Жаңа жыл сценарий Мектепалды топ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңа жыл сценарий Мектепалды топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшада жаңа жылдық ертеңгілік мектепалды топ
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қарағанды облысы білім басқармасының

Қарағанды қаласы білім бөлімінің

«Тілек» бөбекжайы» КМҚК





Келісілді:________ Бекітілді: ____________

әдіскер А.Қ. Жәнібекова директор А.К. Тусупбекова











Жаңа жыл ертеңгілік тақырыбы:

«Қош келдің, Жаңа жыл 2025!»

«Мұрагер» мектепалды топ






Музыка жетекшісі: А.А Өмен

Тәрбиешілер:

Оскеева А.Ж

Абеуп Қ.А

















Қарағанды, 2024 жыл


26.12.2024 жыл

Ертеңгілік тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл 2025!»
Жүргізуші Асия Ж.: Армысыздар ардақты ата-аналар, құрметті қонақтар!

Бармысыңдар, кішкентай менің достарым!

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын сіздерді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге жаңа жылым арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да.
Қол соғып қарсы алайық,
Ертеңгілік басталсын. Шақырайық ортаға «Мұрагер» тобы БАЛАЛАРЫН!
(балалар екіге бөлініп жыландар жолымен залға кіреді )
ӘН: «ЖАҢА ЖЫЛ!»
Жүргізуші Қ.А.: Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!
Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар
Басталады Жаңа Жылдық карнавал
Маска да бар, би де бар, асығыңдар
Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды.
Басталады, басталады Жаңа жылдық карнавал!!!
ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ТАҚПАҚТАР:

1.Алима Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той - маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
2. Ануар.Аппақ аппақ жапалақтап,
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман, қар жамылған,
Маужырайды түнгі аспан.
Кең пейілді, мол мейірлі,
Сағынышпен табысқан.
3. Камилла.Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.

4. Амир.Жаңа жыл Жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам он болсын
Төрле Төрле Жаңа жыл
Бізге Құтты жыл болсын
5. Алтынай. Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа - жыл
Ата - әже, ата - әже
Құтты болсын жаңа жыл
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.
6.Кәусар. Әкем таңдап әкелді
Ең үлпілдек шыршаны,
Иісі аңқыған шыршаны,
Жарқыраған шыршаны…
Жұпар иісі аңқыды,
Апамды да мәз қылды!


ӘН: «ОРМАНДА ШЫРША ТУЫПТЫ»

БИ: «ҚУЫРШАҚ БАРБИЛЕР» қыздар тобы (Алима, Аруназ, Алтынай, Эльнара, Айлана)

Жаңа жылдық тақпақтар :

7.Томирис.Жылдың әнін бастайын,
Аяз - Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.

8.Мирас.Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.

9. Қазына.Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда - жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
Тамаша. тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
10. БекАли.Тауда туып
Тауда өсіп
Шырша келді ортаға
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз

Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп

11.Нұрали Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген.

Қандай әсем шыршамыз,

Ән саламыз баршамыз.


Жүргізуші АСИЯ Ж.: Балалар бүгін біздің жаңа жылдық кешімізде таңғажайып оқиғаларда болмақшы, сол оқиғалардың куәсі сіздер қонақтар және біздің балалар! Ендеше Жаңа жылдық «Хрустальді туфли» атты ертегімізді де көріп тамашалап отырыңыздар!

Жүргізуші Алимансур: Ерте-ертеде алып шаҺарда бір бай болыпты, күндердің бір күнінде әйелі өліп жалғыз қызы қалыпты.

  • Ол қыздың аты Күлшеқыз екен, ол сондай мейрімді ,еңбекқор қыз болыпты.

(Осы кезде Күлшеқыз,алдында алжапқышы, қолында сыпырғышы бар, сахнаға шығып үй сыпырып шығып, Терезе-Айнадан өзін таныстырып,иіліп сәлем береді).

Жүргізуші Алимансур: -Өкінішке орай, бай-әке бір күндері қатыгез әйелге үйленіпті, оның екі ерке қызы болыпты

(Осы кезде анасы Алима келіп Терезе-Айнадан қарап өзін таныстырып, қолында ВЕЕРмен желдетіп , иіліп сәлем береді).

Жүргізуші Алимансур: Бірінің аты –Виколина-Айлана , бірінің аты Люсинда-Томирис

(Екеуі кезектесіп, қолдарында ВЕЕР бар желдетіп жүріп,Терезе-Айнадан иіліп сілем беріп кетеді).

Жүргізуші Алимансур: Бүгін Патша сарайында Жаңа жылдық Бал-Маскарад болмақшы екен, соған байдың әйелі 2 қызын ертіп бармақшы болады.

(Ортаға 2 қызын ертіп анасы Алима шығады, қолдарында ВЕЕР желдетіп қояды).

Анасы- Алима: - Әй Күлшеқыз, Күлшеқыз! Мына қыз қайда жүр екен?

Күлшеқыз -Камилла: - Мен мұндамын апа!

Анасы -Алима:- Біз бүгін патша сарайына Жаңа жылдық БАЛЛ ға мен екі қызым Виколина мен Люсинданы ертіп барамын. Сен менің тапсырмаларымды орындадың ба?

Күлшеқыз-Камилла: -Иә, орындадым

Виколина -Айлана: -Сен менің әдемі көйлегімді дайындадың ба?

Күлшеқыз Камилла: -Дайын

Люсинда Томирис: - Менің әдемі туфлиімді дайындадың ба?

Күлшеқыз Камилла: -Дайын.

Күлшеқыз Камилла:- Апа менде барайыншы!

Анасы қыздарымен: Б-А-Л-Л-Ғ-А (танырқап)

Анасы Алима: Болады, неге болмасқа. Бірақ БАЛЛ-ға бармас бұрын , үйді жинап қой, кірді жуып қой, тамақ пісіріп қой, соның бәрін бітірген соң , Б-О-Л-А-Д-Ы!!!

Күлшеқыз Камилла: -- Апа! Мен қалай үлгеремін!

Анасы Алима қыздарымен: (күліп), Қазірден бастасаң үлгерерсің!

Жүргізуші Алимансур: Күлшеқыз үйде қалып жылап отырады.

( Сол сәтте сиқырлы музыка ойнап залға Мейрімді Ханшайым Алтынай кіреді, қасында құрбы қыздары бар; Кәусар, Айару, Қазына , қолдарында таяқшалары бар. Әдемі би билеп кіреді

Мейірімді Ханшайым Алтынай:--Армысың Күлшеқыз!

(Күлшеқыз иіліп сәлем береді).

Ханшайым Алтынай:- Мен білемін, сенің БАЛЛға барғың келеді, Сен сондай еңбекқор қызсың! Сен БАЛЛ-ға баруға әбден лайықтысың!

Күлшеқыз Камилла: - Мен мына түріммен қалай барамын! Менің әлі қаншама жұмысым бар- деп ренжиді

Ханшайым Алтынай: - Сен уайымдама, менің мына қыздарымның сиқырлы таяқшалары бар, барлық жұмыстарды орындап береді. ---Қәне қыздар іске кірісейік!!!

Жүргізуші Алимансур: Осы кезде сиқырлы таяқшаларымен қыздар барлық жұмыстарды жасап тастайды .

(- Күлшеқыздың көйлегін сиқырлап , әдемі Ханшаға айналдырады).

Ханшайым Алтынай: Жарқыра, жайна сиқырлы таяқшам,

Күлшеқыздың көйлегі жарқырасын!!!

БИ : «ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ САНТАЛАР» ұлдар биі.

Мейрімді Ханшайым: - Қандай әдемі Ханшаға айналдың!

Күлшеқыз: Рахмет саған Ханшайым!

Мейрімді Ханшайым: Күлшеқыз есіңде болсын! Сағат 12 ге дейін БАЛЛ дан үйге қайтуың керек, сағат 12 де бұл сиқырлы көйлектің сиқыры қайтады , өз қалпыңа түсесің!!!

Күлшеқыз: Иә,иә. 12 ден қалмаймын!

Осы кезде Күлшеқыз асығып шығып кетеді.

Жүргізуші Асия Ж.: Құрметті қонақтар, балалар!!! Жаңа жылдық кешімізді әрі қарай жалғастырайық! Балалар көрдіңдер ме, таңғажайып оқиғалардың куәсі болдыңдар! Ал біздің Жаңа жылдық кешіміздің ең маңызды , ең бірінші қонағы жетіспей тұрған сияқты, ол кім деп ойлайсыңдар?

Балаллар:-- Аяз Ата

Ендеше тұрмайық балалар, Аяз Ата мен Ақшақарды шақырайық!

Балалардың бәрі: Қоңырау үні сыңғырла
Аяз ата, Ақшақар
Біз Сендерді сағындық
Тез келіңдер ортаға
Аяз ата, ақшақар 3 - рет
(әуенмен бірге Ат шанаға мініп Аяз ата, ақшақар келеді).

Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?

Балалар: Аяз ата!

Ақшақар:- Сәлеметсіңдер ме, балалар.

Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіндірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.




Жүргізуші Асия Ж.: Қош келдіңіздер, АязАта , Ақшақар, алыс жолдан келдіңіздер.
Әсем әні де, биі де бар
Отыр ата, сәл дем ал.

ӘН: «СӘЛЕМЕТСІЗБЕ АЯЗ АТА!»

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ТАҚПАҚТАР:

12.Эльнара. Жаңа жылда бақшамыз,
Гүлдей болып жайнасын.
Аман болсын барлық бала,
Шат - шадыман ойнасын.
Жаңа Жылда келеді.

13. Айару. Аяз ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы 
Жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан,
Аяз ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.

14. Мүслим. О, алақай, Аяз ата,
Келе жатыр алыстан!
Кел билейік, үйренейік,
Ол келгенше жаңа жыр.
Құтты болсын, құтты болсын,
Құтты болсын жаңа жыл!

15. Жігер. Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп.


16. Аруназ Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.


17. Алихан.Аяз ата келіп тұр,
Бізге сәлем беріп тұр.
Сақалының ұзыны - ай
Кесіп алсам шіркін - ай!!!

Жүргізуші Асия: Балалар әрі қарай не болғанын көргілерің келеді ме? Иә иә, ендеше Жаңа жылдық ертегімізді әрі қарай жалғастырайық!

Жүргізуші Алимансур: - Патша сарайындағы БАЛЛ ға көптеген қонақтар жинала бастайды.

(Музыка ойналып залға анасы Алимамен қыздары , ВЕЕР ларын желдетіп , сарайға таңғалып жан-жақтарына қарап қызыға қарайды).

Анасы Алима: - Мына зал қандай әдемі! Ханзада қайда екен?

(Осы кезде залға Ханзада Асанали нөкерлерімен кіреді, паңданып жүріп кіреді, қасында қорғаушы- жігіттері Ануар, Амир, Муслим, Алихан БекАли, Нұрали кіреді).

Жол беріңіздер 2 рет

Ханзада келе жатыр!!!

(Күлшеқыз Камилла залға жүгіріп кіріп , айналып билеп, жан-жаққа қарап тұрады. Сол кезде Ханзада , Күлшеқызға жақындап биге шақырады).

Ханзада Асанали: - Сұлу бикеш сенімен билеуге болады ма?

(екеуі музыка әуенімен вальс билейді)

(Ханзада билеп болған соң, Күлшеқызды орындыққа отырғызады).

Ханзада Асанали: - Сұлу бикеш! Менің атым Ханзада Абулхайыр!

  • Ал сенің атың кім?

Күлшеқыз Ханша: - Менің атым......

Жүргізуші Алимансур: Осы кезде сағат қоңырауы соғылады,

Күлшеқыз қоңырау дауысын естіп жүгіре жөнеледі, сол кезде оның туфлиі түсіп қалады. Оны Ханзада тауып алады.





Залға АнасыАлима қыздары үйлеріне келіп, қолдарында ВЕЕР мен желдетіп жүреді.

Анасы Алима: - Патша сарайында Жаңа жылдық БАЛЛ керемет өтті. Көңіліміз көтеріліп қалды иә қыздарым!

Қыздары В мен Л Айлана мен Томирис: Иә,иә Анашым, БАЛЛ керемет өтті, Ханзада сондай әдемі екен.

(Ханзада-Нөкерлері:Төрекелді, Мирас жүгіріп кіреді).

Жүргізуші Алимансур: Ханзада барлық шаһардан сұлу бикешті іздеп жолға шығады

Ханзада-Нөкерлері: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!!!

Мына әдемі туфли , кімге шақ келсе, сол қызға Ханзада үйленеді.

АнасыАлима: -Виколина бар туфлиді киіп көр!

Виколина киіп көреді ,бірақ сыймайды.

Виколина Айлана: Әй сыймайды!

Люсинда Томирис: Ай мағанда сыймайды.

Нөкерлер: Енді қайттік (ойланады).

-- Бұл қалай болғаны, бұл шаһарда тағы да қыздар бар ма екен?

АнасыАлима: ЖОҚ (Анасы қыздарына айтпа деп ишарат етеді).

Қыздар: Бар, Күлшеқыз деген қыз бар!

Анасы Алима: Күлшеқыз, әй Күлшеқыз!!!

Осы кезде Күлшеқыз жүгіріп келеді.

Ханзада нөкерлері өлшеп көреді. Туфли дәл келеді.

Ханзада Күлшеқыздың қолынан сүйіп басын иеді.

Жүргізуші Алимансур: Осылайша Күлшеқыз арманына жетті, Ханзада мен Ханшайым бақытты болыпты.

Нөкерлері Төрекелді мен Мирас : Тойға келіңдер 2 рет

Аяз Ата мен Ақшақар: Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, балалар Хан сарайындай айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізде сан түрлі Карнавалдық костюмдер киіп алдық. Бірақ,... шыршамызға бір нәрсе жетпей тұрған сияқты , иә иә шырша шамын жағайық, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шырша шамын жағайық!
БӘРІ:
Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет

(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады).
ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ТАҚПАҚТАР:

18.Төрекелді Қайда қызық думан болса,
Аяз ата сонда болды.
Балалармен бірге ойнап
Балалармен бірге қонды.
Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.

19. Айлана Тамаша ғой қыс деген,
Қуанады бар бала.
Шырша тойын тойлайды,
Аяз Атамен қосыла.


20. Асанали Тоғай да, баулар да
Ақ күміс жамылды.
Дала да, таулар да
Өзіңді сағынды.
Оралды өлкеме
Жаңа жыл, армысың!
Оранды ақ көрпе
Асқар тау, қарлы шың.
21.Алимансур.Аяз – ата ақ сақалды,
Ақ таяқты паң ата,
Асып өтіп асқар тауды
Жеттің бізге таң ата
Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.


БИ: «ТӘТТІ КОНФЕТТЕР» қыздар тобы( КАМИЛЛА, КӘУСАР, АЙАРУ, ТОМИРИС,ҚАЗЫНА)

ӘН: «ҚОШ КЕЛДІҢ АЯЗ АТА АҚШАҚАР!»

БИ: « Шыршалар » АЙЛАНА ,АЙАРУ, ҚАЗЫНА

Жүргізуші: Айта берсек таусылмас
Жаңа жылда жаңа жыр
Кел оданда, халайық
Ойын ойнайық жаңа бір.

Ойын: «Байпақ»
Шарты: 2 ойыншы екі сыңарды бөліп алады. Біреуі оң, біреуі сол аяғынікін киеді де, әуенмен билеп, шыршаны айналып, ортаға бірінші жету қажет.
(алдымен ата - аналар, содан соң балалар)

Жүргізуші :- Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?
Аяз ата: Ой - буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір....
(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)
Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер.
Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!
Жаңа жылдарың құтты болсын!!!
Барлығы бірге: Жаңа жыл құтты болсын!


































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.12.2024
248
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі