Жаңа жыл мерекесі. 5-7 сыныптарға арналған

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңа жыл мерекесі. 5-7 сыныптарға арналған

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жаңа жыл мерекесіне арналған дайын сценарий. сынып жетекшілер қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңа жыл мерекесі

Зал мерекеге сай безендірілген. Музыка фонында ортаға екі жүргізуші шығады.


1-жүргізуші:

-Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар!

2-жүргізуші:

Бармысыздар , замандас, бауырлар , шабытты шәкірттер.

1-жүргізуші:

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайың.

Көргендер де арманда.

Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

2-жүргізуші:

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,

Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.

Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.

Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

1-жүргізуші:

Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл

күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар

2-жүргізуші:

Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің

шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!

\Ортаға би: \ 6-сынып

1-жүргізуші:

Құрметті жамағат «Жақсы сөз жарым ырыс!» -деп дана қадақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы, №40 орта мектеп директоры Елжасарова Оразкүл Сүлейменқызына береміз.

1-жүргізуші:

-Армысың , аманбысың Жаңа жылың.

Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!

Ұлу жылы келгенде, сый ғып тартып,

Ақтарайық әнменен көңіл сырын.


\ӘН :\ Дәненбаева Ж (6-сынып)

2-жүргізуші:

-Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз Ата мен Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.

1-жүргізуші:

Қуаныңдар , ағайын, тамсаныңдар.

Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.

Аяз ата келеді Ақшақармен,

Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!

\осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді\


Аяз ата: Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,

Нарына нарық заман мінгескен ел.

Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,

Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.


1-жүргізуші:

Ассалаумағалейкум, Ата!

Аяз Ата: Уағалейкумассалаум, балам!

2-жүргізуші:

Армысыз Ата, Армысың Ақша қар


Аяз Ата:

Бар бол , балам! Біз қай жерге келдік қарағым!

1-жүргізуші:

Сіздер №40 орта мектепке жаңа жыл кешіне келдіңіз

Аяз Ата:

-Бәрекелді балам! Мұнда өнерге жақын өрендерің бар шығар.?

2-жүргізуші:

Әрине , ата! біздің мектебімізде мың бұралған бишілеріміз дайын тұр. Сіз рұқсат берсеңіз болды.

Аяз Ата :

Рұқсат шырақтарым, рұқсат

1-жүргізуші

\Ортаға биші қыздарды шақырайық\ (7-сынып)

2-жүргізуші:

Ақ көңілім айналды аппақ қарға,

Көңілдене қосыл сен де ән мен жырға!

Қыс қызығы басылмай ұласады,

Қуанышы көп болсын Жаңа жылда,- дей отырып жаңа жылдық мерекемізді әрі қарай жалғастырамыз.Ортаға КВН тобын шақырамыз (6-7 сынып)

1-жүргізуші

:Ашық аспан төгіп нұр,

Қар жамылған дала , қыр.

Есік ашып келіп тұр

Аңсап күткен Жаңа жыл!


Ойын: Ортаға 5-сынып оқушыларының ойынын тамашалайық


2-жүргізуші:

Құтты болсын жас талап,

Құтты болсын жаңа жыр,

Жайнай берсін бас шырша,

Баршамызға төгіп нұр.

Жылды қарсы алайық,

Асқақ әнге салайық!


\Ән:\ 5-сынып оқушылары


1-жүргізуші:

-Құрметті халайық, Құрметті Аяз ата Ақша қар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап, кең байтақ Қазақстанымыздың түпкір –түкпірін аралап келе жатыр екенсіздер. Ал, Аяз Ата Ақша қар!. Асығып тұрған секілдісіздер. Әрине сіздердің әлі де барар жер , басар тауларыңыз болған соң көп бөгемейік.

Аяз Ата: Жарайды балдарым менің Сендердің өнерлеріңді тамашалап дем алып қалдым .Енді рұқсат болса біз жүрейік .Жаңа жылдарың кұтты болсын! Сау болыңдар!

2-жүргізуші:

Сау болыңыз Аяз ата Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!

Өнерді бұлбұлдай сайратамын.

Елімді гүлдей жайнатамын,- деген бір топ оқушылар өз өнерлерін ұсынбақшы.

Көрініс: 5-сынып оқушылары

1-жүргізуші:

Жаңа жыл құтты болсын жас ұрпақ,

Келген жылға қарамаңдар тосырқап.

Үлкенге ізет, кішіге көмек көрсетіп,

Жақсы істермен көңіліңнің досын тап.

\Би\ 5-сынып оқушылары




2-жүргізуші:

О,Жаңа жыл, құтты жыл,

Аңа бақыт, несібем.

Жаңа жылдың қып-қызыл

Қоштастық біз кешімен

1-жүргізуші:

Өтсін жақсы жаңа өмірдің күндері,

Шарпымасын жүректердің мұң лебі.

Жарқылдасын жаңа жылдың оттары,

Таусылмасын жаңа жылдың дүрмегі.

1-жүргізуші:

Жаңа жылды жақсылық болсын, Әр үйге құт, береке қонсын!


2-жүргізуші:

Бүгінгі мерекелік кешімізді осымен аяқтаймыз.

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
07.02.2019
6410
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі