілді құлпырып кетіпсіңдер!

Ақша қар: Жақсы есіме салдыңыз. Жаңа жылдық кеш - құпиясы мол, сырға толы қызықты кеш. Себебі, кеш барысында Жаңа жылдық бал-маскарадтың Ханзадасы мен Ханшайымы анықталатын болады.

Аяз ата: Ендеше, достар, өз таңдауыңды жасауға мүмкіндіктерің бар!

Ақша қар : Аяз ата қыс келген сайын далада аппақ қардан аққала жасайтын едік қой. Мүмкін қонақтарымыздың ісмерлігін анықтап, оларға аққала жасатып алармыз. Бізге залдан 9 оқушы қажет.

Оқушылар 3 командаға бөлініп,оларға шар,қайшы,скотч, маркер берілді. Осы заттарды пайдаланып аққала дайындауы қажет.

Ақша қар: Жарайсыңдар! Біздің аққаламызда дайын болды. Ал енді кезекті әсем әнге берейік. Гаппар Айхан – Қиын-оңай

Аяз ата: Олай болса,көпшілікке бір көңілді көтеретін, қызықты ойын тарту етсек дұрыс болатын шығар!? Ортаға әр сыныптан 1 ұл,1 қыз барлығы 3 қыз, 3 ұл шықсын!

Ойынның шарты: аяқтарына байланған шарды жарып алмауға тырысып, дөңгеленіп, иықтасып ән әуенімен билейді. Шары жарылған ойыншы ойыннан шығады.Соңында қалған ойыншы жеңімпаз атанып, сыйлыққа ие болады.
Аяз ата: Ал енді кезекті мың бұралған бишілерімізге берсем деп едім.

Ортаға 10 қыздарын «Қазақ биімен» шақырамыз.сынып

Ақша қар : Өткелдерден биіктерге самғау үшін,

Жаңа жыл, күш аламын қадамыңнан.

Сәттіліктің ақ жолын таңдау үшін,

Үлкен үміт күтеміз жаңа жылдан!демекші

Құрметті қонақтар,бізді жаңа жылмен құттықтап жұлдыздар келіп отыр екен. Қане жұлдыздарымызды қарсы алайық.

(Породия)

Аяз ата : Қызым,біздің қонақтарымызға арнап 9 сынып оқушыларының Жаңа жылдық құттықтау әні бар екен.Келесі кезекті сол құттықтау әнге берейік.

Закиров Арман «Төрешін»

Ақша қар: Ендігі кезекте «Қарсы алайық Жаңа жылды жаңа әнмен!» атты бал-маскарадтың Ханзадасы мен Ханшайымын анықтап алу үшін кеш қонақтарына таңдау жасау құқығын береміз.

Аяз ата : Өз таңдауыңды жасауға асығыңдар! Таңдауыңды мына тұрған «Құпия сандыққа» әкеліп салыңдар! Ескеретін жайт: Ханшайымды ер балалар, Ханзаданы қыз балалар таңдау керек. (Ән әуенімен мереке қатысушылары өз таңдауларын «Құпия сандыққа» әкеліп салады)

Ақша қар: Аяз ата, кезекті ойынның да уақыты келіп қалған сияқты!

Ақша қар: «Жұбыңды тап!» ойынын ойнау үшін ортаға 5 қыз,5 ұл шықсын.

Ойынның шарты:

Қыздар мен ұлдардың ара қашықтығы 7-8 метр.Ұлдар саусағымен жер сызып, 20-ға дейін санағанша шыр көбелек айналады да, санақ аяқталған соң тездетіп өз жұбын табуы керек.

Соңында қалған немесе өз жұбын таба алмаған ойыншы ойыннан шығады да, қалғаны ойынды жалғастырады. Енді 15-ке дейін санағанша айналу.Тағы да жеңіліс тапқан ойыншы шығады да, келесі ойыншылар 10-ға дейін санағанша айналып, өз жұбын табуы керек. Жеңімпазға Аяз ата сыйлық береді.

«Көпірден өту» ойыны үшін 1 ұл,1 қыз ортаға шықсын!

Ойынның шарты:

Қатысушылар жерге ұзынынан жайып тастаған заттарды аттап жүріп көреді. Ендігі кезекте көздері байлаулы күйі заттарды баспай аттау керек.(көздерін байлап жатқанда қызықты болуы үшін жердегі заттар жинап алынады)

Ақша қар: Достар,мерекенің ең маңызды сәті - өздерің жасаған таңдауларың бойынша «Қарсы алайық Жаңа жылды жаңа әнмен!» бал-маскарадының сұлу Ханшайымы мен парасатты Ханзадасы анықталды.

Ақшақар: «Қарсы алайық Жаңа жылды жаңа әнмен!» бал-маскарадының көрікті де, сымбатты Ханзадасы -…….

Аяз Ата: Ай десе аузы,күн десе көзі бар «Қарсы алайық Жаңа жылды жаңа әнмен!» бал-маскарадының сұлу Ханшайымы - ……………………..

Ақша қар: Кешіміздің Ханзадасы мен Ханшайымын құттықтап, қошеметтеп қояйық!

Аяз ата : Ортамызда тұр дәйім,

Ханзада мен Ханшайым.
Жүйрік аттай желейік,
Вальске кезек берейік. (Ханзада мен Ханшайым вальсі)

Ақша қар: Балалықтың естен кетпес сол бір күні,

Аяз ата бүгінгідей көз алдымда.

Құлақта қалды жағымды қоңыр үні,

Тұрғандай әнмен тербеп ортамызда.

Ақша қар : Көңілдеріңізді бір көтеріп кезекті ойынға берейік.

«Біргемін» ойынының шарты:

2 орындыққа 1 ұл ,1 қыз арқа тіресіп отырады.1,2,3 деп санағанда қатысушылар мойынды кез-келген бағытқа бұрады. Егер қатысушылар бағыты бір болса, жеңімпаз атанады. Ойын жалғаса береді.

Аяз ата : Құрметті халайық! Мерекелік кешіміз басталарда кіре берісте барлығыңызға лотерея билеті таратылған болатын.Ендігі кезекті лотерея билетін ойнатуға береміз!

(араластыра отырып, қорапшаның ішінен лотерея нөмірлері алына бастайды, ұтыс иелері ортаға шақырылады )

Ақша қар: Лотерея билеті бойынша ұтыстар:

1-ұтыс: «Мицубиси» (ойыншық көлік) – келешекте қымбат көлік сатып алады екенсіз. Талап оң болсын!

2-ұтыс: «Кітап» – мектептегі білімді оқушыларымыздың қатары көбеетініне өте қуаныштымын.

3-ұтыс: «Маска» - биыл жаңа танысқан жандардың ішінен жаныңызға жақын дос табасыз. Сіздің жолыңыз болды ғой деймін.

4-ұтыс: «Сағат» - өміріңізде өзгеріс болатын сәт келді.

5-ұтыс: «Кілт» - жаңа пәтер иесі боласыз.

6-ұтыс: «Күн» - табысқа қол жеткізесіз.

7-ұтыс: «1 теңге» - ақша, байлық иесі боласыз.

8-ұтыс: «Жебе» - мақсатқа жетуде жолыңыз болады.

9-ұтыс: «Сыйлық» - сізді алда тосын сый күтіп тұр.

10-ұтыс: «ит» - береке-байлық, тоқшылықтың нышаны. ит жылы сіз үшін берекелі жыл болары сөзсіз.

Аяз ата: Ұтыс иелерін құттықтай отырып, Жаңа жыл сіздерге мол бақытымен, қуанышымен, үлкен - үлкен табысымен, ашық аспан, бейбіт күндерімен келсін, - дегім келеді.

Ақша қар: Қымбатты достар! Жаңа «Ит» жылында алға қойған мақсаттар мен жоспарлар орындалсын. Жаңа жыл құтты болсын, бақыт әкелсін!

Аяз ата :: Шаттыққа толы мұндай сәттер өмірде,

Ұнары хақ нәзік жанды көңілге.

Әуенмен жарасымды биді көріп,

Босқа қарап тұрғың келмес сенің де, - демекші, құрметті достар, кешімізді би кешімен жалғастырамыз!




































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!