400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа Жыл сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 1 сынып мұғалімдері үшін қажет. Бұл сабақ жоспарын пайдаланған мұғалімнің сабағы жақсы өтіп , тәжірибесі арта түседі. Егер бұл материалды жас мамандар қолданса , сабақтың жоспарын өздері түзуге деген мүмкіндіктері мен құлшынысы арта түседі. Ал тәжірибесі мол мұғалімдер қолданса , олардың жаңа бағдарламаға деген көзқарастары өзгереді деп ойлаймын. Сонымен бұл сабақ жоспарының пайдасы кез-келген дәрежедегі ұстазға көмегін тигізеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Кел, жаңа жыл, жаңа жыл!»

Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау. Балаларды әсемдікке, әдемілікке баулу. Жаңа жылда жаңа арман, жаңа үміт шоғы пайда болатынын түсіндіру. Болашаққа мақсат қоя білуге дағдыландыру. Сондай-ақ бойларындағы бар өнерлерін ортаға салуды үйрету.

Барысы:
Жүргізуші:

Барлық жандар бір білекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт достарым
Құрметті балалар, ата – аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған «Кел, жаңа жыл, жаңа жыл!» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Кәне, балалар, бәріміз шыршаны айнала тұрып, бір жақсы ән шырқайық!
Осы кезде залға әр түрлі аңдар кіріп. бәрі айқайлап - шулап келеді де шыршаны бір айналып,
- О- о -о қараңдар қандай ағаш өсіп тұр. Жақсы болды, осы ағаштың көлеңкесінде демалайық. (төсеніштерін төсеп - төсеп бәрі жата қалады. сосын біреуі басын көтеріп) Түу мыналар неғып жүрген балалар. Бізге кедергі жасап. Біз демалатын жер іздеп жүрміз. Көп күннен бері ұйықтаған жоқпыз. Барыңдар үйлеріңе кетіңдер.
Кәусар:
- Құрметті аңдар. Сендер бұл жерде демала алмайсыңдар, өйткені бізде мереке болып жатыр. Сендер басқа жаққа барып демалыңдар.
Аңдар (ашуланып, атып тұрып)
- Сен кімсің өзі, маған қарсы шығатын? Қайдағы мереке? – Айтыңдаршы бұл қандай мереке? Қайдағы мереке?
(деп балаларды жұлқып - жұлқып сұрайды, олар жауап береді)

Хормен «Жаңа жыл»
- Жаңа жыл дейді ха - ха - ха. Қайдағы жаңа жыл Сендерге бүгін жана жыл тұрмақ, ескі жылда болмайды. Мен қазір барлықтарыңды жеп қоямын. Келіңдер жабылып жеп қояйық. Бұларға көрсетейік. Қарашы өздерін, бізге ұйқы бермей.(ААА деп есінейді) Тезірек ұйықтаса ғой шіркін!
Бір оқушы ортаға шығып:
- Сүйкімді аңдар,өтінемін бізге тимеңдерші! Біз шуламай ақырын ғана жүреміз. Мереке болсыншы. Бұл мерекені біз 1 жыл күттік қой, ия балалар. Біз қазір сіздерге өлең айтайық. Сосын мерекемізде болыңыздар. Аяз ата келеді, көп кәмпит әкеледі. Біз сіздерге де береміз. Береміз бе, балалар?

-Ия, береміз!
Қасқыр:
- ООО кәмпит дегенді біз жақсы көреміз. Аяз ата тағы не береді? Әсел бере ме, сүйек бере ме, қоян бере ме?

-Береді,береді Аяз ата бәрін береді, ол үшін ән айтып, би билеу керек!

-Жарайды келісеміз, олай болса біз де өз өнерімізді көрсетейік!

Балалар шыршаны айналып өлең айтады.
Жүргізуші:
Балалар енді біздің мерекемізде кім жоқ?
- Аяз ата мен Ақша қар!
- Ия, Дұрыс. Олай болса, Аяз Атаны бәріміз бірге шақырайық!
-Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар!

Аяз ата: Амансыздар ма, балғындар, ата-аналар, қонақтар! Жаңа жылдарын құтты болсын! Аспандарың ашық, жұлдыздарың жарық болсын! Еліміз көркейе берсін, жаңа жыл молшылық әкелсін!

Ақшақар:

Қардан шыққан Ақшақармын.

Сұлу айдай қиылып.

Жаңа жылмен құттықтап,

Сәлем берем иіліп.

Қасқыр: Аяз - Ата! Бізге де сыйлық әкелдіңіз бе? 
Аяз - Ата: Әрине, бір қап әкелдім.  Қане, жаңа жыл шыршасы туралы тақпақтарды кімдер айтып береді?

Кәусар:

Безендіріп шыршаны,

Жыл қуантты баршаны.

Е Той-мереке басталды

Аяз ата оны басқарды.

Нұрбол:

Армысыз, Аяз ата, ақсақалым!

Бармысыз сұлу көркем Ақшақарым!

Асыға тағатсыздық сезімменен

Тосуда өзіңді барша қауым.

С. Амина:

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағынған,

Міне сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған.

Кел балалар, келіңдер.

Тамашаны көріңдер!

Әлінұр:

Жаңа жыл келді, міне,жерімізге

Әкелсін құт-береке елімізге!

Жақсылық пен қуаныш жылы болып,

Қиындықты жолатпасын бәрімізге!

Абубакир:

Ал, қанекей, балалар,

Ән мен жырға басайық.

Той думанды жалғайық.

Жаңа жылда сайланып,

Шыршамызды айналып,

Би билейік, ән салып,

Баршамыз да жыр салып.


Ендігі кезекті «Қуыршақтар» биіне береміз!



Рахман:

Балалар мен бүлдіршіндер,

Қуанышқа тоймайық.

Мерекелік кешімізде,

Асыр салып ойнайық.

Ерасыл:

Аппақ қардай көңіліміз пәк болсын!

Аппақ қардай арымыз да ақ болсың

Жаңа жылға қадам басайық,

Бір Алламыз жанымызға жақ болсын!

Әзімхан:

Жапалақтап ақша қар,

Жауды күнде қайталап.

Қырға шықты балалар,

Шаңғыларын арқалап.

Ербол:

Келді жылым бақытым,

Кемелденді уақытым.

Сәлем саған Аяз ата, ескі жыл,

Жаңа бақыт, жаңа думан, жаңа жыр!

  • Жарайсыңдар, ендігі кезекті әнші қызымыз Абдрахым Кәусарға береміз!

«Жаңа жыл» әнімен.

Ш. Амина:

Жылдың әнін бастайын,

Аяз ата кеп қалды.

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.

Алихан:

Ал, Ақшақар қалықта,

Өнер көрсет халыққа.

Ақ қанатың желбіреп,

Қалықтаудан жалықпа.

А. Мадина:

Аппақ торға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Нұрислам Әбдіхалық:

Жүзімізге күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылда біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

Айдана:

Ән саламыз би билеп,

Жырдан шашу төгілді.

Бүгін біздің жаңа жыл,

Қандай қызық көңілді.

Әділхан

Даламызға, қаламызға

Жаңа жыл келіп, кіреді

Қартыңызға, жалпыңыза

Жалынды сәлем береді.

Арай

Жаңа жыл бұл жаңа нұр,

Нұрдан ләззәт ала біл.

Ақын жазар жаңа жыр,

Жырдан тыңда терең сыр.

Әбдіманап

Жаңа жылға ырзамыз,

Өсе түсті бойымыз.

Қандық талай сырға біз,

Шарықтады бойымыз.

Нұрсая:

Ақ қырауға оранған,

Сақалы да мұрты да.

Аяз ата сағынған,

Сәлем берді жұртына.

Абдрахым:

Аяз келді қаһарлы,

Айналаны қар жапты.

Ақ тон киіп орман тұр,

Дәл атамдай салмақты.

-Жарайсыңдар балалар, ендігі кезекті «Аяз ата» биіне береміз.

Мерке:

Аяз ата ақ сақалды,

Ақ таяқты паң ата.

Асып өтіп асқар тауды,

Жеттің бізге таң ата.

Жамалай:

Бұрынғыдан өзгерген бала бүгін,

Көңілдерде ай жүзіп, жанады күн.

Әр жүрекке жаңалық нұрын сеуіп,

Қош келдің ортаға жаңа жылым!

Алтынбек:

Өлеңде әзір, ән де әзір,

Ойын да әзір, бәрі әзір.

Кел жаңа жыл біздерге,

Кел жаңа жыл, жаңа жыл.


Елжан:

Сыныптыстарым достарым,

Алғысым көп айтар менің.

Дәл осындай көңіл-күймен,

Қарсы алыңдар доңыз жылын!

Жанна:

Аппақ аппақ, жапалақтап.

Қар жауып тұр тынбастан!

Қалың орман, қар жамылған

Маужырайды түнгі аспан!

Абдрахым Кәусарға:

Жаңа жылды қарсы алып,

Жасаймыз той жылда біз.

Жарқын-жарқын ән салып,

Жалғасады жырға-жыр.

-Ендігі кезекті «Аңдар» биіне береміз!


Құрметті қонақтар, көрермендер, осымен 1 «ә»-сыныбы дайындаған «Кел, жаңа жыл, жаңа жыл!» атты мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды! Уақыт бөліп тыңдағандарыңыз үшін көп-көп рахмет, сау болыңыздар!






























Сабақтың тақырыбы: «Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!»

Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау. Балаларды әсемдікке, әдемілікке баулу. Жаңа жылда жаңа арман, жаңа үміт шоғы пайда болатынын түсіндіру. Болашаққа мақсат қоя білуге дағдыландыру. Сондай-ақ бойларындағы бар өнерлерін ортаға салуды үйрету.

Барысы:
Жүргізуші:

Барлық жандар бір білекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт достарым
Құрметті балалар, ата – аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған «Кел, жаңа жыл, жаңа жыл!» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Кәне, балалар, бәріміз шыршаны айнала тұрып, бір жақсы ән шырқайық!

Ән: «Жасыл шырша жанында»

Жүргізуші:

Қараңыздар мынау шыршаға, неткен сұлу, неткен көрікті еді! Бірақ, шыршамыз неге жанбай тұр? Жаңа жылдық шыршамызға бәрі келіпті, кешіміздің басты кейіпкері Аяз ата мен Қарша қыз неге келмеді екен? Қане, оларды Бәрімізбірге шақырайық!

-Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар!

Аяз ата: Амансыздар ма, балғындар, ата-аналар, қонақтар! Жаңа жылдарын құтты болсын! Аспандарың ашық, жұлдыздарың жарық болсын! Еліміз көркейе берсін, жаңа жыл молшылық әкелсін!

Ақшақар:

Қардан шыққан Ақшақармын.

Сұлу айдай қиылып.

Жаңа жылмен құттықтап,

Сәлем берем иіліп.

Кезекті балалардың жылы лебізді тақпақтарына береміз!

И. Дариға:

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағынған,

Міне сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған.

Кел балалар, келіңдер.

Тамашаны көріңдер!

Нұрғиса:

Жылдың әнін бастайын,

Аяз ата кеп қалды.

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.

Жәния:

Аяз келді қаһарлы,

Айналаны қар жапты.

Ақ тон киіп орман тұр,

Дәл атамдай салмақты.

Алихан:

Аяз ата ақ сақалды,

Ақ таяқты паң ата.

Асып өтіп асқар тауды,

Жеттің бізге таң ата.

Ерасыл:

Жапалақтап ақша қар,

Жауды күнде қайталап.

Қырға шықты балалар,

Шаңғыларын арқалап.

Амир:

Ақ қырауға оранған,

Сақалы да мұрты да.

Аяз ата сағынған,

Сәлем берді жұртына.

Өмірхан:

Безендіріп шыршаны,

Жыл қуантты баршаны.

Е Той-мереке басталды

Аяз ата оны басқарды.

Ендігі кезекті балалар дайындаған көрініске береміз. «Жеті лақ пен қасқыр»

И. Дариға:

-Баяғы өткен заманда орманда бір үйшік болыпты. Онда бір ешкі өзінің жеті лағымен бірге тұрады екен. Күндердің бір күнінде.....

Ешкі Ж. Дариға:

Ешкі лақтарына қарап,

Лақтарым, шұнақтарым,

Қуанышым қарақтарым.

Орманға мен барайын,

Сыйлық таңдап, алайын.

Сақ болыңдар әр кез тек,

Қасқыр келіп, қалмасын,

Тойдың шырқын бұзбасын.

1 лақ: Мейрамбек:

Апатай-ау, апатай,

Орманға сен барсаңшы,

Сыйлық таңдап алсаңшы мә-мә

2лақ: Нұрболат:

Апатай-ау, апатай-ау,

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз! Мә,мә


3лақ: Заңғар:

Біз боламыз әркез сақ,

Әкел бізге көп моншақ, мә,мә

4лақ: Амир:

Ақ моншақты тағайын,

Сауық-сайран салайын, мә,мә

5лақ: Нұрмұхаммед:

Апатай-ау, апатай-ау,

Келіп қалды Аяз ата!

Би билеп, ән салайық, мә-мә

6 лақ: Сезім:

Жаңа жылға қатысып,

Сыйлық алғым келеді.

Орманға сен барсайшы,

Аяз атаны алып келсейші.

7 лақ: Ерасыл:

Орманға сен барсайшы,

Аяз атаны алып келсейші.

Біз ешкімге есік ашпаймыз.

Ешкі:

-Жарайды онда мен кеттім, есікті ешкімге ашпаңдар!

Түлкі: Ақмарал:

-Алло қасқыр екумізге ермек таптым орман ішінде бір үйшік көрдім, байқасам ол ешкінің үйі екен. Лақтарды ұрлап бөлісіп жейік.

Қасқыр: Өмірхан:

-Жарайды мен онда лақтарға мамасының дауысын салып есікті аштырып алайын.

Ит: Ринат:

- Ей, сұм қасқыр, қу түлкі сендерге не болған?

Мен жаңа жылды сіздермен күтіп алайын десем,

Мыналарың қалай, түсінбедім..

Түлкі: Ақмарал:

-Біз ештеңе істеп жатқан жоқпыз.

Қасқыр: Өмірхан:

-Біз лақтармен бірге ойнайын деп жатырмыз

Ит: Ринат:

Жақын жерде балалардың дауысы естіліп жатыр, жүріңдер сонда барып, балалардың көңілін көтерейік..Лақтарды да бірге ала жүріңдер.

Ешкі:

-Менің балаларым аман ба, қу түлкі мен сұм қасқыр мұнда не істеп жүр?

Ит: Ринат:

Ешкі сен де жүр мерекені бірге қарсы алайық!

Би «Лақтар»

Айзере:

Сыныптыстарым достарым,

Алғысым көп айтар менің.

Дәл осындай көңіл-күймен,

Қарсы алыңдар доңыз жылын!

Бексұлтан:

Келді жылым бақытым,

Кемелденді уақытым.

Сәлем саған Аяз ата, ескі жыл,

Жаңа бақыт, жаңа думан, жаңа жыр!

Ринат:

Аппақ торға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Айару:

Ән саламыз би билеп,

Жырдан шашу төгілді.

Бүгін біздің жаңа жыл,

Қандай қызық көңілді.

Жігер:

Жаңа жыл бұл жаңа нұр,

Нұрдан ләззат ала біл.

Ақын жазар жаңа жыр,

Жырдан тыңда терең сыр.

Сүндетхан:

Жарқын-жарқын ән салып,

Жалғасады жырға-жыр.

Өлеңде әзір, ән де әзір,

Ойын да әзір, бәрі әзір.

Кел жаңа жыл біздерге,

Кел жаңа жыл, жаңа жыл.

Асқар:

Даламызға, қаламызға,

Жаңа жыл келіп, кіреді.

Қартыңызға, жалпыңызға,

Жалынды сәлем береді.

Би: «Кішкентай Аяз аталар»

Ән: «Жаңа жыл келді»

Жүргізуші:

Жаңа доңыз жылы құтты болсын, Халайық!

Отанымыз тыныш, балалардың жүзінен күлкі кетпесін,

Бақытты өмір сүрейік,

Жаңа жылдан, Жаңа жылға аман-есен жетейік!

Қош, сау болыңыздар!





№6 Ж. Аймауытов атындағы жалпы орта мектеп

коммуналдық мемлекеттік мекемесі


«Тәуелсіздік-тірегім», «Мәңгілік ел-тұрағым»

атты 3-4 сыныптар аралығындағы суреттер байқау апталығы.



Бас жүлде -Абенова Феруза 3 «а»- сынып


1 орын -Орынбай Айзере 4 «а» сынып


2 орын -Куламов Гулом 4 «г»-класс


2 орын -Адай Ақниет 4 «ә»-сынып


3 орын -Адилжанова Камола 4 «г»-класс


3 орын -Рахматуллаев Қуаныш 4 «б» -сынып


3 орын -Алтай Ернур 3 «а»- сынып


Алғыс хат -Тасан Балнур 4 «ә»-сынып


Алғыс хат -Эргашева Ширин 4 «г» - класс


Алғыс хат -Бабашева Севана 4 «г»- класс


Алғыс хат -Темір Ақниет 3 «а»-сынып


Алғыс хат -Мирсаитова Хушруза 4 «г»- класс





































Тақырыбы: «Тәуелсіздік бастауы- Желтоқсан»

Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталық әміршіл-әкімшіл солақай саясатқа қарсы алғаш рет бас көтеріп демакратия жолында құрбан болған ұл-қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не үшін, қандай себеппен, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру. Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Желтоқсан оқиғасындағы ел қамын жеген ерлерді үлгі тұтуға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Алғы сөз:

Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, қадірлі балалар! Бүгін еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, білектің күшімен, ерен ісімен кешегі дүниені дүр сілкіндірген «желтоқсан» оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалған «Тәуелсіздік бастауы-желтоқсан» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Тәуелсіздігімізге 27 жыл толды. Осыдан 32жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан. Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен әпкелеріміздің арқасында, үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.

Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өз туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Ендеше әнұранымызды орындайық:

Әнұран:

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,

Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.

Бейбітшілік болып елде әрқашан,

Сайран салсын, қазағымның саңлағы -

деп, біз Тәуелсіз елдің ұрпағы болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Отан әрбір жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әрбір тіршілік иесінің шексіз байлығы. Олай болса, Отан туралы тақпақтардан бастайық.

Кәусар:

Мерекеге шығады ел,

Бүкіл халық ұғып қой.

Отандастар ұғады,

Тәуелсіздік-ұлы той.

Ерасыл:

Отан, Отан,

Сен болмасаң не етер ем,

Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем.

Әмина:

Екі өмір жоқ, әрине,

Екі отан жоқ.

Жалғыз отан мекенің!

Нұрбол:

Бақытты боп жүргенім

Сенің арқан, ұлы Отан.

Мәңгі соғып тұратын,

Жүрегімсің сен Отан.




Тілхат


Біз ____________________________________________________________________________________


перзентіміз ____________________ _________________04.02.19 – 10 .02.19ж. қысқы демалыс күндері беймезгіл уақыттан кейін көшеге шығармаймыз, орталық алаңға, базарға, қыдыруға

жалғыз жібермейміз. Сонымен қатар демалыс кезінде жол ережесін сақтауды тағы да ескертіп, басқа қалаға ,

қараусыз жібермейміз. Суық қаруларды ұстамауын қадағалап, өмір қауіпсіздігін өзіміз мойнымызға алып, заң алдында жауап береміз.

Әкесі: ____________ ____________________________

(аты – жөні)


Анасы: ____________ ____________________________

(аты – жөні)

Тілхат


Біз ____________________________________________________________________________________


перзентіміз ____________________ _________________04.02.19 – 10.02.19ж. қысқы демалыс күндері беймезгіл уақыттан кейін көшеге шығармаймыз, орталық алаңға, базарға, қыдыруға

жалғыз жібермейміз. Сонымен қатар демалыс кезінде жол ережесін сақтауды тағы да ескертіп, басқа қалаға ,

қараусыз жібермейміз. Суық қаруларды ұстамауын қадағалап, өмір қауіпсіздігін өзіміз мойнымызға алып, заң алдында жауап береміз.


Әкесі: ____________ ____________________________

(аты – жөні)


Анасы: ____________ ____________________________

(аты – жөні)

Тілхат


Біз ____________________________________________________________________________________


перзентіміз ____________________ _________________04.02.19 – 10 .02.19ж. қысқы демалыс күндері беймезгіл уақыттан кейін көшеге шығармаймыз, орталық алаңға, базарға, қыдыруға

жалғыз жібермейміз. Сонымен қатар демалыс кезінде жол ережесін сақтауды тағы да ескертіп, басқа қалаға ,

қараусыз жібермейміз. Суық қаруларды ұстамауын қадағалап, өмір қауіпсіздігін өзіміз мойнымызға алып, заң алдында жауап береміз.


Әкесі: ____________ ____________________________

(аты – жөні)


Анасы: ____________ ____________________________

(аты – жөні)

Тілхат


Біз ____________________________________________________________________________________


перзентіміз ____________________ _________________04.02.19 – 10 .02.19ж. қысқы демалыс күндері беймезгіл уақыттан кейін көшеге шығармаймыз, орталық алаңға, базарға, қыдыруға

жалғыз жібермейміз. Сонымен қатар демалыс кезінде жол ережесін сақтауды тағы да ескертіп, басқа қалаға ,

қараусыз жібермейміз. Суық қаруларды ұстамауын қадағалап, өмір қауіпсіздігін өзіміз мойнымызға алып, заң алдында жауап береміз.


Әкесі: ____________ ____________________________

(аты – жөні)

Анасы: ____________ ____________________________

(аты – жөні)


















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
3 наурыз
884
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі