400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа жыл сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылдық мерекеге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңа жыл мерекесі

Зал мерекеге сай безендірілген. Музыка фонында ортаға екі жүргізуші шығады.

1-жүргізуші:

-Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар!

2- жүргізуші:

Бармысыздар, замандас, бауырлар.

1-жүргізуші:

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайың.

Көргендер де көрмегенде арманда.

Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

2-жүргізуші:

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,

Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.

Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.

Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

1-жүргізуші:

Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.

2- жүргізуші;

Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!

Ән: Астана

1- жүргізуші:

-Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.

2-жүргізуші:

* Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.

* Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.

* Аяз ата келеді Ақшақармен,

* Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!

/осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді./

Аяз ата:

Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,

Нарына нарық заман мінгескен ел.

Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,

Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.

1-жүргізуші:

Ассалаумағалейкум, Ата!

Аяз ата: Уағалейкумассалаум, балам!

2-жүргізуші:

Армысыз Ата! Армысың Ақша қар.

Аяз ата:

Бар бол, балам! Біз қай жерге келдік қарағым?

1-жүргізуші:

- Дүниенің тұтқасына айналған Қазығұрт тауының бөктері, қиял-ғажайып аңыздарға толы қасиетті мекенге келдіңіз ата.

2-Жүргізуші:

- «Қазығұрттың басында кеме қалған, Ол әулие болмаса неге қалған?!», - деген өлең жолдары баршамызға таныс. Қазығұрт десе көз алдымызға бірден шыңында кемесі бар тау елестейтіні де рас. Адамзаттың алтын бесігі болған киелі мекенге келдіңіз.

Аяз ата:

- Бәрекелді, балам! Қазығұрттың баурайы жырдың мекені деп естуші едім. Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар шығар?

1-жүргізуші:

- Әрине, ата! Оңтүстіктің шырайын кіргізер өнерпаздарымыз дайын тұр. Сіз рұқсат берсеңіз болды.

Аяз ата:

-Рұқсат шырақтарым, рұқсат.

Ән: Жаңа жыл

2-жүргізуші:

Құрметті жамағат “Жақсы сөз- жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшылары Нұрлан ағай, Бақыт ағай, Сейтбек ағайларға береміз.

Ойын:

1-жүргізуші:

Армысың, аманбысың Жаңа жылың.

Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!

Ит жылы келгенде, сый ғып тартып,

Ақтарайық әнменен көңіл сырын.


2-жүргізуші:

-Құрметті халайық, Құрметті Аяз ата Ақша қар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап, Әзірбаев мектебінің өнердің өрінде жүрген не бір саңлақтары келіп қалыпты. Ортаға шақырсақ қалай қарайсыздар?

1-жүргізуші:

Олай болса, ортаға өздерінің құттықтауларымен бірге өз өнерлерін ала келген 1-сынып оқушыларынан құралған өнерпаздарды шақырамыз

2-жүргізуші:

- Сіздердің алдарыңызда әлемге аты әйгілі «Құрдастар тобы» атап айтар болсақ 2-сынып өнер саңлақтары. Қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші:

-Қадірлі көрермендер! Алдарыңызда еліміздің болашағы 3-сынып оқушыларын шақырамыз.

2-жүргізуші:

- Құрметті халайық ортаға Елімізге танымал шынайы өнер тарландарын шақырамыз. Ортада төртінші сынып оқушылары. Салтанаттарды қошеметтеп ортамызға шақырайық

1-жүргізуші:

-Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар, “Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл - жарылқасын” демей ме?! Ортамызға тарихтан өтер “Тауық” жылы келе жатқан көрінеді. Ескі жылымызды есімізге түсіріп, еңсемізді көртеріп қарсы алсақ, қалай қарайсыздар?

Аяз ата:

- Бәрекелді қарақтарым! Келсін, тауық келсін...

Тауық жылғыларды ортаға шығарып, өткен жылы жеткен жетістіктері жайлы сұраймыз.

Аяз ата ортамызға жаңа жылды шақырайық: Ит жылы туылғандарды ортаға шақырып, жаңа жылда қандай мақсаттары бар екендігін сұраймыз

2-жүргізуші:

Ал, Аяз ата, Ақша қар! Асығып тұрған секілдісіздер. Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік.

1-жүргізуші: Аяз ата, қарша қыз сау болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
583
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі