Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа жыл сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылға арналған қызықты сценарий.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №13 бөбекжайы КМҚК
















«Жаңа жылдық шытырман оқиғалар»

(ересек «Айналайын» тобы)






Музыка жетекшісі: Амирханова А.Ы.

Тәрбиешілер:Миргалиева А.К.

Талғатбекқызы А.



















Қостанай - 2024ж.





«Жаңа жылдық шытырман оқиғалар»


Зал іші мерекеге сай безендірілген.

Кейіпкерлер: Аяз Ата,Ақшақар, қоян, мыстан кемпір.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар! Сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз ! Сәбилеріңіздің күлкісі сіздерді куанта берсін!

Қош келдіңіздер бүгінгі кешімізге,

Жаңа табыс тілейік ісімізге.

Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,

Мына отырган барша жан бәрімізге.

Жаңа жыл қайсарлық пен жүректілік,

Баратын болашаққа білек түріп.

Біз жаңа жылдарға қол соғамыз,

Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып деп бүгінгі Жаңа жылдық ертеңгілігімізді бастаймыз. Біздің бүлдіршіндерімізді қарыс алыңыздар.


Балалар көңілді Жаңа жылдық әуенмен кіріп, жұп-жұбымен би қимылдарын жасайды.

Ән: «Шырша »

Жүргізуші: Балалар бір дыбыс естіледі. Естисіңдер ме? Бізге қонаққа біреу келе жатқан секілді.

Музыка әуенімен ақшақар кіреді.

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!

Сүйсіңдірер маңайды

Ақшақармын арайлы

Жалт - жұлт еткен жүзімнен

Күміс сәуле тарайды.

Ақшақармын аппақпын

Қалай тыныш жатпақпын

Менсіз қыстың сәні жоқ

Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Жүргізуші: Қош келдің Ақшақар! Біз сені көргенімізге қуаныштымыз!

Балалар: Қош келдің Ақшақар!

Ақшақар:Балалар сендерді көргеніме өте қуаныштымын!!! Балалар сендерге асығып келе жатып, жолда боран соғып Атам екеуміз бір-бірімізден адасып қалдық. Енді қайттық?

Жүргізуші: Ақшақар мұңайма мүмкін біздің балалар Аяз Атамызды дауыстап шақырып, сол дауыс арықылы Атамызда келіп қалар.

Балалар: Аяз Ата, Аяз Ата, Аяз Ата!!!!

Ақшақар; Күте тұрайық қазір келіп қалар Аяз Атамыз .

Жүргізуші: Аяз Атамыз келгенше, Ақшақарға өнерімізді көрсетейік.

Ән: «Ақшақар»

Ақшақар: Аяз Атамыз әлі жоқ мен Атамды уайымдай бастадым.

Жүргізуші: Ақшақар уайымдама келіп қалар біздің балалардың тақпақтарын қабыл ал.

Тақпақтар




Адия.С: Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне,сұлу шыршамыз,

Көптен күттік сағынған.

Кел,балалар келіңдер!

Тамашаны көріңдер!


Әміржан: Жаңа жылым оң болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрле,төрле жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын.


Мади:

Тілемйін мен бар әлемге,

Дос көп болсын жаңа жыл,

Ата-әже,ата-әже

Құтты болсын жаңа жыл.


Алихан:

Жаңа жылды қарсы алдың,

Мініп алып күймеге.

Менде бүгін ән салдым,

Араластым биге де.


Аружан:

Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді.

Бізге қарай жылыстап.

Алдияр.

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне сұлу шыршамыз,

Көптен күткен сағынған.(2 тақпақ)


Жүргізуші:

Жаңа жылым жол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрлет,төрлет жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын.

Ақшақар : Сағатқа қарап , Аяз Атамыз әлі жоқ, не болды екен?

Менің ойымша бұл мыстан кемпірдің айласы болуы керек. Мен келе жатып сол мыстанды көрдім. Ол Аяз Атаның силығын қызғанып, ол атамды басқа жолға салып жіберген сияқты.

(Алыстан дауыс естіледі.)

Қоян: (хат алып келеді) Балалар, сәлеметсіңдер ме! мені уайымдамай мерекені тойлата беріңдер , мен орта жолда келе жатырмын,көп ұзамай орталарыңа қосыламын!


Жүргізуші: Қоян ендеше сен бізбен бірге мерекені тойла, балаларымыздың дайындаған өнерлерін тамашала, кел мерекені одан әрі жалғастырайық!

Жүргізуші: Балалар, келіңдер қоянмен бірге бір би билеп жіберейік.

«Қояндар» биі

Осы кезде залға мыстан кемпір кіреді.

Осы уақытта мыстанның бар назары Шыршаға және әсем залға түседі.

Мыстан кемпір: ооооо, не деген керемет Ағаш десеңші. (деп шыршаны айналып жұлғысы келеді.)

Мыстан кемпір: Мені неге осындай әсем безендірілген шыршаға, жаңа жылды тойлатуға өздеріңмен бірге неге шақырмайсыңдар?Мен сендерге ашулымын.Мені неге ұмыттыңдар?

Жүргізуші: Мыстан әже, ашуланба біздің мереке әлі аяқталған жоқ,Аяз атамызда кешігіп жатыр. Кел оданда сенімен бірге ойын ойнайық.Көңілінді көтер.

Сергіту - Ойын : «Мыстан әже». Музыка қосылады.

Балалар шеңберде тұрып ортада мыстан әже ,билеп тұрады.

Мыстан әже,мыстан әже терезеге қарашы,

Мыстан әже,мыстан әже терезеге қарашы.

Біз сенен қорықпайпыз,

Тра ля, ля, тра ля, ля

Бізбеннен шық далаға

Би билейік айнала

Мыстан әже балаларды қуады, балалар қашады.

балаларды қуып жете алмай заланып


Ақшақар: Мыстан әже сен менің атамды адастырып жібергенсің ау? Атам әлі жоқ. (деп сағатына қарайды)

Мыстан кемпір: Иә,мені мерекені шақырмағандықтан аяз атаның сыйлықтарын ұрлап, өзін жолдан адастырдым ха-ха-ха!

Мыстан кемпір: Балалар, мен сияқты бұзық қарақшылар барма? Бәріміз бірігіп мына мерекенің шырқын бұзайық кәне шығыңдар ортаға!

Би: «Қарақшылар» биі

Жүргізуші: Мыстан кемпір, ашуланбаңыз, біздің хабарландыру саған жетпей қалған ғой кешіріңіз бізді. Жаңа жылда жақсы көңіл-күймен барлығымыз тату қарсы алайық.

Мыстан кемпір: Жарайды! Жаңа жылды бірге тойласақ тойлайық.

(таяғына мініп алып ысқырып шарлап жүгіреді Аяз атаға белгі береді)

Музыка әуенімен Аяз Ата кіреді.

Армысыңдар, балалар!

Бармысындар,балалар!

Қандай әсем жырларың,

Қандай әсем нұрларың!

Жаңа жылмен сендерді

Құттықтаймын достарым!

Ақшақар: Алақай менің атам келді! Ата қайда жүрсіз мені және балаларды уайымдатып.

Аяз ата: Мыстан кемпір мені жолдан тайдырып, өзі осы балаларыма арнаған сыйлықтарымды ұрлап, өз үйшігіне тығып қойды.

Жүргізуші: Қош келдіңіз Аяз ата! Балалар сізді күтіп отыр. Мыстан кемпір бізге ренжіп осылай жасаған екен.Енді бізбен бірге тойлауға келісіп, жақсы көңіл-күймен балалардың сыйлығын беруге келісті. Солай ма Мыстан кемпір?

Мыстан кемпір: Дәл солай!

Аяз Ата: Мыстан кемпір бұл ісің жарамаған екен, келесіде бұндай қайталанса мына сыйқырлы таяғыммен қатырып, ешқандай мерекеге қатыса алмай қаласын! Балалар сендердің өнерлеріңді тамашаламас бұрын мына керемет шыршаға көңіл күй сыйлайық. Шамдарын жағайық.

1-2-3 Шырша шамы жана түс!(3 рет )

Жүргізуші: Аяз Ата сізге арнап балалардың жаттаған Жаңа жылдық тақпақтары бар сіз отырып демалыңыз.

Тақпақтар:

София:

Тамаша,тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Зауре:

Қайда қызық болса думан,

Аяз ата сонда болды.

Күндіз үйде ойнап бізбен,

Балалармен бірге болды.

Нұржан:

Аяз ата тыңдаңыз,

Тақпақ айтып берейік.

Ортамызда шыршамыз,

Ойнап бірге күлейік.

Айзия:

Бізді байтақ далада,

Асқар тауда қалада.

Биыл ғажап іс болды,

Таң ғажайып іс болды.

Мариям:

Ақ қырауға малынған,

Сақалы да мұрты да,

Аяз ат сағынған,

Сәлем берді жұртына.

Дарина:

Кел билейік сенімен,

Деймін тартып жеңінен.

Еріп кетпе Ақшақар

Адамдардың демімен.

Ән: «Шырша»

Медина:

Мұздан моншақ тағынып,

Күміс қырау жамылып.

Ортада тұр ақшақар,

Көптен күткен сағынып.

Жігер:

Әсем шырша сәнденген,

Өз аңдарын күтеді.

Жаңа жылмен бірге біз,

Орманға кеп жетеді.

Асылзада:

Жаңа жыл келгенде,

Қуанып қарсы аламыз.

Аяз ата келгенде,

Билейміз,ән саламыз.

Ғизат:

Жапалақтап ақша қар,

Жауды күнде қайталап.

Қырға шықты балалар,

Шаңғыларын арқалап.

Айару:

Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армысын.

Оранды ақ көрпеге,

Асқар тау, қарлы шың.

Жантөре:

Жылдың әнін бастайын,

Аяз ата кеп қалды.

Майысады жас қайын,

Көтере алмай көп қарды.

Би: «Санта»

Ақшақар: Ата балалармен бірігіп ойын ойнасақ.

Ойын «Қар жинау»

Тақпақтар:

Әкежан:

Жаңа жыл,жаңа жыл,

Жаңа жылда жаңа жыр.

Жасыл шырша жаңында,

Билеп барлық бала жүр.


Малика:

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып,

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Нурали: Безендіріп шыршаны,

Жыл қуантты баршаны.

Той маскарад басталды,

Аяз оны басқарды.

Жан:

Аяз ата ақ сақалды,

Ақ таяқты паң ата.

Асып өтіп асқар тауды,

Жеттің бізге таң ата.

Мухаммад:

Жаңа жыл,жаңа жыл,

Жаңа жылда жаңа жыр.

Жасыл шырша маңында,

Жадырап бар бала жүр.

Ақылжан:

Жасыл шырша орманнан,

Бізге арнайы келіпті.

Ойыншығын балалар

Шыршаға әсем іліпті.

Султанали:

Жүзімізге күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

Жүргізуші: Аяз ата, Ақша қар балалармен биледік, ойын ойнап, тақпақтар айттық, енді ата-аналармен ойын ойнайық.

Ойынның аты: «Суретшілер»

(Аққаланың суретін көздерін жұмып тұрып салады)

Жүргізуші: Балалар, енді біз жаңа жылды қарсы алайық. Ортаға жыланды шақырайық.

Жылан: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен жаңа жыл жылан боламын. Өзіммен алып келер 2025 жыл баршаңызға құт-береке, мол табыс. Мықты денсаулық ала келдім.

Жүргізуші: Жылан ортамызға қош келдің! Сенің құрметіне арнап кішкентай биші қыздарымыздың биі бар қабыл ал.

Қыздар тобы: «Жылан биі»

Ән: «Жаңа жыл»

Аяз Ата: Жарайсыңдар, балалар, енді сыйлық алатын уақыт келді. Мыстан кемпір үйшігіңді аш, балаларға сыйлықтарды бер.

Мыстан кемпір: Жарайды, берейін.

Мыстан кемпір үйшікке жақындап есікті аша алмай тұрады.

Аяз ата: мыстан кемпір не болды, неге есікті ашпайсың?

Мыстан кемпір: есік ашылмай тұр, мүмкін сыйлықтарды өзіме қалдырамын?!

Аяз Ата: не дейсің, ұятың бар ма өзі, олай болмайды балалар бар өнерлерін көрсетті, сыйлық беру керек.

Мыстан кемпір: бұл жәй үйшік емес, сықырлы үйшік. Мына ұяшыққа ұлпа қар салу керек сонда сыйлық аласыңдар.

Балалар сыйлықтарды алады.

Барлық кейіпкерлер қоштасып кетеді.

Жүргізуші: Міне, Қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді. Достық, бірлік бәрін де жеңеді. Аспанымыз бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін! Жаңа жылымыз құтты болсын!










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.01.2025
118
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12