Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жаңа Жыл!" сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңа жылдың сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы


МКҚК «Балбұлақ» бөбекжайы












Shape1 (театрландырылған көрініс) сценариі




Логопед: Сисекенова Д.Н.













2017-2018 оқу жылы



Қатысатындар кейіпкерлер:

  1. 2 сайқымазақ-Назгул А, Назгул.Б.

  2. мыстан кемпір –Дидар апа

  3. түлкі-Балқия,

  4. қасқыр-Гүлфира,

  5. қоян-Жанна

  6. Аяз ата-Еркетай,

  7. Ақшақар-Лунара,

  8. ескі жыл тауық-Райгүл.У

  9. Жаңа жыл ит-Р.Райгул,

  10. Аю-Арай.

  11. Сиқыршы – Майра.


«Сайқымазақ» әуені орындалып тұрады. Сайқымазақтар бірін - бірі итеріп, кіріп келеді.

Сайқымазақ: Армысыздар, халайық!

Сайқымазақ: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Қызықтан құр қалмаңыздар.
Жаңа Жыл тойы басталды
Босқа қарап тұрмаңыздар!.

Сайқымазақ: Төрлетіңдер, балалар
Шырша сәнін көріңдер
Әсем әнмен би билеп,
Көңілді өмір сүріңдер!

Сайқымазақ: Жақсы жайғастыңыздар ма, қымбатты достарым? Бәрі естіліп, көрініп тұр ма? Бәріне де орын жетті ма?
Сайқымазақ: Сендермен кездескендерімізге өте қуаныштымыз. Біз бүгін жаңа жылдық мерекені тойлағалы отырмыз.


2 - және 1 - ші Сайқымазақ кезектесіп сөйлейді


- Айтыңдаршы, өздерің Жаңа жылды тойлауды ұнатасыңдар ма? – Иә
- Жаңа жылды тойлауға дайынсыңдар ма? – Иә
- Естіген жоқпын, дауыстарыңды қаттырақ шығарып айтыңдар. Дайынсыңдар ма? – Иә
- Ендеше дайындықтарыңды тексеріп көрейін!
- Жаңа жылдық киімдеріңді кидіңдер ме? – Иә
- Жаңа тақпақ, ән жаттадыңдар ма? – Иә
- Шыршаларыңды үйде безендірдіңдер ме? – Иә
- Жаңа жылдық көңіл күйлерің жақсы ма? – Иә
- Сендер, шынымен, бізбен Жаңа жылды мерекелеуге дайынсыңдар. Ендеше, алғашқы жаттығуды орындап көрейік. Бәріміздің бірлігіміз жарасып тұру үшін бір би билеп көрейік. Барлығың менің іс - қимылымды қайталаңдар. Дайынсыңдар ма? – Иә
« Аяқпенен топ - топ - топ» биі
- Өте, жақсы! Тамаша, балалар. Барлығың да бір - бірімен дос, тату екенін көрсеттіңдер.


Сайқымазақ: Құрметті қонақтар мен кішкентай бүлдіршіндер! Бүгінгі «Қош келдің Жаңа жыл!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Баршаңызды Жаңа 2018 жылмен құттықтаймыз! Құттықтау сөз кезегін бөбекжайымыздың меңгерушісі Имангалиева Нурмира Абуовнаға береміз.

Сайқымазақ:
Ақ көңілім айналады аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен де ән мен жырға!
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуанышы көп болсын Жаңа жылда, - дей отырып жаңа жылдық мерекемізді әсем әнмен ашуға рұқсат етіңіздер.

-Бүгін сізге жырдан алқа тағайын

Шат күлкіге толы болсын манайың

Көргендер де көрмегенде армандар,

Жаңа жылың құтты болсын балалар

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайық

Ай жүзіндей айшықтанып , арайың ,

Жанға шуақ , бойға қуат әкелген

Жаңа жылың құтты болсын ағайын.


Бүгінгі жаңа жыл кешін көтеріңкі көңіл күймен, әсем бимен өткізейік. Көңіліміздің керегесін кеңейтіп,баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын «Жаңа жыл» әнімен ашайық. Ән: «Аппақ, аппақ....


Осы кезде сыпыртқысы бар Мыстан кемпір келеді.


Мыстан кемпір:

Мен мыстанмын, мыстанмын

Жамандыққа құштармын

Аяз Ата, Ақшакарды 
Жек көремін 
Болғызбаймын жаңа жыл мерекесін. 

Сайқымазақ
Қардай аппақ әдемісіз,мыстан апа 
Шашың күміс жылтыраған мұздай,апа 
Келіп қосыл арамызға, қарсы аламыз, 
Сіз боп,біз боп Жаңа жылды, Мыстан апа. 


Мыстан: Жарайды, жарайды.Ал сендер маған қандай сыйлық бересіңдер? 
Сайқымазақ: Бізде сиқырлы айна бар.Қарашы қандай әдемі!Айнаға қарап тұрып , сиқырлы сөзді айтсам болды, не көргің келсе, соны көруге болады. 
Мыстан:-Күшіктер биін көргім келеді,ал көрсетші. 
Сайқымазақ: -Айнам , менің айнам 
Жан – жағымды жайнат 
Күшіктердің өнерін 
Осында әкеліп билет. 

(Әр топ өзі дайындаған бір биін көрсетеді.) 

Айналайын тобы «Шөжелерім», «Күшіктер» биі.

Балбөбек тобы «Сайқымазақ», «Аққала» биі 

Аққайың тобы «Қуыршақтар», «».


Мыстан:- Мынау тамаша екен.  Маған өте ұнады. Мен де сендермен бірге болайыншы. 


Сайқымазақ:-Балалар енді өздерің күнделікті көруден жалықпайтын мультфильмдер мен ертегілер бар емес пе? 
-Қане ,қандай сүйікті кейіпкерлерің бар? 
-Балалар:

Сайқымазақ:
Айнала қоршап шыршаны 
Шашылар шашу жыр-әні 
Ертегі кейіпкерлерін қарсы алайық 
Тамсантып, таңғалдырып,барша жұртты. 


Ортаға ертегі кейіпкерлері келеді

Сайқымазақ:
Төрлетіңдер,төрлетіңдер, 
Шырша сәнін көріңдер. 
Әсем ән мен би билеп 
Мерекеге сән беріңдер. 
(Келген ертегі кейіпкерлері балаларды билетеді,ойнатады.


Түлкі: Мен түлкімін, түлкімін
Қимасымын күлкінің
Ашық ауыз аңқауды
Күлкіменен арбаймын

Қасқыр: Мен қасқырмын, қасқырмын
Малдарды ұстап басқа ұрдым
Жейтінім қызыл ет екен
Қой келсе ортаға маған келген құт екен! 
(ұлып даусымен)


Маймыл: Мешін келеді қарсы алайық,
Көңілденіп күлейік шаршамайық.
Мешіннің құрметін бөлісейік,
Мешіндердің міндетін атқарайық.


Сайқымазақ: Балалар жаңа жылда біздер қарсы алатын, бізге сыйлық беретін кім?

Балалар: Аяз ата, Ақшақар.


Қоян жылап секіріп кіреді

-          Не болды? Неге жылайсыз?

-          Тоңып қалдыңыз ба ? Әлде қарныңыз ашты ма?

Қоян: Жоқ, жоқ орманда аяз ата мен Ақшақар барлығына сыйлық таратып жүр (Жылайды)

Сайқымазақ:   - Олай болса тіпті жақсы емес пе? Қуанбайсыңыз ба?

 Қоян : Жоқ , жоқ мыстан кемпір олардың жолына үлкен таудай тасты қойып қойды . Енді Аяз Ата мен Ақшақар мұнда келе алмайды

-          Қане , қане үлкен тас

Қоян: Әне ,әне анау жақта

Жүріңіздер барып алып тастайық (Бәрі жабылып үлкен тасты алып тастайды)

Сайқымазақ: Жаңа жыл, жаңа жыл

Жаңа жырда жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр

( Жүргізуші қуанышты көңілді күйде айғайлайды: Алақай, алақай Аяз Ата мен Ақшақар келе жатыр. Бірге шақырайық.Бәрі Аяз Ата Ақшақар, Аяз Ата Ақшақар, Аяз Ата Ақшақар,


Сайқымазақ:   Балалар бәріміз бірігіп Аяз ата мен Ақша қарды шақырайық.

Хормен: Аяз ата, Ақша қар.
(Аяз ата әндетіп ортаға келеді)

Аяз Ата : - Мынау қандай балабақша, қандай көңілді шат- шадыман балалар. Қандай ауыл екен?

Сайқымазақ: - Бұл шат – шадыман көңілді балалар «Балбұлақ» балабақшасының балалары.

Өнерлілер өсіп өнген Тайпақ ауылы.Керемет, керемет

Аяз Ата : Амансыздарма балалар!

Біз сіздерді көруге

Халдеріңді білуге

Асулардан асып,

Орманды түгел аралап,

Аппақ қарды басып жетіп қалдық.

Иә, жарайсыңдар мен қуаныштымын.

Ақшақар, Ақшақар , Ақшақар деп Ақшақарды іздей бастайды.

Қоян: Ата ,ата Ақшақарыңызды тауық ұрлап әкетті Не дедің, не

Аяз Ата: Тауық қайда ? Тауыққа не керек өзі шақыр мында   /тауық келеді/

Аяз ата: Тауық, тауық сен неге өкпелеп жүрсің, көңілің жабырқаулы ренжулісің ғой.

Тауық : Иә, Аяз Ата, өкпелімін  бәрі қуанып итті қарсы алып жатыр, маған ешкім қарамайды, мен өкпелімін.

Аяз ата: Дұрыс қой енді жаңа 2018 жыл ит жылы емес пе, 2017 жыл тауық жылы да жаман болған жоқ, елімізде тыныштық, балаларымызда жақсы, барлығымыздың көңіліміз жайлы. Қайта сен біз бен қуанып ән салып би билемейсің бе? Қане ән салып, би биле көңіліңді көтер.

Тауық: Рақмет Аяз Ата мені кешіре көріңіз жарай ма деп Ақшақарды алып келеді.
Ауылдастарым, достарым
Алғысым көп айтар менің
Дәл осындай артығырақ
Қарсы алыңдар Ит жылын.

Ақшақар: Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата - аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын. Ит жылы табыс жылы, береке, бірлік әкелсін. Тарихи жыл болсын.

Балалар мен сендермен қоштасамын, менімен соңғы рет билеуге қалай қарайсыңдар. (балалармен билейді) «Тауықтар» биі.
Рахмет балалар. Тамаша биледіңдер. Ал енді мен қазір, салтанатты жағдайда жыл иесі өзімнің белгімді «Итке» тапсырамын. «2018» белгісі.

Ит: Сәлеметсіздерме, кешіккен жоқпынба. Мен сондай асықтым. Сондай жүгірдім, кешігем деп қатты қорықтым. Уақытында жеттімбе?

Тауық: Жорытқанда жолың болсын берекелі де мерекелі бол. Сіздерді сағынып қайта көріскенше достарым. Қош сау болыңдар.

Сайқымазақ: Қош бол, Тауық.Өтіп кеткен жылқы жылымызға аман-есен саулық тілеп,келер жылымыз Ит жылына табысты жыл, береке-бірлік әкелсін деп, тарихи жыл болсын деп тілейміз.

Сайқымазақ:  Қош келдіңіз Аяз-ата. Келгенің қандай жақсы болды, өзінің сыйлаған шыршаның шамдарын жағып беріңіз. Шыршамызға сиқырлы сөздеріңізді айтыңызшы.

Шырша шамын жағайық,

Жаңа жыл тойын ашайық.

Барлығымыз «Шырша жан»

«Шамдарыңды жарқырат» деп айтайық. (Барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады.) Аяз ата: Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне ән айтып, шыршаны айналып өтейік. 

Мыстан: Шығарып салайық, шығарып салайық деп кімді шығарып сап, кімді қарсы алайын деп жатырсыз.

Ит шығады да: «Бізді, бізді,бізді қарсы алады. Ит жылын, ит жылын қарсы алады»

Жүргізуші: Балалар ескі жылды шығарып салайық.

Балалар: Хош, хош, хош тауық жылы.

-          Ұйқыбасар бұрышта ұйықтап жатады.Мыстан барып ұйқыбасарды оятады.

Мыстан : - Ұйқыбасар тұр, тұр, анау жақта мереке болып жатыр тұр. Барлық балалар қуанып жүр. Ал , менің соған ішім күйіп барады . Жүр, тұр бәрін жылатайық, тұр , тұр деймін,- деп жұлқылап оятады  да ,

Ал мен Аю: Мен аюмын, аюмын
Қорбаңдаған аюмын
Тәтті балға құмармын
Тойып алып қыс бойы
Рахаттанып жатамын

Мыстан: Мен мыстанмын, мыстанмын ,

Көрінбейтін сайтанмын
Ұнап қалған жандарды ,

Өзіммен алып қайтармын

Ұйқыбасармен бірге

Ұйықтатамын Аяз Атамен Ақшақарды

Ұйқыбасар Аяз Атамен Ақшақарды ұйықтатып тастайды.

Өзі де ұйықтап қалады. Мыстан балаларды жылатып шулап тойдың берекесін кетіреді. Сол кезде залға сиқыршы шығып,

Сиқыршы:Мыстанменен аюды

Қандай жаман жансыңдар

Балаларды жылатып,

Тойдың сәнін кетіріп,

Неге мұнда келдіңдер?

Қорықпаңдар балалар

Аяз Ата тұрады

Ақшақарда оянып

Би билеп ән салады.

Періште таяғымен Аяз Ата мен Ақшақарды оятады.

Сайқымазақ: Аяз Ата Ақшақар

                     Би билеп, ән салып жүр

                      Аяз Ата дорбасына қызығып

                    Көрермендер тамсана көз салып жүр

Ақшақар ойын ойнатады  : .......

Аяз Ата : Құт-береке жылы бол жаңа жыл.Рахмет айналайындар, мен сіздерге риза болдым.Енді ақшақар екеумізді басқа да балалар күтіп отыр. Оларға да сыйлығым бар. Қане енді ең тәртіпті, ең білімді балаларға сыйлық берейін.Ақшақар, көмек бересің бе?

(Балаларға сыйлық таратылады)

Балалар мен енді сендер сияқты балалар күтіп жатыр, мен соларға кетейін.
Қолдарынды жайыңдар бата берейін:
Балаларым бата берейін қабыл алыңдар:
Көтерейік білекті, нұрға бөлеп жүректі
Бәріңе бата берейін, ағымнан айтып тілекті
Сәбиіміз сүйкімді болсын, өнер білімге икемді болсын.
Жақсы жолды таңдасын, жаманнан тәлім алмасын
Даналардың дәстүрін, жаңаласын жалғасын

Балалар: Сау болыңыздар! 
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! 2018-шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен куаныш әкелсін!!!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.11.2018
1778
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі