«Жаңа
Жыл –Жаңа Жыр!»
(9-10-11-сыныптар арасындағы Жаңа жыл кешінің
сценариі)
Жүргізуші:
Жаңа жыл – туындаған жаңа
армандар,
Жаңа жыл – шуылдаған жаңа
ормандар.
Ал мынау – мәңгі бақи жаңа
дүние,
О, сәлем, жаңа жылда
жаңарғандар
Біздерде ойын-сауық
басталады,
Тамаша күй тартылып ән
салады
Қошеметтеп, қол соғып
отырайық,
Ұмытарсың жыл бойғы
шаршағанды.
Жүргізуші:
Армысыңдар, бармысыңдар
құрметті халайық! Жылдағы дәстүрмен жаңа жылды думандатып, жырлатып
қарсы алу үшін әсем шырша қасына жиналып қалыппыз! Қош
келдіңіздер!
Алғашқы жаңа жылдық
құттықтау сөз мектеп директоры Лұқпанова Бақыт Ахажанқызына
беріледі.
Жаңа жыл келді, міне,
жерімізге,
Әкелсін құт-береке
елімізге
Жақсылық пен қуаныш жылы
болып,
Қиындықты жолатпасын
бәрімізге
Бүгінгі «Жаңа жыл- жаңа
жыр» мерекелік кешіне әлемнің әр жерінен бізбен бірге жаңа жылды
өткізуге ертегілер кейіпкерлері келе жатыр. Ендеше бәріміз жарқын
көңіл күймен қонақтарымызды қошеметпен қарсы алайық!
\Жаңа жылдық музыка
ойналады\
Ортаға әр жерден келген
кейіпкерлерімізді қарсы аламыз
Бүгінгі қоңақтарымыздың
құрметіне әсем әнді қабыл алыңыз.
ӘН: Жаңа жыл
Жүргізуші: Аппақ тонға
оранып,
Базарлықты мол алып,
Келеді алыс сапардан
Аяз ата оранып.
Келеді Аяз атамыз,
Қасында Ақшақары бар.
Қызыққа әбден батамыз,
Қарсы аламыз баршамыз
Ал,
қанеки балалар, баршамыз Аяз атамен Ақшақарды қарсы
алайық
(Три конья музыкасы
ойналады)
(Аяз ата мен Ақшақарды
қарсы алу)
Жүргізуші:
Қош келдіңіз, Аяз ата!
Қош келдіңіз Ақшақар!
Аяз
ата:
Амансыңдар ма, ұлдарым,
Амансыңдар ма,
қыздарым!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем билерің!
Асулармен алыстым,
Асау желмен жарыстым.
Шыршамызға асығып,
Өздеріңмен табыстым
Ақшақар: Армысыздар,
оқушылар, ұстаздар, ата-аналар,
Жаңа жылдарыңыз құтты
болсын!
Жаңа жыл бірлік пен татулық
жылы болсын,
Әр отбасы үшін ырыс пен
береке жылы болсын!
Жүргізуші:
Аяз ата, Ақшақар, қош
келдіңіздер! Сіздерді көрмеген бір жылда сағынып қалдық. Сіздермен
қауышу біздер үшін үлкен қуаныш.
(Аяз
ата мен Ақшақарды гномдар алып келеді)
БИ:
Гномдар биі
Жүргізуші:
Ал
балалар балалар!Ескі жылдай аға бар.Оны ортаға алайық Қош айтысып
қалайық! Музыка қосылып ескі жыл «Ұлу
жылы» шығады. 1
оқушы:Аяулы да құрметті
Ұлу жылы Сіз
бізбен 365 күн , 365 түн дос болдың, бірге жүрдің. Сен бізден
қызығың мен қуанышыңды аяған жоқсың.Ақша қырлы қысыңды, көгілдір
көктемің мен жадыраған жазыңды көрдік,сары алтынға малынған жомарт
күзіңде алтын ұя мектебімізге қайтып оралдық.Енді міне сені тарих
сапарына аттандырғалы отырмыз. Біз саған дән ризамыз, Біз сені
ұмытпаймыз. Біз өз Отанын сүйетін, өз Отанын қорғайтын ұрпақ
боламыз деп ант етеміз.Музыка қосылып
қошеметпен Ескі жылды шығарып салады.
Жүргізуші:
Ей, құрбылар, жарқын жақсы
адамдар!
Жыл келеді! Жыл келеді!
Қараңдар.
/Осы мезетте «Жылан»
жылы келеді./
1оқушы: Келді міне жаңа
жыл аппақ болып,
2оқушы: Ән салып, жұмбақ ,
тақпақ болып.
3
оқушы: Ауламыздың тұсына қонып
жатыр,
4
оқушы: Аяз болып, мұз болып,қатқақ
болып.
5
оқушы: Қонысың құтты болсын Жаңа
жылым!
6
оқушы: Қоныпсың қатарыма ақ үй
болып.
Жүргізуші:
Басталарда жаңа әлем,
Құйылады жаңа нұр.
Жүрекке арман бөлеген,
Қош келіпсің, Жаңа жыл!
–
Жаңа жыл: Жылан
жылы
Тағат
таппай күткенің,
Бұл
жылан жылы еді.
Әкелемін баршаңа,
Жаңа бақыт, жаңа нұр!
Айтпаса да байқаймын,
Көп сіздерге берерім.
Дәулет, сәулет, ырыс-
бақ,
Қуаныштарға келгің.
Білімге
құштар түлектер,
Тілейміз сізге тілектер
Ұлттық бірыңғай
тестіден,
Сүрінбей
аман өтіңдер.
Аяз ата сөзі Оу
бәрекелді! Жаңа жыл мына әсем тілегің тамаша екен. Енді бұл жердің
иесі сенсің! Мынау балаларды жақсылап, тәрбиеле. Айтпақшы , сұрауға
ұмытып барамын балалар осы Жаңа жылды жасыл шырша жанында тосып алу
рәсімі қай елден шыққан. Осы жерде
балалардың жауабы тыңдалады.
/Жаңа жылдың құрметіне ән
шашу/. Оқушылар шырша айналады)
БИ: Карновальный
би
Жүргізуші:
Жаңа жыл келіпті
ортамызға,
Мол дастархан сыйласын
баршамызға
Таусылмасын бақыт пен
құт-береке,
Жақсы тілек тілейік
ұл-қыздарымызға.
4.
ӘН: (Оқушылар шырша айналады)
Жаңа жылдық
ойын:
Жүргізуші: Жаңа жылым -
әсемсің,
Гүл өндірер түзге де,
Әр сәті бақ әкелсін,
Жаңа жылым бізге де,
Жүргізуші: Сүйсінтеді
бишілердің қимылы,
Шеттерінен жайнап тұрған
қыр гүлі,
Билерінен мін таппайсыз
бірде-бір,
Құдайдың шын таңғажайып
сыйлығы ортада
Үнді биі
Жүргізуші: Өтсін солай
жаңа өмірдің күндері,
Шарпымасын жүректерді мұң
лебі
Жарқылдасын жаңа жылдың
оттары,
Таусылмасын жаңа жылдың
дүрмегі! –
Жүргізуші: Жаңа жылда
алдағы,
Көңіл өсіп кеңейсін!
Ортақ ойы арманы,
Жақсы дәстүр көбейсін.
8. ӘН:
Жаңа жылдық ойын
:
Жүргізуші: Біз тілейміз
Жаңа жылдың шаттығын
Біз тілейміз Ақшақардың
пәктігін,
Аралаймыз ақ ормандай
ойларды,
Аялаймыз ару құстың ақ
түнін
9. ӘН:
(Оқушылар шырша
айналады)
Жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа
бақыт, ырысым,
Жақсылықтың жаршысы да,
нұрысың.
Адамдардың асқақтаған
арманы,
Ақындардың таусылмайтын
жырысың.
10. БИ:
(Аяз ата мен Ақшақарды
шығарып салу)
Аяз ата: Ал,
балалар! Мен біраз дем алдым.Сендерге көп рахмет! Алыс –алыс
ауылдар, өздеріңдей қауымдар күтіп отыр біздерді. Ақшақар екеумізді
қаумалап жолға шығарып салыңдар. Келесі Жаңа жылға дейін сау
болыңыздар.Сабақтарыңды жақсы оқып, ата-аналарың мен ұстаздарыңды
қуанта беріңдер! Ал мен кеттім қош.
/Оқушылар шырша жырын
айтып, Аяз ата мен Ақшақарды музыкамен шығарып салады./
Жүргізуші:
Жүргізуші: Қандай жақсы
біздің Аяз атамыз,
Ол кеткен соң терең ойға
батамыз.
Ақша қар болып қалықтаймыз
аспанда,
Құс жолымен ән сап бара
жатамыз
Жүргізуші:Жаңа жыл
ауылдарды жарылқасын,
Қиналып, әр отбасы
тарылмасын.
Аяз ата бүгінгі келген
күндей,
Жүздеріңнен қуаныш
арылмасын,- деп ниет білдіре отырып кезекті әсем әнге береміз
Ән:
«Аппақ қар» Шыршаны айнала билеу.
Жүргізуші:
Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа
жыр,
Ізгілік, бірлік дәнін
ортаға ысыр.
Құт болып, береке бер
халқымызға,
Мерейін, мәртебесін биікке
асыр.
Жүргізуші:Міне, Жаңа 2012
жыл да келді, ал 2011 жыл біздің тарихымыздың бір бөлшегіне
айналды.
2012 жылы да елімізде
тыныштық болып, ырыс-құтымыз азаймасын!
Жаңа жыл әрбіріңіздің
отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен
мереке әкелсін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл
болсын!
Қорытынды сөз. /сынып жетекшілер./
ІІ бөлім «Жаңа жылдық
дастархан» және би кешімен жалғасады.