![]()
Ж
үргізуші: Уа,
халайық, жараңдар,
Айналаға қараңдар.
Қызық көріп шат болып,
Шалқып күліп, тараңдар.
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр.
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті деп.
Қыстың әнін шырқауға шақырамын.
(Шыршаны айнала Шырша әні орындалады. Ән орындалып біткеннен кейін ертегілер әлеміне бастайтын саз ойналады да күтпеген жерден қара шайтан жүгіріп шығады.)
Шайтан: Мен шайтанмын, шайтанмын,
Көрінбейтін сайтанмын.
Ұнап қалған жандарды,
Өзіммен алып қайтармын.
Жүргізуші: - Ой мынау кім? Құдай сақтасын, түрі қандай жаман еді. Аулақ-аулақ,
сәнімізді бұзба!
Шайтан: - Бұзбақ түгілі, бұзамын. Мен жолда келе жатқан Аяз ата мен Ақшақарды
алдап қамап қойдым.Қазір міне, сендердің де апайларыңды алып кетіп,
ешқандай мереке өткіздірмеймін.Мереке болмайды, маған мереке
ұнамайды.
Жүргізуші: Тоқта, шайтан. Анықтап қарап көрсем қорқынышты сенің түгінде жоқ
екен, сен сондай әдемісің! Сондай қап-қарасың. Мен әкетпей-ақ қойсаң
қайтеді. Сен мені әкетпеу үшін балалар не істеуі керек?
Шайтан: Маған бір көңілді ән салып, би билеп берсеңдер, онда ойланып көрермін.
Жүргізуші: - Қой, балалар, ондай болса шайтекеңнің көңілін табуға тырысып
көрелік. Бәріміз қосылып көңілді балапан биін билейік.
Балапан биі.
(Жүргізушінің үлгісі бойынша балалар көңілді биін билейді)
Шайтан: Билерің ұнады. Бірақ та бәрібір мерекелеріңді бұзғым келіп тұрғаны-ай.
Өткіздірмеймін дедім, өткіздірмеймін.
Жүргізуші: - тоқтай тұр шайтан, келісіп көрсек қайтеді. Біздің балалар саған біраз
жұмбақ жасырсын. Егер сен шешімін таппасаң бізге бөгет болмай өз
жолыңмен жүре бер. Ал мерекемізді жалғастырмыз.
Шайтан: мен шешпейтін жұмбақ жоқ. Айта беріңдер, жасыра беріңдер, бәрін шешіп
аламын.
(әр сыныптан екі баладан жұмбақ жасырады.)
Жүргізуші: - қане балалар, мені шайтан алып кетпесін десеңдер, қиын жұмбақтар
жасыруға тырысыңдар.
(жұмбақтар айтып болған соң шайтан аяқ астынан шыңғырып, «ойбай, анау келе жатқан Алдар ғой. Тыға көріңдер балалар, құтқара көріңдер мені», - деп балалардың артына тығылады.)
Алдар көсе: Мен Алдармын, Алдармын!
Балқанға
да барғанмын,
Орхонға
да барғанмын.
АҚШ қа да барғанмын,
Жапонға да барғанмын.
Шаршанқырап қалған соң,
Шайтанға мініп алғанмын.
-
Ассалаумағалейкум, балалар! Менің шайтанымды көрмедіңдер ме? Бұхараның базарына кіріп шыққанымша қашып жөнелгенін айтсаңшы.
Балалар: Көрдік!
Алдар көсе: Өй мынау менің шайтаным ғой жарықтық.
(балалардың артында жүгіріп қашып жүрген шайтанды басына шылбыр салып ұстап алады.)
Шайтан: Мен талайдың басын шармап едім, талайдың асын ұрлап едім, Алдар, маған
жазаң ауыр болды. Балалардың алдына ант етейін! Енді өйтпеймін,
босатшы мені, Алдар!Босата көр, алдареке!
Алдар көсе: Шайтанның сөзіне сенеміз бе, балалар?
Балалар: Жоқ, болмайды.
Шайтан: Сене көріңдер балалар, сене көріңдер.
Жүргізуші: Жаңа жылды жақсылыққа ырымдайық балалар.
Шайтан екеш, шайтанда той қонағы саналар,
Көре жатармыз ар жағын, босатсақ болар Алдарым.
Алдар көсе: Өз күнәңді өтеу үшін мына жиылған балаларға бір қызықты ойын өткіз
немесе бір би биле. Егер балаларға ұнаса мен сені босатамын.
Шайтан: Қане балалар бәріміз бірге бір би билейік.
Жүргізуші:
Ақ киімді денелі ақ сақалды,
Тондырады қасындағы тірі жанды.
Үсті-басы - ақ қырау, демі суық,
Жетіп те қалған шығар ертіп алып Ақшақарды.
-
Балалар, бұл кім туралы айтылған деп ойлайсыңдар. Ендеше ортаға Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Шайтан: Мен оларды тез барып босата қояйын.Кешіміз көңілді өтсін, иә балалар!
(Осы сәтте қояндар шыршаны айнала «Құтқарыңдар,құтқарыңдар»деп жүгіріп келеді.)
Жүргізуші:Қояндар,ау сендерге не болды?
Қояндар:Қасқыр қуып келеді.Аяз-Атаны қарсы алуға шығып едік,жолда түлкі мен қасқыр кездесіп қуып жіберді.Қасқыр сонымыздан қалмады,ал түлкі басқа жаққа кетті.
(Осы кезде арсалаңдап қасқыр кіреді,ол келе қояндарға ұмытылады,қояндар жүргізушінің тассасына тығылады.)
Жүргізуші:Тоқта бұл қай басынғаның.Жәй ма?
Мына қояндар саған неге қажет болды?
Қасқыр:Түлкі ғой ұста деген.
Жүргізуші:Өзі қайда?
Қасқыр:Өзі Аяз –Атаны мектепке келтірмей адастыруға кетті.
Жүргізуші:Жаңа ғана шақ деп Жалмауыз кемпірді жіберіп едік.О,қу түлкі,жүрген жері шу түлкі.Ол бір шатақты ұйымдастырмаса,жүре алмайды-ау.Сен қазір балаларға қонақ болып осында қаласың,ал қояндар мына жедел хатты орман аңдарына жеткізесіңдер.
(Қояндар кетеді.)
Жүргізуші:
Аппақ бүгін қыр, далам,
Ақ мақтаны жапқандай!
Бүкіл әлем – бір ғалам,
Қонақ күтіп жатқандай.
( Қояндар қуанып жүгіріп кіреді.Жандарында орман аңдары.)
Қояндар:Аяз Ата қазір келеді.
Жүргізуші:
Біз бір жақсы ән айтайық,біздің дауысымызды естіп,Аяз-Атамыз тез тауып келер.
Хормен:«Жаңа жыл» әні
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, алыстан Аяз ата мен Ақшақар келе жатқан сияқты. Қане, бәріміз Аяз атаны шақырайықшы.
Балалар: Аяз ата а - у - у - у. Аяз ата а - у - у - у - у. Аяз ата а - у - у - у - у.(Аяз ата мен Ақшақар келеді)
Аяз ата: Ақшақарым, біз әні мен сәні жарасқан, ұл - қызы өнерлі, халқының бірлігі мол, берекелі елге келген екенбіз.Мен өте қуаныштымын.Ақ қырауға малынған,Сақалы да мұртым даАяз ата сағынған Сәлем берем жұртыма.
Ақшақар: Иә, Аяз ата бұл өзіміздің сағына көруге аңсаған Үшқұдық елді мекеніндегі Үшқұдық мектеп-бақшасының білім ордасының шырша тойы екен
Аяз ата: Амансыңдарма,балаларым?
Амансың ба ұлдарым,
Есенсің бе, қыздарым!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Шаршап келдім алыстан,
Өздеріңе оралдым.
Бар сыйлығым жаралғым,
Керемет бір ән тыңдап,
Келіп тұр-ау демалғым.
(Аяз ата мен Ақшақар балалармен амандасады.)
Жүргізуші: Қош келдіңіздер. Біз сіздерді мерекемізде көруге шын жүректен
қуаныштымыз.
Аяз ата: Біз де сендерді көруге,
Халдеріңді білуге,
Асулардан асып,
Аппақ қарды басып жетіп қалдық.
Ақшақар: Жаңа жылмен құттықтап,
Ойнап-билеп, күлуге келдік міне, балалар!
Ән хормен:Аяз-Ата..
Жүргізуші: Қане балалар, Аяз атаның құрметіне даярлық тобының тақпағын тындайық!
Даярлық тобы
Аяз ата: Қасымда бар ақшақар,
Ол да ренжіп қалмасын.
Балаларым тілерім,
Оған да бір тақпақ сыйлаңдар.
Алдарынызда 1 сыныпты қарсы алайық.
Би: Аянаның орындауында «Өзбек»биі
Ақшақар: Рахмет, балалар мені сыйлап құрметіме тақпақ айтып,билеп жатқандарыңа. Өз
кезегімде мен де сендерге арнап әкелген көңілді жұмбағым бар.
(Ақшақар балалар мен көңілді жұмбақ өткізеді.)
Аяз ата:
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан.
Аталарың сендерге,
Шаршап келді алыстан.
Өздеріңе оралдым,
Бар сыйлығым жоралғым.
Керемет бір ән тыңдап,
Келіп тұр-ау демалғым.
Жүргізуші: Олай болса, Ақшақар екеуіңіз шыршаның түбінде отырып демалыңыздар.
Ал біздің балалар сіздерге арнап дайындаған сый-сияпатын көрсетпекші.
Жүргізуші:
Қош келдіңіз бүгінгі
Жаңа жыл кешімізге
Жаңа табыс тілейік ісімізге
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.
1 сыныптың орындауында « Вальс» биі
Аяз ата: Шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер балалар.
Жүргізуші: Рахмет, ата!Біздің балалар, 2-нші сыныптың тақпағын тамашалағысы келіп тұр. 2 сынып тақпақ
Жүргізуші: Рахмет балалар. Мен уақытқа қарасам Жаңа жылдың келетін
уақыты жақындап қалыпты.Қарсы алайық Жаңа Жылды.
Жылқы жыл келеді қарсы алайық,
Көңілденіп күлейік шаршамайық.
Жылқының құрметін бөлісейік,
Жылқылардың міндетін атқарайық.
Міне, Жаңа Жыл да келді.
Қарсы алайық Жылқы жылын
Ұзатып сап Жыланды!
Ал әжейлер,шашуларымызды шашайық.
Ескі жыл:
Бүгіннен ертең ғаламат
Алдыңғы сапта боларсың
Келер жыл саған аманат
Қош сау болыңдар балалар.
Жаңа Жыл: (Манас)
Айтқаныңыз келсін апай,
Мен-дағы бір қонақпын.
Он екі айда оралар,
Үлкендерден ақ ниет,
Тілек айтсын балалар.
Уа құдайым оңдасын,
Қ
ыдыр бабам қолдасын.
Келіп жатқан сағынта,
Жаңа жыл бізді жарылқа!
Ойға болып санамыз, 5-тік болсын бағамыз,
Баласындай бір үйдің, тату болсын арамыз.
Жамандыққа баспайық, қиындықтан қашпайық,
Еркеліктен аулақ боп, жаңа бір іс бастайық.
Күнделікке жолатпай екіліктен қашайық.
Мықты болып деніміз, сатылмасын жеріміз,
Жауқазындай жалынды, өркендесін тіліміз.
Күйге толып төріміз, ашық болсын көгіміз.
Келген Жаңа Жылымыз ақ тілекпен осындай.
Ар болып үйге кіріңіз! Әумин.
Жаңа жылдың құрметіне «Жаңа Жыл» әні орындалады.
Жүргізуші: Балалар, бүгінгі күні тілек айтпаған адам қалмасын түгелдей тілегімізді
айтайық.
Ар бол Жаңа Жыл, бар бол Жаңа Жыл!
Қадамың Құтты болсын, Жаңа Жыл!
Бейбітшілік жылы бол, Жаңа Жыл!
Құт береке жылы бол, Жаңа Жыл!
Балалардың жылқы жылына дайындаған сый-сияпатын қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Қош келдіңіз Аяз Ата,
Қарсы аламыз орын беріп.
Ән салыңыз бізбен бірге,
Би билеңіз бізге еріп
Жаңа жылдық би.(1-сынып)
Жүргізуші:
Бишіміз асау - біз деген,
Өмірден сәуле іздеген.
Қызыл көйлек кигенім,
Қызылға құмар дегенбіз
Гномдар биі.(2-сынып)
Ал, халайық, тұрмайық
Билетейік, жырлайық
Ортамызды ашайық
Ырыс тілеп бұл жылға
Жырдан шашу шашайық!
Даярлық тобының биі.
Жүргізуші:
Диас пен Каринаның орындауында «Заман уи» биі.
Көрермендермен ойын.
Ұлттық билер шарлар арқылы.
Қазақ биі,Испан биі,Индия биі.
Аяз ата: Ал айналайын, Жаңа Жыл. Келген қадамыңа нұр бітсін!Мынау менің
ұлдарым мен қыздарым, бір өзіңе аманат. Жақсы жыл бол, дария нұр бол.
Жаңа Жыл: Айтқаныңызды орындаймын, атажан!
Аяз ата: Балалар, мен біраз дем алдым. Арқа – басым кеңіп, ашу- аязым кеміп барады.
Бүйте берсем мен Аяз емес, тамыз болып кетемін. Сендерге көп рахмет. Алыс-
алыс ауылдар, өздеріңдей қауымдар күтіп отыр біздерді. Дорбамдағы
базарлықты сендерге таратып берсем балалар. Сендермен қоштасатын сәт
туды. Қош сау болыңыздар, балалар.
Жүргізуші:
Биіктерге құлаш сермейді,
Шарықтап көкке өрлейді.
Өтсе де қанша ғасырлар,
Халық мұрасы өлмейді.
Вальс биі (2-сынып)
Жүргізуші: Қандай жақсы біздің Аяз атамыз,
Ол кеткен соң терең ойға батамыз.
Ақша қар болып қалықтаймыз аспанда,
Құс жолымен ән сап бара жатырмыз.
Жаңа Жыл құтты,табысты, бақытты жыл болсын деп мерекемізді аяқтаймыз.

Бекітемін
Мектеп директоры:
![]()
Даярлық топ
1-2 «А»сынып
2024-2025 оқу жылы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жаңа жыл сценарий

шағым қалдыра аласыз