400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа жыл мерекесі

Материал туралы қысқаша түсінік
кеш
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сахна әсем безендірілген. Музыка ойнап тұрады. Музыка ырғағымен ортаға Қызыл телпек шығады. Қызыл телпек: Сәлеметсіңдер ме,достарым! Келе жатқан Жаңа жыл баршаңызға құтты болсын!Осында мереке болады деген соң, сендермен бірге Жаңа жылды қарсы алуға сонау орманнан келдім.Балалар, тоңып отырған жоқсыңдар ма? Ендеше әсем шыршаны айналып Шырша жырын айтайық. Олай болса, мен сендердің қаншалықты зерек екендіктеріңді білгім келеді.Мынадай бір ойын ойнап жіберейік. Дұрыс жауапта алақандарыңды соғыңдар (шапалақтау), ал дұрыс емес жауапта аяқтарыңмен топылдатасыңдар (топылдату) Дайынсыңдар ма? Бастайық.

Жаңа жыл сүйікті мереке шапалақтау Жаңа жылда Аяз атаны күтеміз шапалақтау Шыршаны безендіреміз шапалақтау Жаңа жылды жазда қарсы аламыз топылдату Аққаланы гүлден, шөптен жасайды топылдату Мыстан кемпірмен орманға барамыз топылдату Ақшақармен ән айтамыз шапалақтау Қызыл телпек: Жарайсыңдар, өте зерек екенсіңдер!

(шымылдықтың артынан Сайқымазақ сүрініп, жығылып шығады.)

О,ооо мен қайда келдім. Мынау шырша ғой.Қандай әдемі! (шырщаны айналып жүреді) Қызыл телпек: Сайқымазақ, саған не болды? Бұл мектептегі Жаңа жыл мерекесі ғой. Сайқымазақ: Қайырлы күн ,балақайлар!Барлықтарың керемет кейіпкер болып киініпсіңдер.Жаңа жыл құтты болсын! Қане тұрмайық, би билейік,ән шырқайық. Қызыл телпек: Жоқ,жоқ мереке кешін Аяз атамен Ақшақарсыз қалай бастаймыз.Олар кешігіпжатыр. Шақырамызба?

Сайқымазақ: Тұратұрыңдар мен қазір сиқыр көретем.Сендер көздеріңді жұмыңдар және менімен бірге былай деп қайталаңдар:

Алақай, малақай Абрака, дабра Аяз ата кел (3 рет) Аяз ата: Амансыңдар ма,балаларым! Амансыңдар ма, ұлдарыс! Амансыңдар ма қыздарым! Асулармен алысқан Асау желмен жарысқан Аталарың сендерге Сыйлықпен келді алыстан

Балалар: Алып келді жылды бізге Аяз ата сәлем сізге Ақшақар: Сәлем достар! Жаңа жыл құтты болсын. Әдемі де ,көңілді балақайлар.Шыршаларың әсем екен,ал өздерің Жаңа жылды қарсы алуға дайынсыңдар ма?

Балалар: Иә, барлығы да ойдағыдай. Ақшақар: Олай болса менімен ойын ойнайсыңдар ма? Мен білемін бір ойын,үйретейін сендерге Мен бастаймын, ал сендер, аяқтаңдар ойынды Хормен жауап айтыңдар . Қарға мүлгіп дала тұр, Келе жатыр ..(Жаңа жыл ) Қызыл мұрын, ақ мұртты Білсең атын тез ата Келеді бізге ...(Аяз ата) Көңілсіз бір бала жоқ Ойын күлкі таралсын Құтты болсын ...(Жаңа жыл)

Қызыл телпек: Әуеледі әніміз Жаңа кірді сәніміз Ақшақарды ортаға алып Би билейік бәріміз (Ақшақардың би қимылын қайталау)

Сайқымазақ: Ендеше келесі кезекті ертегіге берейік «Бауырсак » ертегісі (жаңаша)

Автор: Жазғы жайлау ортасында Шал мен кемпір сүріпті Шал кемпірге таң атпай Былай дейді жаратпай (шал мен кемпір «Барыня» биін билейді)

Би биленеді, бауырсақ та пісті, жерге түсті, Көз ала бере қашып кетті (бауырсақ «Лезгинка » биін билейді)

Шауып келеді бауырсақ Алдынан шықты қоян қап Өзбек биін билейді Мың бұралып көз қорқақ (қоян өзбекше билейді)

Шауып келеді бауырсақ Алдынан шықты қасқыр қап (бауырсақпен танго биін билейді)

Шауып келеді бауырсақ Аю келеді айқайлап (аю орыс биін билейді)

Шауып келеді бауырсақ Түлкі келеді бұлғаңдап ( сыған биін билейді) деп бауырсақ барлығымен достасып, барлық ұлтты жиып қазақ биін билейді (қара жорға биін билейді) Қызыл телпек: Балалар керемет биші екен, би билеп шаршадық, тақпақ тыңдап демалайық.

Аружан:

Басталарда жаңа әлем,
Құйылады жаңа нұр.
Жүрекке арман бөлеген,
Қош келіпсіз, жаңа жыл!

Бақдаулет:

Жаңа жылым – әсемсің,
Гүл өндірер түзге де.
Әр сәті бақ әкелсің,
Достар, достар бізге де!

Мухаммад:

Басталарда жаңа нұр, Құйылады жаңа нұр. Жүрекке арман бөлеген, Қош келіпсің, жаңа жыл

Ботагөз:

Қуаныш пен шатыққа кенелейік, Жадырап ән шырқап бір тербелейік. Төрлет, төрлет халқымның құтты жылы, Бәріміз дөңгелене би билейік

Муслим: Өлең де әзір, ән де әзір, Ойын да әзір, бәрі әзір. Кел, Жаңа жыл біздерге. Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл

Нұрай:

Барлық жандар бір тілекке қосқан үн 
Бақытты боп бастады жыл дастанын 
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл 
Құтты болсын Жаңа бақыт достарым!...

Алинұр:

Аппақ бүгін дала да

Аппақ бүгін қала да

Аппақ болып жүрегі

Балалар тұр ортада



Ахметали:

Шырша деген жарқырайды шамдайын,

Шырша астында биге басып самғайын.

Бүгінгідей шырша тойы біздерде

Болсын деймін жаңа жылда жыл сайын     

 Мадина:

     Шырша қандай әдемі,

Күмістейін шамшырақ.

Күн астында өсті де

Бізге келді жарқырап.

Құстар қонып сайрады,

Жаңбыр жуды бетіңді.

Малика:

Жарқыра, жарқыра,                 

Жап-жасыл сән шырша.          

 Алтындай шарларың       

 Көңілді нұр шашсын.                 

Қуаныш көбейіп,                

Қызыққа жалғассын

Есей:

Ормандағы шыршаны

Ортаға алып тұрайық.

Қуана асып-тасайық,

Сүйікті әнге басайық



Сержан:

Төрлетіңдер,төрлетіңдер,

Шырша сәнін көріңдер.

Әсем ән мен би билеп

Мереке, сән беріңдер

Қызыл телпек: Бүгінгі жаңа жыл кешін көтеріңкі көңіл күймен, әсем бимен өткіздік. Бұл жаңа жыл көңіліміздің керегесін кеңейтіп ,баршамызға береке сыйлар жыл болсын. Балалар Аяз атаймен қоштасатын кез де жетті.

Аяз ата: Мен бұл ауылды ән мен жырдың мекені деп естуші едім.Өнерге жақын өреңдерің мұнда көп екен. Бүгінгі өнерлерің маған ұнады,сондықтан да менің сендерге берер сыйлықтарым бар.

Ақшақар балаларға сыйлықтарын таратып береді.

Би кеші.





-Бүгін сізге жырдан алқа тағайын Шат күлкіге толы болсын маңайың Көргендер де көрмегенде арманда, Жаңа жылың құтты болсын балалар Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайық Ай жүзіндей айшықтанып , арайың , Жанға шуақ , бойға қуат әкелген Жаңа жылың құтты болсын ағайын. Бүгінгі жаңа жыл кешін көтеріңкі көңіл күймен, әсем бимен өткізейік. Көңіліміздің керегесін кеңейтіп ,баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын «Жаңа жыл» әнімен ашайық. Ән: «Аппақ, аппақ.... Осы кезде сыпыртқысы бар Мыстан кемпір келеді.

Мен мыстанмын, мыстанмын Жамандыққа құштармын Аяз Ата ,Ақшакарды жек көремін Болғызбаймын жаңа жыл мерекесін.

Жүргізуші:

Қардай аппақ әдемісіз,мыстан апа

Шашың күміс жылтыраған мұздай,апа

Келіп қосыл арамызға , қарсы аламыз,

Сіз боп,біз боп Жаңа жылды, Мыстан апа

Мыстан: Жарайды ,жарайды.Ал сендер маған қандай сыйлық бересіңдер?

Жүргізуші: Бізде сиқырлы айна бар.Қарашы қандай әдемі!Айнаға қарап тұрып , сиқырлы сөзді айтсам болды , не көргің келсе , соны көруге болады.

Мыстан:-Үнді биін көргім келеді,ал көрсетші.

Жүргізуші:-Айнам ,менің айнам

Жан – жағымды жайнат

Үнділердің өнерін

Осында әкеліп билет.

(Оқушылар өздері дайындаған бір үнді биін көрсетеді.)

«Хаттубба» биі.

Мыстан:- Мынау тамаша екен.

Ал енді шетел биін көргім келеп тұрғаны .Қазір барлығы билеп жүрген би бар емес пе?

Жүргізуші: -Айнам ,менің айнам

Жан –жағыңды жайнат

« Шет ел »биін сен

Осында әкеліп билет.

-Мыстан: Маған өте ұнады .Мен де сендермен бірге болайыншы.

Жүргізуші:

-Өткен жылға ризамыз , бұл жылы жақсы жаңалықтарға толы болды.

-Олай болса, осы ескі жыл құрметіне 1 сынып оқушыларын «Қара жорға» биімен ортаға шақырамыз.

Жүргізуші:

-Қуаныңдар ,ағайын,тамсаныңдар,

Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.

Аяз Ата келеді (Жаңа жылмен , Ақшақармен)

Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!

(Осы кезде музыкамен ,Аяз Ата, Ақшақар келеді)

Аяз Ата:

-Амансыз ба,ұлдарым

Амансың ба,қыздарым

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем билерің

Аталарың сендерге,

Асау желмен алысып ,

Шаршап келді алыстан

Қаршақыз бен Жаңа жыл

Олар да жүр қасымда

Өздеріңдей балалармен

Сағынысып табысқан.

(Ақшақар шырша шамын жағып «Ақшақар» биін билейді.

Жүргізуші:

Кел ,төрлет ,Жаңа жылым,құтты жылым

Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін

Қарсы алдық сені еселі еңбекпен

Жарқырап әне алдымнан шықты күнім.

Аяз Ата:

-Мен бұл ауылды ән мен жырдың мекені деп естуші едім.Өнерге жақын өреңдерің мұнда да бар шығар?

Оқушылардың өнерлері:

Ән: «Жаңа жыл»

Аружан:

Басталарда жаңа әлем,
Құйылады жаңа нұр.
Жүрекке арман бөлеген,
Қош келіпсіз, жаңа жыл!

Бақдаулет:

Жаңа жылым – әсемсің,
Гүл өндірер түзге де.
Әр сәті бақ әкелсің,
Достар, достар бізге де!

Мухаммад:

Басталарда жаңа нұр, Құйылады жаңа нұр. Жүрекке арман бөлеген, Қош келіпсің, жаңа жыл

Ботагөз:

Қуаныш пен шатыққа кенелейік, Жадырап ән шырқап бір тербелейік. Төрлет, төрлет халқымның құтты жылы, Бәріміз дөңгелене би билейік

Муслим: Өлең де әзір, ән де әзір, Ойын да әзір, бәрі әзір. Кел, Жаңа жыл біздерге. Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл

Нұрай:

Барлық жандар бір тілекке қосқан үн 
Бақытты боп бастады жыл дастанын 
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл 
Құтты болсын Жаңа бақыт достарым!...

Алинұр:

Аппақ бүгін дала да

Аппақ бүгін қала да

Аппақ болып жүрегі

Балалар тұр ортада



Ахметали:

Шырша деген жарқырайды шамдайын,

Шырша астында биге басып самғайын.

Бүгінгідей шырша тойы біздерде

Болсын деймін жаңа жылда жыл сайын     

 Мадина:

     Шырша қандай әдемі,

Күмістейін шамшырақ.

Күн астында өсті де

Бізге келді жарқырап.

Құстар қонып сайрады,

Жаңбыр жуды бетіңді.

Малика:

Жарқыра, жарқыра,                 

Жап-жасыл сән шырша.          

 Алтындай шарларың       

 Көңілді нұр шашсын.                 

Қуаныш көбейіп,                

Қызыққа жалғассын

Есей:

Ормандағы шыршаны

Ортаға алып тұрайық.

Қуана асып-тасайық,

Сүйікті әнге басайық



Сержан:

Төрлетіңдер,төрлетіңдер,

Шырша сәнін көріңдер.

Әсем ән мен би билеп

Мереке, сән беріңдер

Жүргізуші:

Жаңа жыл-туындаған жаңа армандар

Жаңа жыл-шуылдаған жаңа армандар .

Ал мынау-мәңгі бақи жаңа дүние

О, сәлем, жаңа жылда жаңарғандар.

Жаңа жыл-қайсарлық пен жүректілік

Баратын болашаққа білек түріп,

Ал қане Жаңа жылға қол соғамыз.

Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

Жаңа жыл ауылдарды жарылқасын

Қиналып әр отбасы тарылмасын.

Аяз Ата бүгінгі келген күндей,

Жүздеріңнен қуаныш арылмасын.

Ойын ойнату. Балалардың сыйлықтарын тарату

Қорытындылау.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
443
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі