Жаңа жылға арналған
«Армысың, жаңа жыл» атты сценарий
(Екінші кіші топ балаларына арналған)
Балалар музыкамен залға кіреді.
Жүргізуші: Армысыздар ата-аналар, балабақша қызметкерлері, балалар!
Сіздерді келе жатқан жаңа жылдарыңызбен құттықтаймыз. Отбасыларыңызға амандық, денсаулық, бақыт тілейміз.
Жасыл желек жамылған
Асыл млншақ тағынған.
Міне сұлу шыршамыз,
Көптен күткен сағынған,
Енжарлықты тастайық,
Шырша тойын бастайық.
Балалар тақпақтары:
Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы шыршамыз біртүрлі көңілсіз, шамдары жанбайды.
Бүгінгі Жаңа жыл мерекесі көңілді болу үшін келіңдер, Аяз атаны шақырайық.
(Бәрі хормен Аяз атаны шақырады).
Аяз ата: Ау, амансыңдар ма ұлдарым ,
Амансыңдарма қыздарым.
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан,
Бар тілегім, жоралғым.
Керемет бір ән тыңдар
Келіп тұр-ау демалғым......
Жүргізуші: Қазір, балалар сізге арнап «Аяз ата» әнін орындап береді.
(орындарынан тұрып, шыршаны айналып шеңберге тұрады)
Ән: Аяз ата
Жүргізуші: Аяз ата, балалар ән салып, тақпақ айтып беріп жатыр. Шыршамыз сонда да көңілсіз, шамдары жанбайды. Сіздің көмегіңіз керек болып тұр.
Аяз ата: Әрине, Ақшақар қызым қазір бұл кемшілікті түзейміз.
Шырша, шырша, қуаныш сыйла жалпыға
Көңілді шырша жарқыра қане, жарқыра. (2 рет қайталайды).
(қолдарын шапалақтайды, орындарына отырғызады).
Жүргізуші: Аяз ата, балаларыңыз сізге тек ән ғана емес, тақпақ айтып бергілері келеді.
Аяз ата: Ой, айналайындар, келе ғой. Тақпақтарыңды тыңдайын.
(Балалар тақпақ айтып жатқанда Мединаны (бауырсақты) қорапқа тығу)
Аяз ата: Балаларыма арнап әкелген сыйлығым бар еді. Қазір қорабымды ашайын.
Қорапты ашқанда ішінен бауырсақ шығады.
Бауырсақ, сен мұнда қайдан жүрсің? Ой, алжыған басым- ай қапты ауыстырып алған екенмін ғой. Балалар, мен сыйлығымды алып келейін....... (шығып кетеді)
Жүргізуші: Балалар, Аяз ата сыйлық алып келгенше, Жаңа жыл мерекесін жалғастырайық..... Бауырсақ, сен қайдан келдің?
Бауырсақ: Мен атадан қаштым,
Мен ападан қаштым
Сендерге келдім...
(жүгіріп, шыршаны айналып келеді, қоянды кездестіреді)
Қоян: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін....
Бауырсақ: Қоян жемеші, мен саған кәмпит беремін...
Жүргізуші: Қоян, ал біздің қыздар «Кәмпиттер» биін билеп береді.
Қоян: Жарайды, билеп берсін..
Би: «Кәмпиттер» - қыздар орындайды.
Бауырсақ: (жүгіріп, шыршаны айналып келеді, қасқырды кездестіреді).
Қасқыр: Бауырсақ, бауырсақ. Мен сені жеймін.........
Бауырсақ: Қасқыр, мені жемеші, кел екеуміз ойнайық....
Жүргізуші: Бауырсақ дұрыс айтады, қасқыр бүгін Жаңа жыл мерекесі ғой, келіңдер балалармен бірге ойын ойнайық.
Қасқыр: Жарайды, келіңдер ойын ойнайық..
Ойын: «Қар жинау»
Бауырсақ: (жүгіріп, шыршаны айналып келеді, аюды кездестіреді).
Аю: Бауырсақ, бауырсақ. Мен сені жеймін....
Бауырсақ: Аю мені жемеші, мен саған жаңғақ беремін....
Жүргізуші: Аю, бүгін Жаңа жыл мерекесі емес пе? Бауырсақ екеуің балалардың биін тамашалаңдар.
Аю: Жарайды ,жаңғақтар билеп берсін..
Би: «Жаңғақтар» - ұлдар орындайды.
Бауырсақ: (жүгіріп, шыршаны айналып келеді, түлкіні кездестіреді).
Түлкі: Бауырсақ, бауырсақ. Мен сені жеймін.
Бауырсақ: Түлкі мені жемеші, мен саған өлең айтып беремін.
Мен атадан қаштым.
Мен ападан қаштым
Енді сенен де қашып кетемін.
Түлкі: Бауырсақ, менің құлағым естімейді.. сенің өлеңіңді естіген жоқпын, мен сені жеймін..
Бауырсақ: Жемеші, мен саған достарыммен (қыздарды шақырады) бірге ән айтып беремін.
Жеке ән: Біз өмірдің гүліміз....
Жүргізуші: Балалар, Аяз ата сыйлығын тапқан шығар... Келіңдер, бәріміз бірге шақырайық.... Хормен: Аяз ата – 2рет.
Аяз ата: Айналайын, балаларым.Өздеріңе қайтып оралдым. Мені күтіп шаршаған боларсыңдар. . Келіңдер,бәріміз бірге ойын ойнайық...
Жүргізуші: Балалар, келіңдер, Аяз атамен ойын ойнап, денемізді жазайық...
Ойын: «Менімен бірге қайтала». (Аяз ата ойынның шартын түсіндіреді)
Жүргізуші сөзі: Аяз ата, балалармен бірге ойнап, шаршаған боларсыз. Отырып, дем алыңыз, балалар сізге арнап жатттаған тақпақтарын айтып береді.
Балалардың тақпақтары:
Аяз ата: Тақпақтарың қандай тамаша, былдырлаған тілдерің қандай керемет. Сендерді тыңдап бір жасап қалдым ғой.
Жүргізуші: Аяз ата, сіздің кішкентай ақшақарларыңыз сізге арнап би билеп бергілері келеді.
Ақша қарлар қалықта,
Өнер көрсет халыққа
Ақ қанатың желбіреп,
Қалықтаудан жалықпа......
Би: «Ақшақарлар»
Жүргізуші: Аяз ата, біздің балалар тек биші ғана емес, әнді де өте керемет айтады....
Қазіргі ән өзіңізге арналады. Қабыл алыңыз.....
(балаларды орнынан тұрғызып, шеңберге тұрамыз)
Ән: «Жаңа жыл»
(әннен кейін, балалар орындыққа отырады)
Аяз ата: Жарайсыңдар өздерің өнерлі, әнші, биші балалар екенсіңдер..Ризамын
сендерге балаларым.
Жүргізуші: Біз тілейміз Жаңа жылдың шаттығын,
Біз билейміз Ақша қардың пәктігін.
Аялаймыз ару қыстың ақ түнін
Біз күтеміз Аяз ата сыйлығын .....
Аяз ата: Ақша қар қызым, дұрыс айтасың, балаларды көп күттірмей сыйлығымды берейін.Қане, Ақшақар қызым көмектесіп жібергін. Балалар, жаңа жылдарың құтты болсын, ауырмай аман-есен өсіңдер, сендермен келесі жылда жақсылықта қауышайық...
(аяз ата сыйлығын беріп, қоштасып кетеді)......
Жүргізуші:
Өтсін солай Жаңа өмірдің күндері,
Шарпымасын жүректерді мұң лебі.
Жарқылдасын Жаңа жылдың оттары,
Таусылмасын Жаңа жылдың дүрмегі..............
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын, мерекелеріңіз мәңгілік болсын!!!
Ертеңгілігіміз аяқталды......
"Ардақты анашым" 8 наурыз сценариі.
(балалар музыка әуенімен залға кіреді).
Жүргізуші: сәлеметсіздерме ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, ару қыздар!
Сіздерді 8 наурыз аналар мерекесімен құттықтаймыз!Зор денсаулық, ұзақ өмір, ашық аспан тілейміз.
Қош келіпсіз ақ жаулықты әжелер мен аналар!
Жүздерінен мейіріммен нұр тамар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді!
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар!
Тақпақтар: Санжар, Медина, Алдияр, Ирина,Мирослав.
Хор: "Ақ мамам".
Жүргізуші:
Балалар, айналаға көз салайықшы. Көктем күн шуағын төгіп тұр. Көктемгі күннің шуағынан гүлдер қауызын ашып, жадырап, жарқырайды.Айнала толған қызыл-жасыл гүлдер. Біз гүл бағына келген сияқтымыз....
Көктем ханшайымы:
Сәлеметсіздерме, мен көктем ханшайымымын. Менің ғажайып гүл бағыма қош келдіңіздер.
Жүргізуші:
Бүгін біздің аналарымыздың, әжелеріміздің мерекесі. біздің балалар аналарына арнап ән кешін сыйламақ.
Көктем:
Ғажайып бақтың алғашқы гүлін сыйға тартайын. Мерекелеріңізбен аналар! Бұл сиқырлы гүл, барлық тілектерімізді орындайды. Ол үшін гүл желектерінен сұрайық...
Біз бірінші гүл желегін жұлайық,
Ақ тілекті гүл желектен сұрайық.
Тобымыздың әншілері,
Орнымыздан тұрайық.
Мейірімді аналарға,
Әнімізді сыйлайық!
Ән: Құтттықтаймын мама, мерекеңізбен – Арсений, Санжар, Әсел, Айша,Әмина.
Көктем:
Ұш, ұша түс гүл желек,
Бақшамызға қон желек.
Баршаңызға аналар!
Зор денсаулық біз тілейді.
Қазір шығып ортаға,
"Раушан гүлдер" би билейді.
Би: Гүлдер – Самира, Аяна, Әдемі,Арна,Ангелина,Нұрғаным,Линара.
Жүргізуші:
Біз үшінші гүл желегін жұлайық,
Батыстан асып, шығысқа,
Ұшып бар деп сұрайық.
Әлпештеген, аялаған аналар,
Тақпақтарды біз сіздерге арнайық.....
Тақпақтар: Мерей С, Нұрғаным, Айғаным,Алтаир,Әлия,Табиғат.
Көктем:
Гүл желектің енді бірін жұлайық,
Оңтүстіктен солтүстікке,
Көктем келсін деп сұрайық.
Осы отырған бәріңізге,
"Күншуақ " биін сыйлайық!
Би: Күншуақ – Ирина, Медина, Айғаным, Аделя, Әмина, Айзере, Аружан, Айша, Әсел.
Жүргізуші: Балалар, аналарға арнап ән айтып, би биледік. Ендігі кезекті ойынға берейік...
Ойынымыз "Гүл жинау" деп аталады.
ойын: "Гүл жинау"
Көктем:
Ұшып қане гүл желегім,
Араласын қалалар,
Сізден өскен әжелер,
Жауқазындай балалар.
Сізді жақсы көреді,
Тақпақ айтып береді.
Тақпақтар әжелерге – Зере, Әмина, Ратмир, Аружан ?, Самира, Арна.
Ана тауық: Амансыздарма, аналар, әжелер!
Бүгінгі мерекеге ауылдан келдім, мен де сіздер сияқты анамын ғой. Мерекеміз құтты болсын! Мен өзімнің балапандарымды ерте келіп едім. Өнерімізді көрсетсек деймін....
Көктем:
Әрине, ана тауық. (балапандарын жинап жатқанда тақпақ оқимын)
Ақ орманды гүл желектен сұрайық,
Ол үшін біз тағы бірін жұлайық.
Ананың біз гүліміз,
Ана – біздің күніміз!
Тек сіздерге арналады,
міне біздің биіміз..
Би: Балапандар – Мерей О, Дилназ,Ұлзия,Зере, Алихан, Ратмир,
Сырым,Табиғат,Айым.
Жүргізуші – Ана тауық: Әнімізге ән беретін, кешімізге сән беретін аналарымызбен бірге ойын ойнайық.
Ойын: Аналарды сәндейміз.
Көктем:
Есейіп ер жеткенде балапаны,
арайлап атады екен дала таңы.
Иіскелеп маңдайынан сипалайтын,
Қымбат қой әжелердің алақаны – демекші балалар әжелеріне деген ыстық сүйіспеншіліктерін ән арқылы сыйламақ. Қабыл алыңыздар.
Ән: Ақ әжем.
Көктем:
Аналардың мейірімі ерекше,
Талпындырған асулар мен белеске.
Аямаған шуағы мен жан нұрын,
Берші анама бар жақсылық, тәңірім!! – деп тілей отырып, аналарды ортаға шақырамыз.
(сыйлықтарын аналарға береді)
Көктем:
Астанамыз тұнып тұрған бау болсын,
Сүті теңіз, еті ерен тау болсын,
Бала үшін түн ұйқысын төрт бөлген,
О, аналар!! Дендеріңіз сау болсын!!
Мерекелеріңіз мәңгілік болсын!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жаңа жыл мерекесіне арналған сценарий

шағым қалдыра аласыз