Жаңа жыл Орта топ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа жыл Орта топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа Жыл!» Мақсаты: Балаларға жаңа жыл туралы түсінік беру. Аяз Ата сыйлық беретінін айтып, балаларды қуанышқа бөлеу. Шыршаның әсемдігіне назар аудартып, ойыншықтардың әдемілігіне қызықтыру. Ән, өлең арқылы, балаларды өнерге талпындыру. Ертеңгілікте достық сезімдерін ояту. Білімділік: Жаңа жыл мерекесі жайлы түсінік беру. Дамытушылық: Түсініктерін дамыта түсу,қиял,ойлау,қабылдау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа,тазалыққа,жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті,инабатты ұстауға тәрбиелеу. Өту орны: Музыка залы. Кейіпкерлер: Аяз Ата, Ақшақар, Аққала, Қоян Музыка залы мерекеге сай безендірілген. «Кішкентай шыршамыз» әнімен балалар залға кіреді де, шыршаны айнала дөңгеленіп отырады. Жүргізуші: Сәлеметсіздерме! Құрметті қонақтар, әріптестер, балалар.Сіздерді бүгінгі келіп жеткен, Жаңа Жыл мерекесімен құттықтаймын. Жаңа жылды біз тойлап, Шаттанамыз бәріміз. Өлеңде әзір, ән әзір, Кел Жаңа Жыл біздерге.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

«Успех GOLD-8» ЖШС

«Асыл бесік» балабақшасының

меңгерушісі

_________А. Мамырбаева

«___»_________2022 жыл










«Қош келдің, Жаңа Жыл!»

«Балапан» ортаңғы тобы








Тәрбиешілер: Тилейхан К.

Мұхатова Ж.С









Өскемен қаласы, 2022 жыл

Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа Жыл!»

Мақсаты: Балаларға жаңа жыл туралы түсінік беру. Аяз Ата сыйлық беретінін айтып, балаларды қуанышқа бөлеу. Шыршаның әсемдігіне назар аудартып, ойыншықтардың әдемілігіне қызықтыру. Ән, өлең арқылы, балаларды өнерге талпындыру. Ертеңгілікте достық сезімдерін ояту.

Білімділік: Жаңа жыл мерекесі жайлы түсінік беру.

Дамытушылық: Түсініктерін дамыта түсу,қиял,ойлау,қабылдау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа,тазалыққа,жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті,инабатты ұстауға тәрбиелеу.

Өту орны: Музыка залы.

Кейіпкерлер: Аяз Ата, Ақшақар, Аққала, Қоян

Музыка залы мерекеге сай безендірілген. «Кішкентай шыршамыз» әнімен балалар залға кіреді де, шыршаны айнала дөңгеленіп отырады.

Жүргізуші: Сәлеметсіздерме! Құрметті қонақтар, әріптестер, балалар.Сіздерді бүгінгі келіп жеткен, Жаңа Жыл мерекесімен құттықтаймын.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

Өлеңде әзір, ән әзір,

Кел Жаңа Жыл біздерге.

Кел Жаңа Жыл,Жаңа Жыл деп, Жаңа Жыл мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші: Балалар жаңа жыл туралы тақпақтарымызды айтайық.

Сұлатан

Жаңа жыл, Жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

Жансұлу

Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

Нұржігіт

Жаңа жылда балалар,

Тек қуаныш көріңдер,

Ауырмаңдар ешқашан,

Мықты болып өсіңдер!

А. Асылым

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

Абылай

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

Адеш Али

Аппақ тоңға оранып

Базарлықты мол алып,

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

Галима

Тамаша сый алып,

Келді Аяз атамыз

М. Айсұлтан

Шаттанып, қуанып

Шырқап ән айтамыз

Жүргізуші: Жарайсыңдар! Балалар! (Балалар орындарына барып отырады.)

Балалар қараңдаршы, қандай әдемі шырша. Бұл шыршаны Аяз ата орманнан жіберіпті әдемі ойыншықтар тізілген. Осы ойыншықтар тізілген шыршаға арнап әдемі әнімізіді орындайық.

Ән: «Шырша жыры»

(балаларды орындарына отырғызу)

Жүргізуші: Балалар, қардың сықырлаған дауысы естіледі, бізге қонақ келе жатқан сияқты құлақ түрелік кім екен?

Әуен ырғағымен Аққала келеді.

Аққала: Қар жауғанда, топ бала
Соқты мендей Аққала.
Мұрным - сәбіз, үп-үшкір
Көзім көмір, қап-қара.
Көне шелек басымда,
Сыпырғышым қолымда.
Мұз айдынды ашуға
Келгендеймін мен мұнда!
Сәлеметсіңдер ме, достарым! Мен сендердің қаншалықты зерек екендеріңді білгім келеді. Дұрыс айтқан кезде сендер алақандарыңды соғындар (шапалақ), ал дұрыс емес болса – аяқтарымен топылдатасыңдар (бірге топылдату). Дайынсыңдар ма? Бастаймыз!
Аққала:
Жаңа жыл – сүйікті мереке (шапалақ)
Жаңа жылда Аяз ата келеді (шапалақ)
Шыршаны ескі киімдермен безендіреміз(топылдату)
Жаңа жылды жазда тойлаймыз (топылдату)
Жаңа жылда сыйлық аламыз (шапалақ)
Аққаланы шөптен, гүлден жасаймыз (топылдату)
Аяз Ата велосипедпен келеді(топылдату)

Жаңа жылда ән салып, би билейміз. (шапалақ)
Аққала: Жарайсыңдар! Зерек екенсіңдер!

Жүргізуші: Аққала, біздің балалардың Жаңа Жылға дайындап келген таппақтары бар еді, соны бәріміз бірге тыңдайық. Жаңа жыл туралы тақпақтарымызды айтып берейік

Қ. Асылым

Жаңа жылды қарсы алып,

Жасаймыз той жылда біз.

Жарқын, жарқын ән салып,

Жалғасады жырға жыр

Диляра

Келіңдер, келіңдер,

Тақпақ айтып беріңдер.

Жомарт Аяз атадан,

Сыйлық алып көріңдер!

Дамир

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Умар

Төрле, төрле Жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын

Адина

Ақ қар жапты даланы,

Ақ жамылды айнала

Жарқыратып шамдарын,

Шырша келді ортаға

Батырхан

Қандай әсем шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз!

Сафия

Аяз ата келіп тұр,

Ақ көрпеге оранып.

Дария

Қараңдар мынау шыршаға,

Неткен әсем көрікті.

Жаңа жылдық думанға,

Аяз ата келіпті.

Жүргізуші: - Аққала, сен балалармен билегің келе ме?

Аққала: - Иә,балалармен билеген қызық шығар.

Жүргізуші:- Олай болса, балалармен бірге отырып,көңіл көтеріп ал.

Мың бұралып билеген,

Бишіні  кім сүймеген?

Қараңдаршы қыздарға,

Конфет биін билеген. 

Би: Конфет биі (қыздар)

Аққала: Жарайсыңдар, балалар! Сендер ойнағанды жақсы көресіндерме? Қыс мезгілінде не жауады? Дұрыс,қар жауады, Мен қар қаршықтарымен ойнағанды жақсы көремін. Олар өте суық. (қар қаршықтарын лақтырады)

Ойын: «Шыршаны безендірейік»

Мақсаты: Балаларды, қысқы ойындар түрлерімен таныстырып, оны дұрыс меңгеруге үйрету. Шыршаның жасыл, әдемі ағаш екенін түсіндіру, ойын арқылы көңілдерін көтеру, балаларды шапшаңдыққа, бірлесе көмектесуге баулу.

Шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Қорапшадағы ойыншақтарды бір-бірден шыршаға іліп, қай топ бірінші аяқтайды, сол топ жеңімпаз атанады.

(балалар орындарына отырады)

Аққала: Балалар, мен сендермен ойнап жүріп, Аяз атаның тапсырмасын орындауды ұмытып кетіппін. Ол маған жолды тазалап, Ақшақарды қарсы ал деген.

Залға әуен ырғағымен ақшақар кіреді.

Ақшақар:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамық орап алды маңайды.

Армысыңдар,  халайық,

Бармысыңдар, халайық,

Жаңа жылды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Ақшақар: Сәлеметсіздер ме, балалар! Шыршамыз неге көңілсіз, шамы неге жанбаған? Кәне, бәріміз  3 рет «Шырша шамы жарқыра!» деп қаттырақ айтайықшы.

Сиқырлы музыкамен шырша шамдары жанады

Ақшақар: Әдемі шыршамыздың жанында, әдемі биімізді қабыл алыңыздар.

Би:

Жүргізуші: Балалар, мен тонып кеттім, боранның дауысы естілді. Аяз Ата жақындап қалған сияқты. Кәне, барлығымыз дауыстап Аяз атаны шақырайық! «Аяз Ата, Ауу!, Аяз Ата А,уууу!

(залға аяз ата кіреді.) боранның дауысы естіледі

Аяз ата:  Амансың ба, ұлдарым, 
Амансың ба, қыздарым?! 
Қандай жарқын жүздерің, 
Қандай әсем билерің. 
Аталарың сендерге, 
Асау желмен алысып, 
Шаршап келді алыстан. 
Балаларым балғыным 
Өмір гүлім шалғыным 
Тілейтінім жыл бойы 
Сендердің денсаулығын!

Жүргізуші: Қош келдіңіз Аяз Ата, төрлетіңіз! Бүлдіршіндер сізді сағына күтті, сізге арналған ақ тілектерін қабыл алыңыз.

Ясмин

Ақ қырауға малынған

Сақалы да, мұрты да,

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына

С. Айсұлтан

Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл, армысың.

Оранды ақ көрпеге

Асқартау қарлы шың

Д. Дінмұхаммед

Келді міне Жаңа жыл,

Қарсы алайық бәріміз.

Күліп ойнап, би билеп,

Ән салайық бәріміз.

Жасмина

Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей,

Қызыл ала шапаны

Сағындым аяз атаны!

Алихан

Жаңа жылмен, Жаңа жылмен

Құттықтаймыз әрине.

Әкемізді, анамызды

Қонақтардың бәрінде!

Жүргізуші:

Шырша айналып,әндетіп,

Би билейк сәндетіп.

Қандай жақсы Жаңа Жыл,

Өткізейік әндетіп.

Ән «Аяз Ата» авторы: Е.Өтетілеуов

Би «Шаналар» биі

Жүргізуші: Жарайсыңдар! Балалар!

Амир

Ата-әже, ата-әже,

Құтты болсын Жаңа жыл.

Ерали

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

О. Томирис

Кел балалар, келіңдер,

Тамашаны көріңдер.

Мәриям

Тілеймін мен бар әлемге,

Дос көп болсын Жаңа жыл.

Малика

Ақ таяғын таянып,

Таңмен бірге оянып.

Жүргізуші: Балалар сіздерге арнап тағы да би билемекші. Қабыл алыңыздар.

Би «Көңілді аяз -аталар» (ұлдармен қыздар)

Аяз ата: Тамаша ,тамаша! Бәрекелді балалар, өнерлерің өрге жүзсін!

Ақшақар: Аяз ата, сіз балаларға  сыйлық әкелдіңіз бе?

Аяз ата: Әрине, сыйлықсыз жаңа жыл мерекесі болама екен?! Барлық сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар сандықтың кілті қайда? (Ақшақар иығымен білмеймін дегендей ишара жасайды)

Жүргізуші: Қандай кілтті сұрап тұрсыз?

(қоян музыка әуенімен залға кіреді)

Қоян: Залға кілтпен кіріп келеді:

Сәлеметсіздер ме балалар, қонақтар, мен осы жылы келе жатқан Қоян жылымын. Жаңа жыл құтты болсын! Мен жолда келе жатып кілт тауып алдым.

Аяз ата: Иә, сол мына сандықтың кілті.

Қоян: Кілтті беремін, тек балалар менің тілегімді орындасын, жұмбақтарымды шешсін.

(Балаларға жұмбақ жасырады)

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады? (Қар)

Терезеге қонады,

Әсем ою ояды. (Қырау)

Тікен,тікен тік пісте,

Қысы жазы бір түсті. (Шырша)

Қоян : Жарайсыңдар, балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер. (қоян кілтті Аяз атаға береді)

Аяз ата: (сандықты кілтпен ашады) Ішінен бір сыйлықты алып Мына сыйлықтарды мен тәрбиешіге тапсырамын. Топта балаларға таратады.

Аяз Ата: Ал, балалар, біз Ақшақар екеуіміз тамаша демалдық. Жарайсыңдар, балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер.

Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал,балаларым, сендер өсе беріңдер, өркеңдей беріңдер. Аспандарын ашық болсын! Қош болыңдар!

Балалар: Сау болыңыздар!

Музыка әуенімен қолдарын былғап Аяз ата мен Ақшақар, Аққала залдан шығып кетеді.

Жүргізуші: Жаңа жылым төрле, бізге нұр болып, Жақсылықтың жаршысы боп, бақ болып. Құрметті! Қонақтар! Сіздерді, келе жатқан Жаңа Жылдарынбен құттықтай отырып, келесі жылға дейін аман сау болайық. Сауболыныздар!








Келісілді

«Асыл бесік»

балабақшасының әдіскері

Рашова А.М _____
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.04.2025
160
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі