ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІН ЕСКЕРУ ТУРАЛЫ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІН ЕСКЕРУ ТУРАЛЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қайырлы күн! Алдымызда Жаңа жыл - адамдарға тек жарқын және жағымды эмоциялар әкелетін мереке. Сондықтан, осы мерекені қайғылы оқиларамен бұзбау үшін халыққа қауіпсіздік ережелерін еске салу мақсатында брифинг өткізіп отырмыз. ТЖМ үшін жаңа жылдық мерекелер кезіндегі басты міндетіміз – халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өйткені бұл кезең қауіпті кезең болып саналады. Бұл әсіресе жаңа жылдық мерекелер өтетін орындарға (мейрамханалар, түнгі клубтар), сондай-ақ адамдар көп жиналатын жерлерге қатысты (мектептер, балабақшалар, мәдениет үйлері, сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері). Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтауға ерекше назар аудару қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІН ЕСКЕРУ ТУРАЛЫ

Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы азаматтық қорғау полковнигі Р.Ф. Камаловтың ОКҚ-дағы баспасөз конференциясына арналған тезистерінен үзінді
2023 жылдың 21 желтоқсаны
https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/documents/details/573319?lang=kk

Қайырлы күн!

Алдымызда Жаңа жыл - адамдарға тек жарқын және жағымды эмоциялар әкелетін мереке. Сондықтан, осы мерекені қайғылы оқиларамен бұзбау үшін халыққа қауіпсіздік ережелерін еске салу мақсатында брифинг өткізіп отырмыз.

ТЖМ үшін жаңа жылдық мерекелер кезіндегі басты міндетіміз – халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өйткені бұл кезең қауіпті кезең болып саналады.

Бұл әсіресе жаңа жылдық мерекелер өтетін орындарға (мейрамханалар, түнгі клубтар), сондай-ақ адамдар көп жиналатын жерлерге қатысты (мектептер, балабақшалар, мәдениет үйлері, сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері). Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтауға ерекше назар аудару қажет.

Жаңа жылдық мерекені балалар мекемелерінде, мысалы, балабақшада немесе мектепте өткізу өрт қауіпсіздігін сақтауды қатан талап етіледі.

Мереке өткізер алдында ғимараттың жағдайын, қаншалықты өрт қауіпсіздігінің ережелері сақталғаны тексеру қажет.

Ашық отпен пиротехникалық бұйымдарды жабық орындарда пайдалануға қатаң тыйым салынғанына назарларыңызды аударамыз.

Министрлікпен жыл сайын әр-түрлі алдын алу іс-шаралар өткізіледі -халықпен, оның ішінде балалармен, корпоративтік іс-шаралар өткізетін ойын-сауық мекемелерінің иелерімен, пиротехникалық бұйымдарды таратушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Жалпы, жаңажылдық мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезіндегі ережелер мен талаптарды сақтау мәселелеріне қоғамның назарын аудару мақсатында «Атамекен» Ұлтық кәсіпкерлер палатасы алаңында «Кәуіпсіз және жаңа жылдық мерекелік іс-шаралар» тақырыбында Баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. жыл», мүдделі мемлекеттік органдар: Ішкі істер, денсаулық сақтау, мәдениет және ақпарат министрлігі өкілдерінің қатысуымен өтті.

Статистиканы келтіретің болсақ, күніне орта есеппен 20-30 өрт орын алса, жаңа жылдық мерекелер кезінде олардың саны екі есеге артады.

Айта кету керек, бұл өрттердің көпшілігі тұрғын үй секторында орын алады.

Жалпы, статистикаға сәйкес, өрттердің шамамен 60% тұрғын үйлерде болады, бұл көрсеткіш жаңа жыл мерекелері кезінде 80% дейін артады.

Мерекелер кезінде адамдардың қырағылығы айтарлықтай төмендейді.

Жаңа жыл мерекесін өрт сияқты келеңсіз жайт басып қалмас үшін Төтенше жағдайлар министрлігі жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.

Біріншіден, ұйым басшылары жаппай мерекелерді өткізу кезінде келесіні ескеруі қажет:

- кемінде екі эвакуациялық шығуы бар, терезелерінде торлар жоқ және 2-ші қабаттан жоғары емес орналасқан үй-жайларды ғана пайдалануға рұқсат етіледі;

- шыршаларды тұрақты негізде, бұтақтары қабырғалар мен төбеге тимейтіндей етіп, үй-жайдан шығуды қиындатпайтындай етіп орнату керек;

- иллюминацияны электр қондырғыларының техникалық нормаларын сақтай отырып орнату керек. Егер иллюминацияда ақау анықталса (сымдардың қызуы, шамдардың жыпылықтауы, ұшқынның пайда болуы) оны дереу токтан ажырату керек;

- іс-шараларды өткізу кезінде сахнада және залдарда өрт қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғалардың кезекшілігін ұйымдастыру қажет. Іс-шаралар өткізілетін залдар бастапқы өрт сөндіру құралдарымен (өрт сөндіргіш) қамтамасыз етілу керек.

Қатаң түрде рұқсат етілмейді:

- үй-жайларда өртке әкеп соғуы мүмкін отшашуларды ұйымдастыру;

- қатарлар арасындағы жолдардың енін азайту және өту жолдарында қосымша орындықтар орнату;

- іс-шара кезінде бөлмедегі жарықты толығымен өшіру;

- үй-жайды белгіленген нормадан артық адамдармен толтыру.

Жаңа жылдық шыршаларды орнату кезінде ережелерді елемеуге болмайды.

Сөзімнің соңында мерекелік іс-шаралар белсенді өтетін орындарда – балабақшадан бастап ойын-сауық орындарына дейін өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын тағы да атап өткім келеді.

Қарапайым ережелерді сақтау Сіздің және жақын адамдарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.

Сондықтан Төтенше Жағдайлар Министрлігі өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын мүлтіксіз сақтауды ҰСЫНАДЫ.

Қорытындылай келе, мүмкіндікті пайдалана отырып, Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Назар аударғаныңызға рақмет!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.03.2025
132
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі