400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңа жыл мерекесі "Кел, Жана Жыл, Жана жыл"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы ұғым беріп, бірлікпен, достықпен өткізуге баулу. Жаңа жыл туралы тақпақтар айтқыза отырып сөздік қорларын молайту. Көпшілік ортада тәртіпті, инабатты болуға тәрбиелеу. Кейіпкерлер:Жүргізуші .Аяз Ата.Ақшақар. Қоян. Түлкі. Петрушка. Тиін. Үйшік. Керекті құрал жабдықтар:Ойынға керекті заттар ( шар, шырша ойыншықтары) Жүргізуші:Армысыздар, құрметті ата аналар, балабақша қызметкерлері және бүлдіршіндер.Баршаңызды Жаңа жыл мерекелеріңізбен құттықтаймыз. «Жаңа жылым, жаңа бақыт сыйласын, Көгімізде бейбіт құсы самғасын. Төгілтіңдер Жаңа жылдың жақсы әнін, Қуанышпен арайласын ақ таңын» Ересек «Балауса» тобының «Кел, жаңа жыл, Жаңа жыл» атты ертеңгілігін ашық деп жариялаймыз. Сендер бүгін әдемі, сәнді киініп келіпсіңдер.Қандай мерекеге келдіңдер. Балалар: Жаңа жыл мерекесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кел, Жана Жыл, Жана жыл

Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы ұғым беріп, бірлікпен, достықпен өткізуге баулу.

Жаңа жыл туралы тақпақтар айтқыза отырып сөздік қорларын молайту.

Көпшілік ортада тәртіпті, инабатты болуға тәрбиелеу.

Кейіпкерлер:Жүргізуші .Аяз Ата.Ақшақар. Қоян. Түлкі. Петрушка. Тиін. Үйшік.

Керекті құрал жабдықтар:Ойынға керекті заттар ( шар, шырша ойыншықтары)

Жүргізуші:Армысыздар, құрметті ата аналар, балабақша қызметкерлері және бүлдіршіндер.Баршаңызды Жаңа жыл мерекелеріңізбен құттықтаймыз.

«Жаңа жылым, жаңа бақыт сыйласын,

Көгімізде бейбіт құсы самғасын.

Төгілтіңдер Жаңа жылдың жақсы әнін,

Қуанышпен арайласын ақ таңын»

Ересек «Балауса» тобының «Кел, жаңа жыл, Жаңа жыл» атты ертеңгілігін ашық деп жариялаймыз.

Сендер бүгін әдемі, сәнді киініп келіпсіңдер.Қандай мерекеге келдіңдер.

Балалар: Жаңа жыл мерекесі

Жүргізуші:Балалар, бізде шыршамыз бар, көптеген қонақтар бар.Бізге мерекеге кімдер жетіспей тұр?Ондай болса мерекемізге Аяз атаны.Ақшақарды шақырайық.

Балалар: Аяз ата ауууу. Ақшақар аууу

Аяз Ата:

Амансың ба, ұлдарым

Амансың ба, қыздарым.

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем билерің!

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан

Тілейтінім жыл бойы –

Сендердің денсаулығың:

Ақшақар: Амансыңдарма, қымбатты достар! Жаңа жылдарың құтты болсын. Келер жыл береке, бірлік, молшылық әкелсін.

Аяз Ата: Балалар, мына шыршамыз кәңілсіз тұрған сияқты ғой. Қәне сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық.

Балалар:Қуант бізді , таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат.

Жүргізуші :Ал канеки балалар

Ән мен жырға басайық,

Шыршамызды айналып,

Той думанды бастайық.


Осы кезде жылап қоян шығады

Жүргізуші: Қоян , саған не болды? Неге жылап тұрсың?

Қоян:

Қалай жыламаймын

Менің үйім ағаштан болды

Түлкінің үйі мұздан болды

Күн шығып еді оның үйі еріп кетті де

Менің үйіме кіріп алды

Ы-ы-ы-ы-ы (жылайды)


Жүргізуші:

Жылама, қоян, біз саған көмектесеміз.

Ақшақар:Қоян сен мұңайма.Кел бізбен бірге мерекені тойлайық.Саған көмек береміз.Кәне, кішкентай менің ақшақарларым қоянға әдемі би билеп берейік.

Би: «Ақшақарлар»

Қоян:Менің кішкентай көжектерімде тоңып қалды көмектесіңдер

Жүргізуші:Жылама, қоян , біз саған көмектесеміз

Петрушкалар, петрушкалар, ортаға келіңдер,

Қоянға көмек беріңдер!

Петрушка:Қуана, қуана келеміз

Қоянға көмек береміз.


Петрушкалар түлкі отырған үйдің жанына келіп сылдырмақты сылдырлатады

Түлкі:

Қазір жүгіріп шығамын,

Қазір секіріп шығамын .

Жан –жаққа бәріңді ұшырамын!

Петрушкалар қашады

Петрушка: мүмкін әдемі биімізді билеп берсек, қоянның үйін түлкі босатып беретін шығар.

Би: «Петрушкалар»


Жүргізуші: Петрушкалар көмектесе алмады ,мүмкін бізге тиіндер көмектесетін шығар.

Тиіндер, тиіндер

Ортаға келіңдер

Қоянға көмек беріңдер!

Тиіндер :

Жылап тұрған қоянды

Қорғамасақ болмайды

Кіп-кішкентай әтештер

Қояндарды қорғайды

Тиіндер үйдің қасына барып айқайлайды


Түлкі:

Қазір жүгіріп шығамын,

Қазір секіріп шығамын.

Жан-жаққа бәріңді ұшырамын!

Жүргізуші:Қандай қу түлкі. Ешкімнен қорықпайды.

Би: «Тиіндер»

Енді ойын ойнайық

Ойын. «Шырша»

Балалар үрлеген кезде шырша өшіп қалады. Қол шапалақтаған кезде шырша жанады.

Жүргізуші:Түлкі мүмкін біз әдемі ән айтқанда қоянның үйін босатып беретін шығар.

Ән: «Аппақ, аппақ жапалақтап»

Жүргізуші: Аяз ата қоянға көмектесіңізші, түлкі қоянды үйінен қуып шықты

Біз қоянға көмектесе алмадық

Аяз ата:Әрине, көмектесемін!

Боранды мен жіберемін, аязыммен оны үсіремін!

(боранды жібереді)УФ-уф-у-у-у-у-у-у-у...

Түлкі:Аяз ата,Аяз ата, мұрнымды сен үсірдің, өзімді тоңдырдың

Аясаңдаршы мен, қолымды жылытыңдаршы

Аяз ата:Не деп тұрсың? Сен қоянды неге аямадың? Неге оның үйін тартып алдың?

Түлкі: Кешіріңдерші мені, енді ондай жасамаймын.

Аяз ата: Балалар, кешіреміз бе?

Балалар: Иә, кешіреміз

Аяз ата: Ал, қоян, өзіңнің үйіңе бар, ешкімнен қорықпа!

Қоян: -Рахмет!

Жүргізуші: Ондай болса кішкентай көжектері би билеп берсін

Би: «Қояндар»

Ондай болса тағы бір ойын ойнайық


Ойын «Қолғап»

Бокстың қолғабын киіп, кәмпиттерді тез жинау

Жүргізуші:Балалар, көрдіңдерме бәріміз жиналып қоянға көмектесіп, түлкіден үйін алып бердік.Ары қарай мерекемізді жалғастырайық.Бүгінгі Жаңа жыл мерекесі ғой ондай болса келер жылымыз Тышқан жылын шақырайық.

Музыка ойнап тұрады.Тышқан жылынын келуі.

Тышқан:

Мен тышқан жылымын,

Жаңа жылдың сұлуымын

Менің айтар қсиетім,

Жылдардың бер қасиетің,

Құтты жыл болып келеиін,

Қуаныш , той, бақ әкелсін.

Жүргізуші:





Ойын «Үскіртемін»

Аяз Ата:


Ән: Жана жыл, келді !

Жүргізуші:

Ақшақарлар, келіңдер,

Билеп бізге беріңдер!

Жарқырасын айнала-

Ақ күмістей айнала.


Би «Ұлпа қарлар»

Ұлпақарлар бір жерге отырады. Аяз ата үрлейді. Ұшып басқа жерге отырады. Аяз ата тағы үрлейді ұлпақ қарлар шыршаның түбіне жиналады.

Аяз ата: Мына жерде көп қарлар үйіліп қалыпты ғой!Келіңдер, қар атысып ойнайық


Ойын «Қар атысу»

(Балалар қармен ойнайды. Ойыннан кейін қарларды жинайды)

Аяз ата: Жиналған қарымыз жәй қар емес, сиқырлы қар. Қараңдаршы ,

қандай үлкен. Қарды әрі-бері домалатып,балаларды қызықтырады

Ішін ашып, таңырқап қарайды. Ішінен сыйлықтарды шығарып, балаларға таратады.

Балалар: Рахмет,Аяз ата!

Аяз Ата:Ал енді мен жолға шығайын. Басқа да балалардың өнерін тамашалайын. Ал балаларым,сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер.Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 ақпан
528
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі