400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа жыл сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
әріптестеріммен бөліскім келеді
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Ойыншықтар дүкені»


Аяз ата-Темірбек Дәулетбек

Қарша қыз-Гүлзат Амантаевна

Қарабас-Барабас-Е .Л .Тұрсынбаевна



(Сахнаға мерекеге сай белгіленген.Әсем әуен ойнап тұр)

Жүргізуші:Жаңа-жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа-жылмен құттықтаймын сіздерді.

Бақыт,шаттық,молшылық әкелсін.....

Құтты болсын қонақтар,

Жаңа –жылың тағыда .

Қол соғып қарсы алайық,

«Жұлдыз» тобын ортаға.

(Шам сөндірулі әуен ойналады балалар қолдарында жұлдызша шам ұстап билеп саппен ортаға келеді де қатып қалады шам жанады.)

Жүргізуші:Қандай керемет,тамаша,барлық әлем жаңа-жыл мерекесін тойлап жатыр екен.

(қуыршақтарды көреді)

Қандай керемет қуыршақтар,мен бұл жолғы жаңа жылымды қуыршақтармен бірге тойлағым келеді.

(Фея билеп жүріп ән айтып қуыршақтарды оятады,қуыршақтар оянып қуанады.)

Жүргізуші:Жаңа-жыл бұл мереке оны бәрі барлық елде күтуде, ал ойыншықтар қалай тойлайды

екен?

Маша:Сіздер білмейсіздер ме?

Онда есіктер жабылсын!

Қуыршақтар оянындар бізде таңға дейін мереке жалғасады.

Алақай жаңа-жыл келді,енді көп қызықтар болады,жаңа-жылды жақсы көңіл-күймен қарсы алайық,солайма достар?

Жүргізуші:Олай болса балалар шыршаның шамын жағайық. (Балалар бір,екі,үш балалар үрлеп шырша шамы жарқыра деп үш рет айтады,балалар қуанады )

Ән: «Жаңа-жыл»

(Әннен кейін мальвина мен ит ағаштың түбінде қалып қою керек. )

Жүргізуші:Ойыншықтар өте тамаша!Бізге енді текқана Аяз-ата жетпейтін сияқты солай ма?

Аяз- ата мүмкін біздің ойыншықтар үйін таба-алмай жүрген шығар.

Нұрайым қуыршақ: Жылайды аяз- ата бізді білмейді ғой. Ол бізге келмейді.

Солдат Санжар: Кім осындай күні жылап жатыр аяз- ата келеді.
Солдат Санжар:
Жаңа жылдық мерекеде жылауға болады ма екен. Бұл мерекеде қуаныш болады,барлық армандар орындалады.

Қуыршақ–Амира: Олай болса бүгін біздің дүкенге аяз ата келсін, бәрімізге көп сыйлық әкелсе екен.

Жүргізуші: Олай болса келіңдер көңілді би билейік.


Би «Қуыршақтар»

Жүргізуші:Мен білемін жаңа жылдық балдар тек кеште өтеді,қуыршақтар әдемі қызықтар болады?

Ойын: «Кім жылдам»

1-бала: Біз білеміз,Жаңа -жыл келгенде Аяз ата бізге сыйлық әкелді.

2-бала:Дұрыс айтасың,жылда біз сыйлық аламыз,Ал аяз атаға сыйлық жоқ.

3-бала:Ия дұрыс! Достар ұят емес пе?Аяз-ата ренжиді ғой?Кім соңғы рет аяз-атаға сыйлық берді екен?

4-бала:Осы жағдайды біз өзгертейік.Ол бала кезінде сыйлық алған шығар.Аяз- атаны таң қалдыратындай қандай сыйлық бар екен, мүмкін кәмпит,печенье сыйлаймыз.

5-бала:Жоқ аяз -атаға мүмкін қолғап тоқып береміз?

6-бала:Жоқ аяз- атаның аяғы тоңады ғой мүмкін пима сыйлаймыз?Достар білесіңдер ме?Сыйлық таңдау оңай емес екен.

7-бала:Мен аяз- атаға тақпақ айтып беремін.

8-бала:Ал мен аяз- атаға гүл сыйлаймын.

9-бала:Ойыншықтар,достар аяз- атаға жүйрік шана сыйлайық,аяз ата шаршайды ғой балалардың барлығына сыйлық апарсын

Солдат:Біз ержүрек солдаттармыз,тыныштықты сақтаймыз,шыршаны қорғаймыз.Бірақ бізде көңіл көтергенді ұнатамыз.

Қуыршақ:Бізге енді ештеңе қорқынышты емес.Бірақ аяз- ата әлі көрінбейді.

(Дауыс естіледі ха- ха- ха күтпей- ақ қойыңдар ол келмейді)

Амира:Бұл кімнің дауысы екен.

Ортаға Қарабас Барабас кіреді.

Ха-ха-ха сендер аяз-атаны күтпей-ақ қойыңдар ол мұнда келмейді,есіктің кілті енді менің қуыршақтарымда болады олар менің айтқанымды тыңдайды қараңдар.

Қане жалқаулар,тоқтамаңдар билеңдер (ортаға отырып қарайды қол соғады )

Би: «Миккимаус»

Қарабас:Сендерге аяз-ата келиейді ал енді сендер менің театрмда жұмыс істейтін боласыңдар.Аяз-ата мен Ақшақарды мен сендерге жібермеймін.

(Миккимаустан кілтті алып қояды)

Қуыршақ-Әлия :Бұл қалай болғаны Аяз-атаны Ақшақарды балалар күтіп отыр,оларды жібер бізге тезірек.Енді мерекені қалай жалғастырамыз.

Қуыршақ-Айда:Мүмкін бізге солдаттар көмектеседі.

Би «солдаттар»

(Солдаттар Қарабасты қоршап алады)

Ойын: «Шығып көр»

Қарабас:Ух,шаршадым жарайды сендердің айтқандарыңды жасаймын,бірақ мен сендерге жұмбақ

Жасырайын егерде жауабын тапсаңдар сендерге кілтті беремін.

Жұмбақ: Тіккен тіккен тік піскен

Қысы жазы бір түсте


Қарабас:Жарайды сендер жеңдіңдер енді алыңдар кілтті,Ал аяз ата келгенше мен бұл жерден тез кетіп қалайын.(Қоштасып кетіп қалады)

Жүргізуші:Сүйкімді ойыншықтар қане бәріміз Аяз -атаны шақырайық.

Ақшақар:Сәлеметсіңдер ме!Сүйкімді ойыншықтар Аяз- ата ұзақ жолмен келе жатыр,мен қысқа жолмен келдім сендерге.

Ән: «Ақшақар»

1-бала:Ақшақар біздің аяз- атаға сыйлығымыз бар.

Ақшақар:Менің мейірімді ойыншықтарым ,сендерге алғысымды білдіремін. Аяз- атаға сыйлық дайындағандардың үшін.Ендеше қазір бәріміз аяз-атаны шақырайық.

Жүргізуші:Ақшақар балалар Аяз- атаға сыйлық жасады енді сіздіде жаңа -жыл мерекесімен құттықтағысы келеді.

Би: «Ұлпа қарлар»

Ақшақар:Қане балалар бәріміз Аяз-атаны шақырайық.

(сахна сыртында дауыс,аяз ата келеді)

Аяз ата:Бүлдіршін балаларға бір сәлем!

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларын

Асаулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан.

Аталарың сендерге,

Шаршап келді алыстан.

Жүргізуші:Сәлеметсіз бе!Аяз- ата Аяз- ата біз сізді жыл бойы күттік,балалар сізбен бірге ән айтқысы келеді.

Ән «Шырша жыры»

Ойын « Сиқырлы қолқап»

Қуыршақ-Айда: Аяз -ата біз сізге сыйлық дайындадық.

Аяз -ата: Қандай керемет,балалар мен бүгін бақыттым ,бүгін мен көп сыйлықтар алдым,сендердің өнерлеріңді тамашаладым,шана алдым,енді бұл шанамен бүкіл әлемді аралаймын.

Сендер маған сыйлық жасадыңдар,менінде сендерге арнаған сыйлықтарым бар.

СЫЙЛЫҚ ТАРТЫЛАДЫ

Аяз- ата:Балалар менің кететін кезім келді,тағыда аралайтын жерлерім бар,балалар сендер әлемде ең жақсы балаларсыңдар,жаңа- жыл мерекесі тағыда құтты болсын!САУ БОЛЫҢДАР балалар.

Балалар:Сау болыңыздар!(Аяз -атамен ,Ақшақар шығып кетеді)

ЕРТЕҢГІЛІКТІҢ СОҢЫ.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
9 қаңтар
409
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі