жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Жаңа жыл құтты болсын!"

Жаңа жыл мерекесінің сценарийі
(Жаңа жыл туралы музыка ойнап тұрады, балалар шеңбер болып шыршаны
айналып хороводқа тұрады да, би қимылдарын көрсетеді. )
Би аяқталған соң, тәрбиеші мерекені бастайды:
Айнур: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар,балалар! Жаңа жыл мерекесіне қош
келдіңіздер! Ендеше, мерекемізді әсем әнмен бастайық!
Ән: «Шырша» (Бой көтеріп орманда,өсіп тұр бір шырша)
Ән орындалып біткен соң, залға музыка ойнап, Ақшақар мен Миньон кіреді.
Миньоннның қолында шақыру билеттері бар, тізімге қарап ойланып, түгелдеп
келе жатқандай кейіп көрсетіп, бір-бірімен күбірлеп сөйлесіп келе жатады).
Ақшақар: -Достым, сен шақыру қағаздарын тізімдегі қонақтардың бәріне таратуды
ұмытпаған боларсың? Мерекеге балалар да келіп қойыпты. Сәлеметсіңдер ме,
балалар, қонақтар! Мерекемізге қош келдіңіздер!
(Миньион басын изеп амандасады).
Ақшақар: Барлығы дайын, шыршамыз да әсемделіп тұр. Ендеше балалар,
мерекемізді бастайық па?Сендер дайынсыңдар ғой?
Балалар: ия...
(Миньон қолын шапалақтап, қуанып жүреді.)
(Осы кезде музыка ойнап, залға Малефисента кіреді. Қолында сиқырлы таяғы
бар.)
Малефисента:- Ха-ха, ха (күліп), барлықтарың дайын екенсіңдер ғой, сендерде
ешқандай мереке, қызық болмайды! Мына, Аса мәртебелі Малефисентаны
шақыруды қалай ғана ұмыттыңдар? Мен сендерге ашулымын, мерекені
болдырмаймын .
(таяғымен сиқыр жасап, ақшақарды ертіп алып кетеді.)
(Миньион артынан жүгіріп, қалдыршы, қалдыршы дегендей ымдап жалынады.
Басын салбыратып, төмен түсіреді.Миньонның көңілі түсіп, басын ары-бері
шайқалтып, өзін кінәлағандай сезімде болады).
Бақыт Ж: Достым, бұл қалай болғаны, неғып аса мәртебелі Малефисантаға
шақыру қағазын беруді ұмыттып кеттің? Балалар, енді не істейміз? Ақшақарсыз
мерекені қалай өткіземіз, кімнен көмек сұрасақ болады?
Балалар өз ойларымен бөлісіп, жауап қайтару мүмкін. ...
Осы сәтте залға музыкамен Әтеш кіреді.
Әтеш: Сәлеееем достар!Қалдарың қалай? Мерекеге кешігіп қалған жоқпын ба?
Балалар: жоооқ
Әтеш: Сендерге не болып қалды, неге көңіл –күйлерің жоқ?
Айнур, балалар: -Ақшақарымызды сиқырлап, Малифисента алып кетті. Оны
мерекеге шақыруды мүлдем ұмытып кетіппіз.
Әтеш: -Ия, ия, бір амалын табуымыз керек. Аса мәртебелі Малефисентаға менің
күшім жете қоймас. Не істесем екен, балаларға қалай көмектессем болады. Кімді
көмекке шақырсам екен? (ойланып жүреді).
- Аааа,таптым менің білгір достарым бар. Олар өте ақылды, қолдарынан бәрі
келеді. Қазір, шақырып көрейін.Бір көмегі тиер... (Әтеш Фиксикилерге қоңырау
шалады.)

Әтеш: Алло, Симка, Нолик, бізде бір күрделі мәселе болып тұр.... көмектерің
қажет...жедел жетулерің тиіс...
Фиксикилер: (дауыстары жазылады алдын-ала) ия досым, жедел сол жерде
боламыз.
(Миньион балалардың арасында көңілсіз, жабырқап басын төмен салбыратып
жүреді)
Залға өз музыкаларымен Фиксикилер кіреді.
Фиксикилер: Салееем достар! Қалдарың қалай? Қандай әдемісіндер.
Симка: Досымыз хабарласқан соң бірден жеттік. Не болып қалды?
Нолик: Қандай мәселе туды?Неге меркені тойламай жатырсыңдар?
Әтеш: Нолик, Симка сендердің келгендерің қандай жақсы болды. Мерекені
бастамай жатқан себебіміз, біздің Ақшақарымызды аса мәртебелі Малифисента
алып кетіпті.
Симка: Нееее?
Нолик: Не үшін?
Әтеш: Ия, балалардан сұраңдаршы, бәрін айтап береді..Солай емес пе, балалар?
(Балалардың жауабы.)
Симка: -Уайымдамаңдар, балалар! Қолдан келген көмегімізді аямаймыз.
Нолик: Бәрі жақсы болады!Көңілдеріңді түсірмеңдер. Нолик пен Симка
шыршаны айналып, ойланып жүреді де, шыршаға қарап:
Нолик: Ой, достар шыршамыздың шамдары жанбай қалыпты ғой, ең алдымен
шыршамыздың шамдарын жағып, көңілімізді бір көтеріп алайық! Содан соң,
мәселені шешеміз... Ендеше достар, менің қимылдарымды соңымнан қайталаңдар.
Фиксики қимылдарын көрсете отырып, би билеу.
Бақыт Ж: Енді сиқырлы сөзімізді айтып, шыршамыздың шамдарын жағып
алайық.
(Тәрбиеші сиқырлы сөздерді айтып, балалар бірге қайталайды.)
Балалар: Шырша, шырша жан, жан
Жаңа жылға беріп сән!
Бірінші рет айтқанда жанбайды.Екінші рет қайталайды, жанбайды.
Үшінші рет қайта айтады,жарық сөніп, шырша шамдары жанады да,
Фиксиктермен , Миньион Әтеш қуанып, мәз болады, қол шапалақтап, қуанады.
Айнур: Балалар, енді әсем шыршамызға арнап ән орындап бермейміз бе?
Балалар: иәә..
Ән: «Жаңа жыл»(Жаңа жыл,жаңа жыл,жаңа жылда жаңа жыр)
Әтеш: Алақай, шыршамыздың шамдарын жағып алдық. Бірақ әлі Ақшақарымыз
жоқ....сендер көңілдеріңді түсірмеңдер, достар. Бір амалын табамыз.
Симка ойланып, ары-бері жүріп: Ақшақарды сиқырлап тастады. Ал біздің
қолымыздан құрау, жөндеу жұмыстары ғана келеді...Не істесек болады?
Нолик: Симка, таптым! Сиқыр әлемінде біздің Мия досымыз бар еді ғой. Мияны
шақырайық, мүмкін соның көмегі тиіп қалар.
Симка: ия, дәл таптың, Нолик! Сағат тілі болса, он екіге таяп қалыпты. Дим-
Димычқа да шырша безендіруге көмектеміз деп уәде беріп едік. Біздің қайтуымыз
керек. Достар, еш уайымамаңдар, қазір Мияны көмекке жібереміз.
(Музыка қосылып, Нолик пен Симка қайтып кетеді.)

(Сиқырлы әуенмен Мия залға кіреді, қолында сиқырлы таяқшасы бар).
Мия: -Сәлеметсіңдер ме, достар. Сендер менің әлемімдегі періштелер сияқты
неткен әдемісіңдер. (таңырқап айтады). Бірақ, неге көңілсізсіңдер?
Бақыт Ж: Балалар, қәне, Мияға болған жайды айтып берейікші?
Балалар жауабы: Ақшақар сиқырланып кетіп қалды... (тыңдау қажет)
Айнур: Сізге Нолик пен Симка бар жағдайды айтқан болар. Бізге сиқырды
қайтаратын көмек қажет.
Мия:Уайымдамаңдар, менің кішкентай періштелерім! Мен сендерге көмектесемін.
Менің сиқырымның күшін арттыру қажет. Ал сендер ол үшін маған көмектесесіңдер
ме?
Балалар: ия, көмектесеміз.
Мия: Онда барлығымыз сиқырлы би билеп, ақшақардың сиқырын қайтарамыз.
Би: «Қуыршақ» (Болашақ) тобы
Мия: керемет достар! Сендердің билерің менің сиқырымның күшін арттырды...
жарайсыңдар! Енді мен Ақшақарды сиқырынан оңай артылтатын боламын.... достар,
мені күтіңдер....
(Мия шығып кетеді)
Әтеш: Балалар, Мияның қолынан барлығы келеді. Мия оралғанша, ойын ойнап,
көңілімізді көтеріп алайық. Келістік пе, достар?!
Айнур:
Ойын: « Қораптағы ойыншықтар»
Шарты: Балалар сендер өздеріңді қораптағы ойыншықтар деп елестетіңдер.
Ортадағы бос ұяшыққа келіп тұра қаласыңдар.Сендер ойыншыларға ұстатпай
ептіліктеріңді көрсетіңдер.
(Музыка қосылып Малефисента , Ақшақар, Мия келеді).
Мия: Міне достар, сендерге уәде еткендей Ақшақарды алып келдім. Тәрбиеші,
балалар, әтеш, Миньон қуанады: алақай!алақай!
Мия: Малефисентаның неге бұлай істегенін білдік.
Миньион Кешірім сұрап шақыру қағазын Малифисентаға береді
Мия: Аса мәртебелі Малефисента, сен балаларды кешір, бұл жаңа жыл мерекесі
ғой, ән айтып, көңіл көтеріп, жаңа жылды қарсы алып алайық!
Бақыт Ж: Мия, сенің жасаған көмегің үшін біздің алғысымыз шексіз! Ендеше,
мерекемізді жалғастырып , ән орындап берейік!
Ән:«Ақшақар» (Уақыты мол бөлеміз,қыс қызығын көреміз)
Ақшақар: - Рақмет балалар! Сендердің орталарыңа оралғаныма өте қуаныштымын.
Уақыт болса таяп қалды, енді Аяз атамызды ортаға шақырып жаңа жылды қарсы
алайық!
Дәл осы уақытта Ақшақардың телефонына хабарлама келеді
Аяз Ата: - Ақшақар қызым, қатты боран соғып, шанамен қарға батып шыға
алмай жатырмын. (запись)
Ақшақар: Енді не істедік? Қатты боран соғып, Аяз атаның шанасы қарға батып
қалыпты.
Малефисента: Балалар, Ақшақар, Әтеш мырза, Миньон сендерді көп ренжіттім,
енді сендерге көмектесіп, тосын сый жасағым келеді. Достар, ренжіткен болсам мені
кешіріңдер.... сау болыңдар...
(Малифисента шығып кетеді.)

Миньион: (қуанып қолын шапалақтайды).
(Музыка қосылады) Осы сәтте қоңырау дыбысы естіледі де, Рокки мен Аяз ата
келеді.
Рокки: Желаяқ алға,
Құтқарудан қалма.
Ақшақар: Үсті қырау, қар ұшқын,
Жүзі жылы, ақ жарқын
Жаңа жылы қасында,
Аяз Ата осында.
Алдын-ала музыкамен бірге запись жазу керек.
Ақшақар: -ой, балалар, жыл иесі Рокки Аяз Атамызды шығарып, осында алып
келіпті алақаааай! Ал біз болсақ, Жыл иесін күтудеміз.... аса мәртебелі
Малифисентаның бізге жасаған тосын сыйы осы екен ғой... Міне, тосын сый деп
осыны айт!...
Аяз Ата: Ау, амансың ба, ұлдарым,
Амансың ба, қыздарым!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Аяз Ата: Ой,балалар жолда қатты боран соғып шанам қарға батып қалды.
Маған көмекке Райдердің құтқарушы күшіктерінің бірі Желаяқ көмектесті.
Бақыт Ж: қане, балалар, жыл иесі Желаяққа алғысымызды білдірейік!
Балалар: рақмет, саған Желаяқ!.
(Музыка қосылады)
Рокки шыршаны айнала:
Міне, тағы келіп қалдым ортаға
Ақ ниет пен тілек тілеп баршаңа
Жаңа жылды көңілдетіп қарсы алып,
Ән айтайық, балаларым шаттана.
Ақшақар:
Өткен жылға ырзамыз,
Өсе түсті бойымыз
Қандық талай сырға біз
Шарықтайды ойымыз
Көңілде көп қуаныш
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық.
Әтеш шыршаны айналып: Мен сендермен қоштасқым келмейді, сендермен
жылды сондай көңілді өткіздім... Маған өте ұнадыңдар, жарайсыңдар! Бірақ менің
қайтар уақытым келді.
Айнур: -Балалар, ендеше ескі жылымыз Әтеш жылын шығарып салайық.
Әтеш мырза, сізге деген алғысымыз шексіз, мынау сізге арналған балалардың
сыйлығы, қабыл алыңыз. Келесі кездескенше қош сау болыңыз. (әтешті шығарып
салады.)
Әтеш залдан қоштасып, шығып кетеді.
Бақыт Ж: Ал қанекей, балалар алыс жолдан шаршап келген Аяз атамызға арнап, ән
айтып берейік.
Ән: «Аяз ата» (Борандатып,аққарлатып. Аяз ата келеді)

Аяз ата: Жарайсыңдар, балалар! Әндерің өте тамаша!Рақмет сендерге!
Ал келіңдер,келіңдер
Тақпақ айтып беріңдер!
Жомарт аяз атадан
Сыйлық алып көріңдер!
Аяз ата: Желаяқ сыйлықтарды ортаға әкеліп берші...
Рокки: батылдықпен алға
(Рокки , Мия сыйлықтарды жан-жағынан көтеріп алып келеді).
Аяз-ата: Ал,балаларым, құлағым сендерде, өнерлеріңді ортаға салыңдар сендерді
асыға сағынып келдім, жыл бойы дайындаған өнерлеріңізді ортаға салыңдар.
Тәрбиешілер балаларды орындарына отырғызады,балалар өз өнерлерін
көрсетеді. Аяз ата сыйлығын таратады. (Кулектарын тарату керек)
Айгерім
Жаңа Жыл! Жаңа бақыт, ырысым,
Жақсылықтың жаршысы да нұрысың.
Адамдардың асқақтаған арманы,
Ақындардың таусылмайтын жырысың.
Қуанышпен келді той боп Жаңа Жыл
Құтты болсын, жаңа бақыт, достарым!
Інжу
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.
Дильназ
Әт зе кристмаст Патти,
Кристмаст дей,хари дей.
Уи ол глад энд вери гай.
Уи ол данс энд синг анд сей
Уелкам,уелкам кристмаст дей.
Анель
Кристмаст из хейя, кристмаст из хейя,
Мери кристмаст мазе,
Мери кристмаст фазе,
Уи уич ю е мери кристмаст
Уи уич ю е мери кристмаст
Уи уич ю е мери кристмаст
Анд е хеппи ню уеа.
Шырайлым
Болсын қызық салтанат,
Болсын қызық мереке.
Жаңа жылмен жадырап,
Келсін бақыт,береке.
Шырай
Қош келдіңіз Аяз -Ата,
Болып бізге сыйлы қонақ.
Қарсы аламыз қүрмет етіп,
Жаңа жылдың нұрына орап.
Тамирис
Пәк тілегін бар ғалам,
Жаңа жылға арнаған.
Мерейлі мақсат, үмітті,
Болашаққа жалғаған.
Ұлдар:
«Аяз ата»биін билейді.
Аяз-ата: Керемет,балалар! Рахмет сендерге.
Алыс-алыс ауыл бар,
Өздеріңдей қауым бар,
Күтіп отыр біздерді
Аман-есен болыңдар!
Аман-есен болыңдар! Немерем Ақшақар екеуіміздің баратын жерлеріміз көп, сендер
сияқты ботақандар күтіп отыр. Аман сау болыңдар, балаларым!
Ақша қар: Жаңа жылдарың құтты болсын! Жақсылықпен кездескенше аман-сау
болыңдар, балалар!

Балалар: сау болыңдар.
Рокки: Жаңа жыл ырысты,табысты берекелі болсын!
Айнур: Келді жылым-бақытым,
Кемелденді уақытым
Сәлем саған жаңа жыл!
Жаңа бақыт, жаңа жыр!
Бақыт Ж: Ендеше балалар, Жаңа жылымыз көңілді,табысты,жақсы болсын
деген ниетпен Жаңа жыл әнін орындайық.
«Жаңа жыл»әні (Жаңа жыл,жаңа жыл, жаңа жылда жаңа жыр)
Айнур: Қош сау болыңдар! Ал енді құрметті ата-аналар,балалар Жаңа жыл
кейіпкерлерімен естелікке фотосуретке түсейік.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген