400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа жылда

Материал туралы қысқаша түсінік
Қуанышы көп болсын Жаңа жылға, дей отырып «Балапан» тобының Жасыл шырша жанында атты мерекелік ертенгілігімізді бастаймыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тәрбиеші: Армысыздар құрметті ата аналар,қымбатты тәрбиешілер, бала бақша бүлдіршіндері.Міне, көптен күткен жаңа жыл мерекесі де келді. Жана жылдарыңыз құтты болсын. Жаңа жыл жаңа бақыт, жаңа қуаныш әкелсін!Еліміздің енсесі биіктеп, аспанымыз ашық,еліміз тыныш болсын!Бала бақшамыздың мәртебесі арта берсін.

Ақ көңілім айналды аппақ қарға

Көңілдене қосыл сен ән мен жырға

Қыс қызығы басылмай ұласады

Қуанышы көп болсын Жаңа жылға, дей отырып «Балапан» тобының Жасыл шырша жанында атты мерекелік ертенгілігімізді бастаймыз.

Тәрбиеші: Балалар,қараңдаршы залдың іші қандай әдемі. Біздер қандай мерекені тойлауға келдік?

Балалар: Жаңа жыл .

Тәрбиеші: Дұрыс,балалар жаңа жыл мерекесін тойлауға келдік. Балалар,қараңдаршы ортадағы тұрған не?

Балалар: Шырша

Тәрбиеші: Иа,шырша. Ал,шыршаның түсі қандай?

Балалар: Жасыл

Тәрбиеші: Балалар, байқадыңдар ма, біздің шыршамыз көңілсіз тұр. Шамдары жарқырамайды. Кане, барлығымыз бірге шыршаның шамдарын жағайық, ол үшін барлығымыз қол шапалақтайық, аяқпенен топылдатайық.

Тәрбиеші: -Қандай керемет!Шырша жанады.

Тәрбиеші: Бәрекелді ендеше шыршамызға арналған тақпақтарымызға кезек берейік.

Нурдидар: Дала нұр,қала нұр.

Құтты болсын, жаңа жыл!

Жасыл шырша жанында,

Билеп барлық бала жүр!


Айша: Жасыл шырша орманнан,

Бізге арнайы келіпті.

Ойыншығын балалар,

Шыршаға әсем іліпті.

Мерей: Тамаша,тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы.

Көз тоймайды қараса.


Аңсар: Ата-әже,ата –әже.

Құтты болсын жаңа жыл.

Тәрбиеші: Балалар жарайсыңдар!Жаңа жыл мерекесіңде бізге қонаққа кім келеді

Балалар: Аяз ата,Ақшақар келеді қонаққа

Тәрбиеші: Қанекей ,ендеше бәріміз бірге шақырайық.

Балалар: Аяз ата Ақшақар ау ау ау.

(Сол кезде ортаға Қорбандаған аю кіреді)

Аю: Сәлеметсіңдер ме балалар!Мен Аюмын! Кеше осы шырша алдында ойнап жүріп себеттегі қарымды жоғалтып алдым! Сендер көрген жоқсындар ма?

Тәрбиеші: Сәлеметсің бе Аю! Қарашы мүмкін мынау емес пе? Кәне көрші!

(Аюкөреді)

Аю: Иә, бұл менікі! Рахмет! Балалар айтындаршы сендерде қандай мереке болып жатыр?

Тәрбиеші: Біз балалармен жаңа жыл мерекесің тойлап жатырмыз!

Аю: Балалар қармен ойнағанды жақсы көресіңдерме! Мен қар жинап әкелдім.( Балаларға көрсетіп шығу)Ал қане қар түйіршіктерін жинап алайық.Мен себеттегі қарларды шашамын, әуен біткенге дейін жылдам жинауымыз керек. Ал кеттік!

Ойын; « Қар жинау»

Аю: Ал балалар құр тұрмайық, шыршаны айналып, әдемі ән айтып билейік!

(Балаларды шеңберге тұрғызып, барлығы билейді.)

« шырша» биі

Аю: Балалар менің кететін кезім келді, сау болындар!

(Музыкамен залға аяз Ата мен Ақшақар келеді)

Аяз ата: Сәлеметсіңдер ме менің кішкентай достарым! Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын сендерді! Жақсы бала болып өсіндер, ата-аналарды қуанта беріндер!

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме балалар! Жаңа жыл сендерге қуаныш бақыт әкелсін! Аяз ата, қарашы қандай әдемі шырша !

Ақшақар: Ендеше маған өнерлеріңді көрсетіңдер балалар.

Вова:

Тілеймін мен бар адамға,

Жаңа бақыт, жаңа нүр.

Ата-әже,ата-әже.

Құтты болсын жаңа жыл.

Айзере:

Қыс келді. Қыс келді.

Ақтарып ақ қарды.

Нұрдидар:

Шыршамызда керемет .

Ойыншықтар тығылған.

Алыс жақтан келіп тұр,

Аяз ата сағынған.

Тайр:

Қызыл ала шапанды,

Сағындым аяз атаны.

Камирдин:

Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армысың.

Камиль:

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Шехислам:

Кел жана жыл біздерге,

Кел жаңа жыл, жаңа жыл.

Тәрбиеші: Олай болса әдемі әнімізге кезек берейік

Ән:

Күтпеген сәт.

Ортаға тауық пен ит шығады.

Тәрбиеші:

Балалар биыл тауық жылы болды,тауық жылында сендер бір жасқа өстіңдер.Тауық жылы бізге құтты,берекелі жыл болды,енді тауық жылына сау бол айтып шығарып салайық.

Тауық:Мен енді кезегімді Итке беремін

Ит сөзі.

Келер жыл мен боламын.Молшылық байлық әкелемін .

Ит пен Тауық: Сендер би билей аласыңдар ма?

Жүргізуші:Иа біздің балалар биде жақсы билейді Ендеше биімізді тамашалайық.

Би:

Ит пен Тауық:Сендер өте жақсы биледіңдер.Біздер енді басқа бүлдіршіңдерге барайық.Сау болыңдар!

Ақшақар : Өте жақсы биледіңдер

Ақшақар: Аяз ата, балалар өз өнерлерін көрсетті, ал сіз ештеңе ұмытқан жоқсызба?

Аяз Ата: Дұрыс айтасың, қызым, қазір бәрін ұйымдастырамыз.Менің сиқырлы шанам қайда екен. Сыртта қалып қойыпты Шананы Ит пен Тауық алып келеді.

Ал, балалар, міне сендерге дайындаған сыйлықтарым,қабыл алыңдар!

Тәрбиеші:Балалар,Аяз Атаға өнерімізді көрсеттік,сыйлықтарын алдық,енді рахмет айтып шығарып салайық.Сау болыңыз Аяз ата.

Сөз кезегін бала-бақша менгерушісі Т.Ләззат апайға беріледі.

Ата-аналар құттықтаулары.

Тәрбиеші:Осымен балапан тобының Жаңа жылдық ертеңгілігі аяқталды,келесі жылымызда аман есен кездескенше Сау саламатта болыңыз

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
411
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі