жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жаңа жыл мерекесі
Шымкент
қаласы
№105 «Елгезек» бөбекжай бақшасы
тәрбиеші
Оспанбекова Айнур Пердебековна
Жаңа жыл мерекесі
Тақырыбы: «Жаңа жылдық дүкендегі сыйлықтар»
Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесіндегі қызықты сәттермен таныстыру. Шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне назар аударту. Көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынасын ояту, келген қонақтарға, балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау.
Шам өшурулі, көгілдір экраннан ойыншық дүкені туралы видеоролик көрсетіледі.
Дауыс: Құрметті қала тұрғындары! Асығыңыздар біздің дүкенімізде сіздерді қызықтыратын, балаларыңызды қуантатың көптеген ойыншықтар келді.
Түрлі ойыншықтарды сатып алып, өз балаларыңызды қуантыңыздар!
Шырша түбіне ойыншықтар жайғасып отырады.
Шұғыла: Қандай тамаша, Жаңа жыл мерекесінде көптеген балаларды қуантатың болдық.
Мерей: Мен әдемі қуыршақпын мені әлемдегі ең сұлу қызға сыйлайтының сезіп тұрмын!
Тахмина: Ой қойшы, қуыршақ сен ғана әдемі емессің! Мысалға мен ерекше ойыншықп Микки мауспын! Маған қызығып бірінші сатып алатының білемін!
Сабина: Тыныш, тыныш сатушы келе жатыр орнымызға барайық.
Ойыншықтар шырша түбінен тұрып ән-күй залынан шығып кетеді.
Дүкенші: Сәлеметміздер ме қала тұрғындары! Біздің дүкенімізге қош келдіңіздер! Түрлі ойыншықтар бізде өте көп. Ал сапасы болса жоғары. Асығыңыздар қала бойынша сапасы жоғары аз данадан шыққан, керемет ойыншықтарды таппайсыздар.
Таңдау барысында қиындық туындаса ең алдымен біздің ойыншықтардың өнерін тамашалаңыздар сонда ұнаған ойыншықтарыңызды сатып аларсыздар.
Ендеше дүкеніміздің оң жақ сөрелеріңде биылғы үздік ойыншықтың бірі қызықты жұмсақ Микки Маустарды қарсы аламыз!
Ал дүкеніміздің сол жақ сөрелеріңде әдемі қуыршақ Барби мен Кенттерді қарсы аламыз!0
Музыка әуенімен балалар өз орындарына тұра қалада.
Ән: «Жаңа жыл» папури
Дүкенші: Ал қонақтар ойыншықтардың өнерлерін тамашалаңыздар.
Ортаға Жаңа жыл мерекесіне арнап тақпақтар орындап берейік.
Тақпақтар: Дулат, Меруерт, Айша, Тахмина
Анеля, Азиза, Шұғыла, Рамиз
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіт, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер. –Дулат
Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.-Меруерт
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына. -Айша
Тамаша ғой қыс
деген,
Қуанады бар
бала.
Шырша тойын
тойлайды,
Аяз Атамен
қосыла.
Біздің
балабақшада,
Шырша тойы
болады.
Аяз Ата,
Ақшақар,
Біздермен мәз
болады-Тахмина
Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп.-Анеля
Қайда қызық думан болса,
Аяз ата сонда болды.
Балалармен бірге ойнап
Балалармен бірге қонды.
–Азиза
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.
Жұпар иісі аңқыды,
Анамды да мәз қылды!
Жаңа жылда, балалар,
Ата-анасын қуантты.-Шұғыла
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.-Рамиз
Тақпақтар айту кезіңде қуыршақ билейтін балалардың қорабын шығару. Балаларды дайындау.
Дүкенші: Ортаға әдемі қуыршақтарымызды шақырайық!
Би: «Қуыршақтар» қыздармен ұл балалардың орындауында.
Дүкенші: Ойыншықтар, құрметті қонақтар дүкеніміздің ортасында тұрған шыршамыз көңілсіз шамдары жанбаған. Шамдарын қалай жағамыз дүкенміздің сәнің келтіру керек еді.?!
Тахмина: Мен білемін шырша шамын Аяз ата мен Ақшақар жаға алады.
Дүкенші: Дұрыс айтасын Микки Маус Аяз ата мен Ақшақар бізге көмек бере алады. Онда барлығымыз орнымыздан тұрып, Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Балалар орындарынан тұрып, Аяз ата, Ақшақар деп бірнеше рет қайталап шақырады.
Аяз ата мен Ақшақар ән-күй залына музыка әуенімен келеді.
Аяз ата: Амансыңдар ма балаларым! Амансыңдар ма қонақтар! Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Дүкеннің іші қандай әдемі іші толған ойыншықтар. Жаңа жыл мерекесінде балаларға сыйлық сылап қуантатын болды.
Дүкенші: Қош келдіңіздер Аяз ата Ақшақар. Міне Жаңа жыл мерекесіне қарсы көптеген ойыншықтар дайындадық. Бірақ дүкеніміздегі шыршамыздың шамы жаңбай тұр. Аяз ата сыйқырлы таяқшаңызбен шыршамыздың шамын жағып берсеңіз дұрыс болар еді.
Аяз ата: Әрине шырша шамын жағамыз. Қызым Ақшақар сен балалармен бірге үш рет шырша жан деп қайталасаңдар. Ал мен сыйқырлы таяқшаммен шыршаны жағайын.
Балалар орындарынан тұрып шыршы жан, шырша жан, жырша жан деп айтады.
Ән-күй залындағы барлық шамдарды өшіріп, шыршаның шамдарын жағу.
Дүкенші: Көп рақмет Аяз ата дүкеніміз жарқырап сәні кірді. Аяз ата алыс жолдан келіп шаршап қалған боларсыз, ортаға келіп төрлетіңіз ал біздің ойыншықтар Жаңа жыл мерекесіне арнаған тақпақтарын айтып берсің.
Тақпақтар: Мухаммед, Батыр, Мансур, Мерей.
Салман, Аружан, Мариям, Алия
Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен біздерді
Құтты болсын жаңа жыл,
Құттықтаймыз сіздерді-Мухаммед
Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Аяз ата, Ақшақар,
Мерекені бастаған. -Батыр
Көрдің бе Аяз атаны,
Аппақ екен сақалы.
Аппақ екен мұрты да,
Аппақ екен шапаны. –Мансур
Қандай әсем шартарап!
Шаттық күйге бөлеп тұр.
Тәттілерін арқалап,
Аяз ата келіп тұр.-Мерей
Будет праздник и подарки
Игры, смех и хоровод
Вот какой чудесный праздник
Наш любимый Новый год-Салман
Посмотрите, кто идет
Ну, конечно, Новый год!
Много радости и счастья
Он с собою всем несет-Аружан
Дедушке Морозу
Стих я расскажу
Свой наряд красивый
Гордо покажу-Мариям
Новый год! Новый
год!
Ждали мы тебя весь
год.
Ярко огоньки
сверкают,
Нашу елку
украшают.-Алия
Дүкенші: Біздің ойыншықтар тек қана тақпақтар дайындаған жоқ сонымен қатар сіздерге арналған әндері де бар.
Ән: «Қош келдің Аяз ата Ақшақар»
Ән айтып жатқан кезде Аяз ата бір қолғабын жоғалтып алады.
Аяз ата: Ой тамаша қандай өнерлі ойыншықтарсың.
Ақшақар: Аяз ата сіз бір нәрсеңізді жоғалтып алған сияқтысыз.
Аяз ата: Нені?! Қалпағым басымда, шапаным үстімде, етігім аяғымда, қапшығымда қолымда! Ой бір қолғабымды жоғалтып алған екенмін ғой.
Ақшақар: Иә Аяз ата қолғабыңыз бізде ал енді бізден алып қойыңызшы.
Ойын: «Қолғап»
Аяз ата: Әбден мені шаршаттыңдар ғой қазір мен сендерге көрсетемін сыйқырлы таяқшаммен сендерді қатырып тастаймын.
Ойын: «Қатырамын» музыка әуенімен.
Дүкенші: Аяз ата ойыншықтардың қалай ойын ойнайтының көрдіңіздер. Ал осы ойыншықтарды сатып алатын қонақтарымызбен де бір ойын ойнап жіберсек.
Аяз ата: Дұрыс айтасың бір ойын ойнап жіберейік.
Ойын: «» ата-аналармен бірге
Ата-аналармен ойын кезінде Микки Маустарды перде артына дайындау.
Дүкенші: біздің қонақтар қуыршақтарымыздың өнерлерін көріп алуға ниет етіп қойды. Ал енді ортаға біздің жұмсақ ойыншықтарымыз Микки Маустарды шақырайық.
Би: «Микки Маус»
Тақпақтар: Даян, Амирхан, Кәусар, Данеля
Умар, Сұлтанбек, Сабина, Гүлім
Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз.
Ән шырқайық баршамыз-Даян
Әкем таңдап әкелді
Ең үлпілдек шыршаны,
Иісін иіскеп шыршаның,
Таңқалдырды баршаны-Амирхан
Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты. –Кәусар
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, әке - шеше
Құтты болсын Жаңа жыл –Данеля
Ауыл маңы қар аппақ,
Қызықтар көп не түрлі.
Ақ дәптерді парақтап,
Қыс отырған секілді.-Умар
Жылдың әнін бастайын,
Аяз-Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды. -Сұлтанбек
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр. -Сабина
Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де. -Гүлім
Ән: «Келді міне Жаңа жыл!
Аяз ата: қандай қызықты әдемі дүкен еді. Енді осы дүкендегі көптеген ойыншықтар Жаңа жыл мерекесіне орай сыйлық бергім келіп тұр.
Ақшақар қызым шаңа толы сыйлықтарды ортаға алып кел.
Аяз ата балаларға арнап сыйлықтарын таратады қоштасып шығып кетеді.
Дүкенші: Қарап тұрсам барлық қонақтар өздеріңе ұнаған ойыншықтарын таңдап қойған сияқты. Ал енді ойыншықтарыңызды алсаңыздар болады.
Дүкенші: Құреметті қонақтар Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Үйлеріңізде тек қана қуаныш, бақыт, денсаулық болсын.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген