Материалдар / "Жаңа жыл" сценарий
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жаңа жыл" сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптар арасында өтетін жаңа жыл мерекесіне арналған сценарий
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қаңтар 2019
1532
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

























«Мөнекей негізгі орта мектебі» КММ

«Ғажайып,сиқырлы ертегілер әлемінде...» сайысында

«КӨРЕРМЕН КӨЗАЙЫМЫ» номинациясымен

-сынып марапатталады





































«Мөнекей негізгі орта мектебі» КММ

«Ғажайып,сиқырлы ертегілер әлемінде...» сайысында

«ӨНЕРЛІ,ТАЛАНТТЫ» номинациясымен

-сынып марапатталады































«Мөнекей негізгі орта мектебі» КММ

«Ғажайып,сиқырлы ертегілер әлемінде...» сайысында

«СҮЙКІМДІ,ТАРТЫМДЫ» номинациясымен

-сынып марапатталады



































«Мөнекей негізгі орта мектебі» КММ



















































Мақсаты:Бастауыш оқушыларына Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салып үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру.

Көрнекіліктер: Ойыншықтармен безендірілген шырша, түрлі-түсті дождиктер,гирляндалар, Жаңа жылға арналған суреттер, плакаттар,қарлар.

Барысы:Жаңа жылдық бағдарлама «Ырғақты бимен» басталады. Билейтіндер 1-4 сынып оқушылары. Үш тілде құттықтайды (Нұрайлым-қазақша,Аяужан-орысша, Зере-ағылшынша).

Жаңа жылдық әуен ойнап тұрады. Екі жүргізуші (Ислам мен Алмат) ортаға шығады.

Ислам:Ассалаумағалейкум! Құрметті қонақтар!

Алмат:Армысыздар, ардақты ұстаздар, оқушылар!

Ислам:Жаңа жыл- жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Доңыз жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!

Алмат:Жаңа күнде ән қылып,

Тек жүреміз сән құрып.

Көңілдердей қартаймай,

Шырша тұрар мәңгілік!

Ислам:- Алмат, сен білесің бе, осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мерекенің бірі екен.

Алмат:Дұрыс айтасың, бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық.Әлемнің әр жерінде от шашулар атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен!

Бірге айтады:Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы-Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ислам: Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып,бүгінгі көңілді кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектеп директоры Гульнара Кеңесбекқызына береміз.

Алмат:Жаңа жыл-қайсарлық пен жүректілік,

Баратын болашаққа білек түріп.

Әдемі тілектерге қол соғамыз,

Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

Ислам:Өзінің құттықтау әнімен ортаға әнші Алихан келіп тұр, қарсы алыңыздар!

Музыка қосылады. Бірақ әнші- Алихан әнді айтпайды.

Әнші: О, ағайын! Мен ән сала алмаймын. Орталарыңда не Аяз ата, не Ақша қар жоқ. Қалай болғаны?Жаңа жыл деген өзіндік ерекшелігімен болу керек қой.Аяз ата мен Ақша қар келмей, мен ән айта алмаймын.

Алмат:Ойбуууу, ұят болды ғой! Біз шынымен осы Жаңа жылдың иесін ұмытып кетіппіз ғой. Достар, ендеше бәріміз бір ауыздан Аяз ата мен Ақша қарды шақырып алайық.Қалай қарайсыңдар?!

Ислам:Ақ киімді, денелі, ақ сақалды-деп, Абай атамыз жырға қосқандай, ұзақ күттірмей, барлық балалардың қуанышы Аяз атаны ортаға шақырайық.

Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!

Алмат: Біз бәлкім шын жүректен шақырмай жатқан шығармыз! Кәне, достар, не тұрыс, шын ниетпен, бар күшімізбен Аяз атаны шақырайықшы!

Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!

(Сол кезде пошташы келеді).

Камила: -Ойбайоуууу, масқара! Сендер естідіңдер ме? Аяз ата мен Ақша қар Шырша мерекесіне Аманат ауылына келе жатқанда, оларды қарақшылар тонап, бір қараңғы жерге қамап тастапты! Сендерге осы бейне жазбаны апарып берсін деді. (БЕЙНЕ ЖАЗБА КӨРСЕТІЛЕДІ) Аяз аталары мен Ақша қарлары аман-есен шыршаларына келсін десе, өнерлерін таң қаларлықтай етіп көрсетсін деп,дұғай-дұғай сәлем айтып бар деді! Енді біздің Жаңа жылымыз қалай Аяз атасыз өтеді, скайп арқылы немесе ұялы телефон арқылы өнерлеріңді көрсетіңдер, қарақшылар көрсін «Мөнекей мектебінің» балалары шеттерінен өнерлі екенін.

1-сынып «Шыршаға бардық» әнін айтады.

Ұялы телефон шырылдайды, Алмат телефонын алып, қарақшылармен сөйлеседі. (Сол кезде тағыда бір БЕЙНЕ ЖАЗБА көрсетіледі. (Аяз атаның босатылуы)

Ислам:Кәне, балалар, не тұрыс, шын ниетпен, бар күшімізбен Аяз атаны шақырайықшы!

Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!

(Аяз ата шаршап,әрееең сүйретіліп келеді.Қасында Ақша қар бар.Киімдері алқам-салқам,теңселіп ортаға келіп тұрады.)

Аяз ата:Оооо, қарақтарым! Сендерге көп-көп рахмееет! Сендердің көрсеткен өнерлерінің арқасында аман қалдық! Мен сендерді сағынып,қапалақтап жауған қарды көріп,қой Аманат ауылының балаларының мерекелік шыршасына барайық, оларды қуантайық деп Ақша қар екеуіміз сонау солтүстіктен бұғымызға шанамызды жеге салып келдік, Аманат ауылына таяғанда, жолда бір қарақшыларға тап болдық, сендерге алғысымыз шексіз, рахмееет сендерге қарақтарым, қарақшылар өнерлеріңді көріп, сондай разы болды, бізді бірден босатып жіберді

-Алмат,Ислам: Аяз ата, Ақша қар сіздер жүріңіздер, осы жерге отырыңыздар! Дем алыңыздар, алыстан келдіңіздер. Біздің балалар сіздерге бар өнерлерімен таң қалдырып, бірден шаршағандарыңызды ұмытасыздар!

Жаңа жыл мен ескі жыл кіреді (З.Жібек- доңыз, А.Елдана-ит)

Доңыз жылын төрге отырғызады.

Ислам:Бүгін мерекеміз сайыс түрінде өтеді, барлық сыныптар дайын, енді олардың өнерлерін бағалайтын

әділқазылар алқасын сайлайық: Б.Роза,С.Анар

Алмат:Тамаша, тамаша,

Күн туылды жаңаша.

Тамсанады барлығы,

Өнеріне қараса.

Тамаша,тамаша!!!

Ислам: 1-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарының

«Жеті лақ» атты ертегілерін тамашалайық!

Аяз ата: Ақша қар, дорбам қайда,кәне ,берші. Жастардың жарқын жүздеріне, тамаша өнерлерін көрсеткендері үшін дорбамдағы сәлемдемемнен берейін! Ала қойыңдар!

Алмат:Уа,халайық жараңдар,

Айналаға қараңдар!

Жаңа жылдың бұл тойын,

Салтанатқа санаңдар!

Ислам: 2-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарының

«Ханшайым-Бұртима» атты » ертегілерін паш етіп тамашалайық!

Аяз ата: Ақша қар, дорбам қайда, балаларға базарлығымнан берейін! Рахмет сендерге!

Алмат: Аппақ бүгін қыр, далам,

Ақ мақтаны жапқандай!

Бүкіл әлем-бір ғалам,

Қонақ күтіп жатқандай!

Ислам: 3-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарының

«Маша мен аю» атты ертегісін тамашалайық!

Аяз ата: Ақша қар,балаларға базарлығымыздан бер! Рахмет сендерге!

Алмат: Уа, халайық той бүгін,

Бақыт, шаттық мол бүгін.

Қарсы алып жаңа жылды,

Өткізейік дүрмекті!

Ислам: 4-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарының

«Ертегілер кейіпкерлерінің Жаңа жылдық карнавалы» атты ертегісін тамашалайық!

Аяз ата: Ақша қар,балаларға базарлығымыздан бер! Рахмет сендерге!

Аяз ата,Ақшақар балалармен бірге шыршаны айланып, «Аппақ,аппақ жапалақтап», «В лесу родилась елочка » әндерін орындайды.

Ислам: Әділқазылар алқасына сөз берейік.

Алмат:Аяз ата, жаңбырмен жер көгерер, батаменен ел көгерер.Бата беріңіз!

Аяз ата:Жаңа жыл құтты болсын!

Шаңырақтарың шаттыққа толсын!

Әр үйде амандық болсын!

Бесікте балаң жылап,

Үйлерің у-шу болсын!

Жұмыстарың жемісті болсын!

Айлықтарың 150 доллор болсын!

Айтпай шапқан жау жаман,

Фронтальныйларың жоқ болсын!

Отчеттарың аз болсын!

Файлдарың көп болсын!

Ручкаларың бітпесін!

Сияларың кетпесін,

Соткаларың өшпесін!

Вайфайдарың ұрып тұрсын!

Комиссияларың келмесін.

Оқушыларың білімді болып,

Мектеп атын еңсерсін!(Амин)

Аяз ата: Ал қарақтарым, менің сағатым соғып тұр! Мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын!Сендерге көп рахмет!Өнерлерің өрге жүзсін.Биік шындардан көріне беріңдер!

-Ал, енді келесі жылға дейін Қош сау болыңдар! Аман болыңдар! Келесі жылы тағыда қауышатын боламыз!

(Аяз ата қызын ертіп, шығып кетеді).

Алмат пен Ислам:Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!



































Бекітемін

Мектеп директоры:Г.К. Замзина





Тақырыбы:

«Ғажайып,сиқырлы ертегілер әлемінде...»











Жауапты:Бастауыш пәнінің мұғалімі Касымжанова Д.Т.



2018-2019 оқу жылы





























Ерте,ерте заманда Аманат деген елді мекенде Түкірмек деген хан өмір сүріпті. Ханның ай десе аузы, күн десе көзі бар Бұртима есімді қызы болыпты.

















































Доңыздың сөзі (Жаңа жылдың сөзі)

Жаңа жыл құтты болсын!

-Адам баласы Жаңа жылдан көп жақсылық күтеді, Жаңа жылға көп үміт артады.Армандарыңыз бен тілектеріңіз орындалсын!Дендеріңіз мықты, бақытыңыз үстем болып, күш – қуатыңыз таусылмасын, қанатыңыз талмасын деп тілейміз.Өткенге риза болып, Жаңа жылға бәріміз таза ниетпен, нық қадаммен аттайық.Жаңа жылға елмен бірге жаңа табыстарға жете берейік!





Ит жылы (Ескі жылдың сөзі)



-Балалар менің жылым аяқталды. Мен сендермен бір жыл бойы бірге болдым!Қызықты күндер көп болды деп ойлаймын.Ал енді мен келер жылға орынымды берейін!

-2019 жылы сәтті жыл болып кірсін, балалар ешқашан мұнаймасын! Жыл белгісін саған табыстаймын, менң ұмытпай естеріне ала жүріңдер!

-Сау болыңыздар!

























Happy new 2019 year! We wish you many happy days, creative victories and incredible emotions!









Свинка добрая, большая,

Щедро всех озолотит,

Чтоб жили, кризиса не зная,

Мечты в реальность воплотит.









Құрметті ұстаздар, ата-аналар, құрбы-құрдастар!

Сіздерді келе жатқан доңыз жылыңызбен құттықтаймыз!

Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін! Еңбектеріңіз жемісті болсын, табысқа кеңеліп тұлпардай жүйрік болайық!













Кел, Жаңа жыл!

1)Жақында бізге қыс келді

Жаңа жыл бізге әкелді

Шыршаны ойыншықтар

Аяз ата, Ақша қар

Shape1 Қайырмасы:

Ахау Жаңа жыл

Көңілді бұл Жаңа жыл 2 рет айтамыз

Әр жыл қонақ қасиетпен

Қуаныш бізге әкел

2) Жаңа жылды қарсы аламыз

Мерекені құттықтаймыз

Жаңа жыл сәлем саған!

Сиқырлы жарқыраған

Shape2 Қайырмасы:

Ахау Жаңа жыл

Көңілді бұл Жаңа жыл 2 рет айтамыз

Әр жыл қонақ қасиетпен

Қуаныш бізге әкел













(Сол кезде пошташы келеді) ПОШТАШЫНЫҢ СӨЗІ

-Ойбайоуууу, масқара! Сендер естідіңдер ме? Аяз ата мен Ақша қар Шырша мерекесіне Аманат ауылына келе жатқанда, оларды қарақшылар тонап, бір қараңғы жерге қамап тастапты! Сендерге осы бейне жазбаны апарып берсін деді. (БЕЙНЕ ЖАЗБА КӨРСЕТІЛЕДІ) Аяз аталары мен Ақша қарлары аман-есен шыршаларына келсін десе, өнерлерін таң қаларлықтай етіп көрсетсін деп,дұғай-дұғай сәлем айтып бар деді! Енді біздің Жаңа жылымыз қалай Аяз атасыз өтеді, скайп арқылы немесе ұялы телефон арқылы өнерлеріңді көрсетіңдер, қарақшылар көрсін «Мөнекей мектебінің» балалары шеттерінен өнерлі екенін.







Музыка қосылады. Бірақ әнші - Камила әнді айтпайды.

Әнші: О, ағайын! Мен ән сала алмаймын. Орталарыңда не Аяз ата, не Ақша қар жоқ. Қалай болғаны?Жаңа жыл деген өзіндік ерекшелігімен болу керек қой.Аяз ата мен Ақша қар келмей, мен ән айта алмаймын.

























(Аяз ата шаршап,әрееең сүйретіліп келеді.Қасында Ақша қар бар.Киімдері алқам-салқам,теңселіп ортаға келіп тұрады.)

Аяз ата:Оооо, қарақтарым! Сендерге көп-көп рахмееет! Сендердің көрсеткен өнерлерінің арқасында аман қалдық! Мен сендерді сағынып,қапалақтап жауған қарды көріп,қой Аманат ауылының балаларының мерекелік шыршасына барайық, оларды қуантайық деп Ақша қар екеуіміз сонау солтүстіктен бұғымызға шанамызды жеге салып келдік, Аманат ауылына таяғанда, жолда бір қарақшыларға тап болдық, сендерге алғысымыз шексіз, рахмееет сендерге қарақтарым, қарақшылар өнерлеріңді көріп, сондай разы болды, бізді бірден босатып жіберді

Аяз ата:Жаңа жыл құтты болсын!

Шаңырақтарың шаттыққа толсын!

Әр үйде амандық болсын!

Бесікте балаң жылап,

Үйлерің у-шу болсын!

Жұмыстарың жемісті болсын!

Айлықтарың 150 доллор болсын!

Айтпай шапқан жау жаман,

Фронтальныйларың жоқ болсын!

Отчеттарың аз болсын!

Файлдарың көп болсын!

Ручкаларың бітпесін!

Сияларың кетпесін,

Соткаларың өшпесін!

Вайфайдарың ұрып тұрсын!

Комиссияларың келмесін.

Оқушыларың білімді болып,

Мектеп атын еңсерсін!(Амин)

Аяз ата: Ал қарақтарым, менің сағатым соғып тұр! Мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын!Сендерге көп рахмет!Өнерлерің өрге жүзсін.Биік шындардан көріне беріңдер!

-Ал, енді келесі жылға дейін Қош сау болыңдар! Аман болыңдар! Келесі жылы тағыда қауышатын боламыз!

(Аяз ата қызын ертіп, шығып кетеді).

































ПОШТА



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!